Файл: Информатика пні бойынша орта мерзімді жоспар 7 сынып.docx

ВУЗ: Не указан

Категория: Не указан

Дисциплина: Не указана

Добавлен: 27.03.2024

Просмотров: 19

Скачиваний: 0

ВНИМАНИЕ! Если данный файл нарушает Ваши авторские права, то обязательно сообщите нам.


«Информатика» пәні бойынша орта мерзімді жоспар

7 сынып

Информатика – Негізгі мектеп – 7-сынып

Бөлім: Ақпаратты өлшеу және компьютерлік жады

Алдын ала меңгерілуге тиісті білімдер

Оқушылар компьютерлердің негізгі сыртқы және ішкі құрылғыларымен таныс. Оқушылар ақпаратты өлшеу бірліктеріне қатысты «кило», «мега», «гига» және «терра» жалғауларын еркін пайдаланады деп ұйғарылады.

Мәнмәтін

Бөлімде ақпаратты өлшеу, ақпарат көлемін әр түрлі бірліктерде ұсыну мәселелері; компьютер жадысының әр алуан түрлерін тағайындау; файл өлшемінің форматқа тәуелділігі қарастырылады.

Осы бөлімдегі (пәннің мақсаттары) тілдік мақсаттар

Оқушыларға академиялық тілге сәйкес тілдік мақсаттың мысалы оқушылар үшін төменде ұсынылған.

Пән бойынша оқыту мақсаты


Оқытудың тілдік мақсаты


Пәнге қатысты лексика және терминология


Диалог құруға / жазылымға қажетті сөздер топтамасы


Оқушылар:

- Ақпаратты бір өлшем бірлігінен басқаларына ауыстыру жүргізе алады

Оқушылар:

- ақпаратты өлшем бірліктерін түгендей алады


Бит, байт, килобайт, мегабайт, гигабайт, терабайт

Файл форматы

Мұрағат, өзін-өзі ашатын мұрағат, сығу әдісі

- Файл өлшемін байттан килобайтқа ауыстыру үшін … қажет

- Файлды басқа форматта сақтау үшін … қажет

- Бейнені желіде жариялау үшін … форматын пайдаланған жөн

- Файлдарды желі бойынша беру үшін … пайдаланған ақылға қонымды.

Қысқаша шолу

Осы бөлімде оқушылар ақпараттар көлемін бір өлшем бірлігінен басқаларына ауыстырады, мұрағаттау қажеттілігі, әр түрлі жағдайларда файл форматын ақылға қонымды таңдау туралы талқылайды.

Оқушылар компьютерлерді өз жұмысында пайдаланған кезде эргономика ережелерін сақтайтын болады деп ұйғарылады.




Оқу бағдарламасына сілтеме

Оқу мақсаттары


Сабақта ұсынылатын жұмыс түрлері


Оқыту әдістемесі бойынша мұғалімге арналған ескертпелер


Оқу ресурстары


7.2.1.1...................
7.2.1.2...................

ақпараттың өлшем бірліктерін атап өту

ақпаратты бір өлшем бірлігінен басқа өлшем бірліктеріне ауыстыруды жүзеге асыру

Ақпаратты өлшеу бірліктері

(Ұ) Алдыңғы білімдерді еске түсіру үшін оқушылармен «бит» және «байт» түсініктерін қайталаңыз. Оқушылардан өлшем бірліктерін олардың биттегі және/немесе байттағы сандық мәндерімен сәйкестендіруді сұраңыз. Олар қандай өлшем бірліктерімен жиі ұшырасатындығы туралы сұраңыз.

(Т, К) Ақпаратты өлшем бірліктерінің арақатынасын көрсетіңіз. Нақты мысалдармен бір бірліктен басқаларына ауыстыру көрсетіңіз.

(Ж, Қ) Оқушылардан мына мысал бойынша бос орындарды толтыруды сұраңыз:

а) 5 Кбайт =__байт;

б) __байт = 2400 бит;

в) __Гбайт =1536 Мбайт


Бір-бірімен салыстыру үшін ақпаратты өлшеу бірліктері және олардың сандық мәндері бар карточкаларды ертерек дайындап қойыңыз.

Көмек ретінде Сіз ақпаратты өлшеу бірліктерінің басып шығарылған кестесін ұсына аласыз.

Тапсырмалар оқушылардың қабілеттеріне қарай әр түрлі күрделілік деңгейлерінде болуы мүмкін.


http://learningapps.org/651996 - ақпаратты өлшеу бірліктері



7.1.1.1...................


