Файл: Информатика пні бойынша орта мерзімді жоспар 7 сынып.docx

ВУЗ: Не указан

Категория: Не указан

Дисциплина: Не указана

Добавлен: 27.03.2024

Просмотров: 21

Скачиваний: 0

ВНИМАНИЕ! Если данный файл нарушает Ваши авторские права, то обязательно сообщите нам.



Информатика – Негізгі мектеп – 7-сынып

Бөлім:Есептерді электронды кестелердің көмегімен шешу

Алдын ала меңгерілуге тиісті білімдер

Оқушыларда мәтіндік процессордағы кестелермен жұмыс дағдысы бар. Оқушылар Интернет желісінде ақпарат іздей алады.

Мәнмәтін

Бөлімде компьютерлік желілердің жіктелуі және компьютердің вирусқа қарсы қауіпсіздігін қамтамасыз ету мәселелері қарастырылады.

Осы бөлімдегі (пәннің мақсаттары) тілдік мақсаттар

Оқушыларға академиялық тілге сәйкес тілдік мақсаттың мысалы оқушылар үшін төменде ұсынылған.

Пән бойынша оқыту мақсаты


Оқытудың тілдік мақсаты


Пәнге қатысты лексика және терминология


Диалог құруға / жазылымға қажетті сөздер топтамасы


Оқушылар:

- кестелік деректерді графикалық түрде ұсына (диаграммалар құра) алады

Оқушылар:

- деректерді графикалық берілуі бойынша (диаграммалар) талдай алады

кесте, ұяшық, қатар, баған, парақ, формула, диаграмма, шартты форматтау

- Міндетті шешу үшін біз… пайдаландық, себебі …

- Деректерді бейнелі көрсеу үшін … болады.

- Диаграмма құру үшін алдымен …, содан кейін …

Қысқаша шолу

Осы бөлімде оқушылар электрондық кестелердің кейбір мүмкіндіктерімен танысады, оларды мәтіндік процессордағы кестелермен салыстырады, шартты форматтау мен диаграммаларды пайдала отырып, электрондық кестедегі деректер бейнелі түрде ұсынылады. Сондай-ақ оқушылар әр түрлі

есептерді шешімдерін модельдеу үшін электрондық кестелерді пайдаланады.





Оқу бағдарламасына сілтеме

Оқу мақсаттары


Сабақта ұсынылатын жұмыс түрлері


Оқыту әдістемесі бойынша мұғалімге арналған ескертпелер


Оқу ресурстары


7.2.2.1...................

мәтіндік процессорда кесте элеметтерін пішімдеу (форматтау)

Мәтіндік процессордағы кестелер

(Ұ) Оқушылармен ақпараттық не үшін кесте түрінде берілетіндігі туралы талқылаңыз. Қандай түрдегі ақпаратты кестелерде ұсынған қолайлы? Мысал ретінде қажетті нөмірді оңай табуға болатын телефон кітапшасын қарастыруға болады.

(Т, К) Жол, баған, ұяшық түсініктерін қарастырыңыз. Өзіңіз немесе кестелермен жұмыс жасау тәжірибесі бар оқушылар кестені мәтіндік процессорға қалай салуға болатындығын және кесте элементтерін қалай форматтайтындығын көрсетіңіз (ұяшық өлшемін, мәтін бағытын өзгерту, теңестіруді іске асыру, ұяшықтарды біріктіруі және бөлу).

(Ө/Ж, Т, Қ) Оқушылардан кесте мүмкіндіктерімен тәжірибе жүргізіп, күрделі құрылымдағы кесте құруды сұраңыз.

(К, Қ) Оқушыларға сыныпқа өз кестелерін көрсетуді ұсыныңыз. Басқа оқушыларға сөз сөйлеушілерге белгілі бір әрекетті қалай орындай алғандығына қатысты сұрақтар қою мүмкіндігін беріңіз. Сынып болып көбірек қызықты және күрделі кестелерді таңдаңыз.


