Файл: Реферат таырыбы Электронды оытуды теориялы негіздері Орындаан Серікова Ж. Тексерген Кубентаева С. скемен 2022.docx

ВУЗ: Не указан

Категория: Реферат

Дисциплина: Не указана

Добавлен: 28.03.2024

Просмотров: 13

Скачиваний: 0

ВНИМАНИЕ! Если данный файл нарушает Ваши авторские права, то обязательно сообщите нам.


Жоба терезесі: Экранның оң жағында Жоба терезесі бекітілген. Ол әртүрлі құрушы жобадан ақпаратты тез алуға арналған – формалардан, кластардан, модульдерден тұрады. Қосымшаны құрайтын барлық объектілер Жобада біріктірілген.

Қасиеттер терезесі: Жоба терезесінің астында орналасқан. Әрбір форма қосымшадағы объект ретінде саналады, ал әрбір элемент осы формадағы объект деп есептеледі. Барлық объектілердің өзіндік атрибуттары, яғни қасиеттері бар. Кейбір атрибуттар объектінің сыртқы түрін ғана емес орналасу тәртібін де өзгертеді. Объектілердің қасиеттерін өзгерту осы терезеде жүзеге асырылады.

Басқару элементтер тақтасы: Бұл терезеде қосымша интерфейсін құруға арналған негізгі компоненттер орналасқан.

Форма Visual Basic программасындағы ең басты элемент. Бұл терезеде программа құру кезіндегі негізгі әрекеттер орындалады.

Басқару элементтері дегеніміз форма бетіне орналастырылатын обьектілер болып табылады. Бұл обьектілердің өзіне тән қасиеттері мен әдістері бар. Элемент қасиеті оның сыртқы түрін анықтайды (орналасуы, түсі, көлемі және т.б.). Қасиетті жобалау кезінде де, программаның орындалуы кезінде де өзгертуге болады. Әдістер дегеніміз программаның орындалуы кезіндегі обьектінің қызметін анықтайтын процедуралар. Барлық басқару элементтеріне тән келесі қасиеттер белгілі:

- Name – программада сілтеме жасауға арналған объект аты, оны программаның орындалу барысында өзгертуге болмайды;

- Caption – басқару элементінің тақырыбы;

- Left – басқару элементінің, форманың немесе рамканың сол жақ шетіне қатысты орналасуы;

- Top – басқару элементінің, форманың немесе рамканың жоғарғы шетіне қатысты орналасуы;

- Heigth – басқару элементінің биіктігі;

- Width – басқару элементінің ені;

- Visible – басқару элементінің экранда көрінуі, екі мәнге ие – true және false.

Сонымен қатар, көптеген басқару элементіне ортақ әдістер мыналар:

Click – басқару элементін бір рет шерту;

DblClick – басқару элементін екі рет шерту;

Move – басқару элементінің формада орын ауыстыруы;

Drag – басқару элементін жылжыту.

Енді жиі қолданылатын басқару элементтерін қарастырайық:

  • CommandButton

  • TextBox

  • Label

  • Frame

  • CheckBox

  • OptionButton

  • ListBox

  • ComboBox


Енді қарапайым қосымша құру мысалын қарастырайық. Visual Basic тілін компьютерге алғаш жүктегенде Project Wizard-тың New Project – сұхбат терезесі ашылады.

Бұл жерде бірнеше типтік проектілі шаблонның біреуін таңдауға болады. Терезе үш бөлімнен тұрады: New (Жаңа Жобалар), Existing (Бар Жобалар) және Recent (Алдында ғана қолданылған Жобалар).


Егер пайдаланушы New бөлімін таңдаса, Visual Basic тілінің бастама қосымшасын көре алады. Бұл жерден Standart.exe таңдаймыз. Visual Basic тілінің ең маңызды ортасы – IDE – интегралды ортасы ашылады. Мұндағы ең негізгі терезе – форма болып табылады. Форма бетіне басқару элементтер тақтасынан элементтер алып орналастыруға болады. Әрбір элементтің өзіне тән қасиеттері, әдістері және оқиғалары бар. Элемент қасиетін қасиеттер терезесінде өзгертуге болады. Қосымшаны құрып болған соң оны сақтау қажет. Ол үшін Файл – сохранить проект как командаларын орындаймыз. Алдымен форма файлы, одан соң проект файлы сақталады.

