Файл: 472 бйрыы бойынша жасалан мж келесі бетт.docx

ВУЗ: Не указан

Категория: Не указан

Дисциплина: Не указана

Добавлен: 28.03.2024

Просмотров: 16

Скачиваний: 0

ВНИМАНИЕ! Если данный файл нарушает Ваши авторские права, то обязательно сообщите нам.


Қысқа мерзімді жоспар

Сабақтың тақырыбы: Электромагниттік толқындар. Электромагниттік толқындар шкаласы


Бөлімі:

9.3 В Тербелістер мен толқындар

Педагогтің аты-жөні:




Күні:




Сыныбы:

Қатысушылар саны: Қатыспағандар саны:

Сабақтың тақырыбы:

Электромагниттік толқындар. Электромагниттік толқындар шкаласы

Оқу бағдарламасына сәйкес оқу мақсаты

9.4.4.2 механикалық толқындар мен электромагниттік толқындардың ұқсастығы мен айырмашылығын салыстыру;

9.4.4.3 электромагниттік толқындар шкаласын сипаттау және әртүрлі диапазондағы толқындардың қолданылуына мысалдар келтіру;

9.4.4.4- шыны призма арқылы өткен жарықтың дисперсиясына сапалы сипаттама беру

Сабақтың мақсаты:

Барлық оқушылар істей алады: Электромагниттік толқындарды сипаттады

Көптеген оқушылар істей алады: Әр түрлі диапазондағы электромагниттік толқындар қолданылуына мысалдар келтіреді

Кейбір оқушылар істей алады: Электромагниттік сәулелердің адам өміріндегі ролін, сәулелердің әсерін біледі


Сабақтың барысы:

Сабақ кезеңі/

Уақыты

Педагогтің іс-әрекеті

Оқушының іс-әрекеті

Бағалау

Ресурстар

Сабақтың басы

10 минут



Оқушылармен сәлемдесу, оқушыларды түгелдеу. Оқушылардың сабаққа дайындығын тексеру. Оқушылардың назарын сабаққа аудару.

«Электромагниттік толқындар шкаласына саяхат» - перезентация арқылы жаңа материалды меңгеру.

Сәулеленуді меңгеру жоспары:

1. Диапазонның аталуы

2. Жиілік

3. Шығу көзі

4. Қасиеттері

5. Қолданылуы

6. Адамға әсері

Электромагниттік толқындар шкаласындағы әрбір сәуленің қасиеттері мен қолданылуын таныстыру. Электромагниттік сәулелердің толқын ұзындығы мен жиілігіне байланысты өтімділік қасиеттері туралы түсініктер беру.

Оқушылар өткен тақырып сұрақтарына жылдам жауап беріп, бүгінгі тақырыппен танысады.


Оқушы әр электромагниттік толқын шкаласынның диапазонын анықтап, дәптерлеріне жазып отырады

Бағалау критерийлері

Көлденең және бойлық толқындар мысалдары арқылы толқындық қозғалысты сипаттайды.

Электромагниттік толқындарды сипаттайды;

Әр түрлі диапазондағы электромагниттік толқындар қолданылуына мысалдар келтіреді.

Электромагниттік сәулелердің адам өміріндегі ролін, сәулелердің әсерін көрсетеді.

Оқушылар өзін-өзі бағалайды және мұғалім тарапынан кері байланыс беріледі


Оқулық

Слайд

PPТ презентация



Сабақтың ортасы
25 минут


Жаңа тақырып

Электромагниттік толқындар шкаласында сәулелердің сәуле шығаруына және жиілігіне байланысты диапазонға бөлінуін қарастыру:
Төменгі жиілікті толқындар (от 3-10 3 до 3-103 Гц) электрлік генераторлар арқылы өндіріледі;

радиотолқындар (от 3-104 до 3-1012 Гц) Герц вибраторы арқылы өндіріледі, антенналарда.

Инфракрақызыл сәулелер (от 3-1011 до 4-1014 Гц) қызған денелер шығарады;

Жарық толқындары (от 4-1014 до 8-1014 Гц) жеткілікті жоғары температураға дейін қызған денелер шығарады, қызған шамның қыл сымы.

Ультракүлгін сәулелер (от 8-1014 до 3-1016 Гц) 3000 °С температураға дейін, не одан жоғары температураға дейін қызған денелер шығарады; бұл- Күн сәулесі, жерде- доғалық разряд.

Рентген сәулелер (от 3,7-1015 до 3-1020 Гц) электр өрісінде тежелген электрондар шығарады.

гамма-сәулелену (от 3- 1019 Гц одан жоғары) атомдар ыдырағанда шығарады.

Электромагниттік толқындар шкаласында барлық сәулелердің ортақ қасиеттері мен айырмашылықтары болады:

Ортақ қасиеттері


Айырмашылықтары Различия

• физикалық табиғаты бірдей.

•электр зарядтарының үдемелі қозғалысы кезінде туындайды

•барлық ЭМТ қасиеттері: шағылуы, сынуы, жұтылуы.. т.б.

