|
Оқыту элементі
Атауы: Майлау, Ауа беру жүйесінің құрылысы
Мамандығы: 1108000«Темір жол жылжымалы құрамын пайдалану,жөндеу және техникалық қызмет көрсету»
|
Беті
2
|
Мақсаты: Бұл оқыту элементін оқып,үйрену арқылы сіздер істей аласыздар: - 2ТЭ10М тепловозының майлау жүйесінің құрылысы мен жұмысы
- Негізгі май сорғысы құрылысы мен жұмысы
- Майайдау сорғысының торабы құрылысы Жабдықтар,материалдар және қосымша құралдар
Атауы
| Саны
| - столдар
- орындықтар
- интерактивті тақта
- Макет : іштен жану қозғалтқышының жұмыс принципі
| 13 дана
25 дана
1дана
1дана
|
Қажетті оқыту элементтері мен оқу құралдары: - Оқыту материалдары:
- дәрістер;
- зертханалық жұмыстар;
- тесттер;
- Әдебиеттер:
1. «Механическое оборудование тепловозов»
А.А. Пойда .М.Транспорт, 1996
2. «Конструкция тягового подвижного состава»
Ю.Н.Ветров . М. 2000
|
|
Оқыту элементі
Атауы: Майлау, Ауа беру жүйесінің құрылысы
Мамандығы: 1108000«Темір жол жылжымалы құрамын пайдалану,жөндеу және техникалық қызмет көрсету»
|
Беті
3
|
2ТЭ10М тепловозының майлау жүйесінің құрылысымен жұмысы
Майлау жүйесі майлау майының қажетті қысымын жасау, майды үйкелістегі бөліктерге жеткізу, олардың жылуын шығару, үйкеліс беттіктерге түсетін тозығу әсеріне пайда болатын түйіршіктер мен күйелердің қалдықтарынан тазарту үшін қажет.
Майлау жүйесі ішкі және сыртқы жүйеден тұрады. Дизелдің ішкі майлау жүйесі детальдардың барлық механизмдеріне майдың баруын қамтитын каналдар мен трубалардың жиынтығы. Сыртқы жүйе дизель табандығынан алынып , майлау жинақтағышына майды салқындатып беру, тазарту және айналымды қамтамасыз етеді.
Сыртқы майлау жүйесіне сорғылар, майсалқындатқыштар, сүзгілер, бақылау және қорғау приборлары жатады. Салқындатылған және тазартылған май сыртқы жүйені өтіп, дизелдің майлау жинақтағышына келіп, 2 канал арқылы иінді біліктің негізгі және шатун мойынтіректеріне жіберіледі. Иінді біліктің шатундық мойынтығынан шатундағы 8 каналы арқылы піспектерді салқындату мен цилиндр-піспек тобының үйкелу деталдарын майлайды.
Үйлестіргіш біліктің мойынтіректерін майлау үшін май жинақтағыштан 7 трубкаға жіберіледі. Итергіш рычагтарына май 9 трубка арқылы, әрі қарай итергіш рычагы мен штангасындағы 15 және 14 каналдар арқылы газүлестіруші механизм рычагтарын майлайды. Майлау жинақтағышынан май үлестіуші білік жетегі тістегершігіне ( 13 труба бойынша) және турбокомпрессор мойынтіректеріне (10,14 трубалар бойынша) барады. Дизелдің деталдары мен жинақтау бірліктерін майлап болғаннан кейін, май дизель табандығына 17 қайтарылады.
|
|
|
|
|
Оқыту элементі
Атауы: Майлау, Ауа беру жүйесінің құрылысы
Мамандығы: 1108000«Темір жол жылжымалы құрамын пайдалану,жөндеу және техникалық қызмет көрсету»
|
Беті
4
|
Жүйенің қызметі
Дизелдегі қозғалыстағы бөліктерінің арасындағы үйкелістен пайда болған жылудың әсерінен болатын ақаулардан сақтандыру –майлау жүйесінің негізгі мақсаты.
Дизелдің майлау жүйесі қозғалтқыштың компоненттеріне майдың берілуін,үйкеліс пен отын-ауалық қоспаның жануынан пайда болатын жылуды қайтаруды қамтамасыз етеді. Майлау жүйесін құрайтын негізгі компоненттер мен датчиктер:
-
Қозғалтқыш картерінің табаны және ішінара тазалау сүзгісі;
-
Майлау сорғысы;
-
Майсалқындатқыш;
-
Майлау сүзгісі;
-
Майайдау сорғысы;
-
Қайтару клапаны;
-
Коагулятор;
-
Е LIT дизелге кіру майы температурасының датчигі;
-
Е LOT дизелден шығу майы температурасының датчигі;
-
Е LI P дизелге кіру майы қысымының датчигі;
СОР картердің қалдық қысымының датчигі; 7FDL дизелінің майлау жүйесі Майлау жүйесі үйкеліске түсетін детальдарды майлауға, керекті қысым орнатуға, олардан жылуды әкетуге қызмет атқарады.