Кейбір оқушылардың мәтіндік процессордағы кестелермен жұмыс жасау тәжірибесі болуы мүмкін. Мүмкіндігінше олардың осы тәжірибесін кестенің жекелеген элементтерін форматтау үшін пайдаланыңыз. Соңғы тапсырмаға көмек ретінде Сіз кестелердің үлгілерін және нұсқауларымен қоса әр түрлі ресурстарды ұсына аласыз.

Оқушылар осы сабақта құрған кестелерді кейінгі сабақтарда жұмыс жасау үшін сақтау керек.


http://festival.1september.ru/articles/606232/ - «Мәтіндік редакторда кесте құру» сабағы

https://www.youtube.com/watch?v=9zRr6ouR-SY&spfreload=10 - Кестені OpenOffice-те форматтау

https://www.youtube.com/watch?v=S79RKkzWy5Q&spfreload=10 - Кестені LibreOffice Writer-де форматтау




электронды кесте

элементтерін пішімдеу (форматтау)


Электронды кестелердің элементтерін форматтау

(Ө) Оқушыларға ұяшықтарына жеткілікті ұзын мәтін орналастырылатын кестенің тақырыбын теруді ұсыныңыз.

(Ұ) Оқушыларды мәтіннің осындай орналасуы дұрыс емес екендігіне алып келіңіз.

(Ж) Оқушыларға осы мәселені шешу жолдарын іздеу үшін уақыт беріңіз.

(Ұ) Кесте элементтерін форматтау қажеттілігіне назар аударыңыз (баған ені, жол биіктігі, автоіріктеу, ұяшықтарды біріктіру).

(Ө, Қ) Оқушыларға форматтауды пайдаланып кесте құру тапсырмасын беріңіз.

(Ж, Қ) Оқушыларға жұмыстарды өзара бағалауға және тиісті түзетулер енгізуге мүмкіндік беріңіз.



Егер оқушылар мәселенің шешімін таппаған жағдайда, мәтінді сөздер бойынша тасымалдау мүмкіндігін көрсетіңіз. Тасымалдау нәтижесінде

сөздер үзілуі, тыныс белгілері тасымалдануы және т.с.с. болуы мүмкін.

Сыныптың мүмкіндіктеріне сүйене отырып, мәтіндік процессордағы кестелермен балама жүргізіңіз.

Сіз сондай-ақ оқушыларға тәжірибе жүргізуді ұсына аласыз – олар мәтіндік процессорда құрған кестені электрондық кестеде ашу немесе көшіру.

Соңғы тапсырма үшін оқушыларға әр түрлі қиындық деңгейіндегі тапсырмаларды немесе бір деңгейлі тапсырмаларды беру ұсынылады.

Оқушылар осы сабақта құрған кестелерді кейінгі сабақтарда жұмыс жасау үшін сақтау керек.




https://youtu.be/CCaki0uEwh0 - Кестелерді Excel-де форматтау туралы бейнесабақ

7.3.3.1...................

деректердің типін жіктеу

Деректер форматы

(Ұ) Сыныппен талқылау ұйымдастырып, оның барысында оқушыларға мысал түрінде кестелердің ұяшықтары «мәннен» тұратындығын және біз көретін нәрсе осы мәннің «көрінісі» болып табылатындығын түсіндіріңіз.

Мысалы, белгілі бір күннің «Күн мәні» бар, бірақ осы күннің мәнін бейнелеу үшін бірнеше әр түрлі формат қолданылады.

(К, Т) Келесі деректер типтерін пайдалануды бейнелі түрде көрсетіңіз:

  • мәтіндік

  • сандық

  • формула

(Ж, Ө, Қ) Оқушылардан мұғалім ұсынған және тапсырмасы бар алдын ала дайындалған парақтарды пайдаланып, деректердің әр түрлі типтерін анықтауды сұраңыз. Әр түрлі форматтар қандай жағдайда және не үшін қолданылатынын талқылаңыз.

(Ө) Оқушыларға алдыңғы сабақтарда құрылған кестелерді ашып, деректерге әр түрлі форматтарды қолдануды ұсыныңыз.

