Файл: 472 бйрыы бойынша жасалан мж келесі бетт.docx

ВУЗ: Не указан

Категория: Не указан

Дисциплина: Не указана

Добавлен: 28.03.2024

Просмотров: 15

Скачиваний: 0

ВНИМАНИЕ! Если данный файл нарушает Ваши авторские права, то обязательно сообщите нам.



Қысқа мерзімді жоспар

Сабақтың тақырыбы: Толқындық қозғалыс


Бөлімі:

9.3 В Тербелістер мен толқындар

Педагогтің аты-жөні:




Күні:




Сыныбы:

Қатысушылар саны: Қатыспағандар саны:

Сабақтың тақырыбы:

Толқындық қозғалыс

Оқу бағдарламасына сәйкес оқу мақсаты

9.2.5.12 толқын жылдамдығы, жиілігі және толқын ұзындығы формулаларын есеп шығаруда қолдану; 
9.2.5.13 көлденең және бойлық толқындарды салыстыру


Сабақтың мақсаты:

Барлық оқушылар істей алады: Толқындық қозғалыс туралы мәліметтерді біледі

Көптеген оқушылар істей алады: Толқындық қозғалыстың түрлері және оларды сипаттайтын шамаларды біледі

Кейбір оқушылар істей алады: Толқын жылдамдығы, жиілігі және толқын ұзындығы формулаларын есеп шығаруда қолданады



Сабақтың барысы:

Сабақ кезеңі/

Уақыты

Педагогтің іс-әрекеті

Оқушының іс-әрекеті

Бағалау

Ресурстар

Сабақтың басы

10 минут



Оқушылармен сәлемдесу, оқушыларды түгелдеу. Оқушылардың сабаққа дайындығын тексеру. Оқушылардың назарын сабаққа аудару.

Толқын дегеніміз не ?

Толқынның қандай түрлерін білесіңдер ?

Толқынды қайда кездестіресіңдер ?

Үй тапсырмасын сұрау :,,Миға шабуыл,,

1. Маятниктің түрлерін атаңыз.?

2.Математикалық маятник деп нені айтады .?

3.Серіппелі маятник деп нені айтамыз .?

4.Математикалық маятниктің тербеліс периоды неге тең.?

5.Маятник қай жерлерде пайдаланылады?

,,Микрофон,, әдісі арқылы бағалау

Оқушылар өткен тақырып сұрақтарына жылдам жауап беріп, бүгінгі тақырыппен танысады.

Бағалау критерийлері

көлденең және бойлық толқындардың анықтамасын біледі.

көлденең және бойлық толқындарды салыстырады.

толқын жылдамдығы, жиілігі және толқын ұзындығы формулаларын есеп шығаруда қолданады.

Дескриптор:

- толқын анықтамасын біледі

-толқын түрлерін біледі

- толқын кездесетін ортаны біледі

Оқулық

Слайд


Сабақтың ортасы
20 минут


Жаңа тақырып

1. Қыз көпірдің үстінде тұрып суға кіші тасты тастады. 1.1-суретті қараңыз.



1.1-сурет

(а) Тас су бетіне Х нүктеде түседі. 1.2-суретте тас суға түскеннен кейін 0,1 cекунд уақыттан соңғы толқын шебі (фронты) көрсетілген.

(і) Толқынның таралу жылдамдығы 5 см/с. 0,3 с уақытта толқын қандай қашықтыққа таралатынын есептеңіз.

(іі) 1.2-суретте көрсетілген толқын шебінен 0,3 секунд уақыт өткеннен кейінгі толқын шебін сызыңыз.



сурет 1.2



Дискрипторлар

1. Есептің берілгенін дұрыс жазады. (ХБЖ айналдыру)

2. Қажетті формуланы дұрыс қолданады.

3. Есепетеу жолын дұрыс жүргізеді.

4. Жауабын дұрыс жазады.




Толқынды модельдеу:

http://phet.colorado.edu/sims/wave-on-a-string/wave-on-a-string_en.html

Толқындар туралы интерактивті бейнебаян:

http://www.bbc.co.uk/schools/gcsebitesize/science/aqa_pre_2011/radiation/anintroductiontowavesact.shtml


Сабақтың соңы.

10мин


Рефлекция

Бағалау



Бүгінгі сaбaқ кызықты болды мa?


Не ұнaды?

Неліктен?








