Файл: Реферат таырыбы Электронды оытуды теориялы негіздері Орындаан Серікова Ж. Тексерген Кубентаева С. скемен 2022.docx

ВУЗ: Не указан

Категория: Реферат

Дисциплина: Не указана

Добавлен: 28.03.2024

Просмотров: 12

Скачиваний: 0

ВНИМАНИЕ! Если данный файл нарушает Ваши авторские права, то обязательно сообщите нам.

Қазақстан Республикасының Білім және ғылым министрлігі

Сәрсен Аманжолов атындағы Шығыс Қазақстан университеті
Факультет: IT және жаратылыстану ғылымдары жоғары мектебі

Кафедра: Компьютерлік үлгілеу және ақпараттық технологиялар» кафедрасы

Мамандық: 6В01501 Информатика


РЕФЕРАТ

Тақырыбы: Электронды оқытудың теориялық негіздері

Орындаған: Серікова Ж.

Тексерген: Кубентаева С.


Өскемен 2022
Мазмұны
Кіріспе....................................................................................................3

  1. Негізгі бөлім

1.1 Электронды оқулықты пайдалану...............………………...…5

1.2 Электронды оқулық құрудың жолдары………………………7

  1. Visual Basic тілінде программалау негіздері

    1. Visual Basic тілінде программалау түсінігі..................................9

3.«E-learning» электронды оқыту жүйесінің мақсаты....................11

Қорытынды............................................................................................15

Қолданылған әдебиеттер......................................................................17

Кіріспе

Жұмыстың өзектілігі: Қоғамды ақпараттандыру ғылыми техникалық прогресс жетістіктерінің күнделікті тұрмысқа ауқымды енуінің нәтижесі, яғни адам өміріне іс - әрекеттің интеллектуальды түрлерінің жан – жақты әсер етуі мен ролінің жоғарлауына байланысты обьективті процесс. Осы уақытқа дейінгі білім беру саласында тек мұғалімнің айтқандарын немесе оқулықты пайдалану қазіргі заман талабын қанағаттандырмайды. Сондықтан қазіргі ақпараттандыру қоғамында электрондық оқулықтарды пайдаланбай алға жылжу мүмкін емес .

Қазақстан Республикасындағы ақпараттандыру жүйесін ары қарай дамыту процесін оқып үйренудің ақпараттық ресурсы болып табылатын оқытуға арналған программалық құралдардын дайындамай жүзеге асыру мүмкін емес. Олардың атқаратын қызметтерінің де ауқымы кең, мысалы, бақылайтын және тест жүргізетін программалар, компьютерлік ойындар, ақпараттық жүйелер, оқыту орталары, электрондық оқулықтар және мультимедиалық программалар. Қазіргі танда Қазақстан Республикасындағы шаруашылықтардың барлығы жаңа ақпараттандырылған инновациялық технологиялармен жұмыс істеуде.

Соңғы бiр екi жыл жаңа программалардың тасқыны көптеген адамдарға кәсiптiк информациялық технологияларды пайдалана бiлудiң аса қажеттiгiн көрсеттi. Бiздiң қоғамымызда болып жатқан өзгерiстер орта бiлiм беру саласының дамуына да өзгерiстер енгiзуге өз ықпалын тигiзбей қалмады. Қазiргi кезде Қазақстан Республикасының Үкiметi техникамен қайта жабдықтауға, жаңа информациялық технологияларды енгiзуге көп көңiл бөлуде .


кіргізу.
Жұмыстың мақсаты:

  • Электрондық оқулық туралы негізгі түсініктерді қалыптастыру.

  • Электрондық оқулықты құру технологиясы туралы түсініктерді және «VB программалау тілі» бойынша электрондық оқулық құру, яғни осы пәнге нтерактивтілік кіргізу.