(Ұ, К) Сыныппен деректер типтерінің көбірек жиі кездесетін қателері туралы қарастырыңыз (мысалы, ұяшықта ###-#### таңбаларының пайда болуы).


Бос ұяшықтардағы үнсіз ұйғарым бойынша алынған мән таза нөл (0) болып табылады. Оқушыларға көрсету үшін, Office нұсқаулықтарын қолдана аласыз.

Компьютер күнді 1900 жылғы 1 қаңтардан бастап өткен толық күндер санын көрсететін сан түрінде сақтайды.

Оқушылардың назарын ұяшық мазмұнын олар тек формулалар қатарында көре және редакциялай алатындығына аударыңыз. Бірнеше әр түрлі деректер типтері бар парақтары ертерек дайындаңыз және оқушылардан бұл деректердің қандай типі

екенін анықтауды сұраңыз, мысалы, мынадай деректер ұсынуға болады: хакер, 1201, A45, 21.05.1980 және т.б.

Оқушылар осы сабақта құрған кестелерді кейінгі сабақтарда жұмыс жасау үшін сақтау керек.


http://rutube.ru/video/4837e4ba9435fa35d18d4d0c8682cb50/ - Excel 2010 ұяшықтарының форматтары деректер типтерінің пайдалы сипаттамаларынан тұрады


http://informatika.edusite.ru/lezione9_36.htm

Күн/уақыт толығырақ түсіндіріледі http://www.excelworld.ru/publ/funcs/date_time/date/8-1-0-11

7.2.2.4...................

электронды кестеде шартты форматтауды қолдану

Шартты форматтау

(Ж, Ө, Т) Оқушыларға шартты форматтауы бар тапсырма үлгісін зерттеуге ұсыныңыз (мысалы, «Бағдаршам» тапсырмасы – енгізілген мәнге байланысты бағдаршамның белгілі бір сигналы жанады (түспен бояу)).

(Ұ) Шартты форматтауды электрондық кестелерде пайдалану мүмкіндігін қарастырыңыз. Оқушылармен оны практикалық тапсырмаларда пайдалануды талқылаңыз.

(Ұ) Оқушыларды шартты форматтауы бар кесте деректерді бейнелірек түрде

көрсететіндігі туралы тұжырымға алып келіңіз.

(Ө, Т, Қ) Оқушыларға алдыңғы сабақтарда құрған өз кестелерін шартты форматтауды ұсыныңыз.

(Ұ, Қ) Нәтижелердің көрсетілімін және жұмыстардың талқылануын ұйымдастырыңыз.

(Ө, Ж) Оқушылардың шешуі үшін дербес тапсырмалар беріңіз.


Соңғы тапсырма үшін ертерек әр түрлі қиындық деңгейінденгі тапсырмалар жинытығын және әр түрлі бір деңгейді тапсырмалар таңдаңыз.


https://youtu.be/2R3q6-i8e24 - шартты форматтау бойынша бейнесабақ

http://excel2.ru/articles/uslovnoe-formatirovanie-v-ms-excel

http://excelpractic.ru/uslovnoe-

formatirovanie.html -шартты форматтау

7.2.2.3...................

электронды кестеде диаграммалар құру

Кестелі деректердің графикалық ұсынылуы

(К, Т) Оқушыларға 2 аптаға ауа райы болжамының деректері бар кестені көрсетіңіз. Оқушылардан кестедегі деректерді падалана отырып, келесі сұрақтарға жауап беруін сұраңыз:

  • Қай күні ең суық ауа райы күтіледі?

  • Қай күні ең жылы ауа райы күтіледі?

  • Алдағы күндері ауа райы қалай өзгереді? (суытады, жылынады және т.б.)

Содан кейін алдағы 2 аптаға ауа райы болжамының диаграммасын ұсыныңыз. Оқушылардан дәл сол сұрақтарға жауап беруді сұраңыз. Кестеде берілген деректерді қандай жағдайда талдау оңай болғандығын талқылаңыз. Қай жерде және қандай жағдайда диаграммаларды қолданған қолайлы болатындығына мысал келтіріңіз.

