Файл: Кіші мектеп жасындаы оушыларды жаартылан математикалы білім негіздері пнінен практикалы Жмыстар.docx
ВУЗ: Не указан
Категория: Не указан
Дисциплина: Не указана
Добавлен: 27.03.2024
Просмотров: 13
Скачиваний: 0
ВНИМАНИЕ! Если данный файл нарушает Ваши авторские права, то обязательно сообщите нам.
КІШІ МЕКТЕП ЖАСЫНДАҒЫ ОҚУШЫЛАРДЫҢ ЖАҢАРТЫЛҒАН МАТЕМАТИКАЛЫҚ БІЛІМ НЕГІЗДЕРІ» ПӘНІНЕН ПРАКТИКАЛЫҚ ЖҰМЫСТАР
№1 практикалық жұмыс
Тақырыбы: Жиындар және оларға қолданылатын амалдар.
Тапсырмалар:
1. Жиындардың жұптарын Эйлер дөңгелегінің көмегімен бейнелеп беріңіз:
а) А – Педагогика және психология институтының студенттерінің жиыны.
В – бірінші курс студенттерінің жиыны.
б) А – Педагогика және психология институтының студенттерінің жиыны.
В –Университет студенттерінің жиыны.
2. Эйлер дөңгелегінің көмегімен бейнелеп беріңіз:
а) А В, егер А∩В=Ø; б) А В, егер А∩В Ø; в) А∩В, егер А∩В Ø;
г) А / В, егер А∩В=Ø; д) А / В, егер А∩В Ø; е) В / А, егер В∩А= Ø;
ж) В / А, егер В∩А Ø; з) В А; и) А В; к) А=В.
3. Эйлера-Венн диаграммасының көмегімен бейнелеп беріңіз:
а) U – Үшбұрыштар жиыны. А – Тікбұрышты үшбұрыштар жиыны. Ā – Тікбұрышты емес үшбұрыштар жиыны.
б) N – Біртаңбалы натурал сандар жиыны. В – Жұп натурал сандар жиыны. В – Тақ натурал сандар жиыны;
4. Жиындардың берілу тәсілдерін еске түсіріп, мына жиынды математикалық символ арқылы жазыңыз:
С жиыны 5-тен кем бір таңбалы сандар жиыны.
5. А – барлық студенттердің жиыны. В – БОПӘ мамандығы студенттерінің жиыны. С – 1-курс студенттерінің жиыны. Мына жиындардың арасында қандай қатынас бар және оларға сипаттама беріңіз: AUB, A∩B, A∩B∩C, А/В, AUС, AUBUС.
№2 практикалық жұмыс
Тақырыбы: Сәйкестік, оның түрлері және қасиеттері.
Тапсырмалар:
1. А = (ұшақ, зымыран, адам, мәшине, тасбақа). В = (5км/сағ, 6км/сек, 850км/сағ, 5м/мин, 100км/сағ). Қозғалыстағы қай денеге қандай жылдамдық сәйкес келеді?
2. M={а,б,г,ж} және N={ә,в,ғ,з} жиындары берілген. Алфавит бойынша М жиынының әрпінен кейін келетін N жиынының әр әрпін сәйкестендіріңіз. Қандай сәйкестік құрылды? Жауабыңызды негіздеп беріңіз.
3. С={0,3,4,6,7} жиынында Р қатынасы берілген: «х санының у санынан 3-еуі артық».
а) Р қатынасына қатысты Х жиынындағы сандардың жұптарын жазыңыз;
ә) Р қатынасын теңдеудің көмегімен жазыңыз.
4. Жұп сандардың жиынын қандай эквивалентті кластарға бөлуге болады? Мысалдар келтіріңіз.
№3 практикалық жұмыс
Тақырыбы: Графтар теориясының элементтері.
Тапсырмалар:
1. Суретте бейнеленген графтың түрін анықтаңыз.
2. Бірінші тапсырманың суреті бойынша әр графта мыналардың барлығы нешеу екенін анықтаңыз: а) төбелері; б) қырлары; в) жақтары, сыртқы жағын да қоса есептегенде; г) тақ төбелері; д) жұп төбелері; е) дәрежесі 0-ге тең төбелері.
3. Бірінші тапсырманың суреті бойынша графтың қайсысын бір сызықпен сызып шығуға (қарындашты қағаз бетінен ажыратпай және әрбір қыры бойымен қозғалысты қайталамай) болатынын анықтаңыз.
4. Кез келген графтың қасиеті туралы теореманы тұжырымдап беріңіз және дәлелдеңіз.
