Файл: Абай облысы ржар ауданы Мааншы ауылы Сейфуллин атындаы орта мектепбашасы коммуналды мемлекеттік мекемесі Таырыбы Тиімді дістсілдер сапалы білім кепілі!.docx

ВУЗ: Не указан

Категория: Не указан

Дисциплина: Не указана

Добавлен: 27.03.2024

Просмотров: 4

Скачиваний: 0

ВНИМАНИЕ! Если данный файл нарушает Ваши авторские права, то обязательно сообщите нам.

Абай облысы Үржар ауданы Мақаншы ауылы

«Сейфуллин атындағы орта мектеп-бақшасы»

коммуналдық мемлекеттік мекемесі

Тақырыбы: Тиімді әдіс-тәсілдер- сапалы білім кепілі!
Қазақ тілі мен әдебиеті пәні мұғалімі:

Наймтаева Айнур Куралбекқызы

2022-2023 оқу жылы

Тиімді әдіс-тәсілдер - сапалы білім кепілі!

«Біздің педагогтер сабаққа келіп жай ғана ақпаратты айтып берсе,

қазіргі жастар оны қабылдамайды. Өйткені қазіргі уақытта педагогтер

«Тик-токпен, Инстаграммен» бәсекеге түсуде.

Сабақ беру – үйреншікті жай ғана шеберлік емес,

ол үнемі жаңадан жаңаны табатын өнер»

ҚР Білім және ғылым министірі Асхат Аймағамбетов
Ұстаз болу – жүрек жылылығын, мейірім шуағын, адамгершілік ұлылығын баланың бойына дарыту. Ұстаз білімді, еңбекқор, бала жанын түсіне алатын болса ғана ұстаздық кәсіптің шыңына  жете алады деп ойлаймын. Олай болса, ең алдымен ұстаз үздіксіз ізденіп, аяусыз еңбектенуі керек. К.Д.Ушинскийдің сөзімен айтқанда: «Мұғалім өзінің білімін үздіксіз көтеріп отырғанда ғана- мұғалім, оқуды, ізденуді тоқтатысымен оның мұғалімдігі де жойылады». Бала болашағы – ұстаз қолында. Қызығы да, қиындығы да мол ұстаздық жолдан мүдірмей өту, талмай еңбек етудің жемісі. Міне сондықтан оқушыларды шығармашылық жұмысқа баулып, олардың белсенділіктерін, қызығушылығын арттырып, сапалы білім беру үшін, әр сабақта тиімді әдіс - тәсілдерді қолдану керек.

Әдіс дегеніміз – мұғалімнің белгілі бір мақсатқа жетудегі іс - әрекеті, ал технология –көптеген әдістердің жиынтығы. Жаңа технологияның басты мақсаты — өздігінен дамуға ұмтылатын жеке тұлғаны қалыптастыру. Ал, осы технологиялардың кеңінен қолданылуы білім құзіреттілігіне жету жолында үлкен роль атқарады. Бір технологияның өзі әр түрлі мұғалімдердің шеберлігіне байланысты әрқилы жүзеге асырылуы мүмкін. Не үшін тиімді? Себебі, Қазақ тілі мен әдебиеті сабағында озық технологияларды пайдалану - оқу-тәрбие үрдісін тиімді ұйымдастыруын, оқушының өзін-өзі дамытуын, ойлауын елестету мен есте сақтау белсенділігін, дағдысын білім саласының дамуын қамтамасыз етеді. Оқушылардың сабаққа деген қызығушылықтарын арттыру, өздігінен білім алуға құштарлығын таныту.

Әрбір технология өзіндік жаңа әдіс – тәсілдермен ерекшеленеді. Әдіс-тәсілдерді мұғалім ізденісі арқылы оқушы қабілетіне, қабылдау деңгейіне қарай іріктелініп, қолданылады. Тиімді пайдалыларын жетілдіре түседі. Көрнекі педагог В.А. Сухомлинский «Сабақ жас өспірімдердің интеллектуалды өміріне құр ғана сабақ болып қоймас үшін ол қызықты болуы шарт. Осыған қол жеткенде ғана мектеп жасөспірімдер үшін рухани өмірдің түлеген ошағына, мұғалім осы ошақтың құрметті иесі мен сақтаушысына айналады» деп айтқан. Өйткені жай ғана сабақ құнарсыз тағам секілді адам бойына жұқпайды. Қызықты сабақтар мұғалімнің ашқан жаңалығы, өзіндік қолтаңбасы, әдістемелік ізденістері, қолданған әдіс – тәсілдері арқылы ерекшеленіп, шәкірт жүрегінен орын алады. Сабақ үрдісінде пайдаланып жүрген әдіс – тәсілдер оқушылардың оқуға деген ынта – ықыласының, дағды мен ой – өріс, білім – біліктерінің артуымен сипатталары сөзсіз.


Оқытудың әдіс-тәсілдерін тиімді таңдап алу оқытуда табысқа жетуге негіз болады, әрі сабақтың тиімділігі мен сапасын барынша арттыруға мүмкіндік береді. Оқушыларға терең білім беру үшін мұғалім мына төмендегі қағидаларды есте сақтағаны жөн деп есептеймін.АМА

  1. Мұғалім пәнді жетік меңгеріп, оны оқушыларға ғылыми тұрғыдан негіздеп, қарапайым тілмен, өмірмен байланыстыра отырып бере білуі қажет.

  2. Оқушылардың жас ерекшеліктеріне қарай жеке бастарының психологиясын, жан дүниесін жете біліп, әр оқушының жүрегіне жол таба білуі абзал.