Майлау жүйелері ішкі және сыртқы болып бөлінеді. Ішкі майлау жүйесі түтіктер мен арналардан тұрады. Олар дизель механизмдеріне май беріп тұрады.
Сыртқы жүйелер майдың салқындатылуын, тазалануы мен циркуляцияда болуын қамтамасыз етіп, май коллекторына жеткізеді.
Сыртқы майлау жүйелеріне: насостар, май салқындатқыштар, сүзгілер, қорғағыш және бақылау құралдары жатады.
|
|
|
|
|
Оқыту элементі
Атауы: Майлау, Ауа беру жүйесінің құрылысы
Мамандығы: 1108000«Темір жол жылжымалы құрамын пайдалану,жөндеу және техникалық қызмет көрсету»
|
Беті
5
|
Сыртқы жүйелерден өтіп салқындатылған тазартылған май дизель
май коллекторына 5 беріледі, одан әрі арна 2 арқылы иінді біліктің
коренной және бұлғақ подшипниктеріне беріледі.
Иінді біліктің бұлғақ мойынтағынан май бұлғақта орналасқан арналар 2 арқылы поршендарды салқындатуға және поршень цилиндр топтарын майдалауға беріледі.
Коллектордың түтікшелер 7 арқылы май распредвал подшипниктерін майлауға беріледі.
Итергіш иінтірегіне май түтікшелер 9 арқылы онан әрі 14, 15 арналары мен газболу механизімдерінің иінтіректеріне беріледі.
Май коллекторын май распредвал жететінің тістетершіне және трубокомпрессор подшипниктеріне беріледі. Детальдарды майлап болған соң май дизель поддонына 17 ағып келеді.
Негізгі май сорғысыҚозғалтқыш жылдамдығының контроллері "8" позициясында түрған кезде, сорғы минутына 350 галлонға жуық өнімділікпен жүмыс істейді. Сақтандыру клапаны май сорғысы мен майлау жуйесін ондағы шектен тыс жоғары қысымнан толық қорғайды.Қозғалтқышта кең түрпатты тістегерішті май сорғысы паңца- ланылған. Ол иінді біліктен тісті жұп арқылы келтіреді.
Сақтандыру клапанының басы май сорғысының шығару май қүбырымең соңы қозғалтқыш картерімен жалғастырылған. Сақ- тандыру клапаны ретінде серіппелегіш қалыпты жабық клапан қолданылған. Ауыздағы қысым серіппемен жасалатын күшгет асып кететін болса, клапан ашылады да, майды өткізеді. Клапан 11 Офунт/кв.дюйм (758 кПа) қысымында ашылады да, 140 фунт/кв. дюйм (965кПа) қысымы кезінде толық ашылған болып саналады.
Насос (134 сурет) картердің артқы бөлігіне бірінші цилиндрдің тұсына орналасқан.
Насос тістегершінді, берілуі – 24м3/4. Насос қорабына екі цилиндірлі тістегершін орналасқан, ол қақпақшамен 8 жабылған, тістегершіктер жартылай остері қола төңкелерде айналады. Олар шойын қорапқа нығыздалып отырғызылған 10, 12 тістегершіктер 12 х Н 2 А болатынан жасалып, шынықтырылған.
Тістегершіктер он бір қиғаш орналасқан тістерден тұрады. Жартылай осьтер тістегершіктермен бірге дайындылған.
Май насосы қорабының төменгі бөлігіндегі арна сору және итеру қуысымен байланысқан. Насос сору
|
|
|
|
|
Оқыту элементі
Атауы: Майлау, Ауа беру жүйесінің құрылысы
Мамандығы: 1108000«Темір жол жылжымалы құрамын пайдалану,жөндеу және техникалық қызмет көрсету»
|
Беті
6
|
патрубкасының а фланеці арқылы дизель картеріндегі май арнасына, итеру патрубкасымен б трубаға бекітілген. Ол арқылы май салқындату қондырғылары секциясына беріледі.
Май насосының қорабы шойыннан дайындалған, ішінде көлденең 1 және тік 7 біліктер орнатылған.
Көлденең білікке 1 спираль тісті конусты тістегершік 2 нығыздалған. Тістегершік оське түсетін күштерді бәсеңдету үшін сыртқы 2 плитаға тістегершіктің 5 жартылай осінің оң жақ шетінде май дентері (амортизатор) орналасқан.
Насос айналысты иінді біліктен тістегершікті беріліс пен тісті муфта арқылы алады.
Насостың берілуі – 120м3/4.
Дизель насостары майлардың жүйеде циркуляция жасауын қамтамасыз етеді.
Тепловоздардағы қолданылған май насостары – тістегершікті олар формаларымен, мөлшерлерімен және берілісімен ерекшеленеді. Насостардың басты элементі қиғаш тісті тістегершіктер.
10 Д 100 дизелінің басты май насосы (133 сурет) екі патрубкалы шойын қорабтан, бірінші – А – патрубок дизель рамасына, екінші – Б – трубаның итеру жүйесіне қосылған қорапта жетекші 5 және жетекті 10 болат тістегершік орналасқан.
