Файл: ыса мерзімді (саба) жоспары Блім.docx

ВУЗ: Не указан

Категория: Не указан

Дисциплина: Не указана

Добавлен: 27.03.2024

Просмотров: 64

Скачиваний: 0

ВНИМАНИЕ! Если данный файл нарушает Ваши авторские права, то обязательно сообщите нам.

     


___________________________________________
(білім беру ұйымының атауы)

Қысқа мерзімді (сабақ) жоспары



Бөлім:

1.1 Кәсіпкерлік негіздері

Педагогтің Т.А.Ә. (болған жағдайда)




Күні:




Сынып:

Қатысушылар саны:

Қатыспағандар саны:

Сабақтың тақырыбы

1.1.4 Табысты кәсіпкердің дағдылары

Сабақтың мақсаты

Табысты кәсіпкерлік қызмет үшін қандай дағдылар қажет екенін түсінеді.

Табысты кәсіпкердің дағдыларын қалай қалыптастыру керектігін біледі.

Табысты кәсіпкердің дағдыларын талдай алады.

Алған білімдерін сабақ тапсырмаларының

сұрақтарына жауап беру барысында қолданады

Құндылықтарды дарыту

Оқушыларымыздың оқуға деген құштарлығын оятып, тәрбиемен ұштастырып білім беру керек. Себебі, білім беру мен тәрбие бірге жүріп отырады. Оқушыларды бір-біріне деген құрмет көрсетуіне, адамгершілікке, сыпайылыққа тәрбиелеу.

    

Сабақтың барысы

Сабақтыңкезеңі/ уақыт

Педагогтің әрекеті

Оқушының әрекеті

Бағалау

Ресурстар

Сабақтың басы

Оқушыларды сабақтың тақырыбы және мақсатымен таныстыру

1.     Оқушылармен амандасу. Мұғалім сыныпта жағымды ахуал орнату үшін «Досыңа тілек» тренингін ұйымдастырады. Оқушылар бір-біріне бұрылып, алдында тұрңан оқушыңа сәттілік тілейді.

2.     Оқулық және дидактикалық материалдар мен танысу: олардың мазмұны, мақсаты, ерекшеліктері

3.     Сыныпты топқа бөлу. Сынып үш топқа бөлінеді. Әр топ өздерінің басшысын және топтың  атауын таңдайды. Мысалы, 

1-топ: «Бизнес»;

2-топ: «Экономика»;

3-топ: «Кәсіпорын».

4.     Тақырыпқа деген қызығушылықты ояту, проблемалық жағдай туғызу. Мұғалімнің сөзі: Балалар сіздер 10-11 сыныптарда «Кәсіпкерлік және бизнес негіздері» пәнін оқисыздар. Сендер «кәсіпкерлік», «бизнес», «экономика», «менеджмент», және маркетинг негіздерін меңгеретін боласыздар. Қазіргі нарық жағдайында қажет практикалық дағдыларды қалыптастыра аласыздар.

Оқушы өз ойларын ортаға салады.
Оқушы жауаптары арқылы жаңа тақырыпқа көшу
Оқушы өз болжамдарын айтып, талқылау жүргізеді

ҚБ «Мадақтау сэндвичі»


Тақырыптық суреттер

сілтемеде

суреттер

Сабақтың ортасы

.     Сұраққтарға жауап берейік дағдысы. Оқулықтан төмендегі сұрақтардың  жауаптарын табыңыздар, негізгі идеяларды талқылаңыздар және дәптерлеріңе жазыңыздар (жеке жұмыс)

2.     Кәсіпкерлік дегеніміз не?

3.     Кәсіпкер ең кемі қандай дағдылар жиынтығына ие болуы керек?

4.     Кәсіпкердің мақсаты қандай?

5.     Жеке кәсіпкер өандай тәуекелдерге барады?

Оқушылар сұрақтарға жауап береді, мұғаліммен бірге талқылайды, дәптеріне негізге идеяларды жазады. ЕБҚ: оқушыға жеке жұмыс кезінде қасындағы сыныптастары және мұғалім диалог арқылы қолдау жасайды

Карточкалармен жұмыс. Кәсіпкер болудағы өздеріңіздің мүмкіндіктеріңізді бағалау үшін кестеден (карточкалардан) өзіңіз игеріп кете алатын кәсіпкерліктің кемшіліктерімен артықшылыұтарын белгілеңіздер.