•вакуумде 300 000 км/с жылдамдықпен таралады.


Жиіліктің жоғарылауына байланысты:

- толқын ұзындығы кемиді.

- жұтылу қасиетінің азаюы. – өтімділік қасиетінің артуы.

- тірі организмге зиянды әсерінің артуы.

Сапалық есептерді ауызша орындау:

  1. Дәрігер рентгенологтар жұмыс істеу кезінде қорғасын тұзына батырылған қолғап, алжапқыш және көзілдіріктерді қолданады?

(Қорғасын және қорғасын тұзы рентген сәулесін жақсы жұтады)

  1. Адамның асқазан- ішек ауруына ретгенодиагностика жасау кезінде не үшін «барий ботқасын» береді?

(Барийдің сұр қышқыл тұзы ретген сулесін жақсы жұтады, адамның жұмсақ тіндерінің (асқазан, ішек) көрінуін жүзеге асырады)
(I,f) Сөйлемдерді толықтырыңдар:
a) Өтімдігі өте жоғары сәулелену __________________________________________.
b) Ғарыш аппаратттарымен байланысты жүзеге асыру үшін ________________________________________қолданады .
c)Адамның көзіне көрінетін сәуле
_________________________________________.
d)Жеміс- жидектерді кептіру кезінде _____________________________ қолданады.
Жауаптары:

а) Гамма b) Радиотолқындар

с) Көрінетін жарық d) Инфрақызыл сәулелер



Презентация:

http://physicslocker.com/physicslocker/igcse/pp/KS4%20Boardworks%20PowerPoints/gcse%20physics/10.%20Electromagnetic%20Waves%20v2.1.ppt
Дисперсия және жарық спектрі

https://www.youtube.com/watch?v=4E1AxUMUz-g


Сабақтың соңы.

5 мин


Рефлекция

Бағалау


Рeфлексия пирамидаcы:Қарастырылған мәселелерді қаншалықты ұққандығыңды өзің бағалап, пирамиданы толықтыр:



Сабақ соңында әр тапсырманың бағалау критериилері бойынша жалпы баллдық жүйемен бағалау

-Тақырып соңындағы сұрақтарға жауап жазу.

Сабақты қорытындылау барысында оқушылар өз ойларын үлестірме қағаздарға жазып, пирамиданы кім қай мәселені ұққандығына қарай толтырады.


Жалпы сабақты бағалау критерийлер бойынша ең жоғарғы 10 балл


Үлестірме стикерлер

Дескриптор


Оқулық



Қысқа мерзімді жоспар

Сабақтың тақырыбы: Практикалық жұмыс


Білім беру ұйымының атауы




Пәні:




Бөлім:

9.3 В Тербелістер мен толқындар

Педагогтің аты-жөні:




Күні:




Сынып:

Қатысушылар саны:

Қатыспағандар саны:

Сабақтың тақырыбы:

Практикалық жұмыс

Оқу бағдарламасына сәйкес оқыту мақсаты:

9.2.5.12- толқын жылдамдығы жиілігі және толқын ұзындығы формулаларын есептер шығаруда қолдану.

Сабақтың мақсаты

Барлық оқушылар істей алады: Электромагниттік толқындарды сипаттады

Көптеген оқушылар істей алады: Әр түрлі диапазондағы электромагниттік толқындар қолданылуына мысалдар келтіреді

Кейбір оқушылар істей алады: Электромагниттік сәулелердің адам өміріндегі ролін, сәулелердің әсерін біледі

Сабақтың барысы

Сабақтың кезеңі//уақыты

Педагогтің әрекеті

Оқушының әрекеті

Бағалау

Ресурстар

Ұйымдастыру

Өзін-өзі тексеру
Сабақтың басы

10 минут
Өткен білімді еске түсіру

Жаңа білім

10 минут

Бекіту

10 минут

Кері байланыс

Сабақтың соңы

10 минут

Сәлемдесу.

Сыныпты ұйымдастыру ( топқа бөлу «біздің сынып керемет»)

Үй тапсырмасы бойынша сұрақтар:

  1. Толқын дегеніміз не?

  2. Көлденең толқын қандай ортада пайда болады?

  3. Бойлық толқын ше?

  4. Толқын ұзындығы деген не?

  5. Толқын жылдамдығы деген не?

Оқушылардың үйге берілген есептерді қалай орындап келгенін тексеру

. Формулаларды білесің бе?

Толқын ұзындығы υ Гц T=1/ ν

Толқын жиілігі λ м/с ν=υ/λ

Толқын жылдамдығы ν м υ=λ·ν

Толын периоды Т с λ= υ·Т

Жаңа сабақ

ПРАКТИКАЛЫҚ ЖҰМЫС

Оқулықпен жұмыс 185-бет

Жұптық жұмыс .

