Файл: Экологиялы факторларды жіктей алу.docx

ВУЗ: Не указан

Категория: Не указан

Дисциплина: Не указана

Добавлен: 27.03.2024

Просмотров: 11

Скачиваний: 0

ВНИМАНИЕ! Если данный файл нарушает Ваши авторские права, то обязательно сообщите нам.



Бөлім




Педагогтың аты-жөні




Күні




Сынып

Қатысушылар саны

Қатыспағандар саны

Сабақтың тақырыбы


Экологиялық факторлар

№1 Зертханалық жұмыс «Жергілікті жердің экожүйелерін зерттеу»

Осы сабақта қол жеткізілетін оқу мақсаттары (оқу бағдарламасына сілтеме)

7.3.1.1 - жергілікті жер экожүйесі қоршаған орта факторларының тірі ағзалардың тіршілік әрекеті мен таралуына әсерін зерттеу

Сабақтың мақсаты


Оқушылар:

  • экологиялық факторларды жіктей алу;

  • қоршаған орта факторларының тірі ағзалардың тіршілік әрекетіне және таралуына әсерін сипаттайды.

Бағалау критерииі

Оқушылар:

- экологиялық факторларды биотикалық, абиотикалық және антропогендік факторларға ажырата алады;

- экожүйедегі және мекен ету ортасындағы биотикалық, абиотикалық және антропогендік факторларға 3 мысалдан келтіреді;

- қоршаған орта факторларының тірі ағзалардың тіршілік әрекетіне және таралуына әсерін сипаттайды.

Сабақтың кезеңі/ уақыты

Мұғалімнің әрекеті

Оқушының әрекеті

Бағалау

Ресурстар

Басы

Сәлемдесу. Ұйымдастыру кезеңі. Сыныпта жақсы көңіл-күй қалыптастыру. Оқушылардың түгелдігін, сабаққа даярлығын қадағалау.

Үй жұмысын тексеру. «Бинго» ойыны арқылы өткен тақырыпты тексеру:

Оқушылар үйренген терминдермен ойнайды

Оқушылар Бинго карточкасын алады

Сіз оларға жорамалдап берген сөздердің анықтамаларын атаңыз.

Егер анықтама карточкадағы сөзге сәйкес келеді деп санаса, оқушылар сөзді сызып тастайды. Сол уақытта «Бинго!» деп айғалау керек.

Оқушы өз карточкасында дұрыс сөздерді сызып тастағанына көз жеткізіңіз

  1. оқушы «Бинго!» сөзін айғалағанда ойын тоқтатылады.

  1. Продуценттер (түзушілер)-қоршаған ортадағы бейорганикалық заттардан фотосинтез немесе хемосинтез процесі нәтижесінде органикалық емес қоспалардан органикалық заттарды синтездеуші ағзалар(жасыл өсімдіктер).​

  2. Биосфера- тірі азғалар өмір сүретін жер қабаты. 

  3. Биогеоценоз - тіршілік ететін жер бетімен қоса (биотип), тipi организмдер (биоценоз) мен абиотикалық ортаның тарихи қалыптасқан жиынтығы.

  4. Консументтер (тұтынушылар) - дайын органикалық заттарды пайдаланатын организмдер. ​

  5. Қоректік тізбек — бұл өзара байланысты организмдер қатары, онда алдыңғы организмдер кейінгі организмдердің қорегі ретінде пайдаланылады

  6. Экожүйе- зат айналымы жүре алатын организмдер мен бейорганикалық компоненттер жиынтығы.

  7. Редуценттер (ыдыратушылар) - органикалық заттарды бейорганикалық заттарға дейін ыдырататын организмдер.

  8. Биоценоз– табиғи жағдайлары бірегей жерлерде тіршілік ететін өсімдіктер, жануарлар және микроорганизмдердің жиынтығы.

  9. Литосфера – жердің қатты қабаты




Продуценттер (түзуішілер)

Биогеоценоз

Консументтер (тұтынушылар)

Экожүйе

Биосфера

Редуценттер (ыдыратушылар)

Биоценоз

Қоректік тізбек

Литосфера

Миға шабуыл:Оқушылардың алдында тұрған бөлме өсімдігіне қандай жағдайлар (факторлар) әсер етеді? (оқушылардың атаған факторларын мұғалім тақтаға нөмірлеп жазады. Барлық факторларды атағаннан кейін, балаларға оларды қалай жіктеуге болатындығы туралы сұрақ қойылады. Оқушылар өз ойларын білдіреді, топтастыру себебін түсіндіреді).



Сабақтың тақырыбы мен мақсаты тұжырымдалады.

