Файл: аза тілі мен дебиеті сабаында білім сапасын арттыру жолдары Коучинг 20212022 оу жылы Таырыбы.docx

ВУЗ: Не указан

Категория: Не указан

Дисциплина: Не указана

Добавлен: 27.03.2024

Просмотров: 3

Скачиваний: 0

ВНИМАНИЕ! Если данный файл нарушает Ваши авторские права, то обязательно сообщите нам.

«№41 жалпы орта білім беретін мектебі» КММ

Қазақ тілі мен әдебиеті сабағында білім сапасын арттыру жолдары

Коучинг

2021-2022 оқу жылы

Тақырыбы: Қазақ тілі мен әдебиеті сабағында білім сапасын арттыру жолдары

Мақсаты: Қазақ тілі мен әдебиеті сабағында білім сапасын арттыру жолдарына жүргізілетін жұмыстарды көрсету, мұғалімдермен өзіндік іс-тәжірибемен бөлісу, тапсырмалардың түрлерімен таныстыру.

Көрнекіліктер: интерактивті тақта, презентация, плакат, маркерлер, желім.
Кіріспе сөз:

Біз қабылдаймыз

10% оқығанымыздан

20% естігенімізден

30% көргенімізден

50% көріп, естігенімізден

70% басқалармен бірге талқылағанымыздан

80% өзіміз сезінгенімізден

95% басқа біреуге үйреткенімізден

Уильям Глассер

Қабылдау түрлері: мәтін, видео, дыбыс, анимация, графика.

Интерактивті тақтаны қолданудың тиімділігі: сабақтың қарқынды өтуі, әр балаға жеке білім беру, шектеусіз ресурстар, берілетін материалдың тиімділігі, қызығушылықтың артуы.

Интерактивті тақтаның мүмкіндіктері:

  • Office қосымшаларында өзгерту

  • Болып жатқанды жазып, сақтау

  • Қолмен жазылған мәтінді танып білу

  • Көру материалдарын көрсетуді басқару

  • Сабақтың кез –келген кезеңіне оралу

  • Суреттер кітапханасын жасау.


Топқа бөлу. Қима қағаздар арқылы жаздық және қыстық олимпиада да кездесетін спорт түрлері арқылы екі топқа бөлінеді.
1-тапсырма. Гугл форма арқылы мұғалімдерден сауалнама. Бұл сауалнамада мұғалімдердің цифрлық сауаттылығы мен қашықтықтан оқыту кезіндегі қиындықтар мен жетістіктері жайында сұрақтар болады.
2-тапсырма. «Хикая картасы» әдісі арқылы мәтінмен жұмыс. Екі топқа екі түрлі мәтін беріледі. Топ мүшелері мәтінді оқып шығып, оқиғалар желісін ретімен ақ қағазға жазып шығады.



3-тапсырма. Wordwall интерактивті тапсырма құру сервисімен оқушыларға қызықты тапсырма құрастыру жолдары көрсетіледі. https://wordwall.net/resource/27963710 сілтемесі беріліп, алдын-ала дайындалған оқу тапсырмаларымен мұғалімдер танысып, орындап көреді.
4-тапсырма. Постер қорғау. Мұғалімдер «Білім сапасын арттыру жолдары» тақырыбында өз ойларын плакат бетіне түсіріп, постер қорғап шығады.

5-тапсырма. Кері байланыс. Padlet электронды қосымша арқылы кері байланыс жасау. https://padlet.com/didar_984/Bookmarks мұғалімдер осы сілтеме арқылы өткізілген коучингке өз тілектерін, пікірлерін жазады.
Қорытынды. Коучингке қатысқан мұғалімдерге көрсеткен белсенділіктері үшін алғыс білдіріледі.