Кәсіпкерліктің артықшылықтары

·       Жеке бизнес нені және қашан жасайтыныңызды өзіңіз шешуіне, бақылауға мүмкіндік береді

·       Сіз отбасылық өміріңізге, қызығушылықтарыңмен ұйқы қажеттілігіне уақыт бөле алатын икемді жұмыс кестесімен өмір сүретін болсыз.

·       Егер бизнесіңіз мүмкіндік берсе, қала сыртына, теңізге кетіп қалып, паркте немесе пойызда жұмыс жасай аласыз.

·       Кәсіпкердің өмірі қызықты. Көптеген кәсіпкердің айтуынша, олар тіпті өз қызметтерін жұмыс деп есептемейді, бұл көбірек қызыққа толы оқиға секілді.

·       Кәсіп иесі ретінде сіз өзіңіз шешім қабылдайсыз және белгілі бір идеяны жүзеге асыру немесе сынықтан өткізу үшін біреудің рұқсатын күтпейсіз.

·       Кәсіпкер ретінде сіз жасампаз және жаңашыл адам бола аласыз.

Кәсіпкерліктің кемшіліктері

·       Жауапкершілік көп болған сайын күйзеліс көп. Табыстылық пен жеңіліс  тек өзіңізге байланысты.

·       Кәсіпкердің өмірі тұрақсыз болуы мүмкін. Тапсырыстар көлемі мен оларға кететін уақыт, соған сәйкес жұмыс күнінің ұзақтығы мен табыс қубылып тұрады.

·       Күніне 24 сағат кәсіпкер болу керек, яғни жұмыс пен бос уақыт арасындағы шекара жойылып кетеді.

·       Алғашқы уақыттарда табыс көлемі жалдамалы жұмыспен салыстырғанда төмен болуы мүмкін.

·       Кәсіпке өзі салық, ақылы демалыс жалақыларын төлеп, басқа да пайда болатын көптеген шығындарды есептеуі керек.


 «Ойланайық, талқылайық»  дағдысы. 1. Топтық жұмыс. Топтарға бөлініп сұрақтарға жауап беріңіздер

Бизнес тобы:

1) Неліктен кәсіпкердің басқа жұмыс жасауына мүмкіндігі жоқ?

2) Неліктен кәсіпкерлерді өзін-өзі жұмыспен қамтығандар деп айтады?

Экономика тобы:

1) Кәсіпкердің бизнесменнен маңызды ерекшелігі неде?

Кәсіпорын тобы:

1) Неліктен кәсіпкерлік жұмыстарды орындаудың дұрыс жолы болып табылады?

2. Кітапта берілген танымал бизнес-тренер Роберт Киийосакидің пікіріне қосымша ретінде болашақ кәсіпкерге тағы қандай әрекеттер керек екендігін талқылаңдар

Оқушы ақпараттық мәтінмен жұмыс жасайды


Оқушы өз жұмыстарының қорытындыларын сынып алдында қорғайды.

Оқушы бір-біріне қосымша сұрақтар, қойып, бір-бірін толықтырады.

өзгерістерін жіктейді

ҚБ Мұғалім оқушылар жауабын мұқият тыңдап кері байланыс беріп отырады

ҚБ «Мадақтау сэндвичі»

ҚБ Мұғалім оқушылар жауабын мұқият тыңдап кері байланыс беріп отырады

ҚБ «Өзін-өзі бағалау»



Ақпараттық мәтін

Үлестірмелі қағаздар

Суреттер
https://www.google.kz/imgres?imgurl=https%3A%2F%2Fmybusiness.kz%

Тірек-сызбалар


Сабақ

тың соңы


Сабақты қорытындылау

Жеке бизнес нені және қашан жасайтыныңызды өзіңіз шешуіне, бақылауға мүмкіндік береді

·       Сіз отбасылық өміріңізге, қызығушылықтарыңмен ұйқы қажеттілігіне уақыт бөле алатын икемді жұмыс кестесімен өмір сүретін болсыз.

·       Егер бизнесіңіз мүмкіндік берсе, қала сыртына, теңізге кетіп қалып, паркте немесе пойызда жұмыс жасай аласыз.

·       Кәсіпкердің өмірі қызықты. Көптеген кәсіпкердің айтуынша, олар тіпті өз қызметтерін жұмыс деп есептемейді, бұл көбірек қызыққа толы оқиға секілді.