Оқушы өз жұбын табады

Әдіс арқылы қайталау

Сұрақ жауап орындайды

Қол шапалақ



дидактикалық материалдар.


Интерактивті тақ

Ортасы

«Экологиялық факторлар» ұғымынаанықтама беріледі, топтарыанықталады.

Оқушыларды 3 топқа бөлу https://castlots.org/razdelit-na-gruppy/
Нөмірленген суреттер беріледі. Әр топ ақылдасып, өздерінің факторларын тауып, дәптерге жазады.
1-топабиотикалық факторлар. 1-суретте: жарық, топырақ, климат, t0-ра, ылғалдылық, ауа қысымы, жер бедері; 2- суретте: су, жарық, топырақ, климат, t0-ра, ылғалдылық, ауа қысымы, жер бедері; 3-суретте: жарық, топырақ, климат, t0-ра, ылғалдылық, ауа қысымы, жер бедері; 4- суретте: жел, жарық, топырақ, климат, t0-ра, ылғалдылық, ауа қысымы, жер бедері; 5-суретте: жарық, жер бедері, климат, t0-ра, ылғалдылық, ауа қысымы; 6-суретте: топырақ, жарық, климат, t0-ра, ылғалдылық, ауа қысымы, жер бедері; 7-суретте: жарық, климат, t0-ра, ылғалдылық, ауа қысымы, жер бедері, топырақ; 8-суретте: климат, t0-ра, ылғалдылық, ауа қысымы, жер бедері, жарық, топырақ.

2-топ биотикалық факторлар. 1-суретте: қасқыр, ағаштар, шөптесін өсімдіктер; 2- суретте: ағаштар; 3-суретте: ағаштар, шөптесін өсімдіктер; 4- суретте: шөптесін өсімдіктер; 5-суретте: ағаштар, шөп; 6-суретте: саңырауқұлақтар, шөптесін өсімдіктер; 8-суретте: ағаштар, еліктер.

3-топ антропогендік факторлар. 2- суретте: балық аулаған адамдар; 3-суретте: ауыл шаруашылықпен айналысқан адамдар; 5-суретте: қоқыс; 6-суретте: саңырауқұлақтар, шөптесін өсімдіктер; 7-суретте: фабрикалардан шыққан түтін, табиғи биогеоценоздың орнын басқан қала.

Бағалау: өзара бағалайды

Жұмыс аяқтағаннан кейін, тапсырма оқушылармен бірге тексеріледі, өзара бір-бірін дұрыстайды. Егер оқушылар экологиялық факторларды дұрыс жіктей алса, олар сабақтың мақсатына жетті.

Оқушыларға экожүйенің суреті көрсетіледі.


1. Экожүйені атаңыз.

2. Экожүйенің абиотикалық факторларын атаңыз.

3. Биотикалық факторлардың мысалдарын келтіріңіз. Қандай тірі ағзалар бір-біріне әсер етеді?

4. Бір тірі ағзалардың басқаларына әсері тоқтаса, не болады?

№1 Зертханалық жұмыс «Жергілікті жердің экожүйелерін зерттеу»Жұмыстың мақсатын және болжамын оқушылармен бірге анықтау


Мұғалім қауіпсіздік ережесімен таңыстырады:

  1. Рұқсатсыз зертханалық жұмысқа арналған құрал – жабдықпен жұмыс жасамаңыз;

  2. Мектептен тыс жерде жол ережесін сақтаңыз;

  3. Зерттеу жұмысы барысында бөгде азаларды ұстамаңыз;

  4. Өсімдіктер мен ағаштарға зақым келтірмей жұмыс жасаңыз


Оқушылар зертханалық жұмыстың барысымен танысып, жұмысты орындайды.

Жұмыс барысы:

  1. Мектеп ауласында ағзалар бірлестігі кездесетін 3×3 жерді өлшеп белгілеңіз

  2. Осы жердегі тірі ағзалардың тізімін жасап, келесі кестеге енгізіңіз.

Продуценттер

Консументтер

Редуценттер






































3.Мектеп ауласына әсер ететін экологиялық факторларды анықтау үшін Cobra 4 құрылғысын қосып, ауа райының ылғалдылығын, температурасын анықтаңыз. Алынған мәліметтерді төменде берілген кестеге енгізіңіз:

  1. Температура




  1. Ылғалдылық




  1. Топырақтың электр өткізгіштігі




  1. Топырақтың рН көрсеткіші





4.Зерттеп жатқан аумағыңыздың топырақтың электр өткізгіштігі мен рН зерттеу үшін, қосыпсытқыш қасықпен аз мөлшерде топырақты стақанға салыңыз. Топырақтың үстіне су қосып, электр өткізгіштікті анықтайтын Cobra 4 құрылғысын қосыңыз, кейін рН – ты анықтайтын Cobra 4 құрылғысын қосыңыз. Алынған нәтижелерді кестеге толтырыңыз.
Қорытынды:

Үш топтың жұмысын саралау арқылы, бүгінгі тақырыпты қорытындылау.