(К, Т) Электрондық кесте құралдарымен

қалайша диаграмма құрастыруға болатындығын көрсетіңіз. Диаграмма қандай элементтерден тұратындығын түсіндіріңіз. Оқушылардың назарын редакциялау және диаграмма типін таңдау мүмкіндігіне аударыңыз.

(Ө, Т) Оқушыларға өз кестелері үшін диаграмма құруды ұсыныңыз. Диграмманы реттеу мүмкіндіктерімен тәжірибе жасап көруді сұраңыз.

(Ж, Т, Қ) Оқушыларға басқаларға өз диаграммаларын көрсетуге және жаңадан не үйренгендері туралы бөлісуге мүмкіндік беріңіз.


Ертерек таяудағы 2 аптаға ауа райы болжамын екін нұсқада дайындаңыз: кесте және диаграмма түрінде.

Көмек ретінде оқушыларға диаграмма құру және реттеулерін өзгерту бойынша қадамдық нұсқаулық бере аласыз.


https://youtu.be/klxL3XzeSB8 - диаграммалар құру бойынша бейне

Ауа райы болжамы - https://www.meteoprog.kz

7.2.2.2...................

7.3.3.1...................

7.2.2.4...................

7.2.2.3...................

электронды кесте элементтерін пішімдеу (форматтау)

деректердің типін жіктеу
электронды кестеде шартты форматтауды қолдану
электронды кестеде диаграммалар құру

Процесстерді электронды кестелерде модельдеу

(Ж/Ө,Қ) Оқушыларға облыстар/қалалар бойынша Қазақстан халқы туралы деректерді тауып, оларды Excel-ге импорттауды ұсыныңыз.

(Ж/Ө, Қ) Оқушылар облыстар/қалалар бойынша деректерді салыстыру үшін ұяшықтарды шартты форматтауды пайдалана алады (ерлер, әйелдер, балалар саны және т.б.).

(Ж/Ө, Қ) Оқушыларға облыстар/қалалар бойынша Қазақстан халқының құрамын графикалық бейнелеу мақсатында диаграммалар құруды ұсыныңыз.



Сіз пән мұғалімдерімен бірге кіріктірілген сабақтар өткізе аласыз.

модельдеу жүргізу үшін басқа тапсырмаларды қолдануға болады:

- Жекелеген мәндер бойынша сыныптың және жеке оқушының сабақ үлгерімінің кестесін құру;

- Адам биоырғақтарының кестелерін құру;

- Жануарлар популяциясын болжау және т.б.

Қажет болғанда Сіз оқушыларды берілген тапсырмаларды шешу үшін нұсқаулық карталарымен қамтамасыз ете аласыз.



http://www.youtube.com/watch?v=Ay2fEoHQ3dw Шеберлік сыныбы: Excel-де шартты форматтау





Информатика – Негізгі мектеп – 7-сынып

Бөлім:Шешімдерді программалау

Алдын ала меңгерілуге тиісті білімдер

Оқушыларда ойынды программалау ортасының негізгі құрылымдарын пайдалану (айнымалылар, тармақтану командалары, циклдері, рәсімдері және т.б.), ойынды программалау платформасының ережелерін түсіну тәжірибесі бар.

Мәнмәтін

Бұл бөлімде оқушылар программалаудың жоғары деңгейлі тілдерімен танысады, оларға жоба – оқушылардың әр түрлі пәндік салалардан білімдерін тексеруге арналған тек құруға тура келеді.

Осы бөлімдегі (пәннің мақсаттары) тілдік мақсаттар

Оқушыларға академиялық тілге сәйкес тілдік мақсаттың мысалы оқушылар үшін төменде ұсынылған.

Пән бойынша оқыту мақсаты


Оқытудың тілдік мақсаты


Пәнге қатысты лексика және терминология


Диалог құруға / жазылымға қажетті сөздер топтамасы


Оқушылар:

- программалау тілінде программалық код жаза алады.


