Файл: ыса мерзімді (саба) жоспары Блім.docx

ВУЗ: Не указан

Категория: Не указан

Дисциплина: Не указана

Добавлен: 27.03.2024

Просмотров: 63

Скачиваний: 0

ВНИМАНИЕ! Если данный файл нарушает Ваши авторские права, то обязательно сообщите нам.

     


___________________________________________
(білім беру ұйымының атауы)

Қысқа мерзімді (сабақ) жоспары



Бөлім:

2.4 Жинақ және жинақтау

Педагогтің Т.А.Ә. (болған жағдайда)




Күні:




Сынып:

Қатысушылар саны:

Қатыспағандар саны:

Сабақтың тақырыбы

2.4.4 Отбасының қаржылық байлығы

Сабақтың мақсаты

Отбасының қаржылық байлығы деген сөз тіркесінің мағынасын түсінеді.

Қаржылық байлыққа қалай қол жеткізуге болатынын біледі.

Қаржылық байлыққа қол жеткізу жолдары туралы ойлана алады.

Алған білімдерін өмірлік жағдайларда қолданады.

Құндылықтарды дарыту

Жалпыға бірдей еңбек қоғамы:

Еңбек өнімділігін арттыру, қоғам, мемлекет еңбек арқылы дамитынын түсіндіреді.
1   ...   10   11   12   13   14   15   16   17   18


    

Сабақтың барысы

Сабақтыңкезеңі/ уақыт

Педагогтің әрекеті

Оқушының әрекеті

Бағалау

Ресурстар

Сабақтың басы

Ынтымақтастық атмосферасын және өздеріне деген сенімділік қалыптастыру мақсатында бір – біріне сәттілік тілейді. 2. «Таңдау» әдісімен «Жоспарлау», «Кірістер» «Шығыстар», «Қажеттіліктер» сөздерінің бірін таңдап топтарға бөлінеді.

Оқушыларды сабақтың тақырыбы және мақсатымен таныстыру

Оқушы өз ойларын ортаға салады.

Оқушы жауаптары арқылы жаңа тақырыпқа көшу

ҚБ «Мадақтау сэндвичі»


Тақырыптық суреттер

сілтемеде

суреттер

Сабақтың ортасы

Отбасының қаржылық жоспары неден тұрады?

Шын мәнінде жоспарлау – ұзақ мерзімді перспективада ақша ағынын жорамалау. Мұндай жорамалдау жоспарлауға, қашан және қандай соманы жинауға, қаражатты қалай жұмсауға болатындығын анықтауға мүмкіндік береді.

Адамдар арасында қаржылық жоспардың мақсаты шығын көлемін азайтуда деген пікір қалыптасқан. Бұл әрқашан шындыққа жата бермейді. Практикада жоспарлау күтпеген шығындардан арылуға, келесі шығындарды (мүлік салығы, көлікті сақтандыру және т.с.с.) уақытылы төлеуге мүмкіндік береді.

Қаржылық жоспар қай кезде пайдалы?

Әрқашан Мысалы, сіз ескі көлігіңізді сатып, жаңа көлік сатып алуды жоспарладыңыз делік. Көлік құралын алдағы 6 ай ішінде ауыстырамын деп шешім қабылдадыңыз. Ол үшін сізге қосымша сома қажет. Бұл жерде жетіспейтін қаражатты қайдан алуға болады деген сұрақ туындайды. Қарыз алу, жинау немесе кредит алу? Алты ай ішінде қаражат жинау мүмкін бе әлде қосымша уақыт талап етіледі ме?

Егер сізде қаржылық жоспар болса, сіз әрқашан табысты/шығынды қалай басқаруға, белгіленген уақытта қалай қалай ақша жинауға болатындығын, кредит бойынша тұрақты төлемдер сізге қалай әсер ететіндігін білесіз.

Қаржылық қиындықтары жоқ тұлғалар үшін де жоспарлау маңызды. Оның артықшылығы – ұзақ мерзімді стратегиялық мақсатты (мысалы, білім алу, қартайған шақта қаражатты жинау немесе бюджетті арттыру) ұстану.

Жоспарлау кезінде нені есепке алу қажет?

Жоспарды әзірлеген кезде отбасы мүшелерінің мүдделерін ескеріңіз. Балалар есейген сайын тұрақты негізде киім-кешекті, аяқ-киімді және т.с.с. сатып алу талап етіледі. Ал ата-аналар демалысты қалайды. Ортақ жалпы мақсаттарды білу және оларға қол жеткізуге мүдделі болу отбасының барлық мүшелеріне қатысты. Бұл қаржымен байланысты отбасы ішіндегі конфронтацияны азайтуға мүмкіндік береді.

Тағы бір маңызды жайтқа инфляция жатады, себебі жоспарға тауарларға/қызметтерге бағаның жалпы өсуі әсер етеді. Егер жылдың басында белгілі бір табысқа (мысалы, жалақыңызға) сіз тауарлардың бір көлемін сатып алуға мүмкіндігіңіз болса, жылдың соңында бұл көлем инфляцияның арту есебінен төмендейді. Инфляция ескерілген жоспарға өзгерістерді енгізуді жоспарлаған кезде нақты ситуация ескерілетін болады.

Қаржылық жоспарлауды неден бастауға болатындығы туралы ақпаратты келесі материалдан оқыңыз.

«Попс формуласы»:

1-қадам: «Менің ойымша...»

2-қадам: «Себебі мен оны былай түсіндіремін...»

3-қадам: «Оны мен мынадай фактілермен, мысалдармен дәлелдей аламын...»

4-қадам: «Осыған байланысты мен мынадай қорытындыға келдім...»

ЕБҚ оқушылар маңызды тірек сөздерді жазып алады;

Оқушы ақпараттық мәтінмен жұмыс жасайды

Оқушы өз жұмыстарының қорытындыларын сынып алдында қорғайды. Оқушы бір-біріне қосымша сұрақтар, қойып, бір-бірін толықтырады.

Дескриптор:

өзгерістерін жіктейді

ҚБ Мұғалім оқушылар жауабын мұқият тыңдап кері байланыс беріп отырады

ҚБ «Мадақтау сэндвичі»

ҚБ Мұғалім оқушылар жауабын мұқият тыңдап кері байланыс беріп отырады

ҚБ «Өзін-өзі бағалау»



Ақпараттық мәтін

Үлестірмелі қағаздар

Суреттер


Тірек-сызбалар
Кесте

ҚБ парағы


Сабақ

тың соңы


Сабақты қорытындылау

- Отбасының табыстары ата-ананың еңбекақысынан құралатынын айтады.

- Ақша түрлі қажеттіліктерді өтеу үшін керектігін әңгімелейді.

- Отбасылық қаржының жұмсалу жолдарын айтады.

- Табыс пен шығыс дегенді ажыратып айтады.

- Өз отбасының ақшаны қандай қажеттіліктерге жұмсайтынын әңгімелейді

Кері байланыс

«Аяқталмаған  сөйлемдер» әдісі:

Мен бүгін білдім....

Мен бүгін сезіндім..

Мен келесі сабақта білгім келеді...........

Үйге тапсырма

Өз отбасыңның қаржылық байлығы жайлы айтамыз

Тақырып бойынша не білетінін, не білгісі келетінін, не білгенін жазады


Оқушылар бағалай критерийлерімен өз деңгейлерін бағалайды


А4, конспект