компьютердің жады түрлерінің қызметін (жедел сақтау құрылғысы, тұрақты сақтау құрылғысы,

сыртқы сақтау құрылғысы, кэш-жады) сипаттау)



Компьютер жадысы

(Ұ, Қ) Оқушылардан ақпаратты сақтау құрылғыларын мүмкіндігінше көбірек атауды және оларды екі топқа – ішкі және сыртқы құрылғыларға бөлуді сұраңыз.

(Т, Қ) Оқушылар топтары арасында жадының әр түрлерінің сипаттамалары бар мәтіндерді бөліңіз (мысалы, жедел сақтау құрылғысы, тұрақты сақтау құрылғысы, сыртқы сақтау құрылғысы, кэш-жады). Топтардан мәтіндерді

оқып шығып, оның негізгі идеясын сыныпқа таныстыруды сұраңыз (зияткерлік картасы, таныстыру немесе ресімделген флипчарт түрінде). Басқа топтарға нақтылаушы сұрақтар қоюды ұсыныңыз.

(Т, Қ) Алдыңғы тапсырманың әр түрлі топ қатысушыларынан басқа топтар құраңыз. Әр түрлі жады түрлері арасындағы айырмашылықтар кестесін құрастыру тапсырмасын беріңіз. Топтарға өз жұмыс нәтижелерін көрсету мүмкіндігін беріңіз. Жұмыс нәтижелерін талқылаңыз және сыныппен жалпы қорытынды жасаңыз.

(К, Т) ТСҚ, ЖСҚ және қатты дисктің қосымша жұмысының басында, барысында және сақтау кезінде қатысуын көрсетіңіз. Ол үшін Сіз осы жады түрлерінің типтерінің рөлдерін оқушылар арасында бөле аласыз – ЖСҚ (жедел жады) сөндірген кезде барлығын ұмытады (компьютерді қоректен ажыратқаннан кейін ақпаратты сақтамайды), ТСҚ барлығын және мәңгілікке есте сақтайды (компьютерді қоректен ажыратқаннан кейін де ақпаратты сақтайды) және ақпаратты жойғаннан кейін оны сақтайтын қатты диск.

(Т) Оқушыларға қолда бар компьютерлердің жады өлшемдерін (ЖСҚ, ТСҚ) анықтауды ұсыныңыз.

(Т) Оқушыларға тапсырма беріңіз – берілген өлшемдегі файлдарды сақтау үшін қажетті жады көлемін есептеуге қажетті және керісінше бірнеше тапсырманы шешу.

(Ұ) Оқушылармен қандай жағдайда ақпаратты қандай тасымалдағышты қолданған дұрысырақ болатындығы жайлы талқылаңыз.

(Ө, Ж, Қ) Оқушыларға компьютер жадысының блок-сызбасын немесе блок-диаграммасын ұсыныңыз және олардан сызбаларды толтыруды сұраңыз.



Мүмкіндігінше, компьютердің ашық жүйелік блогын және/немесе есте сақтау құрылғыларын көрсетіңіз.

Қарапайым және түсінікті тілдегі сипаттамасынан және олардың тағайындалуынан тұратын, жады түрлері туралы мәтіндерді әзірлеңіз. Сіз сондай-ақ оқушыларға Интернеттен іздеп табуды ұсына аласыз, бірақ сонымен бірге олар пайдаланатын ақпараттың техникалық

тұрғыдан күрделі еместігіне және олардың жас шамасына сәйкес келетіндігіне көз жеткізіңіз.



https://www.youtube.com/watch?v=A72GyjoYmG8 – Неліктен Жады

https://www.youtube.com/watch?v=kAfdHuA3iHM – Неліктен Ақпарат қалай сақталады (перфокарта –

қатты диск, оптикалық дискілер)

http://www.junior.ru/wwwexam/pamiat/index.htm - толтыру үшін ұсынуға болатын сызбаның үлгісі

Компьютер жадысының иерархиясы http://images.bit-tech.net/content_images/2007/11/the_secrets_of_pc_memory_part_1/hei.png

Ақпарат тасымалдағыштар http://life-prog.ru/view_programmer.php?id=129&page=13




Оқу бағдарламасына сілтеме

Оқу мақсаттары


Сабақта ұсынылатын жұмыс түрлері


Оқыту әдістемесі бойынша мұғалімге арналған ескертпелер


Оқу ресурстары


7.1.2.3...................