Негізгі бөлім

    1. Электронды оқулықты пайдалану


Жаңа ақпараттық технологияларды оқыту үрдісінде қолдану бағыттарының бірі оқытуды жеңілдететін электрондық кітаптар мен әдістемелердің жасалуы. Оқыту үрдісінде электрондық оқулықты пайдаланудағы мақсат пәннің оқу материалын түсіндірудің дидактикалық мүмкіндіктерін жетілдіру болып табылады. Оқытудың компьютерлік технологиясын оқу үрдісіне кеңінен енуі оқушылардың өзіндік және шығармашылық белсенділігінен дамыта отырып, электрондық оқу көмегімен олардың өзіндік жұмыс түрлерін орындауға баулиды. Қазіргі шығарып жатқан электронды оқулықтар дәстүрлі оқулықтардың үлгісі емес, ол кәсіптік оқытудың автоматтандырылған үрдісі болып табылады. Электронды оқулық шығарған өнімнің технологиялық тізбегін анимация арқылы бейнелі түрде қабылдауға мүмкіндік береді. Электронды оқулық мазмұны оқушының интеллектілік қабілетін дамытуға бағытталу қажет және оның мына қасиеттерді қанағаттандыруы жеткілікті: жинақтылық, жүйелілік, көркемділік, жылдамдылық. Электронды оқулықтарда материалдар логикалық байланыста модульдермен берілген әрбір модуль мазмұнына және анықтамалық аппаратына сәйкес құрастырылған.

Электронды оқулықтар жаңа ақпараттық технологиялардың барлық жетістіктерін пайдалану мүмкіндігімен ерекшеленеді, яғни, мәтіндік материалға гиперсілтемелер жасауға, мультимедиалық және басқарылатын анимацияларды пайдалануға дыбысты қосарлап қамтуға, оқушылардың білім деңгейіне бақылау жасауға жағдай бар. Электронды оқулықтың басты мақсаты оқушылардың білім сапасын артыру, мұғалімдерге ғылыми-әдістемелік көмек көрсету. Электрондық оқулық барысында біз дәстүрлі сабақтың ауқымын кеңейтіп, ақпараттың ортаны едәуір жоғарлатып, білім беру үрдісін көру арқылы қабылдауын қамтамасыз етеміз, яғни, бұл басты ерекшелігі және тиімділігі оқушы мен мұғалім арасындағы байланыс көзбен көру арқылы жүргізіледі. Қазіргі кезде көптеген оқу орындарында компьютер мүмкіндіктерін толық пайдалануға арналған электронды оқулық жасауда және республика көлемінде бұл оқулықтарға конкурс жарияланады. Электронды оқулықтың басты ерекшелігі жаңа компьютерлік технологиялардың барлық жетістіктерін пайдалану, мультимедиалық және басқарылатын
анимацияларды пайдалану, дарынды балалармен тұрақты және жүйелі жұмыс істеу мүмкіндігі болып табылады. Электронды оқулық оқу пәнінің негізгі ғылыми мазмұнын қамтитын компьютерлік технологияға негізделген оқыту, бақылау, модельдеу, тестілеу т.б. бағдарламалардың жиынтығы.

Электронды оқулық жай оқулықтарға қарағанда өте тиімді қосымша мүмкіндіктер береді. Атап айтқанда:

  • кері байланысты ақпаратты іздеу мүмкіндіктері біраз уақыт алатын болса, электронды оқулық қажетті материалды тез табуға мүмкіндік береді;

  • жай оқулықтағы ақпаратты іздеу мүмкіндіктері біраз уақыт алатын болса, электронды оқулық қажетті материалды тез табуға мүмкіндік береді.

  • гипермәтінді түсіндірулерге өту барысында уақытты үнемдеуге көмектеседі.

Электронды оқулықтың ерекшеліктері:

  • оқытуды дараландырады;

  • программалық өнімді қамтиды;

  • тың оқу материалын қамтиды;

  • оқытудың тиімділігін арттырады;

  • оқу әрекетінің өнімділігін артырады;

  • білім алушының оқуға деген қызығушылығын және ынтасын арттырады;

  • материалдың ресурстарға кететін шығындарын азайтады;

  • электронды оқулықпен жұмыс істеу сұқбаттық түрде жүргізіледі.