Оқушылар:

- өз жобаларын сынып алдында көрсету үшін қысқаша есептер жаза алады.

- алгоритм, программалау ортасы, программалау тілі

- код, операторлар, енгізу/шығару, сәйкестендіргіш, айнымалы

- шарт, таңдау

Программалау жүйесі - бұл…

Программалаудың жоғары деңгейлі тілдеріне … жатады.

Менің жобамның тақырыбы - …

Менің жобамның мақсаты - …

Егер …, онда…., әйтпесе …

Қысқаша шолу

Бұл бөлім алгоритмдер және программа, басқа пәндік салалардан тапсырмаларды шешу программасын жазу үшін программалаудың жоғары деңгейлі тілін пайдалануға екпін жасай отырып, міндеттерді шешу әдістері арасындағы байланысқа арналған. Жобаның жалпы орындалу уақыты оқушылардың программалау дағдысын меңгеру деңгейіне, таңдалған ортаға, қойылған міндеттердің қиындық деңгейіне, сондай-ақ жұмысты бірлесе немесе жеке орындауына байланысты болады – мұғалімдер жобалық жұмысты бастамас бұрын, барлық факторларды қарастыруы тиіс.

Оқушылар компьютерлерді өз жұмысында эргономикалық пайдалану ережелерін сақтауы тиіс.




Оқу бағдарламасына сілтеме

Оқу мақсаттары


Сабақта ұсынылатын жұмыс түрлері


Оқыту әдістемесі бойынша мұғалімге арналған ескертпелер


Оқу ресурстары


7.1.2.1...................

«программалау жүйесі» және «программалау тілдері» ұғымдарын ажырата білу

Программалау тілдері

(Ұ) Оқушылардан олар білетін немесе естіген программалау тілдерін айтып беруді сұраңыз. Программалау тілдері не үшін керектігі жөнінде және олардың көмегімен қандай тапсырмаларды шешуге болатындығы туралы талқылаңыз.

(Ұ) Оқушыларға сондай-ақ орындаушы командаларының жүйесі туралы еске салыңыз. Оқушылардың программалаудың ойын ортасындағы алдыңғы жұмыс тәжірибесіне сүйене отырып, әр түрлі мысалдар тағдай және жетелеуші сұрақтар қоя отырып, оқушыларды компьютердегі кез келген бағдарламаның белгілі бір құрылымы болуы, командарлардың бірізділігінен тұруы және әр түрлі деректерді пайдалануы туралы түсінікке алып келіңіз.

(Т, К) Программалаудың жоғары және төмен деңгейлі тілдері түсініктерін қарастырыңыз.

Программалау жүйелері

(К, Т) Программалау жүйелерінің мысалдарын көрсетіңіз. Программалау жүйелері мен тілдерінің айырмашылықтарын түсіндіріңіз. Материалды программалау жүйелері мен тілдері компьютерлік модельдеу және программалау арқылы әр түрлі тапсырмаларды шешу үшін құрылғандығы жайлы материалмен жинақтаңыз.

(Ө, Қ) Оқушыларға «Мен не білемін, мен нені білгім келеді және мен не білдім» кестесін толтыруды ұсыныңыз.



Программалау жүйесі мен тілдерін түсіндіру кезінде оқушылардың түсінуі үшін қолжетімді материалды мұқият таңдау керек және «компилятор», «интерпретатор» немесе «кіріктірілген әзірлеме ортасы» тәрізді ұғымдарды қарастырмау қажет.

Программалаудың жоғары және төмен деңгейлі тілдерінің айырмашылығы ретінде алғашқылардың бағдарламашы үшін қолайлылығы мен түсініктілігін қарастыру ұсынылады.