Кері байланыс

a.      Өз мінезіңіздің бес күшті және бес әлсіз тұсын атаңыз (сіздің кәсіпкер болуыңызқа көмектесетін және кедергі келтіретін қасиеттер)

b.     Әлсіз тұстарыңызды талдап, күшті тұстарыңызды пайдаланып, олардың орнын қалай толтыруға болатынын жазыңыздар.

Үйге тапсырма

Табысты кәсіпкердің дағдылары

Тақырып бойынша не білетінін, не білгісі келетінін, не білгенін жазады


Оқушылар бағалай критерийлерімен өз деңгейлерін бағалайды


А4, конспект



     


___________________________________________
(білім беру ұйымының атауы)

Қысқа мерзімді (сабақ) жоспары



Бөлім:

1.1 Кәсіпкерлік негіздері

Педагогтің Т.А.Ә. (болған жағдайда)




Күні:




Сынып:

Қатысушылар саны:

Қатыспағандар саны:

Сабақтың тақырыбы

1.1.5 Бизнестегі заманауи технологиялар


Сабақтың мақсаты

Табысты бизнес жүргізу үшін заманауи технологиялардың маңыздылығын түсінеді.

Заманауи бизнес-технологиялардыңмүмкіндіктерін біледі. Олар бизнестегі заманауи технологиялар туралы ақпаратты іздей алады.

Өз бизнес-идеяларын жүзеге асыру үшін заманауи технологиялар туралы білім негіздерін қолданады

Құндылықтарды дарыту

Өзіне және айналадағыларға құрметпен қарау, пәнге деген қызығушылығын арттыру.

    

Сабақтың барысы

Сабақтыңкезеңі/ уақыт

Педагогтің әрекеті

Оқушының әрекеті

Бағалау

Ресурстар

Сабақтың басы

Оқушыларды сабақтың тақырыбы және мақсатымен таныстыру

1-меңгеру деңгейі. Барлық оқушы кәсіпкерлікті өзін-өзі таныту мен жеке ынталандырудың формасы ретінде түсінеді (өнімсіз деңгей)

2-меңгеру деңгейі. Олардың ішінен көбісі:

Идея қалыптастырудың маңызын кәсіпкерліктің құзіреттілігі ретінде бағалай алады. Оқушылар алған білімін тереңдетеді.(конструктивті деңгей)

Оқушы өз ойларын ортаға салады.

Оқушы жауаптары арқылы жаңа тақырыпқа көшу

ҚБ «Мадақтау сэндвичі»


Тақырыптық суреттер

сілтемеде

суреттер

Сабақтың ортасы

Бизнеске арналған технология

Компьютерлік және электронды инновациялық технологиялар экономиканың әрбір секторында барған сайын берік орнығып, кәсіпкерлер үшін бизнесті жүргізуге тиімді әсер етуде, ал пайдаланушылар сапалы тауарлар мен қызметтерді жылдам алу мүмкіндігін ашуда.
Бір жағынан, бизнеске арналған жаңа технологиялар күшті және икемді бола түсуде, ал екінші жағынан, олар бизнес экономикасының әртүрлі салаларына көбірек таралуда.

Табысты болу үшін дамушы елдер өндірістік процестер икемділік пен орталықсыздандыру принциптеріне бағынатын жаһандық экономикада бәсекеге қабілетті болуы керек. Дәл осы жерде компьютерлік технология іс жүргізуге тиімді өзгерістер енгізе отырып, даму қарқынын ынталандырып, жеделдете бастайды.

Ақпаратқа еркін қол жеткізуді, оны өңдеу мен сақтауды қамтамасыз ететін озық технологияларды пайдалана отырып, бизнесмендер үлкенірек және тиімдірек жұмыс өнімділігін, сондай-ақ индустриялық елдердің бәсекелестігіне қарсы тұруды белгілейді. Бизнеске арналған жаңа компьютерлік технологиялар

Тіпті шағын бизнес үшін жобаны жүзеге асыру үшін көбірек орын бар. Олар компьютерлік технологияны мыналар үшін пайдалана алады:
ірі корпорациялармен жаңа серіктестік орнату;
акцияларды ұйымдастыру және тарату;
электрондық коммерциямен айналысу және т.б.

