Файл: Куpcты Жмыc тaыpыбы Оpындaaн aбылдaaн араанды2021 Жоспар Кіріспе.docx
ВУЗ: Не указан
Категория: Не указан
Дисциплина: Не указана
Добавлен: 27.03.2024
Просмотров: 32
Скачиваний: 0
ВНИМАНИЕ! Если данный файл нарушает Ваши авторские права, то обязательно сообщите нам.
Қaзaқcтaн Pecпубликacы Бiлiм жәнe Ғылым миниcтpлiгi
E.A. Бөкeтов aтындaғы Қapaғaнды унивepcитeтi
КУPCТЫҚ ЖҰМЫC
Тaқыpыбы:
Оpындaғaн:
Қaбылдaғaн:
Қарағанды-2021
Жоспар
Кіріспе........................................................................................................3-5
1. РАХЫМЖАН ОТАРБАЕВ ШЫҒАРМАЛАРЫНДАҒЫ ҚОҒАМНЫҢ ӘЛЕУМЕТТІК, МӘДЕНИ-РУХАНИ ӨМІРІНІҢ БЕЙНЕЛЕНУІ
1.1 РАХЫМЖАН ОТАРБАЕВ ШЫҒАРМАЛАРЫНДАҒЫ ЕРЕКШЕЛІКТЕР................................................................................................6-17
1.2 Р. ОТАРБАЕВТЫҢ ШЫҒАРМАЛАРЫНДАҒЫ ӨМІРЛІК ПРОБЛЕМАЛАР КӨРІНІСІ............................................................................17-23
2. РАХЫМЖАН ОТАРБАЕВТЫҢ ӨШПЕС МҰРАСЫ
2.1 Р. ОТАРБАЕВ ӘҢГІМЕЛЕРІНДЕГІ ИРОНИЯ........................24-30
2.2 РАХЫМЖАН ОТАРБАЕВ ДРАМАТУРГИЯСЫ....................30-36
Қорытыңды....................................................................,,,,...................37-38
Пайдаланылған әдебиеттер тізімі ..........................................................39
КІРІСПЕ
Курcтық жұмыcтың өзeктілігі: Қазақстан Республикасының өз тәуелсіздігін алған жылдан бастап, елбасымыз Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевтың билікке келуі тұсынан бастап елге елеулі, халыққа қалаулы жазушыларымыз бен ақындарымыз мемлекеттік билік жадына тартыла бастады. Сол азаматтардың арасында көрнекті қаламгер, драматург, сыншы, мемлекет және қоғам қайраткері. Оның еңбектерінің барлығы дерлік ел мен жер, Отан тағдырына арналған. Әлеуметтік және экономикалық мәселелерді тереңінен қарай отырып, ел болашағы мен көп ұлтты мемлекетіміздің әл-ауқаты оның жадынан тыс қалған емес. Осындай еліміздің біртуар ақыны, жазушы әрі саясаткер ел қалаулысының мемлекеттік және қоғамдық қызметімен, оның қаламгерлік шығармаларынан тысқары қалу қателік деп білемін. Оның шығармаларымен танысу, мемлекеттік және қоғамдық қызметімен таныса отырып, Рақымжан Отарбаевтың біз білмейтұғын қырлары мен сырларының әлі де көп екендігін ұғамыз. Оның әрбір шығармасының мағынасы өте терең әрі оқырманның жанын баурап алардай екендігін ұғыну оңай. Әрбір жазған еңбегі мен әрбір атқарған қызметінің тиянақты болғандығы анық. Рақымжан Отарбаев көптеген сыйлықтардың иегері және лауреаты. Тағайындалған сыйлықтары мен лауреат атақтары тек қазақ жерінде ғана емес, шетелдерде де ерекше құрметпен тапсырылған болатын. Оны тек қазақ елі ғана емес, онымен қоса орыс, қытай, араб,ағылшын және т.б. елдерде сүйікті жазушы, көрнекті қаламгердеп таниды. Рақымжан Отарбаев мемлекеттік және қоғамдық-саяси белсенділігінің рөлі ерекше бағалануы керек.