Экологиялық факторлар дегеніміз не?

Экологиялық факторлар қандай топтарға жіктеледі?

Экожүйедегі және мекен ету ортасындағы биотикалық, абиотикалық және антропогендік факторларға 3 мысалдан келтіріңдер.


Арнайы ресурстар арқылы жаңа тақырыпты талдайды

Жұп бойынша

Жеке, өзара тақырыпты түсінгендерін мұғалімге қол көтеру арқылы білдіреді

Слайдта көрсетілген ресурстарды талқылайды
Интербелсеңді тақтадағы бейнероиктегідей жаттығулар жасайды.

Оқушылардың мұндағы мақсаты берілген тапсырманы өздері талқылап, өз ой-пікірлерімен санаса білуі, топпен жұмыс жасауы.

Тлоптар өзара жарысады, ойларын ортаға салады, тақырыпты жинақтайды

Өзін өзі топпн бағалайды

Смаликтер арқылы

ҚБ өзін өзі бағалау

ҚБ «Бәрекелді,әттеген-ай»


Бағалау парақшасын толтырады.

ҚБ Бағдаршам


Интербелсенді тақта, презентация,

Қосымша 1, Cobra 4 жиынтығы,

ұлғайтқыш қол айна, су, стакан, қопсытқыш



Сабақтыңсоңы


Білімді бекіту:

«Серпілген сауал» әдісі бойынша оқушылар бір-біріне доп лақтыра отырып сұрақтар қояды.
Кері байланыс:

Оқушыларға рефлексия парағын ұсынамын.Сабақ барысында алған білімдері туралы кері байланыс жазады.

«3.2.1.»

3 факт

2 көзқарас

1 тұжырым

.

Бүгінгі сабақтан түйген ойлары мен тұжырымдарына байланысты кері байланыс жасайды.




Рефлексия парағы



Қосымша ақпарат

Саралау –оқушыларға қалай көбірек қолдау көрсетуді жоспарлайсыз? Қабілеті жоғары оқушыларға қандай міндетқоюдыжоспарлапотырсыз?

Бағалау - оқушылардың материалды меңгеру деңгейін қалай тексеруді жоспарлайсыз?

Денсаулық пен қауіпсіздік техникасының сақталуы

  1. .



Мұғалімнің ауызша кері байланысы

Ақпарат іздестіру кезінде қауіпсіздік ережелерін сақтау





Бөлім




Педагогтың аты-жөні




Күні




Сынып

Қатысушылар саны

Қатыспағандар саны

Сабақтың тақырыбы


Биотикалық факторлар, қоректік тізбек және қоректік тор. №1 Модельдеу «Қоректік тізбек пен торды құру».

Осы сабақта қол жеткізілетін оқу мақсаттары (оқу бағдарламасына сілтеме)

7.3.1.2 - табиғи қоректік тізбектерді салыстыру;

7.3.1.3 - қоректік тізбектер және қоректік торларды құрастыру

Сабақтың мақсаты


Барлық оқушылар: Қоректік тізбектің компоненттерін біледі.

Оқушылардың басым бөлігі: Қоректік тізбектің қарапайым сызбасын сыза алады.

Кейбір оқушылар: Өз бетінше қоректік тізбекті құрастыра алады.

Бағалау критерииі

Табиғи қоректік тізбектерді ажыратады.

Қоректік тізбектер және қоректік торлар құрады.

Сабақтың кезеңі/ уақыты

Мұғалімнің әрекеті

Оқушының әрекеті

Бағалау

Ресурстар

Басы

Психологиялық жағымды орта қалыптастыру.

Әдіс-тәсіл: «Жүректен - жүрекке»

Шағын топтарға топтастыру

«Өсімдіктер, Жануарлар, Микроағзалар»

Сабақ тақырыбымен, мақсатымен критерийлерімен таныстыру.

Тапсырма 1. Балалардың білім деңгейін тексеру. Қоректік тізбек – бұл.....

Түзушілер – бұлар ...., оларға .... жатады.

Тұтынушылар – бұл...., олар бөлінеді. ...... және......, оларға.... сияқты тірі ағзаларды жатқызуға болады.

Ыдыратушылар – бұл ...., оларға ...... жатады. (жұппен бағалау).

Қолданылатын әдіс: «ашық тест».

Бағалау. Шапалақ (Өзін-өзі бағалайды).