Веб-сайттарды бөлшек саудамен айналысатын кәсіпкерлер ғана емес, сонымен қатар өз тауарлары мен қызметтерін заманауи үлгіде ілгерілету, сондай-ақ сату географиясын арттыру мақсатында өнімдерін интернет кеңістігіне көшіргісі келетін көреген бизнесмендер жасайды. .

Барған сайын көбірек пайдаланушылар Интернетте қажетті өнімдерді іздеуді жөн көреді. Сондықтан, бизнеске электрониканы енгізу мүмкіндіктерін елемей, сіз өзіңіздің бизнесіңіздің нарықта лайықты орнын алуына кедергі жасай аласыз.
Жоғары технологиялық ортаның дамуы, бәсекелестердің қысымының күшеюі, бизнеске арналған жетілдірілген жаңа технологиялар компанияларды ақпараттық жүйелер мен технологияларды пайдалануға өз көзқарастарын қайта қарауға итермелейді.

Тәжірибеде қазіргі заманғы инновациялар дүние жүзіндегі кәсіпорындарда бөлімдерді қайта құруға және басқару жұмыстарына пайдалы әсер ететіні белгілі болды.

«Сұрақтарға жауап берейік»  дағдысы

«Сұрақтарға жылдам жауап беру» әдісін пайдаланып, сұақтардың толық жауаптарын дайындаңыздар (жұптық жұмыс)

1.     Кәсіпкерлер дегеніміз кім?

2.     Кәсіпкерлік идея қандай факторларға негізделуі керек?

3.     Сұраныс дегеніміз не?

4.     Технология дегеніміз не?

ЕББ оқушыға суреттер/иллюстрациялар ұсынылады;

Оқушы ақпараттық мәтінмен жұмыс жасайды


Оқушы өз жұмыстарының қорытындыларын сынып алдында қорғайды.

Оқушы бір-біріне қосымша сұрақтар, қойып, бір-бірін толықтырады.

өзгерістерін жіктейді

ҚБ Мұғалім оқушылар жауабын мұқият тыңдап кері байланыс беріп отырады

ҚБ «Мадақтау сэндвичі»


ҚБ Мұғалім оқушылар жауабын мұқият тыңдап кері байланыс беріп отырады

ҚБ «Өзін-өзі бағалау»



Ақпараттық мәтін

Үлестірмелі қағаздар

Суреттер

https://www.google.kz/imgres?imgurl=https%3A%2F%2


Тірек-сызбалар

Кесте



Сабақ

тың соңы


Сабақты қорытындылау

Табысты болу үшін дамушы елдер өндірістік процестер икемділік пен орталықсыздандыру принциптеріне бағынатын жаһандық экономикада бәсекеге қабілетті болуы керек.

Кері байланыс

1. Кәсіпкердің жалдамалы жұмысшыдан айырмашылығы неде?

2.Кеңес берушілер жас кәсіпкерлерге қабылдаған ақпараттың дұрыстығын анықтаудың қандай әдісін ұсынады?

Үйге тапсырма

Бизнестегі заманауи технологиялар

Тақырып бойынша не білетінін, не білгісі келетінін, не білгенін жазады


Оқушылар бағалай критерийлерімен өз деңгейлерін бағалайды


А4, конспект



     


___________________________________________
(білім беру ұйымының атауы)

Қысқа мерзімді (сабақ) жоспары



Бөлім:

1.2 Қазіргіжағдайдағы кәсіпкерлік

Педагогтің Т.А.Ә. (болған жағдайда)




Күні:




Сынып:

Қатысушылар саны:

Қатыспағандар саны:

Сабақтың тақырыбы

1.2.1 Бизнес неден басталады?

Сабақтың мақсаты

Бизнес-жобаны құру алгоритмін түсінеді.

Негізгі бизнес-процестер туралы біледі.

Болашақ бизнес-процестерді модельдеуді біледі.

Жеке бизнес-идеяларды іске асыру үшін бизнес процестер туралы білімді қолданады.

Құндылықтарды дарыту

Өмір бойы білім алу: өзіне қажетті білім алу кезінде білімнің қажеттілігін түсінуге тәрбиелеу


    

Сабақтың барысы

Сабақтыңкезеңі/ уақыт

Педагогтің әрекеті

Оқушының әрекеті

Бағалау

Ресурстар

Сабақтың басы

Оқушыларды сабақтың тақырыбы және мақсатымен таныстыру

Бизнес неден басталады?

