|
Оқыту элементі
Атауы: Майлау, Ауа беру жүйесінің құрылысы
Мамандығы: 1108000«Темір жол жылжымалы құрамын пайдалану,жөндеу және техникалық қызмет көрсету»
|
Беті
18
|
салқындатқыш түтіктер 7 орналасқан. Түтіктер төменгі 10 және жоғарғы 5 құбыр тақтасына енгізілген. Тақталар корпусқа тіректі бүртікті шпилкалармен бекітіледі. Олар бір мезгілде қақпақтарды 3, ++ бекітуге де арналған. Болат, дәнекерленген қақпақтар ішінде қаттылық қабырғалары мен резиналары төсемдері бар бөлгіштер орналасып, судың үш жүрісті айналымын қаматамасыз етеді. Су түтіктер мен айналып, ауа түтіктерді сыртына салқындатады. Су жүйеден төменгі қақпақ потубкасына 12 беріліп, үш жүрісті (жоғары, төмен, жоғары) ауа салқындатқыштан, мыс түтіктермен жүріп өтеді де жоғарғы қақпақтағы патрубок 4 арқылы тепловоз радиаторына беріледі. Ыстық ауа ортадан беру сықағышынан кейін 120 - 130 с температурада болады да фланцадағы 9 тесік арқылы ауа салқындатқышқа беріледі. Осында 60 – 70 с дейін салқындаған су дизель ауа ресиберіне және цилиндрға беріледі.
Ауа сүзгілері түрлері мен құрылысы мен жұмысы
Саңылаулы сүзгі жүйеге келетін ауаны жапырақ,бұтақтар және қоқыстардың түсуінен қорғайды.
Саңылаулы сүзгілер – мұздатқыш камераның екі жағынынан орналасқан.
-
Шағын айналымды сүзгілер
Ортадан тепкіш сүзгілер ауамен тасымалданатын қоқыстан тазалаудың келесі сатысы болып есептеледі. Шағын айналымды сүзгілер дизель цилиндріне кіретін ауаны тазалайды және мұздатқыш камерасында орналасады. Шағын айналымды сүзгілер панелі әрқайсысы шағын орталықтан тепкіш сепаратор түрінде жұмыс жасайтын трубалар топтамасынан тұрады. Әрбір трубка ішінде,трубадан көлденең өту кезінде ауаны құйындататын спираль қалақшалар болады. Орталықтан тепкіш күш қоқыстың бөліктерін ауа ағынының шеттеріне лақтырады,ал ластанған ауа ауаны тазалау панеліне келіп түседі.
|
|
|
|
|
Оқыту элементі
Атауы: Майлау, Ауа беру жүйесінің құрылысы
Мамандығы: 1108000«Темір жол жылжымалы құрамын пайдалану,жөндеу және техникалық қызмет көрсету»
|
Беті
19
|
Жеңдік сүзгілер – дизелдің ауа сүзгілер бөлігінде орналасқан. Бұл сүзгілер шағын айналымды сүзгілерден тазаланған ауаны майда қоқыстардан тазартады. Бес сүзгіш элементтер пайдаланылады. Сүзгілер мұздатқыш бөлігінде орналасқан ауатазалағыш бөлімінде болады. Бөлімге және сүзгілерге ішкі өткелдердің екі жағында орналасқан есіктер арқылы жетуге болады. Ауа сүзгілерін жөндеу
Тепловоздан алынған кассеталар 90 -95 с қыздырылған жұғаш ертіндіде 15-20 мин жуылып, 120 -130 с пеште кептіріледі. Құрғақ, таза кассеталар 40 -50 с температурада май ваннасына 2 – 3 мин батырылады, сонон кейін артық майы ағып кеткен кассета 10 15 мин пеште қайта кептіріледі. Кассеталарды қайта орнықтыруда нығыздауыш төсемдердің дұрыс отырылуы тексеріледі. Жаз айларында сүзгі маймен белгіленген деңгейге дейін толтырылады. Қыс айларында ванна дизель майы 75 пайыз дизель отыны 25 пайыз қоспасымен толтырылады.
Ауа салқындатқыштарды жөндеу
Ауа салқындатқыштардың ақаулары болып дәнекерлену тігістерінің жарылуы корпус пен қақпақтың жарылуы ішкі беттердің ластануы түтіктердің ақаулары. ТР -3 жөндеуде ауасалқындатқыш тепловоздан алынып тексеріледі. Су қуыстарын ертіндімен жуады. 2,5 х 105 па су қысымымен 15 минут тексереді. Қақпақ , корпус жарықтары Э42 электродымен дәнекерленеді. Тігістер тазаланып сырланады. Ақаулы түтікшелердің санын 20 – ға дейін бітеп тастауға рұқсат етіледі. Одан көп болған жағдайда ауасалқындатқыш ауыстырылады. Жарықты, үзілген төсемдер ауыстырылады. Ауа қуысының тазалығын 3х105 Па қысымда 5 мин. Қысылған ауамен үрлеп тазартады. Жиналған ауатазалағыш 2,5 х 105 па қысымда 15 мин. Сумен нығыздалады.
|
|
Саңылаулы сүзгілердің жану ауасын беру жүйесінде орналасуы
|
|
|
Оқыту элементі
Атауы: Майлау, Ауа беру жүйесінің құрылысы
Мамандығы: 1108000«Темір жол жылжымалы құрамын пайдалану,жөндеу және техникалық қызмет көрсету»
|
Беті
20
|
Жеңдік сүзгілер кешені
Локомотивтің В жағынан көрініс
|
|
|
|