Дескриптор Білім алушы

-Қоректік тізбек ұғымын түсінеді;

-Биотикалық факторларды анықтайды.

Оқушы өз жұбын табады

Әдіс арқылы қайталау

Сұрақ жауап орындайды

Қол шапалақ



Өсімдіктер,

Жануарлар, Микроағзалар»

суреттері.
Ақ қағаз,қалам


Ортасы

Қолдану

Берілген мәтіндерді балалар оқып алады.

Қоректік тізбектер.  Қоректік торлар

Биоценозда қоректік торлар - жасыл өсімдіктер жинақтаған энергия мен заттарды бір-біріне беретін организмдердің көптеген қысқа қатарларынан тұрады. Әрбір алдыңғы түр келесіге қорек болатын мұндай қатарлар - қоректік тізбек, ал қоректік тізбектің бөлек звенолары - қоректік деңгейдеп аталады. Қоректік тізбек әрқашан өсімдіктен немесе олардың қалдықтарынан басталады 

. Өсімдік-шегіртке-бақа-жылан-қаршығадан құралған қоректік тізбек пирамадасы

1-ші қоректік деңгей, яғни жасыл өсімдіктер –продуценттер, яғни шөпқоректі жануарлар- І-ші реттік консументтерді    құрайды.     Ал    шөпқоректі    жануарлармен қоректенетін 1-ші реттік жыртқыш 3-ші қоректік деңгейді, яғни 2-ші реттік консументтер деңгейін; сол сияқты 2 реттік жыртқыштар 4-ші қоректік деңгейді, яғни 3-ші реттік консументтер деңгейін түзеді

Қоректік тізбектегі организмдердің қарым қатынасының мысалы ретінде аралас орманды қарастыруға болады.

Орман өсімдіктері жануарлар қорегінің көзі болатын негізгі биомассаны өндіреді (синтездейді). Ағаштардың жас қабықтарымен мен бүршіктерімен қоректенетін бұғы құрамында энергия жинақталған органикалық заттарды алғаш тұтынушылар. Белсенділіктің әртүрлі түрлері энергияның шығындалуына соқтырады, бірақ жануарлар организмінде жұмсалатын энергиямен салыстырғанда оның жинақталған мөлшері анағұрлым артық болады. Өз денесінде осылай энергияны жинақтаған бұғы келесі тұтынушыға энергия мен қоректік заттың көзі болып есептелінеді. Бұғыны жеген қасқыр энергия, қорек затқа ие болады. Қасқыр өлген кезде, энергияның көп мөлшері топыраққа түседі. Топырақтағы бактериялар мен редуцент-саңырауқұлақтар – ыдыратушылар - өсімдіктерге қажетті минералды заттарға айналдыра отырып, өлексені ыдыратады. Жасыл өсімдіктер, бұғы, қасқыр, бактериялар мен саңырауқұлақтар энергия ағыны жүретін қоректік тізбекті құрайды.

Қоректік тізбекті екі типке бөлуге болады: жайылымдық тізбек жасыл өсімдіктен басталып, одан әрі жайылымдағы фитофагтарға, сонан соң жыртқыштарға жалғасады, яғни өсімдіктерден шөпқоректі жануарлар арқылы энергияның ағыны жүзеге асатын тізбек жайылымдық қоректік тізбек деп аталады.

Ал детриттік тізбектер өлі органикалық  заттардан детритофагтарға, одан жыртқыштарға жалғасады. Мысалы, жайылымдық тізбек: жасыл өсімдік→ шөпқоректі жануар →жыртқыш, ал детриттік тізбек: өлі органикалық зат (детрит)→ микроорганизмдер→ (бактериялар, саңырауқұлақтар) немесе детритофагтар (қос жақтаулы ұлулар, құрттар, бунақденелілердің дернәсілдері)→ детритофагтар жыртқыштарынан (құстар, жер қазғыштар және т.б.) құралады.

Энергия ағыны өлі органикалық заттан басталып және ыдыратушылар жүйесі арқылы өтетін қоректік тізбек түрі детриттік қоректік тізбекті құрайды. Өлі ұлпаларды ыдыратын редуценттер жүйесіндегі бактериялар, саңырауқұлақтар мен басқа организмдер өзінің ролі жөнінен шөпқоректі жануарларды еске түсіреді.

Қоректік тізбектер бір бірінен оқшауланбай, қайта керісінше, айқасып жатады. Олар қоректік торлар деп аталатын құрылымдар түзеді. Қоректік торлардың құрылу принципі мынадай: әрбір продуценттің бір емес, бірнеше консументтері болады. Өз кезегінде олардың арасындағы полифагтар, яғни консументтердің қоректің бір емес, бірнеше көзін пайдаланады.