Бастапқы капитал - өз ісін ашу, кәсіпорын құру үшін қажетті алғашқы капитал. Бизнес құру үшін ниет пен күш салу әлдеқайда маңызды. Алдымен сіз немен айналысатыныңызды анықтап алу керек.

Ақша – бұл жалпыға бірдей эквивалент (тепе-тең баламасы) ретінде пайдаланылатын, ол арқылы барлық басқа тауарлардың құны көрсетілетін әмбебап өнімнің ерекше түрі. Ақша айырбастау құны, төлем құралы, құнды өлшеу, байлық жинақтау мен әлемдік ақша қызметін орындайтын ерекше өнім болып табылады.

Оқушы өз ойларын ортаға салады.

Оқушы жауаптары арқылы жаңа тақырыпқа көшу

Оқушы өз болжамдарын айтып, талқылау жүргізеді

ҚБ «Мадақтау сэндвичі»


Тақырыптық суреттер

сілтемеде

суреттер

Сабақтың ортасы

Сонымен, кәсіпкерлік экономикалық құбылыс ретінде нарықтың қолданыстағы экономикалық заңдары негізінде кәсіпкердің басқа шаруашылық жүргізуші субъектілерімен қарым-қатынасының тауарлық сипатын көрсетеді, ол:

- сұраныс пен ұсыныс;

- бәсекелестік;

- баға стратегиясы;

- тауар өндірісі мен алмасудың барлық құрамдас бөліктері.

Келесі ең күрделі міндет клиенттерді іздеу және сіз үшін қолайлы баға бойынша өз тауарыңызды сату болады.

Егер сізде белгілі бір бизнеске құлшыныс (мотивация) және дайын идея болса, сіз ол бизнесті бастау үшін қандай кірістер, шығыстар, пайда болатынын есептеп және сауатты бизнес-жоспар құруыңыз қажет. Егер сіз бизнесіңіздің табысты екеніне көз жеткізсеңіз, онда сіз кәсіпкерліктің ұйымдық-құқықтық нысанын таңдап және өз компанияңызды құру туралы шешім қабылдай аласыз. Алдымен сіз өнімдеріңізге деген сұраныс бар ма, жоқ па екеніне сенімді болу үшін өз өнімдеріңізді таныстарыңызға, достарыңызға немесе туыстарыңызға сатып тексере аласыз.
Сонымен, бизнесті құрудың барлық процесін бірқатар дәйекті іс-қимылдарға бөлуге болады:

- өз күштері мен бастапқы мүмкіндіктерін бағалау;

- бизнес-идеялар генерациясы;

- бизнес моделінің гипотезасы мен сынағын құру;

- бизнес-жоспар құру;

- бизнесті құру туралы шешім;

- бастапқы капиталды іздеу;

- кәсіпорын нысанын таңдау;

- компания құру (бизнесті мемлекеттік тіркеу).

Бизнесті құру тәсілдері

Бірінші әдіс. «Нөлден бастаңыз»

Әдетте, кәсіпкерлердің негізгі бөлігі нөлден бастайды, бұл қызықты, бірақ өте қиын жол — бәрін өзі жасауға тура келеді. Бұл бизнесті ұйымдастырудың ең қауіпсіз тәсілдерінің бірі. Сәтсіз болған жағдайда сіз бизнесті ұйымдастыруға жұмсалған күш пен уақыттан басқа ештеңе жоғалтпайсыз. Бірақ, сәтсіздіктің пайызы жоғары болатыны рас: жаңадан құрылған кәсіпорындардың 80% - ы үш жылдан артық өмір сүре алмайды.
Екінші әдіс. «Бастапқы капиталды тартыңыз»

Бастапқы капиталды тарту тәсілдері әртүрлі болуы мүмкін, бірақ олардың барлығына ортақ бір қағида бар – егер сіз бизнесті салымдармен бастауды шешсеңіз, онда бұл салымдарды жоғалтуға дайын болуыңыз керек.
Үшінші әдіс. «Жұмыс істеп тұрған фирманы сатып алыңыз»