Анықтамалық ақпарат:

Программалау жүйесі — бұл нақты программалау тілінде жаңа программалар әзірлеуге арналған жүйе. Бұл жүйелер мыналарды қамтуы мүмкін:

  • мәтіндік программаларды құру және редакциялау құралдары;

  • стандартты программалар мен функциялардың кең кітапханалары;

  • пайдаланушы үшін «достық» диалог ортасы;

  • көп терезелі жұмыс режімі;

  • кіріктірілген анықтама қызметі;

  • басқа арнайы ерекшеліктер.


Тіл – программаны құрайтын жазбалар

жүйесін анықтайтын ережелер жиынтығы.


http://book.kbsu.ru/theory/chapter6/1_6_11.html

7.3.3.1...................

деректердің типін жіктеу

Деректер типтері

(К) Оқушылар программалау тілі редакторының терезесін көрсетіңіз. Кейбір көбірек жиі пайдаланылатын командалармен таныстырыңыз (ашу, сақтау, бағдарламаны іске қосу және т.б.).

(Ұ, Қ) Оқушылардан электрондық кестелерде пайдаланылатын деректердің типтерін еске түсіруді сұраңыз.

(К, Т) Оқушыларды программалау тілінің деректер типтерімен таныстырыңыз.

(Ұ) Айнымалы ұғымын еске салыңыз және оқушылардың оны түсінуін нақты мысалдармен нақтылаңыз. Айнымалыларды программалау тілінде атау ережелерін түсіндіріңіз.

(Ө, Т) Редакторды пайдалану дағдасын пысықтау үшін қарапайым программаны теруді ұсыныңыз (мысалы, қандай да бір формула бойынша есептеу жүргізу). Программаны іске қосып, оның жұмыс нәтижелерін талқылауды ұсыныңыз.

(Т, Ұ) Оқушыларға программада қолданылатын командалар неге жауап беретінін анықтауды ұсыныңыз. Программа қандай бөлімдерден тұратынын және оларды ресімдеу ережелерін

түсіндіріңіз.


Көмек ретінде оқушыларға редактор командалары туралы анықтама ақпарат ұсына аласыз.


C/С++, Pascal, Delphi, Lazarus, Python және т.б. тәрізді кез келген кеңінен танымал программалау тілін пайдаланыңыз

7.4.1.1...................

әзірленетін жобаның интерфейсін құру талаптарын орындау


Жоба интерфейсі

(Т, К) Оқушыларға жоба құру қажеттігі туралы түсіндіріңіз – таңдалған программалау тілін пайдаланып, оқушылардың білімін бағалауға арналған шағын тест.

(К) Тақырып бойынша әр түрлі жобаларды көрсетіңіз. Оқушыларға осы программалармен жұмыс істеу мүмкіндігін беріңіз.

(Т/Ж) Оқушыларға ойланып, өз жобасы үшін тақырып таңдауды ұсыныңыз (мысалы, Ньютон заңдарын білу тесті және т.б.). Өз жобасының интерфейсін мұқият ойластыруды және оны плакатта не қағазда бейнелеуді сұраңыз.

(Ұ) Интерфейс бағалауын қоса алғанда, бағалау критерийлерін бірлесе әзірлеңіз. Оқушыларға әзірленген критерийлерге сәйкес өз жұмыстарына өзгерістер енгізуді ұсыныңыз.


Тестті информатиканы қоса алғанда, кез келген мектеп пәні бойынша оқушылардың білімін тексеру үшін әзірлеуге болады.

Оқушылар жобаны жұп болып немесе 3 адамнан артық емес топтарда орындай алады.


http://learningapps.org/108302 - Компьютерлік модельдерді әзірлеу кезеңдері жаттығуы


7.3.2.1...................

7.3.3.2...................

программалау тілінде алгоритмді жазу

сызықтық және тармақталу алгоритмдерін программаны өңдеудің кіріктірілген

ортасыныңда (С/С++, Python, Delphi, Lazarus) жазу

Сызықтық алгоритмдерді программалау

(М, К) Әр түрлі есептердің шешімін сызықтық алгоритмдер арқылы шешу үшін әр түрлі интерфейсті скриншоттарды көрсетіңіз.