1.Ой қозғау, тақырыпты анықтау, бейне фильм көрсету. Қолданылатын әдіс: «Стоп кадр».

2.Мәтінмен жұмыс. Қолданылатын әдіс: «Джигсо-1» Мәтінді бөлімдермен оқып танысады.

Дескриптор Білім алушы

-Табиғи қоректік тізбектерді ажыратады;

-Қоректік тізбектер және қоректік торлар құруды түсінеді.

3.1 Тапсырма: Тірек-сызба құру. Қолданылатын әдіс: «Графикалық органайзер».

Әр топқа плакат беріледі. (Топтар бір-бірін бағалайды). Бағалау. Шапалақ.

Дескриптор Білім алушы

-Табиғи қоректік тізбектерді ажыратады;

-Қоректік тізбектер және қоректік торлар құрады;

-Құрылған қоректік тордағы түзушілер мен тұтынушыларды анықтайды.

3.2 Тапсырма: Қоректік тізбек құру. Суреттегі ағзалар арасына тиісті бағытта нұсқаларды қойып, бірнеше қоректік тізбек құрыңыз. (жануарлар мен өсімдіктердің суреті). (Жұппен бағалау).

Дескриптор Білім алушы

-Берілген суретте нұсқалар бағытын анықтайды;

-Бірнеше қоректік тізбек құрады;

-Қоректік тізбектер арасындағы айырмашылықтарды анықтайды, себебін түсіндіреді.

3.3 Тапсырма: Мына организмдерден ретімен қоректік тізбек жүйесін құрыңдар: 1) Шегіртке → шөп → торғай → кезқұйрық (коршун).

2) Өсімдік тұқымы→түлкі→тышқан.

3) өсімдікқоректі балық →балдыр →жыртқыш балық.

4) жылан→көлбақа→бидай→қоңыз→бүркіт→ қасқыр→бактерия. (Өзін-өзі бағалайды).

Бағалау. (Жұппен бағалау).

Дескриптор Білім алушы

- Қоректік тізбектер құрады;

-Қоректік тізбектің ұқсас белгілерін атайды.

Тақырыптың мазмұнын ортаға шығып талқылайдды , өткен тақырыпты жаңа тақырыппен байланыстыру үшін суреттер мен видероликер ақылы жаңа тақырыптың мағанасын ашады

Интербелсеңді тақтадағы бейнероиктегідей жаттығулар жасайды.

Оқушылардың мұндағы мақсаты берілген тапсырманы өздері талқылап, өз ой-пікірлерімен санаса білуі, топпен жұмыс жасауы.

Тлоптар өзара жарысады, ойларын ортаға салады, тақырыпты жинақтайды

Өзін өзі топпн бағалайды

Смаликтер арқылы

ҚБ өзін өзі бағалау


ҚБ: «Баспалдақ» әдісі 1.Білімім төмен

2.Орташа 3.Орташадан жоғары 4. Жоғары

ҚБ: Мұғалім тарапынан жүретін бағалау «Ауызша мадақтау

«Оазис Оскара» бейне филім

АКТ
Оқулық. Кітап.

Кітап, дәптер, қалам, плакат, маркер.
Жануарлар мен өсімдіктердің суреті бар тапсырма. Қалам.

Жануарлар мен өсімдіктердің аттары жазылған тапсырма. Қалам.


Сабақтыңсоңы


Бекіту: Қолданылатын әдіс: «Өрмек торы». Оқушылар бір-біріне сұрақтар қою арқылы білімдерін тексереді.

Бағалау әдісі: «Алақан». (Өзін-өзі бағалау).

Дескриптор Білім алушы

- Қоректік тізбектер құруды түсінеді;

-Қоректік тізбектің ұқсас белгілерін атайды.



Кері байланыс:

Қолданылатын әдіс: «Аяқталмаған сөйлем»

Бүгінгі сабақта мен.....

Мен үшін ең маңыздысы....

Бұл маған.... үшін қажет.

Менің.... сәтті шықты.

Өзім үшін.... тиімді.

Өтілген тақырып маған.... ұнады.

Бағалау. Шапалақ (Өзін-өзі бағалайды).

Дескриптор Білім алушы

-Құрылған қоректік тордағы түзушілер мен тұтынушыларды анықтайды.

Үй тапсырмасы: Эссе. Жоғары құрылымды омыртқасыз жануарлардың кез келген тобының өкілдерінің (аралар, құмырсқалар немесе термиттер) өзара әсері туралы эссе жазыңдар.


Бүгінгі сабақтан түйген ойлары мен тұжырымдарына байланысты кері байланыс жасайды.