Әрекеттегі бизнесті сату бүгін бөлек индустрияға айналды. Табысты кәсіпорындар құруда тәжірибесі бар адамдар бизнесті құрады, сосын оны айналдырады, онда белгілі бір табыстарға қол жеткізгеннен соң оны сата бастайды.
Төртінші әдіс. «Франшизаны сатып алыңыз»
Франшиза – танымал сауда маркасымен бизнесті жүргізудің дайын тәсілін сатып алу. Басқаша айтқанда, бұл қол қойылған франчайзингтік шартқа сәйкес франчайзиге (кәсіпкерге) франчайзермен (корпорациямен) ұсынатын өндірістік элементтер, жарнамалық технологиялар, корпоративтік әдістемелері бар

ТАПСЫРМА

Ойланыңыз және сұрақ тарға жауап беріңіз . Қазақстан аумағында қандай ежелгі монеталар табылды? ХХ ғасырға дейін Қазақстан аумағында ежелгі монеталар қандай қызмет терді атқарды? Ата-аналарыңыздан 1993 жылы шығарылған Қазақстан Республикасының алғашқы банкноталарында 1 теңге, 5 теңге, 10 теңге, 20 теңге, 50 теңге, 100 теңге номиналдарында кім бейнеленген деп сұраңыздар
бизнес-жүйе.

ЕБҚ оқушылар негізгі термин сөздерді мәтіннен анықтайды;

Оқушы ақпараттық мәтінмен жұмыс жасайды

Оқушы өз жұмыстарының қорытындыларын сынып алдында қорғайды.

Оқушы бір-біріне қосымша сұрақтар, қойып, бір-бірін толықтырады.


ҚБ Мұғалім оқушылар жауабын мұқият тыңдап кері байланыс беріп отырады

ҚБ «Мадақтау сэндвичі»

ҚБ

Мұғалім оқушылар жауабын мұқият тыңдап кері байланыс беріп отырады


ҚБ «Өзін-өзі бағалау»



Ақпараттық мәтін


Үлестірмелі қағаздар


Суреттер

https://www.google.kz/imgres?imgurl=https%3A%2F%2Fi.ytimg.com%2Fvi%2


Тірек-сызбалар


Сабақ

тың соңы


Сабақты қорытындылау

Бизнесті ашу тәсілдері

1) Нөлден бастау

2) Бастапқы капиталды тарту

3) Жұмыс істеп тұрған фирманы сатып алу

4) Франшизаны сатып алу

Кері байланыс

Бизнесті ұйымдастыру тәсілдерін салыстырыңыз. Олардың әрқайсысы үшін артықшылықтары мен кемшіліктерін жазыңыз.

Үйге тапсырма

Бизнес неден басталады?

Тақырып бойынша не білетінін, не білгісі келетінін, не білгенін жазады


Оқушылар бағалай критерийлерімен өз деңгейлерін бағалайды


А4, конспект

1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   18


     


___________________________________________
(білім беру ұйымының атауы)

Қысқа мерзімді (сабақ) жоспары



Бөлім:

1.2 Қазіргіжағдайдағы кәсіпкерлік

Педагогтің Т.А.Ә. (болған жағдайда)




Күні:




Сынып:

Қатысушылар саны:

Қатыспағандар саны:

Сабақтың тақырыбы

1.2.2 Стартап-мәдениет

Сабақтың мақсаты

«Стартап-мәдениет» құбылысының мәнін түсінеді.

Стартап-мәдениеттің пайда болу тарихын біледі.

Өз стартап-идеяларын іске асыруда ақылға қонымды тәуекел қағидатын іске асыра алады.

Стартап-жобаларды талқылауда тиісті терминологияны қолданады.

Құндылықтарды дарыту

Қолайлы жағдай туғызу. Оқушылардың өздігінен:

Стартап түсінігін суреттейді.

    

Сабақтың барысы

Сабақтыңкезеңі/ уақыт

Педагогтің әрекеті

Оқушының әрекеті

Бағалау

Ресурстар

Сабақтың басы

Оқушыларды сабақтың тақырыбы және мақсатымен таныстыру

Сәлемдесу

Мұғаліп сыныпта жағымды ахуал орнату үшін «Қиял әлемі!» тренингін ұйымдастырады.

Сыныпты топтарға бөлу.

Тақырыпқа деген қызығушылықты ояту, проблемалық жағдаят тудыру.

Қолайлы психологиялық ахуалдықұру үшін оқушыларды «Досыңды сезін» ойынына шақырады.