бірдей ақпарат сақталған әртүрлі форматтағы файлдардың көлемін салыстыру

Файлдың өлшемдері

(Ұ) Оқушыларға қандай файлдармен жұмыс істеуге тура келгендіктерін санамалап беруді және берілген ресурстан файлдардың типтерін сұрыптауға жаттығу орындауды ұсыныңыз.

(Ұ) Оқушылармен файлдардың қандай түрлері салыстырмалы түрде көп жады көлемін алатындығын, неліктен екендігін талқылаңыз (мысалы, анимация немесе бейне).

(Ө, Т) Оқушылардан әр түрлі форматтағы файлдарды сақтап тәжірибе жасауды сұраңыз (мәтіндік, графикалық және т.б.). Файлды сақтағаннан кейін оқушылар файл өлшеміндегі өзгерістерді белгілеуі тиіс. Оқушылардың пікірінше, әр түрлі кеңейтуі бар файлдар арасындағы айырмашылық неде екендігін әңгімелеп беру мүмкіндігін беріңіз.

(Т) Оқушыларға қандай жағдайда, қандай форматты қолданған қолайлырақ екендігін талқылау үшін уақыт беріңіз. Жұмысты топпен талқылаңыз.



Әр түрлі форматтағы файлдар арасындағы айырмашылықты көрнекі түрде бейнелеу үшін графикалық файлдардың немесе фотосуреттердің форматтарын қарастыру ұсынылады. Оқушыларды мына идеяға алып келіңіз: бейне сапасы жоғары болған сайын, файл көлемі де соншалықты көп.



http://learningapps.org/1860191 - Файл типтерін сұрыптауға интерактивті жаттығу


7.1.2.2...................


әртүрлі форматтағы мұрағаттарды құру және мұрағаттан шығару


(Ұ) Оқушылардың алдына мынадай проблемалық жағдай қойыңыз – алынбалы дискке оның өлшемінен асып түсетін файлды қалай сақтау немесе көлемді файлды поштамен қалай жіберу керек? Оларды файлдарды мұрағаттау идеясына алып келіңіз.

(К, Т/Ж) Файлды мұрағатқа қалай салуға болатындығын көрсетіңіз. Мұрағаттаудың басқа тәсілдерін табуды ұсыныңыз. Мұрағаттық файл неден тұратындығын талқылаңыз. Өзін-өзі ашатын мұрағат қалай жұмыс жасайтындығын көрсетіңіз.

(Ө, Т) Әр түрлі типтердегі файлдар қаншалықты сығылатындығын, қандай жағдайларда мұрағаттау жүргізу мәні жоқтығын анықтаңыз. Алынған деректерді кестеге енгізуді ұсыныңыз. Мысалы:

Файл аты

Файлдың бастапқы өлшемі

Мұрағат өлшемі

....txt







….jpg










Оқушыларда мұрағаттау программаларымен жұмыс тәжірибесі болуы мүмкін. Бұл сабақтың мақсаты оқушыларды файлдарды мұрағаттаудың әр түрлі тәсілдерімен таныстыру болып табылады.

Әр түрлі типтегі және көлемдегі бірнеше файлды алдын ала дайындаңыз.

Сіз оқушылардың әр түрлі топтарына әр түрлі мұрағаттау программаларымен жұмыс істеуді, содан кейін алынған нәтижелерді салыстыруды ұсына аласыз.

Сіз оқушыларға таңдалған файлдарды мұрағаттау құралдарымен сығу дәрежесін алдын ала бағалауды; бір файл үшін әр түрлі сығымдау тәсілдерін пайдалануды ұсына аласыз.

http://pc-gramota.com/arhivirovanie-faylov

http://windows.microsoft.com/ru-ru/windows/back-up-files#1TC=windows-7




Информатика – Негізгі мектеп – 7-сынып

Бөлім:Желілер және қауіпсіздік

Алдын ала меңгерілуге тиісті білімдер

Оқушылар «авторлық құқық» және «плагиат» ұғымдарының желісіз байланыстарын пайдалану артықшылықтарын біледі, файлдармен бірлесе жұмыс істей алады, құжатқа құпия сөз орната және ақпаратты авторына сілтемемен қоса сүйемелдей алады.

Мәнмәтін

Бөлімде компьютерлік желілердің жіктелуі және компьютердің вирусқа қарсы қауіпсіздігін қамтамасыз ету мәселелері қарастырылады.

Осы бөлімдегі (пәннің мақсаттары) тілдік мақсаттар

Оқушыларға академиялық тілге сәйкес тілдік мақсаттың мысалы оқушылар үшін төменде ұсынылған.