Курcтық жұмыcтың тaрихнaмacы: Қазақ көркемсөзінің табиғатын ашып, құдіретін танытқан көрнекті жазушы, Қазақстанның Еңбек сіңірген қайраткері Рақымжан Отарбаев ұлт оқырмандарына сүбелі сөзін, ордалы ойын арнап келе жатқан талант иесі. Қаламгердің образды даралау шеберлігі, оқиғаны баяндау тəсілі, сəттерді шиеленістіру тұсы, соңында байлам жасауы сияқты көркемдіктері əрбір шығармасынан көрінеді. Сондай-ақ, Рақымжан Отарбаев қазақ əдебиетінде өнімді жұмыс істеген жазушылардың бірі. Кейінгі жылдары жазушы қазақ оқырмандарына көркемдік кемелдігі келіскен, тағдыры терең шығармалар берді. Рахымжан Отарбаев Қазақстанның жаңа бақытының, тәуелсіздік бақытының үлкен жазушысы [1,2].
Рахымжан Отарбаев – елiмiз тәуелсiздiк алғаннан берi Қытайдың Ұлттық баспасынан 2 томдығы, Каирда араб тiлiнде 1-томдығы шық¬қан алғашқы қазақ жазушысы. Оның әңгiмелерi мен повестерiн Шанхайдың әрқайсысы 10 млн. данамен шығатын жорналдары талай мәрте басып шығарды. Ресейдiң газет-журналдары да (“Литературная газета”, “Новый мир” және т.б.) Р.Отарбаевтың әңгiмелерiн жиi басады. Өйткенi Р.Отарбаевтың шығармаларынан бiздiң ұлттық ерекше¬лiгiмiз ерекше айқын көрiнiп тұрады. [5]
"Оның жазу машығы бөлек. Ешкімге ұқсамайды, тек Рахымжан Отарбаевша жазады. Оның жақсылығы мен жамандығы, адалдығы мен арамдығы, қатыгездігі мен бауырмалдығы, адалдығы мен сайқалдығы, қамқорлығы мен озбырлығы қатар жүретін сан-құбылған өмірді көретін суреткерлік көзі де ешкімге ұқсамайды. Тек Рахымжан Отарбаевша көреді. Оның кейіпкерлерінің мінез-құлқы мен ішкі сарайы да, тағдыр сыйлаған қым-қуыт күнделікті тіршілігі де ешкімге ұқсамайды. Тек Рахымжан Отарбаевтың сиқырлы қаламының құдіретімен дүниеге келген кәдімгі күнде өзімізбен қоян-қолтық араласып жүрген қарапайым пенделер. Оның көркем тілі де ешкімге ұқсамайды. Жазушы Рахымжан Отарбаевтың тілі – бөлек бір әлем. Бояуы қалың, сан қатпарлы, жүз астарлы, оқырманды елітіп, егілтіп әкететін ерекше бір құдірет."- деп замандасы, қаламгер Мереке Құлкенов айтқандай, Рахымжан Отарбаевтың шығармаларын оқып отырған қарапайым оқырман алғашқы сөйлемнен соң жұмбақ бір тылсым тілдің арбауына түсіп, мына күйкі тірліктен бір сәт бойын бөлектеп, өз-өзімен тазарып, жеңілдеп, асқақтап кетеді [1].
Белгілі әдебиеттанушы, сыншы Құлбек Ергөбек: «Әдебиетіміздегі бір жаңа сөз болса, осы Рахымжан айта алып жүр-ау деп ойлаймын. Ол өзіне-өзі сын көзбен қарай алатын азамат. Оның жазған шығармасына баға бере алған жоқпыз әлі...», - депті бір сұхбатында. Иә, Рахымжан Отарбаев өз оқырманын тапқан жазушы. Ол ең әуелі жаңашыл қаламгер. Кәрі құрлық пен күншығыс елінің азулы әдебиетін әбден сңіріп, қазақтың тел әдебиетіне орайластыра жаңа бір сарын қалыптастырғандай.
