Файл: Жаканова Меруерт Екі Мрте Кеес Одаыны Батыры Талат Жаыпбеклы Бигелдинов атындаы араанды республикалы Жас лан.docx

ВУЗ: Не указан

Категория: Не указан

Дисциплина: Не указана

Добавлен: 27.03.2024

Просмотров: 13

Скачиваний: 0

ВНИМАНИЕ! Если данный файл нарушает Ваши авторские права, то обязательно сообщите нам.



Жаканова Меруерт
Екі Мәрте Кеңес Одағының Батыры Талғат Жақыпбекұлы Бигелдинов атындағы Қарағанды республикалық «Жас ұлан» мектебі
ГЕОГРАФИЯ ПӘНІН ОҚЫТУДА ОҚУШЫЛАРҒА ПАТРИОТТЫҚ ТӘРБИЕ БЕРУ
«Ерлік – табиғат сыйы емес, саналы әскери тәрбиенің жемісі, Отан алдындағы қасиетті парызыңды орындау үшін адамзаттың ең асыл сезімімен жігерленіп, өзіңді саналы түрде қауіп-қатерге бас тігуге мәжбүр етудің нәтижесі»

Б.Момышұлы
Бүгінгі уақытта біздің басты мәселеміз оқушыларымызға білім берумен қатар, адамгершілік қасиеттерді бойына сіңірте отырып, Отанына, атамекеніне, еліне деген сүйіспеншілік және патриоттық рухта тәрбиелеу. Бұл мақаланы жазуымдағы басты мақсат әскери мектеп болғандықтан оқушыларға география пәнімен қатар білім мен тәрбиені ұштастырып,тәрбиеленушілердің бойынан Отанға деген сүйіспеншілік рухтарын арттыру. Негізінде Отансүйгіштік сезімі туа біте пайда болатын қасиет. Адам бойында ең алдымен анасына, өз отбасына, өз үйіне, туған жеріне деген жылы сезімнен бастау алатын, тұлға есейген сайын біртіндеп ұлт, халық, әлеумет, мемлекет деңгейіне көтеріле беретін бұл сезім адамның бүкіл ғұмырына жалғасып жатады. «Патриотизм» сөзі (грек тілінде – patrіots – отандас, paths — отан, атамекен)  Қазақшасы-жерлес, отандас дегенді білдіреді, яғни Отанын, ұлтын сүю, оны жаудан қорғау екендігін ұғындыруымыз қажет.

Қазақстанның патриоты дегеніміз:

1. Қазақстанда тұратын барлық ұлт өкілдері Қазақстан Республикасының

    мемлекеттік рәміздеріне ерекше құрметпен қарап, шын ниетімен қадірлеуі.

2. Қазақстанда тұратын барлық халықтардың ұлтына қарамай, Отанды қорғауға дайын болуы.

3.  Қазақстан Республикасының қарулы күштерінің әскер қатарында болатынына ұлттық патриоттық мақтаныш сезімінің болуы.

4. Қазақ халқының тарихы мен салтын, тілін сүю және құрметтеуге, оның таңдаулы дәстүрлерін сақтауға және оны дамытуға ынталы болуы т.т.

Әскери мектептегі патриоттық тәрбие беру – біздің мемлекетіміздің ұзақ мерзімді даму бағыттары шеңберіндегі ұлттық қауіпсіздікті қамтамасыз ететін ең өзекті мәселелердің бірі. Атақты географ-ғалым Н.Н.Баранскийдің «Отанды сүю үшін, оны жақсы білу керек» деген кең таралған сөзі бар.
Оқушыларға патриоттық тәрбие беру барлық пәндердің үлесіне жатады. Сондықтан пәнге оқушылардың ынта- ықыласын, қызығушылығын арттыру үшін әр түрлі жаңа әдістемелік технологияларды қолданып сабақ өткізу тиімді. Бұл оқушылардың сабақтан жалықпауын, жөнсіз әрекетке бармауын, әр іске назар аударып жауапкершілікпен қарауды, ой елегінен өткізіп ойлануды қалыптастырады, бағдарламалық материалдарды жеңіл, тез меңгеруге септігін тигізеді.География пәнін оқуда оқушыларға өз елінің табиғи, әлеуметтік және экономикалық және табиғат жағдайлары мен ресурстарының әр алуандығын ашып көрсетумен қатар қазақстандық патриотизм туралы түсініктерін қалыптастырамыз.Мысалы: «Жаhандық мәселелер», «Еліміздің геосаяси жағдайы» т.б. тақырыптарды өткенде оқушылар өздері еліміз жер көлемі бойынша дүние жүзінде тоғызыншы орында екенін, Қазақстан – пайдалы қазбалары көп, қоры да, түрі де мол мемлекет. Еліміз уран мен хром рудаларының қоры мен мыс, қорғасын, мырыш, марганец, вольфрам бойынша әлемде алғашқы он елдің қатарына болатынын, дүниежүзілік көптеген ұйымдарға мүше екендігін, елімізде 130 дан астам ұлт өкілдерінің тату тәтті өмір сүріп жатқандығын мақтанышпен айтып жеткізе алады. Мұндай іс-шаралар тәрбиеленушілерімізге патриоттық сезім мен рух береді.