Пән бойынша оқыту мақсаты


Оқытудың тілдік мақсаты


Пәнге қатысты лексика және терминология


Диалог құруға / жазылымға қажетті сөздер топтамасы


Оқушылар:

- компьютерді вирустардың болуына тексере алады

Оқушылар:

- вирус жұқтырудың алдын алу шараларын сипаттай алады


жергілікті желі, корпоративтік желі, жаһандық желі, сымды, сымсыз қосылыс, топология, «шина», «жұлдыз», «сақина», вирус, өзін-өзі тарату, құрт, трояндық программа

- Мен өз компьютерімде келесі вирустан қорғаныс құралдарын жиі пайдаланамын: …

- Біз … тәрізді профилактикалық шараларын ұсынамыз.

Қысқаша шолу

Оқушылар компьютерлік желілерді жіктеуді үйренеді. Бұған қоса, оқушылар желідегі жұмысты қамтамасыз ету үшін қажетті жабдықты атай алады (желілік карта, коммутатор және т.б.). Сондай-ақ оқушылар өз компьютерлерін вирустарға тексеруге және профилактикалық шараларды алдын ала жүргізуге үйренеді.

Оқушылар компьютерлерді өз жұмысында пайдаланған кезде эргономика ережелерін сақтайтын болады деп ұйғарылады.




Оқу бағдарламасына сілтеме

Оқу мақсаттары


Сабақта ұсынылатын жұмыс түрлері


Оқыту әдістемесі бойынша мұғалімге арналған ескертпелер


Оқу ресурстары


7.1.3.1...................

компьютерлік желілерді топтастыру

Компьютерлік желілер және олардың жіктелуі

(Ұ) Оқушылардан ақпарат алмасудың көбірек тәсілін атауды сұраңыз.

(Ұ) Сыныппен талқылаңыз – желі дегеніміз не? Оқушылардан желі мысалдарын келтіруді сұраңыз (тәжірибесіне сүйене отырып, оқушылар сымды және сымсыз қосылу типтерін атауы мүмкін).

(Т, К) Оқушыларды қосылу типіне және аумақтық ережелеріна байланысты компьютерлік желілердің жіктелуімен таныстырыңыз.

(Т, Қ) Оқушыларға сымды және сымсыз желілердің негізгі желілік топологияларына сәйкес келетін сызбаларды және олардың атауларын ұсыныңыз. Олардың арасында сәйкестік орнатуды және өз таңдауларын негіздеуді сұраңыз.

(Т) Оқушыларға аталған топологиясы бар желіге компьютерлерді жалғау үшін қандай жабдық қажет екендігін анықтауды ұсыныңыз.

(Ұ) Жұмысшы станция (клиент) және сервер ұғымдарын талқылаңыз. Олардың желідегі рөлдерін талқылаңыз.

(Т, Ж) Оқушыларға проблемалық сұрақ қойыңыз: желіге қанша компьютер жалғауға болады және бұл неге байланысты?

(Т, Э, Қ) Оқушылардан зерттеу жүргізіп,

мектеп желісінің картасын сызуды сұраңыз.

(Ұ) Өз мектебіңіздің техникалық маманынан (немесе өзіңіз) сыныптағы оқушы компьютерінен ақпарат мектеп арқылы өтіп, сыртқы әлемге түсетін бағдарды көрсетуді сұраңыз. Оқушыны сыртқы әлеммен байланыстыру үшін қажетті серверлерді, коммутаторларды және маршрутизаторларды көрсетіңіз. Белгілі бір мысалмен мектептегі жергілікті желідегі жұмыс артықшылықтарын көрсетіңіз (мысалы, ортақ желілік бумалардың, атаулы хабарламалар беру үшін бағдарламалардың болуы және т.б.).

(Ұ, Қ) Оқушыларға жұмыс нәтижелерін көрсетуді және олардың шындыққа қаншалықты жанасатындығын талқылауды ұсыныңыз. Сіз сондай-ақ дұрыс жауаптары бар сызбаны көрсете аласыз.



Оқушылар ақпараттың табиғатта, техникада, адамдар арасында қалай берілетіндігіне мысал келтіре алады (соның ішінде ым-ишират пен қимылдарды пайдаланып).

Әр түрлі топологиядағы желілердің сызбалық бейнесі және атаулары бар екі карточкалар жиынтығын дайындаңыз.

Ауыспалы құрамды топта жұмыс жасаңыз.