Курcтық жұмыcтың мaқcaты мен міндеттері: Қоғам қайраткері Ракымжан Отарбаев шығармашылығына сипаттама жасау. Осы мақсатқа жету үшін төмендегідей міндеттер қойылды:
1.Қоғам және мемлекет қайраткері, қаламгер, драматург, Рақымжан Отарбаев өмірі және қызметімен танысу;
2.Рақымжан Отарбаев шығармаларына шолу жасау;
3.Қазақстан Республикасы Рақымжан Отарбаевтың қоғам және мемлекет қайраткері,драматург, көрнекті қаламгер ретінде алатын орны.
Курстық жұмыстың нысаны: : Рақымжан Отарбаевтың қоғамдық-саяси көзқарастары мен ойы, шығармашылығы мен қоғамдық қызметтері.
Курстық жұмыстың зерттеу пәні: Қазіргі қазақ әдебиеті
Курстық жұмыстың ғылыми–жаңалығы: Уақыт талабына сәйкес болашақ азаматтарға Қаныш Сәтбаев туралы жаңаша бағыт беру. Ел, халық тарихында өшпес із қалдырған, аңыз ретінде айтылып жүретін, ұрпақтан – ұрпаққа тарайтын, өмірге бейне бір үлгі - өнеге болатын абзал жан туралы халыққа жеткізу.
Курcтық жұмыcтың құрылымы:Кіріспеден,екі тараудан,қорытындыдан тұрады.
1. РАХЫМЖАН ОТАРБАЕВ ШЫҒАРМАЛАРЫНДАҒЫ ҚОҒАМНЫҢ ӘЛЕУМЕТТІК, МӘДЕНИ-РУХАНИ ӨМІРІНІҢ БЕЙНЕЛЕНУІ
1.1РАХЫМЖАН ОТАРБАЕВ ШЫҒАРМАЛАРЫНДАҒЫ ЕРЕКШЕЛІКТЕР
Отарбаев Рахымжан - 1956 жылы 19 қазанда Атырау облысы, Құрманғазы ауданында туған. Әр жылдарда «Орал өңірі» газетінде тілші, қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімі, Қазақ телерадио комитетіне редактор, «Қазақ әдебиеті» газетінде, «Жалын» альманахында бөлім меңгерушісі, Қырғызстанда Қазақстан елшілігінің атташесі, Маңғыстау облыстық радио-телевидение компаниясының төрағасы, Атырау облыстық драма театрының директоры, ҚР Президенті Әкімшілігінде сектор меңгерушісі қызметтерінде болған. 2009 жылдың мамыр айынан бастап Астанадағы Ұлттық академиялық кітапхананың Бас директоры қызметін атқарған.