-§33 Тақырып соңындағы сұрақтарға жауап жазу.28-жаттығу есептерін шығару

Сабақты қорытындылау барысында оқушылар өз ойларын үлестірме қағаздарға жазып, пирамиданы кім қай мәселені ұққандығына қарай толтырады.

Жалпы сабақты бағалау критерийлер бойынша ең жоғарғы 10 балл


Үлестірме стикерлер

Дескриптор


Оқулық





Қысқа мерзімді жоспар

Сабақтың тақырыбы: №4-зертханалық жұмыс. "Беттік толқындардың таралу жылдамдығын анықтау"


Бөлімі:

9.3 В Тербелістер мен толқындар

Педагогтің аты-жөні:




Күні:




Сыныбы:

Қатысушылар саны: Қатыспағандар саны:

Сабақтың тақырыбы:

№4-зертханалық жұмыс. "Беттік толқындардың таралу жылдамдығын анықтау"

Оқу бағдарламасына сәйкес оқу мақсаты

9.2.5.14 су бетіндегі толқындардың таралу жылдамдығын эксперимент түрінде анықтау

Сабақтың мақсаты:

Барлық оқушылар істей алады: судағы беттік толқындардың таралу жылдамдығын анықтайды

Көптеген оқушылар істей алады: толқындарды сипаттайтын ұғымдарды түсіндіреді

Кейбір оқушылар істей алады: серпімді ортада толқындардың таралу жылдамдығын анықтау формуласын есептер шығаруда қолданады


Сабақтың барысы:

Сабақ кезеңі/

Уақыты

Педагогтің іс-әрекеті

Оқушының іс-әрекеті

Бағалау

Ресурстар

Сабақтың басы

10 минут



Оқушылармен сәлемдесу, оқушыларды түгелдеу. Оқушылардың сабаққа дайындығын тексеру. Оқушылардың назарын сабаққа аудару.

Оқушылармен бірге ОМ анықтап алу; Мұғалім оқушылармен бірге тақтаға сабақтың мақсатымен сабақ жоспарын және бағалау критерилерін жазады

Тапсырма Оқушыларға есептер мазмұнымен таныстырып, есеп жазылған парақшаларды үлестіреді.



Оқушылар өткен тақырып сұрақтарына жылдам жауап беріп, бүгінгі тақырыппен танысады.

Бағалау критерийлері

судағы беттік толқындардың таралу жылдамдығын анықтай алады;

толқындарды сипаттайтын ұғымдарды түсіндіре алады;

толқын жиілігі мен ұзындығын өлшей алады;

Дескриптор:

-беттің толқындардың таралу түрін біледі

-толқын таралу жылдамдығын біледі

-толқын ұзындықты анықтай алады

Оқулық

Слайд



Сабақтың ортасы
25 минут


Жаңа тақырып

Жұмыстың мақсаты: судағы беттік толқындардың таралу жылдамдығын анықтау.

Құрал-жабдықтар: зертханалық жұмыстарға арналған ұзындығы 0,5-1 м болатын кең ыдыс, қалтқы, пластилин, секундтық бөліктері бар сағат немесе секундомер, сызғыш.

Зертханалық жұмысты нұсқау бойынша орындау. 

Жұмысты орындау:

  1. Ыдысты үстел үстіне қойып, оның ішіне су құйыңдар.

  2. Ыдыс ернеуінің бір шетіне қалтқы салыңдар, ал оның қарсы шетінен су бетіне кішірек тасты тастап жіберіңдер.

  3. Осы кезде пайда болатын толқулардың қалтқыға дейін таралу уақытын белгілеп алыңдар.

  4. Мұндай тәжірибені бірнеше рет қайталап, толқынның қашықтыққа тарайтын уақытының орташа мәнін анықтаңдар.

  5. Толқынның таралу жылдамдығын есептеңдер.

  6. Алынған нәтижелерді кестеге жазыңдар.



 Тәжі-рибе

реті

Уа-қыт,

t, с

Уақыттың орташа мәні, tорт, с

Қашықтық,

l, м

Толқын жылдам-дығы, v, м/с

1.

2.

3.

4.

5.


