Мәліметтік жүйе дегеніміз кез келген қиналған жерде анықтамасын береді. Бұл жүйе негізгі 4 бөлімнен тұрады:

  1. What`s New in Visual Bаsic 6.0 (Бұл программаның қандай жаңалығы бар)? Бұл бөлімде Visual Bаsic-те қандай жаңалық және жаңартылған мүмкіншіліктері бар екенін тез арада анықтауға болады. Бөлімшелер ретінде орналасқан 200-ден астам сілтемелер бар, толық ақпаратты қабылдау үшін.

  2. Find It Fast (Жедел іздеу). Анықтаманың бұл бөлімі пәндік аймақта қолданылады. Бұл бөлімшедегі сілтемелер іздеуді жеңілдетеді.

  3. Overview topics (Қашқын шолу). Бұл анықтаманың бөлімшесі анықтама немесе кітаптың бөлімшелеріне қысқаша шолу жасауға мүмкіндік береді, керекті бөлімшені оқымастан бұрын.

  4. See Also Links (Тағыда сілтемелерге қара). See Also Links батырмасын басқанда, тақырыптың астында орналасқан, тақырыптардың атауларын шығарады, бұл тақырыпқа қатысты толықтырылған ақпаратты қабылдап алуға болады.

Windows басты мәзірінен программаны жүктеу үшін келесі команданы орындау қажет:

Экран бетіндегі төменгі жағындағы «ПУСК» батырмасын басамыз.

Ашылған мәзірден «ВСЕ ПРОГРАММЫ» батырмасын таңдаймыз.

Microsoft Visual Basic 6.0 таңдап алып басамыз.

Егер сізге тез жүктелетін Visual Basic6.0 программасы қажет болса, онда экран бетіндегі "жұмыс столына" Visual Basic6.0 белгісін шығарып қоюға болады. Visual Basic6.0 жүктеген кезде экран бетіне диалогты терезе ашылады New Project(жаңа проект) таңдаймыз, құру мастерін немесе алдында құрылған
проектіге шығуға болады. Бұл терезе келесі қосымшадан тұрады Сурет 1.:

Сурет 1. Диалогтық терезе. Мастердің жаңа жобасы.

1. New (жаңа жобалар) – жаңа проект құру үшін арналған, шаблондары және мастерларды қамтиды.

2. Existing (бар жобалар) – Visual Basic 6.0 ұсынылған мысалдағы проектілерді және алдындағы сақталған проектілерді осы жерден табуға болады.

3. Recent (жақында қолданылған жобалар) - соңғы уақытта ашылған проектілердің тізімін сақтайды. Жаңа поект құру үшін New қосындысы қолданылады. Ол жерде келесі түрдегі проект шаблонын таңдап алуға болады.
VB программалау тіліне құрылған электрондық оқулық




Жұмыстың жобасының алғашқы беті «Қолданушыны таңдау терезесінен» бастап ашылады. Мысалы: Сурет 2. Жоба Visual Basic программалау тілін студенттің немесе оқушының өз бетімен меңгеру үшін жасалған оқытушыларға көмекші құрал ретінде жасалған электрондық оқулық. Электрондық оқулық тармақталған алгоритм бойынша оқыту әдісі негізінде құралған.

Сурет 2. Қолданушыны таңдау терезесі

«Қолданушыны таңдау терезесінде» бағдарлама авторы батырмасы автор туралы мәлімет береді. Сурет 2. Бағдарлама авторы

Алғашқы беттегі келесі элемент тіркелуге шақыру жолы. Егер қолданушы оқулық пен танысқысы келсе міндетті түрде тіркелуден өтуі керек.