Электрондық оқулық баспасына қойылатын талаптар:

  • титулдық бет;

  • мазмұны;

  • негізгі бөлімі;

  • көмекші құжат және утилиттер.

Электронды оқулық мазмұны төмендегідей негізгі бөлімдерден тұрады:

  • теориялық материалдар және оны сабақ өткізу әдістемелерінен;

  • байланыстыру;

  • жаттығулар немесе есептер;

  • бақылауға араналған немесе тест алуға негізделген материалдар;

  • жеке өз бетінше және топпен жаттығуға арналған сабақтарды өткізу

  • әдістемелері.




    1. Электронды оқулық құрудың жолдары


Дәстүрлі оқулық баспа негізінде 400 жылдық тарихы бар білім беру үрдісінде өзгеріссіз кітап. Ал электрондық оқулық құрудың алғашқы қадамдары персоналды компьютер шыққаннан бастап-ақ жүргізіле бастады. Бірінші дидактикалық тапсырмаларды жасады. Мысалы, 20 ғасырдың 90 жылдарында мектеп бағдарламасында педагогикалық бағдарламалар өңделді. Модельдік экспериментті, тестілеуді, интерактивті шешім қабылдау т.б. фунуциялары шыңдалды. Ары қарайғы аппараттық және бағдарламалық мүмкіндіктері баспа негізіндегі аналогтік оқулық құру болып табылады. Қазіргі кездегі аппараттық және программалық қамсыздандыру өте үлкен деңгейге жетті. Электрондық оқулық құрудың соңғы жабдықтары: мультимедиа, аудио файл, гипермәтін, интерактивтілік.


Мультимедиалық технология ол компьютердің ақпараттық және бағдармалық кешені. Ол ақпараттарды біріктіреді. Әр түрлі формадағы (мәтін, сызба, дыбыс, видео, анимация) интерактивті режимде жұмыс істеуге рұқсат береді. Қарапайым оқулықта ақпарат тек бір мәтінмен сызбада көрсетіледі. Ал электрондық оқулықта мультимедиа технологиясын пайдалануға болады:

  • Электрондық оқулық мәтінінің ашық болуымен, ерекшеленіп сызған қаріп түсін, өлшемін әр түрлі альфавит қорымен, математикалық формулаларды арнайы символдармен, пиктограммаларды пайдалана отырып жасауға болады.

  • Графикалық суреттерді құру өте оңайға түседі (суреттер, фотосуреттер, кесте, кез келген түрлі графика, гистограмма).

  • Ақпарат анықталған блогынан бағытталғанда дыбыстық фон немесе дыбыс сигналын пайдалануға болады (суретке, басқару нүктесіне). Автономды немесе интерактивті режимде дыбыстық бейнелерді динамикалық үрдісте беруге болады.

  • Видео бейнелерді көп рет пайдалануға болады. Соның ішінде видеоматериалдарды білім берудегі дайын магниттік тасушыларда немесе фотопленкада болса.

  • Мультимедиалық технология анимацияларды, суреттерді тірілтуге мәтіндерді т.б. оқу объектісін пайдалануға мүмкіндік береді.

WEB-те көріністермен қатар аудиофайлдар мен бейнеклиптер де маңызды роль атқарады. Кез-келген WEB-торап барлық ақпаратты беретін, барлық төрт құралын да бір парақта біріктіре алады.
2.Visual Basic тілінде программалау негіздері
Visual Basic тілі өте мықты тілдердің біреуі, бұл тіл арқылы кез-келген программалау мәселесін шешуге болады. Ол үшін бұл тілді жете меңгеру керек. Бұл тілді жақсы білген программист өзін-өзі жоғары деп сезінуіне болады.

Visual Basic тілін компьютерге орнату үшін компакт-дискідегі файлдардың ішінен Setup программасын таңдап алу керек. Бұл тілмен қоса программаның құжаттарын, анықтамаларын және көптеген мысалдарын да жазып алуға болады.