Рефлексия парағы





Бөлім




Педагогтың аты-жөні




Күні




Сынып

Қатысушылар саны

Қатыспағандар саны

Сабақтың тақырыбы


Жасуша – тірі ағзалардың құрылымдық негізгі өлшем бірлігі. Прокариот және эукариот жасушалардың құрылысы: ядроның болуы және орналасуы, жасуша қабырғасы, жасуша мембранасы, пластидтер, митохондрия, жасуша вакуолі, рибосомалар.

Осы сабақта қол жеткізілетін оқу мақсаттары (оқу бағдарламасына сілтеме)

8.4.2.2 эукариот және прокариот жасушалардың құрылысын салыстыру

Сабақтың мақсаты


Барлық оқушылар: Прокариот және эукариоттарды біледі, айырмашылықтарын ажыратады.

Оқушылардың басым бөлігі:

Прокариоттар мен эукариоттарды салыстырады,ерекшеліктерін айқындайды.

Прокариоттар мен эукариоттардың органоидтарының құрылысы мен қызметін талдайды, жүйелейді.

Кейбір оқушылар:Жасуша үшін жасуша мембранасы мен цитоплазманың рөліне баға береді.

Бағалау критерииі

Жасуша, прокариот, эукариот, цитология, органоид терминдеріне анықтама бере алады;

Прокариоттардың эукариоттардан ерекшеліктерін ажырата алады;

Прокариот жасушасының органоидтарын жіктейді, қызметін негіздейді;

Эукариоттарға, прокариоттарға жататын организмдерді жүйелейді;

Эукариоттардың органоидтарын, олардың қызметін нақтылайды;

Прокариоттар мен эукариоттарды салыстыра алады.

Сабақтың кезеңі/ уақыты

Мұғалімнің әрекеті

Оқушының әрекеті

Бағалау

Ресурстар

Басы

Сынып пазл арқылы төрт топқа бөлінеді

І топ-Жасуша

ІІ топ- Ұлпа

ІІІ топ -Мүше

ІҮ топ- Мүшелер жүйесі

Үй тапсырмасы:

Тапсырма №1 (ұжымдық жұмыс)

«Логикалық сәт» Айтылым әрекеті (сұрақ-жауап) үй тапсырмасына кері байланыс

1. Тірі ағзаларды сипаттайтын және топ бойынша бөлетін биология бөлімі

2. Систематиканың негізін салған ғалым

3. Ең ірі систематикалық категория

4. Прокариот ағза

5. Қор заты – гликоген болатын ағзалар

6. Дихотомиялық тірек сөздерді ұсынған ғалым

Жетон арқылы бағалау
С  у реттер беріледі. Бактерия. Өсімдік. Жануар.





Оқушылар суреттерді құрастырып 3 топқа бөлініп отырады.

Оқушыларға сұрақ қойылады. Осы үш суретті не байланыстырып тұр? Неліктен осы үш сурет таңдалып алынды деп ойлайсыздар? Жасуша

Атаулар туралы 3 сұрақ.

  1. Қайда? Бұл терминдерді сіз бұрынырақта қайда және қандай мағынада кездестіріп едіңіз?

  2. Қалай? Өз тәжірибенізбен осы атауды қолданудың мысалдарын келтіре аласыз?

  3. Қандай? Осы сабақта бұл атау қандай қолданыста болады деп ойлайсыз?

Дескриптор:

  • Терминнің мағынасын біледі

  • Өз тәжірибесінен мысал келтіре алады

  • Терминді қолдана алады.




Оқушы өз жұбын табады

Әдіс арқылы қайталау

Сұрақ жауап орындайды

Қол шапалақ



Слайд 6-7

Дидактикалық материалдар №1

Өсімдік және жануар жасушасының суреті бар плакаттар.

Ортасы

Жаңа тақырып

Оқушылардың зейінін шоғырландыру

«Миға шабуыл» әдісі (Тыңдалым әрекеті). Экранда жасушаға байланысты бейне ролик көрсетілім

- оқушылармен бірге сабақ мақсаттарын/ОМ анықтау - сабақ соңында күтілетін нәтижелерді анықтау

Термин сөздерді үш тілде жазып алу. (Жазылым әрекеті )

Ресурс және мазмұн арқылы саралауды қолдау үшін жасушалардың суреттері/ ақпарат парақшалары, таныстырылымнан оқушылар өз қалаулары бойынша (қандай ресурспен жұмыс жасағысы келеді) таңдап алып, тақырып мазмұнымен танысу ұсынылады.