«Қазақстанның геосаяси жағдайы» тақырыбын тәрбиеленушілермен талдау жасау.

1-тапсырма: Қазақстан Республикасының геосаяси жағдайына SWOT талдау жасаңыз.


Қазақстанның геосаяси жағдайына баға беріңіздер.

 Берілген  ресурстарды пайдаланып, Қазақстан Республикасының геосаяси жағдайына SWOT талдау жасап, SWOT шешімдер ұсыныңыздар

Бағалау критерийі

Дескриптор

-ҚР географиялық жағдайына SWOT талдау жасайды;

SWOT талдауда- мықты тұстарын;

-       әлсіз тұстарын;

-       қауіп-қатерлерін;

-       мүмкіндіктерін анықтайды;

-       шешім  ұсынады.


1992 жылы мектебімізге Екі мәрте Кеңес Одағының Батыры Т.Ж.Бигелдиновтың есімі берілген. Батыр атамыздың 100 жылдық мерейтойына орай тәрбиеленушілермен бірге батырдың өмір жолдары мен ерліктері туралы іс-шаралар өткізілуде. Мұндай іс-шаралар тәрбиеленушілерімізге патриоттық сезім мен рух береді.



Еліміз Қазақстан Республикасы өзінің тәуелсіз мемлекет екендігін бүкіл әлемге дәлелдеді. Біздің басты міндетіміз – осы мемлекеттің өркендеп өсуі,халықтың әлеуметтік, экономикалық жағдайын көтеруге ат салысу. Қазақстанды – Отаным деп таныған әрбір азаматтың осыған өз мүмкіндігінше үлес қосуы тиіс. Болашақ ұрпақты ұлтжандылыққа тәрбиелеу мәселесі ертеден ұрпақтан –ұрпаққа жалғасып келе жатқан ұлы мақсат болғандықтан, мектеп оқушыларының бойындағы Отанға деген сүйіспеншілігін, яғни патриоттық санасын дарыту жұмыстары үздіксіз жүргізіле бермек. Патриоттық тәрбие оқушылар бойына жоғары имандылық - жауынгерлік қасиеттерді, әскери моральдық рухты сіңіруге бағытталған.

Патриоттық тәрбиенің мән - мазмұны - өз Отанына адалдық, сүйіспеншілік және өзге халықтарға достық сезімдерін қалыптастыру болып табылады. Сол сияқты тәрбиеленушілер арасында осы тақырыпта сауалнама жүргізілді.
Сауалнамаға 3 ротаның 3-2 взвод тәрбиеленушілері қатысты

1.Патриот ол кім?

2.Өз еліңнің патриоты болу нені білдіреді?

3.Мемлекеттік рәміздерді білу патриотизмнің көрінісі ме?

4.Бүгінгі күннің патриоты болу деген не?

5.Қазіргі күннің нағыз патриоты деп кімді айтар едіңіздер?

«Жасұлан» мектебі тәрбиеленушілерінің пікірін зерделей келе, нәтиже келесідей болды:

1. Респонденттердің 100% патриот кім екенін біледі 2. 100% өз елінің патриоты болуға дайын екенін айтты 3. 98% мемлекеттік рәміздерді білетінін көрсетті; 4. 100% бүгінгі күннің патриоты болуға дайын екендерін көрсетті 5. 95% қазіргі күннің патриоттарын атай алды

Қазақстан Республикасы - өзінің тәуелсіз мемлекет екендігін бүкіл әлемге дәлелдеді. Енді басты міндет – осы мемлекеттің өркендеп өсуі, халықтың әлеуметтік, экономикалық жағдайын көтеру. Қазақстанды – Отаным деп таныған әрбір азаматтың осыған өз мүмкіндігінше үлес қосуы тиіс. Осы мақсатқа жету жолында біздер мұғалімдер қауымы көп тер төгуімізге тура келеді. Ол дегеніңіз, болашақ жастар, оқушылардың бойында патриоттық сезімін ояту. Отанын, елін, жерін, Ата Заңын, Мемлекеттік Рәміздерін құрметтеуге үйрету.

Бүгінде география пәнін оқытуда ХХІ ғасыр ұстазының міңдеті жаңалықтың ішінде болып, ұлттық сана-сезімі қалыптасқан, рухани ойлау дәрежесі биік, елін, жерін сүйетін патриот, алған білімін өмірде қолдана алатын тұлға тәрбиелеу.

Пайдаланған әдебиеттер:

1.«Тағылым» республикалық журнал.

2. «География және табиғат»журналы.

3. «Білім айнасы» республикалық газеті.

4. Ғаламтор көздері.