Оқушылар су бетіндегі толқынның таралу уақытын және толқын санын білу арқылы толқын жылдамдығын дұрыс есептейді
Әр бір дұрыс есептелінген және зертханалық жұмыста алынған мән үшін 1 балл
Алынған нәтижелер болйынша жұмысты жақсарту жолдарын ұсынады және қорытынды жазады




Суда толқын түрлері бойынша бейнетаспа:http://www.youtube.com/watch?v=AlPqL7IUT6M&list=PLBED3A20925E565A7&index=1&safe=active

Сабақтың соңы.

5мин


Рефлекция

Бағалау


Рeфлексия пирамидаcы:Қарастырылған мәселелерді қаншалықты ұққандығыңды өзің бағалап, пирамиданы толықтыр:



Сабақ соңында әр тапсырманың бағалау критериилері бойынша жалпы баллдық жүйемен бағалау

-Тақырып соңындағы сұрақтарға жауап жазу.

Сабақты қорытындылау барысында оқушылар өз ойларын үлестірме қағаздарға жазып, пирамиданы кім қай мәселені ұққандығына қарай толтырады.


Жалпы сабақты бағалау критерийлер бойынша ең жоғарғы 15 балл


Үлестірме стикерлер

Дескриптор


Оқулық



Қысқа мерзімді жоспар

Сабақтың тақырыбы: Дыбыс, дыбыстың сипаттамалары, акустикалық резонанс, жаңғырық


Бөлімі:

9.3 В Тербелістер мен толқындар

Педагогтің аты-жөні:




Күні:




Сыныбы:

Қатысушылар саны: Қатыспағандар саны:

Сабақтың тақырыбы:

Дыбыс, дыбыстың сипаттамалары, акустикалық резонанс, жаңғырық

Оқу бағдарламасына сәйкес оқу мақсаты

9.2.5.15 дыбыстың пайда болу және таралу шарттарын атау;

9.2.5.16 дыбыс сипаттамаларын дыбыс толқындарының жиілігі және амплитудасымен сәйкестендіру;

9.2.5.17 резонанстың пайда болу шарттарын атау және оның қолданылуына мысалдар келтіру;

9.2.5.18 жаңғырықтың пайда болу табиғатын және оны қолдану әдістерін сипаттау;

9.2.5.19 табиғатта және техникада ультрадыбыс пен инфрадыбыстықолдануға мысалдар келтіру

Сабақтың мақсаты:

Барлық оқушылар істей алады: дыбыс толқындарының пайда болу процесін сипаттай алады;

Көптеген оқушылар істей алады: әртүрлі ортадағы дыбыс толқындарының таралу ерекшеліктерін түсіндіре алады;

Кейбір оқушылар істей алады: дыбыс сипаттамаларымен (қаттылығы,жоғарылығы және тембрі) таныстыру және оларды ажырата біледі



Сабақтың барысы:

Сабақ кезеңі/

Уақыты

Педагогтің іс-әрекеті

Оқушының іс-әрекеті

Бағалау

Ресурстар

Сабақтың басы

10 минут



Оқушылармен сәлемдесу, оқушыларды түгелдеу. Оқушылардың сабаққа дайындығын тексеру. Оқушылардың назарын сабаққа аудару.

Дыбыс көздеріне не жатады ?

Адам дыбысы қалай шағады ?
Тербеліс көздерінен дыбыстың пайда болу процесі.

Оқушылардан түрлі аспаптар дыбыс толқындарын қалай шығаратынын сұрау.

Ауада молекулалар жоғары жылдамдықта ретсіз қозғалады. Дыбысты ауа молекулалары вибрациясы тудырады.

Сығылу және ортаны сирету процестері тұрғысынан бойлық дыбыс толқындар табиғатын сипаттау.

«Сығылған» кезде молекулалар бір біріне жақын болады және қысым атмосфералық қысымнан барынша жоғары болады.

Оқушылар өткен тақырып сұрақтарына жылдам жауап беріп, бүгінгі тақырыппен танысады.

Бағалау критерийлері

Дыбыс толқындарының пайда болу процесін сипаттай алады

Есептер шығару кезінде қашықтықты анықтау үшін шағылу толқынында қолданылады.