Мұғалім әр оыншыға кезек-кезек оның ішкі сезімін білдіретін іс-қимылдар жасауын сұрайды. Мұғалім оқушылардың жауаптарын тыңдайды, оларды толықтырады. Жеке оқушылардың жауаптарына ауызша түрде пікірін айтады немесе түзетеді. Мұғалім оқушылармен бірге сабақтың тақырыбын нақтылайды.

Оқушы өз ойларын ортаға салады.

Оқушы жауаптары арқылы жаңа тақырыпқа көшу

Оқушы өз болжамдарын айтып, талқылау жүргізеді

ҚБ «Мадақтау сэндвичі»


Тақырыптық суреттер

сілтемеде

суреттер

Сабақтың ортасы

Топтықтапсырма беру:

1. «Сұрақтарға жауап берейік» тапсырмасы.

1) «Сұрақтарға жылдам жауап беру» әдісін қолдану. Сұрақтар тізімі тақтада көрсетіледі.

Оқушылар ұсынылғын сұрақтарға толық жауап дайындайды (жұптық жұмыс):

1. Стартап дегеніміз не?

2. Қазіргі Қазақстандағы стартап мәениеті қандай?

3. Батыста стартаптың тиімділігі қалай анықталады?

4. Стартаптардың рейтингтерінде қандай көрсеткіштер жарияланады?

5. Стартаптардың рейтингтік көрсеткіштерін кім бағалайды?

6. Классикалық стартапқа қандай мысалдар келтіре аласыздар?

7. Стартап авторларының негізгі міндеті қандай болу керек?

8. Ағымдағы бизнес деген не?

2) Кестені толтырыңыздар.




Сұрақтар

Сіздердің жааптарыңыз

1

Сіз сатылымдағы нені шығарғыңыз келеді?




2

Сіздің сатып алушыңыз кім?




3

Сіз өніміңізді қайда сатасыз?




4

Сіз өз өніміңізді қалай сатасыз?




5

Сіздің бизнесіңізден қоғамға қандай пайда болады?




ЕБҚ: оқушыға тапсырманың нақты бір бөлігін ерекшелеп көрсетіп беріледі.

Оқушы ақпараттық мәтінмен жұмыс жасайды

Оқушы өз жұмыстарының қорытындыларын сынып алдында қорғайды.

Оқушы бір-біріне қосымша сұрақтар, қойып, бір-бірін толықтырады.

өзгерістерін жіктейді

ҚБ Мұғалім оқушылар жауабын мұқият тыңдап кері байланыс беріп отырады
ҚБ «Мадақтау сэндвичі»

ҚБ Мұғалім оқушылар жауабын мұқият тыңдап кері байланыс беріп отырады
ҚБ «Өзін-өзі бағалау»


Ақпараттық мәтін

Үлестірмелі қағаздар

Суреттер

https://www.google.kz/imgres?imgurl=https%3A%2F%2Fi.y
Тірек-сызбалар


Сабақ

тың соңы


Сабақты қорытындылау

Стартап деген не? Стартап бұл бизнесті дамытудың жаңа әдісі, жолы, тәсілі. Мысалы Убер стартапын (Яндекс Такси) алайық. Убер компаниясы ашылмағанға дейін адамдар таксиді таксопарктерден шақырған не жолда қолын көтеріп тоқтатқан.

Қазір бұндайды көру қиын, барлығы ірі қалаларда такисді онлайн қосымша арқылы шақырады. Сіз телефоныңызға арнайы мобильді қосымшаны жүктейсіз де таксиді шақырасыз. Бағасын да алдын ала біле аласыз. Бұны қосымшадан көре аласыз. Кейін Уберден өзге бұндай стартаптар пайда болған, мысалы Қазақстанда Яндекс Такси зор сұранысқа ие.

Кері байланыс

  1. Рефлексивті ринг.

Сөйлемдерді аяқтаңыздар:

Бүгін мен ... білдім. Мен ... үйрендім. Мені ... таңғалдырды. Менде .. жақсы шықты. Маған ... қиын болды. Мен ... жасай алар едім. Енді мен ... түсіндім. Мен ... жасап көремін. Енді мен ... жасай аламын. Менің ... жасағым келеді. Маған ... қызық

Үйге тапсырма

Стартап-мәдениет

Тақырып бойынша не білетінін, не білгісі келетінін, не білгенін жазады


Оқушылар бағалай критерийлерімен өз деңгейлерін бағалайды


А4, конспект