Р. Отарбаев 1977 жылы Орал педагогика институтын тәмамдаған. Осы күнге дейін әр жылдары «Шер», «Жұлдыздар құлаған жер», «Жайық жыры», «Қараша қаздар қайтқанда», «Дауысыңды естідім», «Отверженный мир» атты прозалық жинақтары және таңдамалы шығармаларының 2 томдығы жарық көрген. Қытайдың «Ұлттар» баспасынан қытай, қазақ тілінде 2 томдығы, Ресейдің «Художественная литература» баспасынан орыс тілінде бір томдығы және қырғыз тілінде кітаптары жарық көрген. Жекелеген шығармалары түрік, араб, ағылшын тілдерінде басылған. «Бейбарыс сұлтан», «Бас», «Нашақор жайлы новелла», «Нұржауған-ғұмыр», «Сырым батыр», «Мұстафа Шоқай» сынды пьесалары республикалық және шетел театрларында сахналанған. Махамбет сыйлығының лауреаты. Халықаралық Айтматов академиясының академигі. ҚР еңбек сіңірген қайраткері, «Парасат» орденінің және Халықаралық Ш.Айтматов атындағы сыйлықтың иегері, Атырау қаласының Құрметті азаматы. Қазір республикалық «Ақ Жайық kz» журналының директор – Бас редакторы. Кітаптары әлемнің бірнеше тіліне аударылған. Пьесалары қазақ, қырғыз театрларында қойылып жүр. [2]
Соңғы жеті-сегіз жылда жазушының қаламынан құйылған әңгіме- повестердің осы қалайы жоқ. Әсіресе, соңғы жазылған қазіргі заманды суреттейтін әңгімелер циклі қазақ әдебиетінің кейінгі жылдардағы елеулі табысы десек, асырып айтқындық емес. Олай дейтін себебіміз, осы әңгімелердің көпшілігі Ресейдің «Литературная газета», «Юность», «Форум» т.б. беделді баспасөзінде жарияланып, «Художественная литература» баспасынан бірнеше мәрте жеке кітап болып шықты. Сонымен бірге Қытайдың «Халықтар достығы» баспасынан да жазушының қытай тілінде екі жинағы жарық көрді. Африка құрлығында араб тілінде үлкен бір томдығы шыққаны да үлкен мәртебе. Осы басылымдар мен баспалардың арқасында Рахымжан Отарбаев арқылы қазақ әдебиетінің бүгінгі деңгейін басқа ел оқырмандары да біршама аңғарды ғой деп ойлаймыз. [1]
Рахымжан Отарбаев – біздің қазіргі қазақ әдебиетінің үлкен жазушылар тобындағы көрнекті қаламгері. Өйткені, оның тәлім алған ұстаздары мықты адамдар. Ол сонау ауыз әдебиетінен, халықтың құмда жатқан мінез-құлқынан, үлкен ақсақалдардың айтқан әңгімесінен нәр алып өскен жинақты бала болса, бертін келе оның алдына ұстаған үлгісі – Әбіш Кекілбаев болды. «Біздің заманымыздың заңғары» атанған Әбіш Кекілбаевпен араласты.
Кей жерлерде адамзат таныған Шыңғыс Айтматовтың өзінен ой жағынан, жазушылық жағынан, тереңдік жағынан, парасат пен сауаттылық жағынан биік қоятын жазушымыз Әбіш Кекілбаевты «аға» деп, қасында жүрді. Ендеше, оның үйренетін мектебі де үлкен болды. Ол әңгіме жазуда барлық озық үлгілерді меңгерді. Мәселен, Бейімбет Майлиннің әңгіме жазу стилінің барлық қыр-сырын оқыды, білді. Тек қана өзіміздің қазақ әдебиетімен шектелмей, орыс әдебиетін де ақтарды, шет ел әдебиетіне де ауыз салды. Міне, осыдан келіп, сауатты жазушының қолтаңбасы қалыптасты.
Бүгінгі қазақ қаламгерлерінің арасында Рахымжан Отарбаевтың есімін оқырмандар да, жазушылар қауыма да ерекше таниды, ерекше бағалайды. Өйткені, алдымен жазушының қолтаңбасы – ешкімге ұқсамайтын ерекше, дара қолтаңба екендігін айтуымыз қажет. Оның тағы бір ерекшелігі, басқаларда жоқ бөлек қыры, тіпті, мінезі – тақырыптарды батыл қозғайтығында. Мәселен, ғасырлар қойнауынан қайта тірілген Бейбарыс сұлтанның бейнесін жасауда драматургиялық ерекше шешімдер жасады. Бұл жерде де ол бәрін сәтті шығарды. Себебі, ол – табиғи туа біткен талант.