(Ұ) Оқушыларға әрбір скриншот үшін есептің шарттарын құруға мүмкіндік беріңіз, алынған нәтижені талқылаңыз.

(Ө, Қ) Оқушыларға сызықты алгоритмді пайдалануға бірқатар тапсырмалар ұсыныңыз (әр түрлі тапсырмаларды шешу үшін программа

жазу, программадан қателерді табу, программалардың олқылықтарын толтыру және т.б.).

(Т/Ж) Оқушыларға өз жобалары үшін алгоритмдер жазуды сұраңыз.

(Т/Ж, Қ) Оқушыларға өз жобасын программалау үшін жеткілікті уақыт беріңіз. Оқушыларға жобаны бағалау критерийлері туралы еске асылыңыз.







7.3.2.1...................

7.3.3.2...................

программалау тілінде алгоритмді жазу

сызықтық және тармақталу алгоритмдерін программаны өңдеудің кіріктірілген ортасыныңда (С/С++, Python, Delphi, Lazarus) жазу

Тармақталу алгоритмдерін программалау

(Ұ, К) Оқушыларды шартты операторлармен таныстырыңыз.

(Ө, Қ) Оқушыларға шартты операторларды пайдалануға бірқатар тапсырмалар ұсыныңыз (әр түрлі тапсырмаларды шешу үшін бағдарлама жазу, программадан қателерді табу, программалардың олқылықтарын толтыру және т.б.).

(Т/Ж) Оқушыларға өз жобалары үшін алгоритмдер жазуды сұраңыз.

(Т/Ж, Қ) Оқушыларға өз жобасын программалау үшін жеткілікті уақыт беріңіз. Оқушыларға жобаны бағалау критерийлері туралы еске салыңыз.







7.3.2.1...................

7.3.3.2...................

программалау тілінде алгоритмді жазу

сызықтық және тармақталу алгоритмдерін программаны өңдеудің кіріктірілген ортасыныңда (С/С++, Python, Delphi, Lazarus) жазу

Кірістірілген шарттарды

программалау

(Ұ, К) Оқушыларды кірістірілген шарттармен таныстырыңыз.

(Т/Ж) Оқушыларға өз жобалары үшін алгоритмдер жазуды сұраңыз. Мүмкіндігінше салынған және құралған шарттарды пайдалануды сұраңыз.

(Т/Ж, Қ) Оқушыларға өз жобасын программалау үшін жеткілікті уақыт беріңіз. Оқушыларға жобаны бағалау критерийлері туралы еске асылыңыз.



Бұл – бірнеше сабақ ішінде жүргізілетін оң әрекет. Осы жұмысқа бөлінген уақыт негізінен алдыңғы тәжірибеге және әрбір оқушының ағымдағы дағдылар деңгейіне байланысты болады. Егер мектептер бос программалық қамсыздандыруды пайдаланса, онда жұмыс үйде де орындалады.

Көмек ретінде оқушыларға редактор командалары туралы анықтама ақпарат ұсына аласыз.

Оқушыларға өз программаларын жазу кезінле тұрақты қолдау көрсету қажет. Сондай-ақ өздігінен оқуды және оқушылардың өзара оқуларын ынталандыру қажет.



C/С++, Pascal, Delphi, Lazarus, Python және т.б. тәрізді кез келген кеңінен танымал программалау тілін пайдаланыңыз

http://www.svgimnazia1.grodno.by/sinica/Information_technology/textbook/klass_8/urok_2/index1.htm

http://festival.1september.ru/articles/518118/

7.3.3.2...................

программалаудың жоғары деңгейлі тілінде сызықтық және тармақты алгоритмдер жазу

Құрамды шарттарды программалау

(Ұ, К) Оқушыларды құрамды шарттармен таныстырыңыз.

(Ұ) Құрамды шарттарды іске асыратын жобаның кодын талықыға салуға мүмкіндік беріңіз.