Оқушылар прокариот және эукариот жасушалыры туралы постерлер мен қосымша ақпараттар/ ұсынылған ресурстарды пайдалана отырып салыстырмалы кесте толтырады. Кестеде салыстыру белгілерін мұғаліммен бірге талқылап анықтайды.

Мысалы:

1. жасуша мөлшерін салыстыру

2. жасуша құрылымдарын белгілеп жазу (жасуша қабырғасы, талшық, капсула, мезосома, сақиналы ДНҚ)

Эукариот жасушасы үшін: (жасушалық мембрана, ядро, цитоплазма, митохондрия, рибосомалар, ЭПТ, Гольджи жиынтығы, пластидтер, ДНҚ, ядролық мембрана)

Оқушылар топтардың жұмыстарын бағалайды.

2.Тапсырма. Зертханалық жұмыс «Зерттеу әдісі». (топтық жұмыс) Мақсаты:Жасушаның органоидтарын, өсімдік пен жануар ұлпаларын анықтай білу дағдыларын қалыптастыру.

Дескриптор

Балл

Екі жасушаны салыстыра отырып, айырмашылықтарын біледі

1

Микроскоппен қарау арқылы өсімдік ұлпаларына тән ерекшеліктерді біледі

1

Жануар ұлпаларының ерекшеліктерін, атқаратын қызметтерін атай алады.

1


3. Тапсырма


«Ойлан. Бірік. Бөліс» әдісі (жұптық жұмыс)

Оқушылардың жасуша, ұлпа, мүше, мүшелер жүйелері түсініктерін анықтау

(Айтылым әрекеті)

1. Суреттерді қарастырыңыз.

(а) Тіршілік деңгейін қарапайымнан бастап, күрделену ретін жазыңыз.














A

B

C

D

E

5 ............................................

4 ............................................

3 ............................................

2 ............................................

1 ............................................

(b) Тіршіліктің А және В деңгейіне анықтама беріңіз.

......................................................................................

......................................................................................

(с) Қалай ойлайсыз ағзада жасуша көп пе әлде ұлпа ма? Жауабыңызды түсіндіріңіз.

...........................................................................................................................................................................................



Жасушалық құрылысы бар тірі ағзалар прокариоттар және эукариоттар болып екі топқа бөлінеді. Эукариоттарға (ядросы бар) өсімдіктердің, жануарлардың және саңырауқұлақтардың барлығы жатады.
Өсімдік жасушасында пластидтер, ірі вакуоль және жасунықтан тұратын жасуша қабығы бар. Қор заты крахмал.
Саңырауқұлақ жасушаларының қабырғасы хитиннен түзілген, пластидтері болмайды. Қорға жиналатын зат-гликоген.
Жануар жасушаларында жасуша қабырғасы тығыз болмайды, пластид және нағыз вакуоль жоқ.
Бактериялар, олардың ішінде цианобактериялар прокариоттарға (ядросы жоқ, сақиналы ДНҚ-ның тек бір молекуласы ғана болады. Оны жарғақша қоршамайды, сондықтан тікелей цитоплазмада жатады) жатады.
Прокариот цитоплазмасында ұсақ, қарапайым құрылысты рибосомалар болады. Прокариот жасушаларында митохондриялар мен хлоропластар жоқ, олардың рөлін арнаулы жарғақша қатпарлары атқарады. 



Тапсырма 2.(I, III -топқа тапсырма)

Оқулықтағы мәтінді оқып, келесі мазмұнды кестені толтырады: «берілген тақырып бойынша бұрыннан білетінім», «мәтінді оқып жаңадан білгенім», «болжамдар», «тың ақпарат».

Дескриптор:

  • Мәтінді түсініп оқиды;

  • Мәтіндегі терминдердің мәнін түсінеді;

  • Терминдерді прокариоттар мен эукариоттарға орынды қолдана біледі.

  • Тың ақпаратпен танысады.

Қолданылатын әдіс-тәсілдер: «Борт журналы»

Ұйымдастыру формасы:ұжымдық, жеке.

Қ.Б.:"Плюс,минус,керемет"

Тапсырма 3.(II, IV- топқа тапсырма)

Суреттер сөйлейді. Суреттерді салыстырып, салыстыру кестесіне толтырады.

Дескриптор:

  • Прокариоттар мен эукариоттарды салыстырады;

  • Ерекшеліктерін айқындайды;

  • Тіршілік әрекеттерін сипаттайды.

Қолданылатын әдіс-тәсілдер:«Ойлан, жұптас, талқыла»

Ұйымдастыру формасы:Жеке, жұппен.

Қ.Б.Активатор 3-2-1

3 нәрсені білдім.

1-

2-

3-

2 нәрсені түсіндім.

