ВУЗ: Не указан

Категория: Не указан

Дисциплина: Не указана

Добавлен: 27.03.2024

Просмотров: 25

Скачиваний: 0

ВНИМАНИЕ! Если данный файл нарушает Ваши авторские права, то обязательно сообщите нам.

үлгілер Альбомы

КОДТЫҚ БЕЛГІЛЕНУІ: 05/22–18

АТАУЫ: СИЛЛАБУС

БАСЫЛЫМ: 1

БЕТТIӉ БЕТI МЕРЗІМІ:28.08.2020




ШЫМКЕНТ ҚАЛАСЫНЫҢ ДЕНСАУЛЫҚ САҚТАУ БАСҚАРМАСЫНЫҢ ШАРУАШЫЛЫҚ ЖҮРГІЗУ ҚҰҚЫҒЫНДАҒЫ

«ЖОҒАРЫ

МЕДИЦИНА КОЛЛЕДЖІ»

МЕМЛЕКЕТТІК КОММУНАЛДЫҚ

КӘСІПОРНЫ


ГОСУДАРСТВЕННОЕ КОММУНАЛЬНОЕ ПРЕДПРИЯТИЕ НА ПРАВЕ ХОЗЯЙСТВЕННОГО ВЕДЕНИЯ

«ВЫСШИЙ МЕДИЦИНСКИЙ

КОЛЛЕДЖ»
УПРАВЛЕНИЯ ЗДРАВООХРАНЕНИЯ ГОРОДА ШЫМКЕНТ





Әдістемелік кеңес

отырысында бекітілді

№____хаттама

« ___» _____2020 ж.

Әдістемелік кеңес

төрағасы ___________ М.Султанов





СИЛЛАБУС
Пәні: 12 АП «Психикалық денсаулық пен аддикция»

ЦӘК бірлестігі: І арнайы пәндер

Мамандығы: 0302000 - «Мейіргер ісі»

Біліктілігі: 0302054 - «Қолданбалы бакалавр»

Аудиториялық сабақ: 12 сағат

Симуляция: 48 сағат

Оқытушының жетекшілігімен жүргізілетін білім алушының өзіндік жұмысы

(ОБӨЖ): 15 сағат

Білім алушының өзіндік жұмысы (БӨЖ): 45 сағат

Оқу сағатының көлемі: 120 (4 кредит)

Курс: II

Оқу семестрі: IV

Бақылау нысаны: Емтихан

Қалыпты оқу мерзімі: 3 жыл 6 ай

Шымкент 2020 ж.
Силлабус - 0302054 «Қолданбалы бакалавр» біліктігімен 0302000 «Мейіргер ісі» мамандығына 2020 ж. МЖМБС-на негізделіп құрастырылған.

I – арнайы пәндер циклдік әдістемелік комиссиясының отырысында қаралып ұсынылды.

№ ___ хаттама «_______» ___________ 2020 ж.
ЦӘК төрайымы ________________ Т.Д.Абдулла

қолы

Жалпы мәлімет:

1.Оқытушы туралы мәлімет:




А.Ж.Т.

Жұмыс

орны

Каб.

Қызметі

Ғылыми

атағы

телефоны

Эл. пошта

Кеңес беру уақыты


1.

Көшкінбаева Мөлдір Талғатқызы

ЖМК, І арнайы

пәндер ЦӘК

№316

Оқытушы

Мейіргер ісі бакалавры

Жұм: 530910

Сот: 87021776148


Monika_0077@mail.ru

0900-1800



2.2 Пәннің қысқаша мазмұны:

  • Психикалық денсаулық және жеке даму критерийлері мен факторлары.

  • Жүйке – психикалық бұзылыстардың түрлері.

  • Аддикциидің биологиялық механизмдері, аддиктивті мінез- құлық, аддикция түрлері.

  • Аддиктивті мінез – құлықтың пайда болу факторлары.

  • Психогигиена, психопрофилактикасы мен психотерапиясы.