  3. Ғылым мен педагогика саласындағы жаңалықтарды үнемі пайдаланып отыруы тиіс.

  4. Оқушыларға ұзақ уақыт есте сақтау қабілетін арттыру үшін жаңа сабақты, әсіресе заңдылықтар мен құбылыстарды тірек белгілері мен тірек конспектілері бойынша берген жөн.

  5. Оқушылардың сапалы да тиянақты білім алуы үшін әр бөлім, әр тақырып бойынша олардың білімдерін тексеріп отырған жөн. Мұнда әсіресе оқушылардың білімдерін тексеруде мына төмендегідей әдістерді қолданған тиімді:

  • Тестік жүйе бойынша

  • өзін-өзі тексеру

  • көршісін тексеру және т.б

Осылайша пәннің негізгі заңдылықтары мен құбылыстарын өмірмен байланыстыра қызықты етіп беру жолдарын қарастыруға болады.

Осы орайда оқытудың әдіс-тәсілдерінің түрлеріне тоқтала кеткеніміз дұрыс:

Репродуктивтік әдіс арқылы оқушы «дайын» білімдерді есінде сақтап, кейін қатесіз айтып бергенмен, оның ақыл-ой белсенділігі төмен болады.

Эвристикалық әдіс арқылы ақыл-ой жұмысы күшейеді, оқушы білімді өзінің танымдық іс-әрекеті арқылы алады.

Монологтық баяндау әдісі қолданылса, онда мұғалім әңгімелейді, ғылымның дайын қорытындыларын, ережелерін, фактілерін хабарлап оқиғаларды суреттейді, іс-әрекеттің үлгілерін көрсетеді және оқушыларға тапсырмалар береді.

Зерттеу әдісін қолданғанда мұғалім оқушыларға тәжірибелік сипаттағы тапсырмалар (тәжірибе жүргізу, қосымша ақпарат, фактілерді жинап оларды өз бетімен талдау және қортындылау, өз ойын дәлелдеуге керекті материалдарды жинау, т.б) береді.

Түсіндіру әдісі жаңа тақырыпты түсіндіргенде жиі қолданылады, бірақ бекіту кезінде оқушылар білімді дұрыс меңгермегенде де қолданылады.

Демонстрация әдісі арқылы заттар мен құбылыстар тәжірибе жасау арқылы немесе техникалық құралдардан, кино-фильмдерден, диафильмдерден көрсетіледі.



Дедукция әдісі арқылы оқушы өзі білетін қорытындыларды, ережелерді, ғылыми заңдарды бақылау жүргізгенде, тәжірибе жасағанда, жаттығу жазғанда қолданады.

Өз сабақтарымда әдіс-тәсілдерді тиімді пайдалануға тырысамын. Сонымен қатар интернетсіз берілген әдіс-тәсілдерді қолдану арқылы оқушылардың пәнге деген қызығушылығын арттыруға болады.

«Пликеср» әдісін қолдану арқылы оқушылардың жаңа материалды игеруіне, өткен сабақты қайталауға өте тиімді әдістің бірі.Бұл әдісте тек мұғалімге ғана интернет және смартфон қажет.Оқушылар тек өздеріне тиісті қағазды алып, қағаздағы дұрыс

жауапты көсету арқылы сабақты қаншалықты меңгергенін бағалауға болады.

Сонымен қатар «Спиннер» әдісі арқылы оқушылардың сабақты қаншалықты

меңгергенін білуге болады.



Оқушылардың өз бетімен жұмысын қалыптастыру, оқушының пәнге деген қызығушылын және қажеттілігінен туындайды. Топпен жұмыс кезінде сыныпта ең алғар дарынды оқушыны анықтауға мүмкіндік береді. Әр сабағымда сабақ кезеңдеріне байланысты түрлі әдіс-тәсілдерді қолданамын.

Сабақ барысында әдіс-тәсілдерді пайдалану оқушының бойында өз- өзіне сенімділік ұялатады, өзге балаға қарап бой түзеуге ұмтылады, өзін-өзі бағалауы жоғарылайды,өзгені үйрете отырып, өзі көп нәрсені үйренеді, көшбасшылық қабілеттері қалыптасады.

Әдіс тәсілдердің нәтижесі:

Әдіс – тәсілдерді пайдалануда оқушылар өз пікірлерін дәлелдеуге, қорытынды жасау, өз ойларын қысқаша, дәл және нақты жасауға көмектеседі және төмендегідей нәтижеге жетеді:

  1. Сабаққа деген ынтасы, қызығушылығы артады.

  2. Оқушылар өз бетімен іздену жолдарын үйренеді.

  3. Өз ойын схема, кесте, суреттер, тәжірибелерді пайдалану арқылы еркін жеткізеді.

  4. Өз ойын толық жеткізе алады.

  5. Ізденуі іс – әрекеті қалыптасады.

  6. Оқушылардың өз бетімен жұмыс жасау ынтасы оянады.

  7. Берілген жұмыстарды өз бетінше жасауға дағдыланады.

  8. Білім сапасын артады.


Қорыта кетсем, қазіргі заман талабына сай өсіп келе жатқан жеткіншек технологияларды кеңінен пайдалануға бейім екені баршамызға аян. Сондықтан оқушы қызығушылығын, сабақтың тиімділігін арттыру үшін түрлі әдіс-тәсілдерді  қолданғанымыз жөн. Сонымен қатар, сабақта қолданылатын әдіс-тәсілдер оқушылардың есте сақтау қабілетін арттырып, оларды жинақылыққа, дәлдікке, шығармашылыққа баулуға көмектеседі деп ойлаймын.