Тістегершіктер жартылай осьтері подшапниктерге орнатылған, олар плиталарға 2,9 отырғызылған. Плиталар қисықтісті тістегершіктер осінің тіреуіштері қызметін атқарады. Күпшегі қорап қақпақшасына отырғызылған қола төлкеге тіреледі.
Біліктің екінші басы ішкі цилиндр беттері баббиттен құйылған қола төлкеге тіреледі.
Көлденең біліктің 1 конусты бөлігіне тарту электр двигательдері мен салқындатқыш қондырғыларының вентилляторларының жетек шкиві отырғызылған. Иінді біліктің айналасы май насосы жетегінің көлденең білігіне беріледі.
МАЙАЙДАУ СОРҒЫСЫ ТЭ33А тепловозы
Майайдау сорғысының торабы от алдырмас бұрын дизелді майлау үшін қолданылады. Ол тұрақты токтағы щеткасыз электрқозғалтқыш пен көлемді сорғыдан тұрады.
Майайдау сорғысының торабы отын сүзгісінің корпусының жанында майлау сүзгісінің корпусынан кейін мұздатқыш бөлігінде орналасқан.
|
|
|
|
|
Оқыту элементі
Атауы: Майлау, Ауа беру жүйесінің құрылысы
Мамандығы: 1108000«Темір жол жылжымалы құрамын пайдалану,жөндеу және техникалық қызмет көрсету»
|
Беті
7
|
Майлау сорғысы майлау жүйесіндегі майдың айналымын қамтамасыз етеді. Майлау сорғысы локомотивтің В жағында орналасқан және дизелдің ( IFE) алдыңғы шетіндегі интегралды қақпаққа бекітіледі.
Сорғының типі – үш жақты сақтандырыш клапанмен жабдықталған көлемді сорғы. Майлау сорғысының көмекші жетекті тістегершікпен жалғанған дизелдің иінді білігінен тісті беріліс жетегі бар. Контроллер тұтқасының 8-ші белгісінде және мөлшерлі температурада май сорғысының беруі 1756 л/мин
(464 галлон/мин).
Ішкі сақтандырғыш клапан сорғыны артық жүктемелерден қорғайды, мысалы, майлау сүзгісі мен майлау радиаторларының ластануынан.
Сақтандырғыш клапан 1206 кПа (175 фунт/кв.дюйм) қысымда толық ашылады. Егер клапан ашылса,онда май тістегершікті сорғыдан кейін артқа, дизель картеріне беріледі.
Май салқындатқыштың құрылысы және жұмысы Май салқындатқыш ыстық майдан жылу алады да,оны сумен бөлек салқындату жүйесіндегі суға жібереді. Сақындатқыш қозғалтқыштағы үйкеліс кезінде және отынның жануы езінде бөлініп шығатын жылуды ыстық майдан тартып алады. Салқындатқыш қаптамақұбырлы жылу алмастырғышты елестетеді. Сумен бөлек сақындату жүйесінен шыққан су құбырлар арқылы ішіне орнатылған салқындатқышқа өтеді. Май су құбырларына қатысты сыртқы құбырлардың бойымен мейлінше жоғарғы температурада өзінен температурасы төмен суға жылу береді. Май салқындатқыш май күбісінің астына орналастырылады. Салқындатқышқа жету тепловоздың оң жағындағы радиатордың бөлігінде тікелей орналасқан люктердің қақпақтарын ашқан кезде қамтамасыз етіледі. Май салқындатқыш пен оның құбыр түйіспелерінде ысыраптың бар-жоғын көзбе-көз тексеру керек. Кез келген ысырап жағдайында салқындатқышты айырбастау қажет. Егер жағар майдың іздері су күбісіндегі бақылау шынысынан көрінетін болса,бұл салқындатқыштың ішіндегі ағын ысырабының мүмкіндігін көрсетеді. Майлау жүйесіндегі майдың қысымы сумен бөлек салқындату жүйесіндегі салқындатқыш судың қысымынан жоғары,содықтан бір жүйеден екінші жүйеге ағу фактісі,әдетте,ең алдымен сумен салқындату жүйесінде анықталады. Салқындатқыштың май және су қарамдарындағы қысымның төмендеуін тексеру керек. Май салқындатқышты бөлшектер алдында ең алдымен май сүзгісі мен салқындатқыштың өзіндегі майды төгу керек. Бұл жағдайда қозғалтқыштың бос жағындағы қаптаманың немесе қатердің майын құйып алу міндетті емес.
|
|
Май салқындатқыш май күбісінің астына орналастырылады. Салқындатқышқа жету тепловоздың оң жағындағы ("А”) радиа- тордың бөлігінде тікелей орналасқан люктердің қақпақтарын аш қан кезде қамтамасыз етіледі.
|
|
|
|
Оқыту элементіАтауы: Майлау, Ауа беру жүйесінің құрылысы
Мамандығы: 1108000«Темір жол жылжымалы құрамын пайдалану,жөндеу және техникалық қызмет көрсету»