Файл: Реферат таырыбы Электронды оытуды теориялы негіздері Орындаан Серікова Ж. Тексерген Кубентаева С. скемен 2022.docx

ВУЗ: Не указан

Категория: Реферат

Дисциплина: Не указана

Добавлен: 28.03.2024

Просмотров: 14

Скачиваний: 0

ВНИМАНИЕ! Если данный файл нарушает Ваши авторские права, то обязательно сообщите нам.
E-learning (қысқаша ағылш. Electronic Learning) — электронды оқыту жүйесі, электронды оқыту, қашықтықтан оқыту, компьютерді қолдана отырып оқыту, желілік оқыту, виртуалды оқыту, ақпараттық, электрондық технологиялардың көмегімен оқыту сияқты терминдердің синонимі. 
Юнеско мамандарының берген келесі анықтамасы бар: «е-Learning –Интернет пен мультимедиа көмегімен оқыту».
Бірнеше мағынасы болу мүмкін:

  1. Дербес компьютерді, ұялы телефонды, DVD-ойнатқышты, теледидарды  пайдалана отырып  электрондық құжаттармен өзіндік жұмыс жасау;

  2. Шалғай жердегі экспертіңнен (мұғалімнен) ақыл-кеңес, баға алу, қашықтықтан әрекеттесу мүмкіндігі;

  3. Жалпы бір виртуалды оқу қызметін жүргізетін әр жердегі (әлеуметтік желілердің) пайдаланушыларының қоғамын құру;

  4. Электронды оқу құжаттарын уақытылы тәулік бойы жеткізу;

  5. Электронды оқу құжаттарына және технологияларына, қашықтықтан оқыту құралдарына арнайы стандарттар мен сертификаттар

  6. Инновациялық педагогикалық технологияларды меңгеру және таныстыру, оны мұғалімдерге тарату;

  7. Оқу веб-ресурстарын дамыту мүмкіндіктері;

  8. Әлемнің әр жерінен кез-келген жерден, кез-келген уақытта заманауи білім алу мүмкіндігі.

Қазақстан Республикасы «Білім туралы» Заңының 8-бабында «Білім беру жүйесінің басты міндеттерінің бірі – оқытудың жаңа технологияларын енгізу, білім беруді ақпараттандыру, халықаралық ғаламдық коммуникациялық желілерге шығу» деп атап көрсеткен. Н.Ә. Назарбаев жолдауында айтқандай: «Болашақта өркениетті дамыған елдердің қатарына ену үшін заман талабына сай білім қажет. Қазақстанды дамыған 50 елдің қатарына жеткізетін, терезесін тең ететін – білім». Сондықтан, қазіргі даму кезеңі білім беру жүйесінің алдында оқыту үрдісінің технологияландыру мәселесін қойып отыр. Оқытудың әртүрлі технологиялары сарапталып, жаңашыл педагогтардың іс – тәжірибесіне, мектеп өміріне енуде. E-learnіng жүйесі бүгінгі таңда әлемнің көптеген елдерінің білім беру жүйесіне үлкен қарқынмен енгізіліп жатқан алдыңғы қатарлы үлгілердің бірі болып табылады. Электронды білім беру бойынша жүзеге асырылатын ауқымды жоба Қазақстанның білім беру жүйесін ақпараттандырудағы серпіліс болады деген сенімдемін.

Қорытынды

Қазiргi заманғы жаңа технологияларды, оның iшiндегi электрондық оқулықтарды пайдалану оқушылардың ақпаратпен жұмыс iстей бiлуiн қалыптастырады.

Электрондық оқулық – ол өзінің мектеп қабырғасында жүрген жылдарында өздігінен білімін толықтырып отыруға және мақсатты түрде бітіру емтихандарына дайындауға мүмкіндік беретін ақпарат көзі. Ал мұғалімдер үшін ол өзінің педагогикалық тәжірибесі арқылы толықтырып және дамытып отыруға болатын ашық әдістемелік жүйе.


Электрондық оқулықтармен оқыту жүйесiнiң сапасын арттырумен қатар бiрқатар пайдалы жақтары бар.

Біріншіден, әр оқушы өзiне тән қарқынмен деңгейiнде жұмыс жүргiзедi. Қойылған мақсатқа жету үшiн қажеттi төзiмдiлiктi қалыптастырады.

Екіншіден, оқушы өз еңбегiнiң нәтижесiн көрiп өзiн - өзi бағалайды. Өз бетiмен жұмыс iстеу оқушының бiлiмiне әсер етпей, мiнез-құлқына зор ықпалын тигiзедi.

Оқушыларды тиянақтылыққа, бастаған iсiн жемiстi аяқтауға тәрбиелейдi. Жауапкершiлiгi оятады. Бұл өз ретiнде оқушының iзденiмпаздылығын, шығармашылық қабiлетiн дамытады.

Электрондық оқулықтың тиiмдiлiгi мынада:

  • оқушы арнайы бағдарламамен жұмыс iстейдi;

  • оқушы бiлiмi компьютерлiк жүйе арқылы бағаланады;

  • иллюстрациялық әдiс көп қолданылады;

  • қисынды ойлау жүйесiнiң дамуына түрткi болады;

  • берiлген тапсырмаға деген қызығушылығы артады.

