Файл: Кіші мектеп жасындаы оушыларды жаартылан математикалы білім негіздері пнінен практикалы Жмыстар.docx

ВУЗ: Не указан

Категория: Не указан

Дисциплина: Не указана

Добавлен: 27.03.2024

Просмотров: 14

Скачиваний: 0

ВНИМАНИЕ! Если данный файл нарушает Ваши авторские права, то обязательно сообщите нам.
n N;

6. Теңдікті дәлелдеңіз: 1·2+2·3+3·4+…+ (n+1)n = , n N;

7. Шешу жоспарын (алгоритмін) құра отырып, есепті шығарыңыз:

Қалада үш орта мектеп бар. Бірінші мектептің оқушылар саны барлық оқушылардың 0,3 бөлігін құрайды, ал екінші мектепте біріншіге қарағанда 1,5 есе кем, ал үшінші мектепте екіншіге қарағанда 420 оқушы кем. Үш мектепте барлығы және әр мектепте қанша оқушы бар?
11 практикалық жұмыс

Тақырыбы: Сандау жүйелері.

Теріс емес бүтін сандар жиынындағы (N0=Z0) бөлінгіштік қатынас.
Тапсырмалар:

  1. 3 натурал сан жазыңыз: а) 60 және 55 сандарының бөлгіштері болатын; ә) 60 және 55 сандарына бөлінетін.

  2. Дәлелдеңіз: 17442 саны 171 санына бөлінеді, 87 саны – 8961 санының бөлгіші, 3918 саны 97 санына бөлінбейді, 73 саны – 14747 санының бөлгіші емес.

  3. Дәлелдеңіз: Екі тақ санның қосындысы – жұп сан.

  4. Жазыңыз: а) 15-ке бөлінетін ең үлкен екітаңбалы санды; 100-ге бөлінетін ең кіші екітаңбалы натурал санды; ә) 11-ге бөлінетін барлық екітаңбалы сандарды; б) 12-ге бөлінетін барлық екітаңбалы сандарды.

  5. 4-ке бөлгенде бірдей қалдық қалатындай етіп, 5-тен 23-ке дейінгі натурал сандар жиынын кластарға бөліңіз. Қанша класс шықты?

  6. Евклид алгоритмінің көмегімен сандардың ең үлкен ортақ бөлгішін (ЕҮОБ) табыңыз, егер:

А=645, В=381; А=2010, В =1447.
12 практикалық жұмыс

Тақырыбы: Математикалық жаттығулар жүйесі.

Тапсырмалар:

1. Мына алгоритм бойынша есеп құрастырыңыз:

  • Сюжет не жағдаят ойластырыңыз.

  • Есепте айтылатын нысандарды атаңыз.

  • Нысандарға сандық сипаттама беріңіз.

  • Есептің сұрағын не талабын құрастырыңыз.

  • Есептің толық мәтінін құрастырыңыз.

  • Құрастырған мәтініңізді блок-схема бойынша талдау үлгісін көрсетіңіз:



2. Есептерді шығарыңыз және жоғарыдағы блок-схема бойынша талдаңыз:

а) Дүкенде екі күнде бірдей бағамен 8 балалар костюмі сатылды. Бірінші күнгі сатылымнан түскен сома 30 000 теңгені ал екінші күнгі сома 50 000 теңгені құрайды. Әр күндері қанша костюмнен сатылды?


б) Арасы 17 км екі ауылдан бір мезгілде бір-бірінен қарама-қарсы бағытта екі шаңғышы шықты да, біраз уақыттан соң аялдады. Аялдаған кезде шаңғышылардың бір-бірінен ара қашықтығы 110 км болды. Бірінші шаңғышының жылдамдығы 14 км/ сағ, ал екіншісінікі 17 км/ сағ. Шаңғышылар аялдағанға дейін неше сағат жолда болды?

3. Есептерге блок-схема құрыңыз, шығарыңыз және талдаңыз:

  1. Арасы 1400 км Алматы мен Астана қалаларынан бір мезгілде бір-біріне қарама-қарсы шыққан екі жеңіл машина 7 сағаттан кейін кездесті. Олардың бірі 110 км/ сағ жылдамдықпен жүрсе, екіншісінің жылдамдығы қандай болғаны?

  2. Екі қорап ойыншық сатып алынды, оның бірішісінде 32, ал екіншісінде 22 ойыншық бар. Екінші қораптағы ойыншықтар біріншіге қарағанда 100 теңгеге арзанға түсті. Екі қораптың әрқайсысы үшін қанша ақша төленген?

  3. Бір қызметкер компьютерде 2 сағатта 6 бет тереді, ал екінші қызметкер одан сағатына 2 бет артық тереді. Егер олар бірігіп істесе, 160 беттік қолжазбаны қанша уақытта теріп бітірер еді?

  4. Дүкенге әрқайсысында 9 килограмнан 10 жәшік шабдалы және осындай 8 жәшік жүзім әкелінді. Дүкенге барлығы неше килограмм жеміс әкелінді?