Setup программасын іске қосқанда, ол өзіне керекті каталогты құрып алады, одан кейін программист өзінің жұмысына қажетті, керекті компонентін таңдап алуына болады, егер сіз кез-келген бір компонентін орнатуға ұмытып кетсеңіз бүкіл программаны өшіру қажет емес, ол үшін компакт дискіні CD ROM-ға салып толықтырып алуға болады.

Visual Basic тілінің көмегімен тез әрі оңай Windows жүйесіне арналған қосымшалар құруға болады. Бұдан пайдаланушылардың Windows ортасында жақсы программа құрушы немесе жаңа үйренуші болуына қатаң талап қойылмайды. Visual Basic тілі көптеген пайдалы саймандар көмегімен программа құрушының жұмысын жеңілдетеді. Олар: жобалар, формалар, объектілер, шаблондар, стандартты емес басқарушы элементтер. Сонымен қатар, программа құрушының жұмысын жеңілдететін интегралдық саймандар бар.


Қазіргі кезде бірнеше жүзден астам командалар мен функциялар және қызметші сөздер бар. Олардың көпшілігі Windows жүйесін пайдаланудағы графикалық интерфейспен тығыз байланысты. Жаңадан үйренушінің өзінде бірнеше қызметші сөздерді білгеннің өзінде-ақ бірталай көріністер жасай алады. Ал маманданған программа құрушыларға күрделі есептерді шешу үшін мүмкіндік мол.
2.1 Visual Basic тілінде программалау түсінігі
Экранда көрінген барлық объектілер мен саймандарды тышқанның оң жақ батырмасын басу арқылы да басқаруға болады.

Visual Basic тілін компьютерге алғаш жүктегенде Project Wizard-тың New Project – сұхбат терезесі ашылады.

Бұл жерде бірнеше типтік проектілі шаблонның біреуін таңдауға болады. Терезе үш бөлімнен тұрады: New (Жаңа Жобалар), Existing (Бар Жобалар) және Recent (Алдында ғана қолданылған Жобалар).

Егер пайдаланушы New бөлімін таңдаса, Visual Basic тілінің бастама қосымшасын көре алады.

Existing бөлімінде бұрыннан бар Жобаларды таңдауға болады. Бұл Visual Basic-тің құрамына кіретін мысалдар немесе алдын – ала жұмыс істелінген Жобалар болуы мүмкін. Visual Basic тілінде программа құру үшін осы бөлімдегі айтылған мәселелерге баса назар аудару қажет.

Recent бөлімі алдында қолданылған Жобаның біреуін таңдауға мүмкіндік береді. Ол Existing бөліміне ұқсас Recent бөлімінде соңғы уақытта жұмыс істеген Жобаларды көруге болады.

Visual Basic тілінің ең маңызды ортасы – IDE – интегралды ортасы. Онда функциялар жиыны біріктірілген. Сонымен бірге түзету, қатені тексеру, тоқтату жұмыстары бір ортада жүргізіледі, ал саймандар бірігіп жұмыс істеу интегралды ортасын құрайды. (IDE, Integrated Development Environment).

IDE мынадай бірнеше компоненттерден тұрады:

∙ Бас меню;

∙ Саймандар қатары (тақтасы);

∙ Жоба терезесі;

∙ Қасиеттер терезесі;

∙ Басқару элементтері тақтасы;

∙ Форма конструкторы.

Бас меню: Бас меню Visual Basic терезесінің жоғарғы жағында орналасқан. Ол Windows қосымшаларының меню қатарына ұқсас. Бас менюмен жұмыс істеу ортасында программа құру үшін көп мүмкіндік береді. Оның сол жағында ең бірінші File менюі орналасқан. Ол файлдармен жұмыс істеу арқылы қосымша құруға арналған. Онда жаңа файл құру, бұрын құрылған файлды ашу, баспаға шығару және Жобаны сақтау жұмыстары атқарылады.

Саймандер тақтасы: Visual Basic тілінде бас менюдің астында саймандар тақтасы орналасқан. Ол ең қажетті командаларды тез орындауға ыңғайлы. Егер тышқан курсорын сайман белгісіне алып барсақ, ол кішкене көтеріледі де, сол сайман жөнінде мағлұмат береді.