5. A={2,4,6}және B={a,b,c} жиындары берілген. «Жиындардың декарттық көбейтіндісі» қатынасының графы мен графигін тұрғызыңыз.
6. Графтың көмегімен тапсырманы орындаңыз: Бес адам өзара қол алысты. Барлығы қанша рет қол алысты?
№4 практикалық жұмыс
Тақырыбы: Комбинаториканың элементтері.
Тапсырмалар:
-
Анамның 2 ашықхаты (жай және авиа) және 3 маркасы (шаршы тәрізді, тіктөртбұрышты және үшбұрышты) бар. Әкеме хат жіберу үшін анам неше тәсілмен ашықхат пен марка таңдай алады? -
Анар қорапшаға 4 жасыл дөңгелек, 6 үшбұрыш және 3 қызыл көпбұрыш салды. Сонда қорапшада барлығы 11 фигура болды. Олардың ішінде қанша қызыл үшбұрыш бар? -
100 адамның 28-і ағылшын, 30-ы неміс, 42-сі француз тілін, 8-і ағылшын мен неміс тілдерін, 10-ы ағылшын мен француз тілдерін, 5-еуі неміс және француз тілдерін үйреніп жүр. Барлық үш тілді үш студент үйренуде. Бір тілді қанша студент үйренеді? Қанша студент бірде бір тілді үйренбеген? -
Әр бөлшекте әртүрлі екі сан болатындай етіп, 3, 5, 7, 11, 13, 17 сандарынан қанша бөлшек сан құрастырып жазуға болады? Олардың арасында қанша дұрыс бөлшек болады? -
«Қосу» және «Институт» сөздеріндегі әріптердің орындарын ауыстыра отырып, қанша сөз құрастыруға болады? -
Пойызда 9 вагон бар. Әрқайсысы әр түрлі вагондарда болатындай етіп, 4 адамды қанша тәсілмен отырғызуға болады?
№5 практикалық жұмыс
Тақырыбы: Ықтималдықтар теориясының элементтері
Тапсырмалар:
-
Аквариумде 6 алтын балық және 2 алтын емес балық бар. Кез келген үш балық алынды. Қандай балықтар алынуы мүмкін? -
Жәшікте өлшемдері де массалары да бірдей 10 шарлар бар. Олардың 4-еуі қызыл және 6-ауы көк шар. Себеттен 1 шар алынады. Алынған шардық көк шар болатының ықтималдылығы қандай? 1 көк шар алу үшін неше рет әрекет ету керек? -
Жәшікте өлшемдері мен массалары бірдей 10 шар бар, 4-еуі – қызыл, 6-ауы – көк. Жәшіктен 1 шар алу қажет. Алынған шардың көк түсті болуының ықтималдылығы қандай? -
1-ден 30-ға дейінгі барлық натурал сандар бірдей карточкаларға жазылып, қапшыққа салынды. Одан араластырылғаннан кейін бір карточка алынады. Алынған карточкада 5-ке бөлінетін санның жазылуының ықтималдылығы қандай? -
Қапшықта 5 қызыл, 12 ақ және 9 көк шар бар. Ыөтималдылығын табыңыз: а) ақ шар алу; ә) көк шар алу; б) қызыл шар алу; в) түрлі-түсті шар алу.
№6 практикалық жұмыс
Тақырыбы: Математикалық статистиканың элементтері
Тапсырмалар:
1. Аралық бақылау барысында студенттер тестік тапсырмалар орындады. Ең жоғарғы көрсеткіш 32 балл болды. Басты жинақтан қайталаусыз кездейсоқ іріктеу әдісімен көлемі 30 таңдама алынды. Сонда 24 балл – 8 рет, 25 балл – 6 рет, 26 балл – 6 рет, 27 балл – 3 рет, 28 балл – 3 рет, 29 балл – 2 рет, 30 балл – 2 рет байқалды. Есептеп шығарыңыз:
а) Таңдамалық ортаны; б) Таңдамалық дисперсияны.
2. Тамақтану нормасының үлестірімі туралы дәргерлердің ұсыны-сындағы берілгендерді пайдаланып, бір тәулікте тамақтану нормасының дөңгелек диаграммасын сызып көрсетіңіз, мұнда: таңертеңгі тамақтану барлық норманың - -і; түскі тамақтану - -і, түскі және кешкі тамақтану арасында ас ішу - -і, кешкі тамақтану - -і.
3. Оқушылардың уақыты үлестіріміндегі жыл ішіндегі айлардың сызықтық диаграммасын сызып көрсетіңіз, мұнда: оқу – 8 ай; жазғы демалыс – 3 ай; күзгі, қысқы және көктемгі демалыс– 1 ай.