Оқушылардың желілік жабдықты өз беттерінше зерттеуі үшін, 8-сыныптың білім деңгейіне сәйкес келетін ақпараттан тұратын мәтіндер дайындаңыз.

Зерттеу жүргізу кезінде оқушыларға сынып немесе мектеп бойынша қозғалуға рұқсат беріңіз, бірақ қауіпсіздік техникасы ережелерін есте сақтау қажеттігін ескертіңіз. Бұл іс-әрекетті үзіліс уақытына немесе басқа қолайлы уақытқа жоспарлауға болады. Оқушыларға мектептегі компьютерлік желіні жаңғырту және кеңейту мүмкіндіктерін көрсету қажет болатын зерттеу жобасын ұсыныңыз.



http://itandlife.ru/technology/computer-networks/tipy-kompyuternyx-setej-klassifikaciya-kompyuternyx-setej/ - Компьютерлік желілердің жіктелуі

http://www.expertsoft.ru/compseti/242-cn#.Vvt8ouKLSJA

Неліктен. Жергілікті компьютерлік желілер. http://www.youtube.com/watch?v=brxTDh_45FY

Компьютерлік желілер туралы http://www.nnre.ru/kompyutery_i_internet/domashnie_i_ofisnye_seti_pod_vista_i_xp/p2.php

http://www.inf1.info/book/export/html/122

7.4.2.1...................

компьютерді зиянды программалардан қорғау


Вирусқа қарсы қауіпсіздік

(Ұ) Оқушылардан желідегі жұмыс компьютер үшін қандай қатер туғызуы мүмкіндігі туралы өз болжамдарын айтуды сұраңыз. Вирустық қауіптілікті ерекше бөліп көрсетіңіз. Оқушылар вирус – адам белгілі бір мақсатта жазған бағдарлама екендігін түсінгендігі өте маңызды.

(Т) Оқушыларға компьютерлік жүйеге вирус-программалар әсер етуі мүмкін ықпалдар тізбегі көрсетілген бірнеше карточкаларды ұсыныңыз. Оларды әсер ету дәрежесінің және

(немесе) келтірілген зиянның өсу тәртібі бойынша орналастырыңыз.

(Т/Ж, Қ) Топтарға постер/плакат/буклет әзірлеуді ұсыныңыз, онда мыналарды бейнелеу қажет:

- компьютердің вирус жұқтыру белгілері;

- вирус жұқтыру тәсілі;

- жұқтыру белгілері пайда болған кездегі іс-әрекеттер алгоритмі;

- вирус жұқтырған компьютерден профилактика ережелері.

(Ұ, Қ) Вирустық программалар жұқтыру қаупі тұрғысынан жергілікті және жаһандық желілердегі жұмыс кезінде айырмашылықтардың болуы туралы талқылаңыз.


Сіз сұрақтардың шеңберін кеңейте аласыз. Мысалы, мына мәселелерді талқылаңыз:

- компьютерге бірнеше вирусқа қарсы программалар орнату қажет пе;

- егер вирусқа қарсы программа вирустарды таппаса, не істеу керек;

- трояндық программалар, құрттар және вирустар арасындағы айырмашылық қандай?

Компьютердің вирус жұқтырғандығының бірнеше белгісі:

  • компьютер әдеттегіден баяу жұмыс істейді;

  • компьютер сұрауларға жауап бермейді және жиі бұғатталады;

  • әрбір бірнеше минут сайын жүйенің істен шығуы және қайта жүктелуі болады;

  • компьютер өз бетінше қайта жүктеледі және ақаулармен жұмыс істейді;

  • қосымшалар дұрыс жұмыс істемейді немесе қосылмайды;

  • дискілер және диск салғыштар қолжетімсіз;

  • қателіктер туралы ерекше хабарламалар пайда болады;

  • компьютерді сөндіргеннен кейін ОЖ жүктелмейді;

  • қосалқы құрылғылар командаларды «орындамайды»;

  • сақталған файлдардың құрамы өзгереді;

  • бумалардың құрамы өзгереді: файл белгілері жойылады, ярлыктар пайда болады және т.б.

Оқушыларға ең танымал вирустар туралы ақпарат беріңіз.


сетевичок.рф –

компьютер немесе смартфон вирустар жұқтырған, сондай-ақ жеке деректер ұрланған, аккаунт бұзылған кездегі online-көмек.

Компьютерлік вирустар

http://sd-company.su/article/help_computers/computer_virus

http://www.youtube.com/watch?v=m9fulBDg8RU