Файл: Компьютерлік суреттер Педагогты атыжні.doc

ВУЗ: Не указан

Категория: Не указан

Дисциплина: Не указана

Добавлен: 27.03.2024

Просмотров: 11

Скачиваний: 0

ВНИМАНИЕ! Если данный файл нарушает Ваши авторские права, то обязательно сообщите нам.

Қысқа мерзімді жоспары

Бөлім

Компьютерлік суреттер

Педагогтың аты-жөні

Мырабилдаева К К.

Күні

08 12.2022

Сынып: 3

Қатысушылар саны




Қатыспағандар саны




Сабақтың тақырыбы:

Графикалық редактормен танысу, құрал-жабдықтары.

Оқу бағдарламасына сәйкес оқыту мақсаттары

3.1.2.1 компьютерлік программалар қолданушының міндеттерін шешу үшін қажет екенін түсіндіру

3.1.2.2 компьютерлік программаларда файлдарды ашу және сақтау командаларын пайдалану

3.1.2.4 компьютерлік программаларда меню командаларын қолдану

3.1.3.1 цифрлық құрылғылармен жұмыс жасауда қауіпсіздік техникасының негізгі ережелерін сақтау

3.2.2.1 қарапайым графикалық редактор құралдарын қолдану

Сабақтың мақсаты:

Барлық оқушылар:

Paint графикалық редакторды іске қосуды біледі

Көптеген оқушылар:

«сызық» құралын пайдаланып, сурет салады

Кейбір оқушылар:

Түстер тобынан түсті таңдап қолданады.


Сабақтың барысы:


Сабақтың кезені/ уақыт

Педагогтың әрекеті

Оқушының әрекеті

Бағалау

Ресурстар

Сабақтың басы

1.Оқушылармен амандасу.

2.Сабақтың тақырыбы мен мақсаттарымен таныстыру.

3.Жаңа тақырыпқа шолу.

Адам өмірінде суреттің орны ерекше. Ертеде жазуды білмесе де сурет салу арқылы өз өмірлері туралы мәліметтерді қалдыра білді. Сурет арқылы ең қиын деген деректің өзін оңай игеруге, яғни, қабылдауға болады.

1.Мұғаліммен амандасады.

2.Сабақтың тақырыбын дәптерге жазады.

3.Сабақтың мақсаттарымен танысады.







Сабақтың ортасы

Жаңа тақырыпты түсіндіру.

Графика гректің «жазамын», «суретін саламын» деген сөзінен шыққан. Графикалық бейнелерге сызбалар, диаграммалар, тағы да басқа фигуралар жатады.

Компьютерде графикалық бейнелерді құру құралдары: енгізу құрылғылары (сканер, тінтуір, графикалық планшет және т.б.) және графикамен жұмыс істеуге арналған программа (графикалық редактор).

Графикалық редактор- графикалық бейнелерді салуға және өңдеуге арналған программа. Компьютерлік графика екіге бөлінеді: 2D және 3D. 2D графиканың түрлері: растрлық, векторлық және фрактальлды. Растрлық бейнлер нүктелерден тұрады. Бейненің ең кіші элементі-нүкте. Ол пиксель деп аталады. Сондықтан суреттердің көлемін кішірейте беретін болсақ. Ол нүктеге айналады.

Paint – растрлық бейнелеремен жұмыс істеуге арналған графикалық редактор.

Пуск → Все программы →Стандартные → Paint

Көрсетілім. Paint редакторының терезесі.
Сурет салу үшін арнайы құралдарды және Түстер палитрасын пайдаланамыз.Суреттің керек емес бөлігін өшіргіш құралын (ластикті) қолданып, өшіріп тастауға болады.
Жеке жұмыс. Тапсырма.

сызық құралын пайдаланып, сурет сал.









Дескриптор:

- Paint графикалық редакторды іске қосады;

-«сызық» құралын пайдаланып, цифрлардың суретін салады;

-«сызық» құралын пайдаланып, паутинаның суретін салады;

-«сызық» құралын пайдаланып, ағаштың суретін салады.

-түстер тобынан түсті таңдап, қолданады;

-суретті сақтайды.
ҚБ: жұлдызша

Мұғалімді тыңдайды

Тапсырманы орындайды


Жұлдызша

Интербелсенді тақта/ компьютер

Сабақтың соңы

1.Оқушыларға өзін-өзі бағалауды ұйымдастырады.

2.Кері байланыс:



Өзін-өзі бағалау.







Үй тапсырмасы

§14, жұмыс дәптері 28-29-бет