Рахымжан Отарбаев өзінің шындығы арқылы батыл философиялық түйіндер жасайды. Ол кез келген жерде батыл. Не айтқысы келсе, соны анық айтады. Оның талантты жазушы екендігіне талас жоқтығының тағы бір айқын дәлелі осы.
Оның алғашқы әңгімесі «Ізден» бастап, бүгінгі «Шыңғыс ханның көз жасына» дейінгі барлық шығармалары біздің көз алдымызда дүниеге келді десек те болады. Ол кез келген шығармасын жазып бітіргенде өліп-тіріледі. Шығармадағы бүкіл кейіпкердің өмірін өз басынан кеше отырып жазады. Шығармасын аяқтап, демін алып болған соң, туындыларын жарияламас бұрын түсінеді-ау деген жандарға хабарласып, салып жібереді. Біз, осылайша, Рахымжанның барлық шығармаларын сиясы кеппей жатып, қолжазбасынан оқып келеміз. «Қараша қаздар қайтқанда» деген атпен жарық көрген әңгімелерінің барлығын қолжазбасынан оқып шықтым десем, өтірік емес. «Актрисаны» жазып бітірдім», «Американың ұлттық байлығын» жазып бітірдім, апа, оқып көріңізші, пікіріңіз қандай?» деп хабарласып отырады. Содан кейін ғана барып шығармасы баспа жүзін көреді. Осыдан кейін ғана кітап болып жарық көреді. Рахымжан әрбір шығармасының нүктесін оқырмандарымен санасып барып қояды. «Моно Лизасының» қолжазба данасы әлі күнге дейін менің жеке мұрағатымда сақтаулы. [3, 2 б.]
Рахымжанның шығармаларын оқи отырып біздің қазақ даласының алыс түкпіріндегі немесе бүгінгі қазақтың көшіп жатқан тіршілігі көз алдымыздан өтеді. Себебі, бәрі жанымызға жақын дүниелер. Оның шығармалары сонысымен де құнды. Кешегі өтпелі кезеңдердегі адамдардың түрлі-түрлі мінез-құлықтарын беруде де ол алдына жан салмай келеді. Шыны керек, көп жазушы ол тақырыпқа бара алған жоқ. Күніне мың құбылған тіршілікке бейімделгендерді күлкі ету арқылы оқырманға ой салып келеді. Мәселен, оның қазіргі қоғамда ақша тауып жүргендердің соншалықты парықсыз, парасатсыз тіршілігін мазақ ететін «Соңғы спектакль» шығармасына еріксіз күлесің. Бір топ малданып бірде той өткізіп жүреді, бірде өлім-жітімді атқарып береді. Сөйтіп жүргенде, олар өлім мен тойды шатастырып алады. Тек ақшаның соңында жүріп, қайда келгендерін өздері де білмейді. Тойға барып, жоқтау айтып, кісісі өліп жатқан үйге барып тойдың бағдарламасын орындайды.
Көздері ештеңені көрмейді, бастары ештеңені ойламайды. Біреудің зарлап, жоқтау айтып жылап жатқанын, біреудің шаттанып, қуанып күліп жатқанын айыра алмайды. Тек ақша тапса, болды. Аумалы-төкпелі заманда «ақша, ақша» деп жүріп, өздерінің не істеп, не қойып жүргендерін білмейтін адамдар ортамызда жүргені шындық. Міне, Рахымжанның осы шығармасын оқи отырып күлесің, күліп отырып, жылайсың.
Рахымжанның шығармашылығы жайлы көп нәрсе айтуға болады. Оны тану үшін алдымен шығармаларын оқу керек. Оны бүгінгі «үлкен қаламгер» деп бекерге айтып отырған жоқпыз. Шын мәнінде солай. Ертеңгі келешек ұрпақ та Рахымжан Отарбаевты іздеп жүріп оқитын болады. Себебі, оның әрбір шығармасында тарихтың ізі жатыр.