8. Ересек адамның тәулік ішіндегі уақыт үлестірімінің бағанды диаграммасын сызып көрсетіңіз, мұнда: ұйқы уақыты - тәулік, жұмыс уақыты - тәулік, әртүрлі көздерден (радио, телебейне, баспа өнімдері) ақпараттар алу уақыты - тәулік, тамақтану уақыты - тәулік, қалауынша жұмсалатын уақыт - тәулік деп алыңыз.
5. Алдыңғы, яғни 1-жаттығудың берілгендерін пайдаланып, мыналарды қалай құруға болатынын түсіндіріңіз: а) Объектілердің басты жинағын; б) Объектілердің таңдамалы жинағын.
№7 практикалық жұмыс
Тақырыбы: Математикалық тұжырым, оның құрылымы және түрлері
Тапсырмалар:
-
«Сан 12-ге бөлінеді, сан 3 пен 4-ке бөлінеді» сөйлемі берілген. «Егер..., онда...» немесе «сонда, тек сонда ғана...», «қажетті», «жеткілікті», «қажетті және жеткілікті» сөздері мен сөз тіркестерін пайдаланып, ақиқат сөйлем құрастырыңыз. -
«Ромбтың диагональдары өзара тең» теоремасы берілген. Осы теоремаға кері, қарама-қарсы, берілгенге қарама-қарсы теоремаға кері теоремаларды құрастырыңыз. -
Тапсырманы орындаңыз: «Түйе мен жылқыға жүк артып келе жатқан жолаушы: Егер жылқының үстіндегі бір қапты түйеге ауыстырсам, онда түйенің үстіндегі жүк жылқының үстіндегі жүктен екі есе ауыр болады. Ал егер түйедегі бір қапты жылқыға ауыстырсам, онда екеуінің жүгі теңеседі», – деді. Әр жануардың үстіндегі қаптың саны 10-нан кем. Бастапқыда әр жануардың арқасында қанша қап болған?»
№8 практикалық жұмыс
Тақырыбы: Алгоритм, оның түрлері және қасиеттері.
Тапсырмалар:
1. Сандарды көбейту мен бөлудің алгоритмін құрыңыз:
а) 456 · 234; ә) 409 236 : 804
2. Ұзындығы 6 см, ені 2 см болатын тіктөртбұрышты сызғыштың көмегімен салу алгоритмін құрыңыз. Ол қандай алгоритм түрі?
3. Бұрыштықтың көмегімен шаршы салудың алгоритмін құрыңыз.
4. Тапсырманы орындаудың алгоритмін құрыңыз:
а) Мәдина, Аружан, Алмат, Әдия өзеннің арғы жағасына өтпекші болды. Қайық 60 килограмнан артық жүкті көтермейді. Мәдинаның массасы – 35 кг, Аружан – 30 кг, Алмат – 29 кг, Әдия – 28 кг. Балалар өзеннің арғы бетіне қайықпен қалай өтеді?
ә) 7 литрлік шелек пен 3 литрлік банканың көмегімен бидонға 5 л суды қалай құюға болады?
№9 практикалық жұмыс
Тақырыбы: Теріс емес бүтін сандар жиынын (Z0) теориялық – жиындық тұрғыдан (жолмен ) құру.
Тапсырмалар:
1. Жазуды оқыңыз: n(А)=3. Осы шартты қанағаттандыратын жиындардың мысалдарын келтіріңіз.
2. Теріс емес бүтін сандар айырмасының жиындар теориясы тұрғысынан берілетін анықтамасын пайдаланып, 8–2=6 болатынын түсіндіріңіз.
3. Тура теңдік шығатындай етіп, жақшалар қойыңыз:
а) 72 – 24: 6 + 2 = 66; ә) 72 – 24: 6 + 2 = 6;
б)72 – 24: 6 + 2 = 10; в)72 – 24: 6 + 2 = 69.
№10 практикалық жұмыс
Тақырыбы: Теріс емес бүтін сандар жиынын (Z0) аксиоматикалық тұрғыдан (жолмен) құру.
Тапсырмалар:
1 . Қосудың анықтамасын пайдаланып, бір таңбалы сандарды қосу кестесін құрыңыз.
2. Көбейтудің анықтамасын пайдаланып, бір таңбалы сандарды көбейту кестесін құрыңыз.
3. Дәлелдеңіз: ( х Z ) х'=х+1.
4. Дәлелдеңіз: ( х Z ) х·1=х.
5. Теңдікті дәлелдеңіз:
1 +3 +5 +…+ (2n-1) = ,