Сурет 3. Тіркелуге шақыру жолы.

Оқулықпен танысу үшін қолданушы төмендегі жолдарға мәліметтер енгізуі керек. Енгізілетін символдарға ешқандай ереже қойылмаған, сондықтан кез-келген символдарды пайдалануға болады.

Сурет 4. Қолданушыны тіркеу терезесі.

Арнайы жолдар толтырылғаннан кейін төмендегі екі батырма арқылы сақтауға немесе кері қайтуға болады.




Сурет 5. Қоланушы атын сақтау немесе қайтару батырмасы.

Егер бұрын соңды бұл оқулықпен жұмыс жасаған қолданушыға, тіркелу процесінен аттап, бірден сақталған мәліметтердің ішінен аты-жөнін тауып, жасырын сөзді енгізу арқылы оқулықтың қай парағында тоқтады, сол парақтан бастап жалғастырып оқуға болады.

Осы тізбектерден өткеннен кейін оқулық ашылады. Ашылған терезеде қолданушының аты-жөні, тақырып нөмірі, ағымдағы тақырып нөмірі кестеде белгіленіп тұрады, 1-ші тақырып бойынша ақпарат және теориялық материал толықтай оқылып, меңгерілгеннен кейін, қолданушының білімін тексеру тест сұрақтарынан тұрады.

Енді осы бөлімдерге тоқталайық. Беттің жоғарғы бөлімінде он бес тақырып нөмірлері кестеге салынған, ағымдағы нөмір белгіленген. Тақырыптың жанында оның деңгейі көрсетілген. Кез-келген тақырып а және б деңгейден

тұрады, тест сұрақтарын көру батырмасы бар.

Төменгі бөлімде тақырыпқа сай теориялық материалдар жинағы орналастырылады. Бетті жылжыту элеметтері арқылы аталмыш материалдармен толық танысуға болады.
3.«E-learning» электронды оқыту жүйесінің мақсаты.

    Е-Learning электрондық оқыту жүйесі - Қазақстан Республикасында білім беруді дамытудың мемлекеттік бағдарламасына қосылған ауқымды мемлекеттік жоба.

Жобаның негізгі мақсаты - үздік білім ресурстары мен технологияларға білім беру процесінің барлық қатысушыларына тең қолжетімділікті қамтамасыз ету.
   Мақсаттары:
  • мазмұнды және оқыту технологиясын жаңарту негізінде орта білім берудің сапасын елеулі арттыру;

  • байланыстың және цифрлық технологиялардың заманауи құралдары мүмкіншіліктерін пайдаланумен оқу процесіне қатысушылар үшін сапалы білім беру қызметтерін дамыту;

  • оқытудың жаңа құралдарын енгізу есебінен білім беру ресурстарына қолжетімділіктің тең жағдайларын қамтамасыз ету.


3.«E-learning» электронды оқыту жүйесінің мақсаты

Е-Learning ұсынатын мүмкіндіктерге келетін болсақ, онда олардың шегі жоқ. Білім алу кеңістігі өзінің атымен-ақ бәрін айтады – Интернет, Жаһандық желі, Бүкіләлемдік тор және т.б.


Біріншіден, e-Learning – білім беру контентін әр түрлі жастағы адамдарға алуға мүмкіндік береді. E-Learning – өзінің білім деңгейін жоғарлатамын деген кез-келген адамға жақсы құрал болып табылады.

Екіншіден,  e-Learning – коммуникация. Интернет әлемі және Медиа – бұл 24/7 деген шексіз коммуникация. Қашықтықтан оқытудың тағы бір басымдығы осында жатыр, қалаған уақытта, қалаған жерде.

Үшіншіден, e-Learning дәстүрлі оқытуға қарағанда арзанырақ. Қол жетімді мәліметтерге сүйенсек, «онлайн-сабақтар» аудиториялық сабақтарға қарағанда 2-3 есе арзан.

Төртіншіден, e-Learning – ірі ақпараттық орта. Бір уақытта, бірнеше университетте білім алуға болады.