1-

2-

1 нәрсені қолдануға дайынмын.

1-



Белгілері

Прокариоттар

Эукариоттар

Ядро







Хромосомалар







ДНҚ







Жасушалық қабырға







Рибосома







Митохондриялар







Талшықтары








Практикалық бөлім Топтық жұмыс

1 «Миға шабуыл»

Мұғалім оқушыларға сұрақтар қояды түрлі суреттермен көрсету арқылы және құпия хат шешуді ұсынады нәтижесінде жаңа тақырып болып табылатын Прокариоттар

1 Прокариоттар дегеніміз қандац ағзалар?

2 Прокариоттар мен эукариоттардың айырмашылығы бар ма?

1 топ: Прокариоттыы ағзаларды атау

2 топ: Микробиология ғылымының даму кезеңдері

3 топ: Үлес қосқан ғалымдар

4 топ: Сұрақтар дайындау

Бағалау Әткіншек әдісі арқылы орындалады

Жұптық жұмыс

Кластер жасау

Микробиология


Есептер шығару

1.ДНҚ молекуласының учаскесі 10 нм құрайды. Бұл учаскеде неше нуклеотид?

2. ДНҚ –ның бір молекуласындағы цитозинді нуклеотид 26 пайызды құрайды. ДНҚ молекуласы құрамындағы басқа нуклеотидтердің пайыздық құрамын анықта.

Бағалау Екі жұлдыз бір тілек әдісі арқылы орындалады

Жеке жұмыс


Тапсыр

ма

Дескриптор

Балл

1

Жасуша, ұлпа,мүше, мүшелер жүйесінің деңгейін, ретін анықтайды

1

Жасуша мен ұлпа ұғымдарын түсіндіреді

1

2

Өсімдік пен жануар жасушасын бірінші белгі бойынша ажыратады

1

Екінші белгілері бойынша ажыратады

1

4. Тапсырма. «Кір жаятын жіп» әдісі. Мақсаты: термин сөздермен жұмыс. Түсті қағаздарға терминдерді жазып,жіпке жапсырады.Сөздердің көптігіне, маңыздылығына қарай бағаланады.



Слайдта көрсетілген ресурстарды талқылайды

Оқушыларға бактерия, жануар және өсімдік жасушаларының суреттерін пайдаланып, айырмашылықтарын анықтайды ұсынылады.

Алдыңғы білім мен жаңа тақырыптың байланыстыру үшін өсімдік, жануар бактерия жасушаларының суреттерін пайдаланады:

Видеороликтан тақырыпқа сай берілген түсініктерді дамыту арқылы, мәтіндегі тапсырмаларды орындау барысында ой өрісін жетілдіру арқылы бәсекелеседі
Прокариоттар мен эукариоттарды салыстырады;

Ерекшеліктерін айқындайды;

Тіршілік әрекеттерін сипаттайды.

Мәтінді түсініп оқиды;

Мәтіндегі терминдердің мәнін түсінеді;

Терминдерді прокариоттар мен эукариоттарға орынды қолдана біледі.

Тың ақпаратпен танысады.


Смаликтер арқылы

ҚБ өзін өзі бағалау

ҚБ: «Баспалдақ» әдісі 1.Білімім төмен

2.Орташа 3.Орташадан жоғары 4. Жоғары

ҚБ: Мұғалім тарапынан жүретін бағалау «Ауызша мадақтау



Слайдар

Ашық сұрап-жауаптар

Сабақтыңсоңы


. Жаңа материалдағы білімді түсінгенін анықтау үшін.

Оқушылар сабақ кезінде нені меңгергендері жайлы 5 сөйлем жазады. Одан кейін сол 5 сөйлемді 5 сөзге дейін қысқартады. Соңында 5 сөзді 1 сөзге қысқартады. Оқушылар өздерінің түйінді сөзін бүкіл сыныппен бөліседі.

Қолданылатын әдіс-тәсілдер:5-5-1 стратегиясы.

Ұйымдастыру формасы:Жеке, жұппен.

Қ.Б."Бір сөйлеммен тұжырым жасау"

Үй тапсырмасы:Оқулықтан жасуша органоидтарының қызметін, жануар және өсімдік ұлпаларын оқып, танысып келу.

Кері байланыс.

Аяқталмаған сөйлемдер

Бүгінгі сабақта мен ...

Мен үшін ең маңыздысы ...

... біраз қиналдым.

Бұл маған ... үшін қажет.

Менің ... сәтті шықты.

Өзім үшін ...

Өтілген тақырып маған ... ұнады.

Бүгінгі сабақтан түйген ойлары мен тұжырымдарына байланысты кері байланыс жасайды.




Рефлексия парағы