Пәннің мақсаты:

Психикалық денсаулық және аддикция пәнін оқып үйрену болашақ маманның кәсіптік құзыреттілігін қалыптастыруда маңызды болып табылады. Білім алушыларға психикалық денсаулық тарапынан туындайтын мәселелерді өз бетінше шешу үшін психология мен психитерапияда мейірбике процессін жоспарлау, іске асыру, ұйымдастыру туралы білім қалыптастыру. 
Игерілетін құзіреттіліктер:

БҚ – 3. Қарым – қатынастар
КҚ – 2. Ғылыми амал және дәлелді мейіргерлік тәжірибе
КҚ – 3. Менеджмент және сапа .
КҚ – 4. Денсаулықты нығайту

Пәнді оқытудың жоспарланған нәтижелері:

Теория:

  1. Қарым – қатынастар: түрлі адамдармен түрлі жағдайларда технология- лардың кең

ауқымын қолданып тиімді өзара қарым-қатынас жасауға қабілетті. БҚ-3.

  1. Ғылыми әдіс және дәлелді медбикелік тәжірибе: мейіргерлік істе ғылыми

зерттеулерді жоспарлайды және жүзеге асырады, зерттеулер нәтижесін ұсынады және оларды клиникалық тәжірибеге енгізеді, дәлелді мейіргерлік тәжірибе негізінде негізделген шешімдер қабылдайды. КҚ – 2.

  1. Менеджмент және сапа: өзінің дербес әрекеттеріне және команданың жұмысына

жауапкершілік танытады; барлық жағдайларда тиімді мамандық аралық қызметке және сапа қағидаттарына бейімделген. КҚ-3.

  1. Денсаулықты нығайту: салауатты өмір салтына ықпал етудің әдістері мен

стратегияларының және жеке/отбасылық/көпшілік деңгейлерде дербес күтім жасаудың кең ауқымын меңгерген. КҚ-4.


Пререквизит – психология негіздері, денсаулық жағдайын бағалау, ҚР – ның денсаулық сақтау жүйесіндегі мейіргер мамандығы, әлеуметтік маңызы бар аурулар.

Постреквизит - бағыттар бойынша мейіргер ісі.
2.2 Оқыту мен сабақ берудің әдістері

  • Аудиториялық сабақ: оқытудың техникалық құралдары, шолу, проблемалық.

  • Симуляциялық сабақ: мейіргер құзыреті көлемінде муляждар мен жұмыс жасау; жағдаяттық тапсырмаларды шешу; жағдаятты модельдеу; жағдаятты талдау; шағын топтарда жұмыс жа­сау, тест тапсырмаларын шешу, ауызша сұрау.

  • Клиникалық тәжірибе: мейіргер құзыреті көлемінде медициналық ұйымдарда науқастармен қарым-қатынас дағдыларын және коммуникативтік дағдыларын дамыту; нақты жағдайларды шешу және талдау; клиникалық құзыреттілігін дамыту.

  • Білім алушылардың өзіндік жұмысы (БӨЖ): білім алушылардың негізгі және қосымша оқу әдебиеттерімен, ақпаратты электрондық тасымалдағыштармен жұмыс icтeyi; өткен практикалық сабақтардың тақырыптарының жеке сұрақтарын тереңдетіп оқу, презентация дайындау, пікірталас, мейіргерлік сырқатнама мен мейіргерлік араласу карталарын дайындау, науқастарды қадағалау, жағдаяттық тапсырма­ларды дайындау және шешу, реферат жазу.



2.3 ПӘННІҢ САЯСАТЫ:

Бөлімнің қызметі: сапалы білімді арттыру үшін жағдай жасауға, оптимальді шығындану кезінде сапаның қажетті деңгейін қамтамасыз етудің арқасында жоғары білікті мамандарды дайындауды қамтамасыздандыру, білім қызмет сапасын жақсарту процессіне қызметкерлердің барлығын қатыстыру, білім алушылардың шығармашылық белсенділігін мотивациялау, білім алу үшін қажетті жағдайды жасау, білім беру процессіне инновациялы технологияларды ендіруге бағытталған.
2.3.1. Академиялық мінез-құлық және әдептілік саясатына сәйкес білім алушыға қойылатын талаптар