Электронды оқулықтың нәтижелілігі мынада:

  • тез арада қайтарма байланыс болуын қамтамасыз етеді(интереактивті қасиеті);

  • қажетті ақпараттық материалдарды жылдам тауып алуға мүмкіндік береді;

  • гипермәтіндік түсіндіруден жан-жақты ақпараттық материалдар алады;

  • әрбір жеке тұлғаның, білімін, білік іскерлігін әрбір тараулар бойынша тексеруге, бағалауға мүмкіндік береді;

Электронды оқулықты мынандай жағдайларға қолдануға болады:

  • теориялық материалды өз бетімен оқып үйренуге, зерттеуге мүмкіндік береді;

  • сабақты иллюстрациялық материал ретінде жабдықтауда көмектеседі;

  • сабақта және сабақтан тыс уақытта өз бетімен әртүрлі деңгейлі, шығармашылық тапсырмалар орындауға мүмкіндік береді;

  • емтиханға дайындық кезеңдерінде пайдаланылады.


Болашақ мұғалімдерді кәсіптік дайындауда электронды оқулықты қолдану өте тиімді. Оқушылар өздерінің білім көлемін өз бетімен толықтырып, емтихан материалдарына дайындалады және ақпараттық білім арқылы танымдық ойлау қабілеттіліктерін дамытады. Ал оқушылар үшін ашық әдістемелік жүйе, өзінің іс-тәжірибесінің жинақталуына, шығармашылық ізденістері негізінде оқулықты толықтырып, дамытып, жетілдіруге мүмкіндік береді. Электронды оқыту белсенді дүниетанымын және өзіндік жұмыс аясын кеңейтеді, оқыту үрдісін саралауға, жан-жақты ақпараттандыруға, білім мазмұнын ізгілендіруге көмектеседі.

Қазақстанда оқыту ісін ақпараттандыру білім беру сапасын көтереді, оқушылардың әдістемелік өсу деңгейін қамтамасыз етеді. Орта арнаулы оқу орындарында болашақ мұғалімдерді кәсіптік дайындық сапасын арттыруға және оқу – танымдық үрдісін ақпараттандыру арқылы жандандыруға мүмкіндік аламыз.


Қорыта келгенде, электрондық оқулықтарды қолдану барысында оқушылардың сабаққа деген қызығушылығының күрт артатындығы байқалады. Сондай-ақ мұғалімдерге де өздеріне қажетті әдістемелік, дидактикалық көмекші құралдарды молынан ала алады. Заман талабына сай жас ұрпаққа сапалы білім беруде электрондық оқулықтарды сабаққа пайдалану - оқытудың жаңа технологиясының бір түрі ретінде қарастыруға болады. Ой-өрісі дамыған, шетелдік білім жүйесінен қалыспайтын жас ұрпаққа білім беру жолындағы ортақ міндетті өз мәнінде жүргізу үшін, бір-бірімізбен тәжірибе алмасып, кемшілік-жетістіктерді айтып отырсақ жұмысымыз өнімді, анық болады. Web-беттер арқылы жасалған оқу құралы практика жүзінде тексеріліп, пайдаланылды және өзінің жұмысқа жарамдылығы дәлелденді. Сондықтан алға қойылған міндеттер енгізіліп, тапсырма толығымен орындалды деп есептеймін.

Пайдаланылған әдебиеттер тізімі

  1. Білім заңы. Алматы, 2010 ж.

  2. Қазақстан Республикасының бiлiм беру жүйесiн 2020 жылға дейiн дамытудың Мемлекеттiк бағдарламасы

  3. «Ақпараттық технология және қашықтықтан оқыту» Мұхамбетжанова С.Т. п.ғ.к., ББЖКБАРИ

  4. А.Иманбаева, Оқу-тәрбие үрдісін ақпараттандыру ділгірлігі. Қазақстан мектебі, №2, 2000

  5. Орта мектеп жаршысы. Республикалық оқу-әдістеме журналы, № 2, 3, 2011 ж.

  6. Оқыту –тәрбиелеу технологиясы  Республикалық ғылыми-әдістемелік журнал, №3, 2010ж.

  7. Журнал «Информатика и образование»,   № 7 -2006ж.  (41-45 б)

  8. Журнал «Информатика и образование»,        № 2 -2006ж. (49-57 б)

  9. Журнал «Информатика негіздері» № 1 – 2005 ж  (11-14 б)

  10. Журнал «Мектеп» № 11      (6 бет)

  11. Қазақстан және ТМД елдеріндегі   білім беруді ақпараттандырудың IV Халықаралық форумының ғылыми мақалалар жинағы   (18-19 бет.  38-39 бет. 118-119 бет.   460-461 бет).

  12. Мұхамбетжанова С.Т. Толықбаева Ғ.Н., Жартынова Ж.Ә. 
    Электрондық оқыту бойынша мониторингінің жүргізу әдістемелік құралы. Алматы 2011 

  13. Семченко А.А. Мұхамбетжанова С.Т.  Толықбаева Ғ.Н. Жартынова Ж.А. Коровина С. В.Объектіге бағдарланған «MOODLE» ортасы арқылы білім контенттерін жасау. Алматы 2011 

  14. Электрондық оқулық.