  5. Теруші 48 сағатта 192 бет, ал оның шәкірті 96 бет тереді. Егер олар жұмысты бірлесіп істесе, 486 бет қолжазбаны қанша уақытта теріп бітірер еді?

4. Есепті әртүрлі әдіспен шығарыңыз. Берілген есептерге кері есептер құрыңыз және шығарыңыз.

а) Теміржол көпірі үш аралықтан тұрады. Бірінші аралықтың ұзындығы 61 м. Үшінші аралықтың ұзындығы біріншісінікінен 27 м ұзын, ал екіншісінің ұзындығы біріншісінікінен 17 м қысқа. Көпірдің ұзындығын табыңыз.

б) Дүйсенбі күні қоймадан 54 тонна көмір, ал сейсенбі күні одан 8 тонна артық көмір жөнелтті. Сәрсенбі күні сейсенбі күнгіге қарағанда 25 тонна кем көмір жөнелтті. Үш күнде қоймадан неше тонна көмір жөнелтілді?

в) Тақтайдың ұзындығы 15 метр. Одан 6 м кесіп алды, ал қалғанын 3 тең бөлік шығатындай етіп кесті. Әр бөліктің ұзындығын табыңыз.

5. Теңдеулерді шешіңіз: 1) 3074 + а : 8 = 3524; 2) х : 8 – 895 = 779
13 практикалық жұмыс

Тақырыбы: Алгебраның элементтері.
Тапсырмалар:

  1. 2x − 3y = 3 теңдеуі берілген. Теңдеуді шешудің әр түрлі тәсілдерін жазыңыз. Әр шешім нені білдіреді? (4, 5) жұбы теңдеудің түбірі болып табыла ма? (5, 4) жұбы ше?

2.а) 5 · а + 500 = 4500 : 5; ә) (с + 7412) – 4246 = 10231; б)103300 : (х + 297) = 25 ∙2; г) 10002 – 3105 : х = 9933

Теңсіздіктердің шешімдер жиынын координаталар жазығында белгілеңіз, мұндағы

x – нақты сан.

а) x>5; ә)x<-3,8; б) -4,5

  1. Координат жазығында нүктелер жиынын тұрғызыңыз. Шыққан фигураның ауданын табыңыз: а) 3|х| + 4|у| ≤ 12 теңсіздігін қанағаттандыратындай; ә) 3|х| + 2|у| ≤ 6 теңсіздігін қанағаттандыратындай;

  2. Теңдеуді шешіңіз: + = .

  3. Өрнектерді ықшамдаңыз:

а) (3a+b)·(2a-5b)-6(a-b)2; ә) - : - ;

б) · (у-2);

14 практикалық жұмыс

Тақырыбы: Геометрияның элементтері.

Тапсырмалар:
1. Периметрі 80 см болатын шаршының ауданы неге тең?

2. Үстелде бесбұрыштар мен тіктөртбұрыштар жатыр. Олардың саны бірдей. Олардың барлығының 54 төбесі бар екені белгілі. Үстелде бесбұрыш пен тіктөртбұрыштардың нешеден бар екенін табыңыз.

3. Есептерді шығарыңыз және талдаңыз. Есеп шығарудың алгоритмін құрыңыз:

а) Бір тіктөртбұрыш тәрізді жер телімінің ұзындығы 36 м, ені 20 м. Ауданы дәл осындай, ұзындығы бірінші жер телімінің ұзындығынан 6 м кем болатын екінші жер телімінің енін табыңыз.

ә) Параллелепипедтің көлемі 64 см2, ені 4 см, биіктігі 2 см. Осы параллелепипедтің ұзындығы 3 см-ге кішірейтілді. Алынған параллелепипедтің көлемін анықтаңыз.

б) Жер телімінің ұзындығы 1 251 м, ені ұзындығының үштен бірін құрайды. Осы дер телімінің периметрі мен ауданын табыңыз.
15 практикалық жұмыс

Тақырыбы: Шамалар және оларды өлшеу.
Тапсырмалар:

1. Шамалар арасындағы тәуелділікті көрсететін мысалдар келтіріңіз.

2. Кесіндінің ұзындығын өлшеу нәтижесі ретіндегі натурал санның мәнін түсіндіріңіз.

3. Шамалардың сандық мәндерімен төмендегідей амалдар қолданудың мәнін ашыңыз: қосу, азайту, көбейту, бөлу.

4. Амалдарды орындаңыз және орындау алгоритмін жазыңыз:

а) 640г + 2кг;) ә)15сағ 26мин 12с – 2сағ 35мин; б) 3кг 50г ·7;

5. Шамаларды салыстырыңыз:

а) 2 сағ * 2сағ 20мин. ә) 3м2 20дм2 * 3,5м2;

б) 8,02 м3 * 8м316дм3; в) 520м*5км;

г) 2км 320м * 2 км; ғ) 400см
2 * 4,1дм2;

д) 8 м3 * 8м3 20дм3; ж) 2 кг * 2кг 120г.