Бесіншіден, e-Learning – әрқашан қазіргі заманғы технологиялармен бірге өмір кешу, ол XXI ғасырдағы адамдардың маңызды аспектісі болып табылады.

Е-Learning-ті бүкіл әлем талқылайды. Саммиттер, конференциялар ұйымдастырылып, шексіз келіссөздер мен талқылаулар жүргізіледі. Географиялық орналасуына еш шектеу қойылмайтын, жаһандық бірегей халықаралық жобаларға қатысуына барлық адамдар бірдей мүмкіндік алады, міне нағыз перспектива.

Біліктілік деңгейін жоғарлату Е-Learning жүйесінің дамуының тағы бір маңызды пункті. Қашықтан оқыту құралдары жетіліп отырылады. Осыдан мына тәуелділікті аңғаруға болады: ұсынылған оқудың сапасы жоғарлаған сайын, оны оқитындардың да біліктілігі жоғарлайды. Е-Learning шынымен де адамзат тарихындағы жаһандық және маңызды құбылыс. Адамзат ірі корпорацияларда қызмет істеуге, өз бизнестерін ашуға және қазіргі замандағы қоғамда жай ғана жақсы өмір сүруге өз көмегін тигізетін білім деңгейін көтеруге, әр кез ынтазар. «Е-learning – оқу процесін сапалы ұйымдастыру үшін компьютерлік технологияларды құрылымдас мақсатты бағытпен қолдану» және «Е-learning – Интернет және мультимедиа көмегімен электрондық оқыту форматында білім алуға негізделген жаңа білім жобасы» деген тұжырымдамамен бастағым келеді. Білім беруді ақпараттандырудың жаңа кезеңі е-learning – электронды оқытуды енгізумен байланысты. E-learning – білімді дамытудың және көптеген дамыған елдерде экономиканы көтерудің негізгі құралы болып отыр. Е-Learning – бұл оқу үрдісін ұйымдастырудағы халықаралық стандарттар мен принциптерін қолдайтын, барлық заманауи талаптарға сәйкес келетін, электронды және қашықтықтан оқыту. Оқытудың аталмыш жүйесі білім беру саласын түбегейлі өзгертеді. Яғни, мұғалім мен оқушының арасындағы байланыс өзгереді. Мәселен, «Мұғалім ақпараттық коммуникациялық техникалармен қаншалықты жұмыс істей алады, ұстаз бен оқушының арасындағы байланыс өзгере ме?» деген сұрақтарға жауап аламыз. Ақпараттық технологиялардың арқасында сабақ беру әдісі жаңаланып, білім беру үрдісіне қатысушылардың міндеті өзгереді. Электронды оқыту жүйесі ұстаздарға білім берудегі жаңа бағытты үйретеді. Оның үстіне, Қазақстанда электронды оқыту жүйесін енгізу арқылы ЮНЕСКО-ның «барлығына қолжетімді білім беру» және «бүкіл өмір бойына білім алу» сияқты ХХІ ғасырдағы білім беру негізі жүзеге асырылады. Электронды оқыту жүйесі - білім берудің барлық деңгейін қамтитын жалпы жүйелік әдістемені айқындайтын бірден-бір жаңа бағыт. Сондықтан электронды оқыту жүйесінің бүгінгі білім беру саласына берері мол. Қазіргі таңда E-learning электронды білім беру көп елдердің білім жүйесіне қарқынды еңгізіліп отырған  оқытудың озық формаларының бірі болып келе жатыр. Қазақстан Республикасында электронды оқыту білім жүйесінің инновациялық дамуының басты бағыттарының бірі болып есептеледі.  Әлемдік тәжірибелердің көрсеткіштері бойынша е-learning жүйесі білім беруді модернизациялаудың басты құралдарының бірі екендігін айқындайды. Электронды білім беру кең ауқымды жобасының жүзеге асуы Қазақстан Республикасының білім беру жүйесінің ақпараттандыру мақсатына үлкен жол ашпақ.