  • Толерантты болу, басқалардың пікірін құрметтеу;

  • Даулы мәселелерді реттеу барысында қарсылықты нақты тұжырымдау;

  • Плагиат және басқа да әділетсіздіктерге жол бермеу;

  • БӨЖ, аралық бақылау және емтихан тапсыру барысында көшіріп алуға, өзгелерден көмек сұрауға, дайын сұрақ жауаптарын алып пайдалануға, басқа білім алушының орнына емтихан тапсыруға жол бермеу;

  • Колледждің академиялық саясатына сай себепті жағдайға байланысты (науқастанып қалу, тосын, апатты жағдай, болжанбаған т.б. жағдайлар) үй тапсырмасы мен өзіндік жұмыстардың мерзімі ұзартылуы мүмкін. Білім алушының сабақтағы белсенділігі, тапсырмаларды дер кезінде дұрыс орындауы оның жалпы бағасына әсер етеді. Әрбір білім алушының ұтымды жеке көзқарасы, пікірі ескеріледі.


*Курстың кез келген мәліметін бұрмалаған білім алушының алатын бағасы – «F»
2.4. Білімді бағалаудың критерилері мен ережесі.

  • Ағымдық бақылау: тестілеу, жазбаша/ауызша сұрау, жағдаяттық тапсырмаларды шешу, өзін өзі бағалау, шағын топтарда жұмыс істеу кезінде топтық бағалау, практикалық машықтарды бағалау.

  • Қорытынды бақылау – тестілеу/әңгімелесу және практикалық машықтарды көрсету енетін емтихан.


2.4.1. Білімін бағалау критериилері

Өте жақсы (А): Білім алушы этиканың құндылықтары мен күтімнің қағидаларын жан жақты түсініп, көрсете алады. Білім алушы науқастарға күтім жүргізу кезінде кәсіби коммуникациялық қағидаларды терең түсінеді. Білім алушы шешім қабылдауда және күтім жоспарын құрудағы дағдыларын көрсете алады. Білім алушы тәжірбиелік дағдыларды орындауда өзінің жауапкершілігін көрсетті. Күнделікті қауіпсіз тәжірбиедегі білімін ереже бойынша орындады. Күнделікті тәжірбиеде шешім қабылдау кезіндегі мәдениеттіліктің маңыздылығын түсінеді. Білім алушы қосымша ғылыми әдебиеттерді өз еркімен қолданады. Білім алушы оқудағы өз қажеттіліктерін нақтылап, ары қарай кәсіби дамудағы жеке оқу жоспарын құрады және мақсатына жетудегі оқу әдістерінің тиімдісін таңдайды. Білім алушы тиімді мейіргерлік тәжірбие үшін мейіргер ісіндегі дәлелдер мен зерттеулердің мағынасын түсінеді.


Жақсы (В): Білім алушы этиканың құндылықтары мен күтімнің қағидаларын жан жақты түсінеді. Білім алушы науқастарға күтім көрсету кезінде кәсіби коммуникациялық қағидаларды терең түсінеді. Білім алушы тәжірбиелік дағдыларды орындауда өзінің жауапкершілігін көрсетті. Күнделікті қауіпсіз тәжірбиедегі білімін заң бойынша орындады. Күнделікті тәжірбиеде шешім қабылдау кезінде мәдениеттіліктің маңыздылығын түсінеді. Білім алушы керекті әдебиеттерді біліп, қолданады және дәлелді тәжірбиенің мейіргерлік тәжірбиеде тиімділігін қолданып, түсінеді.

Қанағаттанарлық (С+D): Білім алушы этиканың құндылықтары мен күтімнің қағидаларын түсінеді. Білім алушы науқастарға күтім көрсету кездінде кәсіби коммуникация туралы түсінігі бар. Білім алушы шешім қабылдадауды және күтім жоспарын таңдай алады. Білім алушы тәжірбиелік дағдыларды орындай алады. Білім алушы оқытушы берген қосымша әдебиеттерді қолданады. Білім алушы оқудағы немесе жұмыс жөніндегі, сонымен қатар теория мен қағидаларды қолдана біледі. Білім алушы өз мамандығының жұмысы немесе зерттеулер кезіндегі қиын мәселелерді шешуде негізгі дағдылары бар.