(Т/Ж) Оқушыларға өз жобалары үшін алгоритмдер жазуды сұраңыз. Мүмкіндігінше құрамды шарттарды пайдалануды сұраңыз Оқушылар өз жобаларын не қысқа есеп түрінде,

не презентация түрінде мыналарды түсіндіріп ұсынуы тиіс:

• Жоба тақырыбын таңдау

• Дербес немесе топта әзірледі ме (егер топта жұмыс істесе, өздерінің ерекшеліктері туралы түсіндіру)

• Неліктен олар осы интерфейсті таңдады

• Пайданылған негізгі (мұғалім тізбелеген) және қосымша (мұғалім тізбелеген) командалар мен жазбалар туралы әңгімелеу

• Олар шешімді қалай тесттен өткізгендігі жайлы түсіндіру (оны тестілеу үшін қандай деректер пайдаланылды, тестілеуді кім жүргізді және т.б.)

•Олар программада қандай түзетулер жасады (сәйкесінше жағдайларда скриншоттарды қосуға болады – мысалы, дейінгі және кейінгі бейне).

(Қ) Есептер немесе презентация мәтіндер мен бейнелерден тұруы тиіс (мысалы, сәйкесінше скриншоттар).


Компьютерлерді пайдаланудағы қауіпсіздік пен денсаулық назардан тыс қалуы мүмкін, сондықтан компьютерлік эргономиканың жалпы ережелері барлық курс бойына еске салынуы тиіс. Оқушылар өздері жайлы қарапайым тәсілдермен, әсіресе компьютерлерді, соның ішінде үйде ұзақ уақыт аралығында пайдаланған кезде қам жей алады. Мұғалімдер оқушыларға бірін-бірі компьютерлерді дұрыс пайдаланғаны үшін жұлдызшалармен

марапаттау мүмкіндігін беріп, осыны бағалай алады.

Мұғалімдер мыналарды көрсетіп немесе түсіндіріп, қарапайым қолдау көрсете алады:

  • Нені тестілеу қажет

  • Қандай деректерді пайдалану қажет (егер бар болса)

  • Күтілетін нәтижелер

  • Тестілеу нәтижелері (қажет болғанда скриншоттармен бірге)

  • Енгізілген өзгерістер (егер бар болса)

Оқушыларға жобаны ұсынудың кез келген таңдалған әдісін пайдалануға мүмкіндік беріңіз.



https://ru.wikipedia.org/wiki/

Шиыршықты әдіс





Информатика – Негізгі мектеп – 7-сынып

7.4 А-Бөлім:Нысандар мен оқиғаларды модельдеу

Алдын ала меңгерілуге тиісті білімдер

Қолданбалы программалық қамсыздандырумен жұмыс дағдысының болуы, құжатқа бейне енгізе алу.

Мәнмәтін

Осы бөлім шынайы әлем нысандарын графикалық модельдеуге, өз идеяларын ұсына білулеріне арналады.

Осы бөлімдегі (пәннің мақсаттары) тілдік мақсаттар

Оқушыларға академиялық тілге сәйкес тілдік мақсаттың мысалы оқушылар үшін төменде ұсынылған.

Пән бойынша оқыту мақсаты


Оқытудың тілдік мақсаты


Пәнге қатысты лексика және терминология


Диалог құруға / жазылымға қажетті сөздер топтамасы


Оқушылар:

-редактор құралдарын пайдаланып үшөлшемді модельдер құра;

- бейнені редакциялай алады.

Оқушылар:

- өз модельдерін көрсете алады (айту және тыңдау дағдылары).

Үшөлшемді модель

Рендеринг

Әсерлер, өтулер, монтаждау

Әзірленген модель…сәйкес келеді.

Әсер құру үшін … қажет.

Мені модельді …негізінде әзірледім.

Қысқаша шолу

Бұл бөлім оқушыларға үшөлшемді бейнелерді құруға және редакциялауға үйрену мүмкіндігін береді. Сондай-ақ оқушылар әсерлерді, өтулерді, нысандарды енгізуді (дыбыс, бейне, мәтін) пайдалана отырып, бейнені редакциялай алады.