әртүрлі ортадағы дыбыс жылдамдығын анықтауға берілген есептерді шығара алады

Дескриптор:

-дыбыс анықтамасын біледі

-дыбыс сипаттамасын біледі

-Амплитуда, жиілік, резонанс ұғымдарын біледі

Оқулық

Слайд

Р. Башарұлы т.б. Физика: Жалпы білім беретін мектептің 9-сыныбына арналған оқулық, Алматы, «Мектеп»

Дыбыстың таралуы туралы қарапайым бейнебаян:

http://www.youtube.com/watch?v=CzG0ioYIIFs

Сабақтың ортасы
25 минут


Жаңа тақырып

Графикке түсінік беріңіз, камертонның дыбысы бойынша сипаттама беріңіз:

Дыбыстық толқынның адам құлағының жарғағына әсер күші дыбыс қысымына тәуелді. Дыбыс қысымы деп дыбыстық толқын өткендегі газда немесе сұйықта пайда болатын қосымша қысымды атайды. Дыбыс қысымының жоғарғы шегінде құлақта ауырсыну байқалады.Дыбыс қысымы үлкен амплитудамен өзгеретін дыбыстық толқындар қатты дыбыстар, ал дыбыстық қысымы кіші амплитудамен өзгеретін дыбыстық толқындар әлсіз дыбыстар ретінде қабылданады. Есту мүшесінің дыбысты қабылдауы дыбыс толқынының құрамына қандай жиіліктердің енетініне байланысты.

Дыбыс тоны тербеліс жиілігімен анықталады, яғни тербеліс жиілігі үлкен болса, тон да биігірек болады.



(Т/D) Дыбыс толқынды таралуына ортаның қажет екендігін және толқын жылдамдығының әртүрлі ортада әртүрлі екендігін түсіндіру.

Дыбыстың қатты ортада жылдамырақ таралуының себебі - қатты ортада молекулалар сұйық немесе газ тектес ортадағы молекулаларға қарағанда бір- біріне жақын орналасады.

«Ауа қалпағы астындағы қоңырау» тәжірибесінің көмегімен (бейнефрагмент арқылы) дыбыстың материалдық ортаны талап ететінін көрсету.

(G) Бірқатар материалдар үшін дыбыс жылдамдығының мәнін зерттеу (ғаламторды пайдаланып) және олардың тығыздығымен және ортаның қатты, сұйық немесе газ тектес болуын салыстыру.

Тест тапсырмасы (дидактикалық материалды қараңыз)




Оқушылар көрсетілген графиктерге және анимацияларға қарап дыбысқа сипаттама береді.

Дыбыс қаттылығын, дыбыс тонын және дыбыс тембірінің қандай физикалық шамаларға тәуелді екендігін ажыратады

Жауабы:

1-А

2-В 3-D

4-С 5-А

6-С 7-С

8- D 9-С

10-В

Дыбысқа орта қажеттігін көрсететін моделдеу – «өзгермелі ауа қысымымен тыңдау»:

http://phet.colorado.edu/en/simulation/sound

бейнетаспа:

http://www.youtube.com/watch?v=b8VNs5vIbPA

Қатты денеде, сұйықтықта және газдарда дыбысты көрсететін бейнетаспа:

http://www.youtube.com/watch?v=HOIf3jHPIXE&safe=active

Дыбыс жылдамдығын тікелей өлшеу әдісі:

http://www.youtube.com/watch?v=vPqDZH5law4


Сабақтың соңы.

5мин


Рефлекция

Бағалау


Рефлексия – «кері байланыс», оқушылардың өз іс- әрекеттерін бағалауы

Оқушылар сабақтан алған әсерлерін дыбыстау арқылы жеткізеді

Сабақ (қызық,түсінікті) болды

қол шапалақтайды

Мен басқаларды тыңдадым……..

үнсіз қалады

Мен ешнәрсе түсінбедім………

аяғымен жер соғады
ӨЗІҢДІ-ӨЗІҢ БАҒАЛА
«+», «+» - өз қалауым бойынша жауап бердім, жауабым дұрыс болды;

«, «-» - өз қалауым бойынша жауап бердім, жауабым қате болды;

«+» - мұғалімнің қалауымен жауап бердім, жауабым дұрыс болды;

«-» мұғалімнің қалауы бойынша жауап бердім, жауабым қате болды;

«0» -сабақта жауап берген жоқпын

-Тақырып соңындағы сұрақтарға жауап жазу.

Сабақты қорытындылау барысында оқушылар өз ойларын үлестірме қағаздарға жазып, пирамиданы кім қай мәселені ұққандығына қарай толтырады.


Жалпы сабақты бағалау критерийлер бойынша ең жоғарғы 20 балл


Үлестірме стикерлер

Дескриптор


Оқулық