Қанағаттанарлықсыз (F): Білім алушы мейіргерлік үрдістің негізгі кезеңдерін атап, денсаулық сақтаудағы ұйымдастырудың бірнеше кезеңдерін, этика және мейіргер кәсібіндегі негізгі құқықтарын атап өтіп, науқастарды күтудегі кәсіби коммуникацияның жоқтығын көрсетеді. Білім алушы өзінің кәсіби дағдыларының деңгейін сезінуде қиналады, кері байланысты қорытындылап, оқуға деген өзінің кері қарым қатынасын көрсетеді.
2.4.2. Білімін бағалау ережесі.

Білімін бағалау баллдық-рейтингтік-әріптік жүйемен бағаланады.

Білімін бағалауды бақылау формасы: ағымды, аралық, БӨЖ/ОБӨЖ және қорытынды.

Ағымды бақылау бағасы кесте бойынша, қабылдау түріне байланысты қойылады.

Аралық бақылау әр бөлімнің соңында қойылады. Ағымды, аралық және қорытынды бақылау БӨЖ/ОБӨЖ бес баллдық бағалау бойынша бағаланады.

Білім алушының оқыған курсы бойынша арифметикалық жинаған орта балы емтиханға жіберіледі. Орта баллды келесі формула бойынша есептейді:

ЖОБ = АББ х 0,2 + АБОБ х 0,6 + БӨЖ х 0,2

ЖОБ – курс бойынша жіберілген орта баллы;

АББ – ағымды бақылаудың орта баллы;

АБОБ – аралық бақылаудың орта баллы;

БӨЖ – білім алушы өзіндік жұмысының орта баллы;

Орта баллдың пайыздық (ОБ) көрсеткішін келесі формуламен есептейді:

ОБ = (ЖОБ х 100 %)/5

Емтиханға курсты меңгерген білім алушы, курстың бағдарламасын толық меңгерген және орта баллдың пайызы 50 % - дан төмен болмауы керек.


Қорытынды бақылау курс біткеннен соң ОҚТЕ жүйесі бойынша, яғни әр кезеңде клиникалық жағдайлар бойынша манипуляцияларды білім алушы орындап беруі тиіс. Қорытынды бақылау 100 баллдық шкала бойынша және келесі кестеде берілгендей орындалады:
2.4.3. Білімді бағалау көрсеткіші:

Бағаның әліптік баламасы

Бағаның сандық баламасы (GРA)

Балдық көрсеткіш %

Дәстүрлі жүйе бойынша бағасы

A

4

95-100

«Өте жақсы»

A -

3,67

90-94

B+

3,33

85-89

«Жақсы»


B

3

80-84

B-

2,67

75-79

C+

2,33

70-74

C

2

65-69

«Қанағаттанарлық»

C-

1,67

60-64

D+

1,33

55-59

D

1

50-54

F

-

0-49

«Қанағаттанарлықсыз»

(өтпейтін баға)

J

-

-

«Пән аяқталмады»

W

-

-

«Пәннен бас тарту»

AW

-

-

«Пәннен шығарылып жіберілді»

AU

-

-

«Пән тыңдалды»

P/ND(PASS/No PASS

-

65-100/0-64

«сыналды/сыналған жоқ»

Қорытынды бағалау курс бойынша жіберілген орта баллы және қорытынды бағалаудан есептеледі:

ҚБ = ЖОБ х 0,6 + ҚББ х 0,4

ҚБ - қорытынды бағалау;

ЖОБ - курс бойынша жіберілген орта баллы;

ҚББ - қорытынды бағалау бағасы.

Қорытынды бақылау – тестілеу және тәжірибелік дағдыларды қабылдау (ОҚТЕ) түрінде емтихан. Емтиханға пәннің бағдарламасымен толық игерген және жіберілу рейтингісін алған білім алушы жіберіледі.