1 тапсырма .Электромагниттік шкаланы пайланып кестені толтыру

Электромагниттік толқыннң атауы

Толқын ұзындықтарының диапазоны

Қолданылуы










2 тапсырма .Ұялы телефонның пайдасы мен зияны зеттеу жұмысын жүргізу .Жұптар бір-бірімен сұхбаттасып оқулықта берілген сұрақтарға жауап беру арқылы сұрақтың жауабын тауып,ой қорытады

Топтық тапсырмалар .Деңгейлік есептер шығару.

I топ
1. Ұзындығы 5 см электрмагниттік толқынның түрі қандай болады?
2. Судан өткен күлгін сәуленің толқын ұзындығын анықтаңдар.
3. Радиотолқынның ұзындығы 30 м, оның ауадағы таралу жылдамдығы
3× м/с. Толқын көзінің жиілігі неге тең?
II топ
1. Ақ жарық сәулесінің ұзындығы 1 м болуы мүмкін ба?
2. Ауыр шыныдан өткен жасыл түсті суленің ұзындығын анықтаңдар.
3. Тербеліс жиілігі 1 МГц электрмагниттік толқынның ұзындығы қандай болады? Толқынның таралу жылдамдығы 3× м/с.
III топ
1. Ұзындығы 5 нм электромагниттік толқын қандай толқындарға жатады?
2.Ас тұздан өткізген көк түсті сәуленің ұзындығы қандай болады?
3. Ұзындығы 5 мкм инфрақызыл толқынның таралу жылдамдығы 3× м/с.
Толқын көзінің жиілігін анықтаңдар..

Кері байланыс.

Жетістік критерийлері бойынша топқа кері байланыс беріңіз.
Ой-толғау «Синквейн»

1- синквейн атауы болып табылатын зат есім

2– тақырыпты ашатын екі сөз (көбіне сын есім немесе есімдік),

3 – объектінің сипатты әрекеттерін көрсетін үш етістіктен тұрады

4 – құбылысқа синквейннің оқушының жеке көзқарасын білдіретін төрт сөзден тұратын сөз

орамы.

5 – құбылыстың мәнін ашатын бір сөз - синоним

Рефлексия.



Үйге тапсырма:

Ұялы телефонның пайдасы мен зияны тақырыбында реферат жазу

Тарауды қайталау.


өткен тақырып сұрақтарына жылдам жауап беріп, бүгінгі тақырыппен танысады.


Оқушы өткен тақырып бойынша формулаларды атайды

Оұулықпен жұмыс жасайды

Тапсырмаларды орындайды


Топтасып есептер шығарады

Кері байланыс береді оқушылар




Бағалау критерилері Электромагниттік толқындарды сипаттау Әр түрлі диапазондағы электромагниттік толқындар қолданылуына мысалдар келтіру Электромагниттік сәулелердің адам өміріндегі ролін, сәулелердің әсерін білу

Дескриптор

Электромагниттік толқын шкаласын пайданып кестені толтырады

Ұялы телефонның адам өміріндегі маңызы мен зиянын зерттейді

5 балл

Декскриптор
Есептің шартын түзеді

Формуланы қорытады

Есептің шешімн табады

5 балл


Формативті баға 10 балл



Оқулық

Слайд

Таратпа материалдар





Қысқа мерзімді жоспар

Сабақтың тақырыбы: Есептер шығару


Білім беру ұйымының атауы




Пәні:




Бөлім:

9.3 В Тербелістер мен толқындар

Педагогтің аты-жөні:




Күні:




Сынып:

Қатысушылар саны:

Қатыспағандар саны:

Сабақтың тақырыбы:

Есептер шығару

Оқу бағдарламасына сәйкес оқыту мақсаты:

9.2.5.12- толқын жылдамдығы жиілігі және толқын ұзындығы формулаларын есептер шығаруда қолдану.

Сабақтың мақсаты

Барлық оқушылар істей алады: Электромагниттік толқындарды сипаттады

Көптеген оқушылар істей алады: Әр түрлі диапазондағы электромагниттік толқындар қолданылуына мысалдар келтіреді

Кейбір оқушылар істей алады: Электромагниттік сәулелердің адам өміріндегі ролін, сәулелердің әсерін біледі

Сабақтың барысы

Сабақтың кезеңі//уақыты

Педагогтің әрекеті

Оқушының әрекеті

Бағалау

Ресурстар

Ұйымдастыру

Өзін-өзі тексеру
Сабақтың басы

10 минут
Өткен білімді еске түсіру

Жаңа білім

10 минут

Бекіту

10 минут

Кері байланыс

Сабақтың соңы

10 минут


Сыныппен сәлемдесу, сынып оқушыларын түгендеу.

«Ыстық орындық» әдісі арқылы үй тапсырмасын сұрау

Қайталау сұрақтары

1. Үй тапсырмасын тексеруге сұрақтар беріледі.

1.Тербелістердің серпімді ортаның бір бөлшегінен екінші бөлшегіне таралуын... (механикалық толқын)

2.Механикалық толқындар таралатын орта ... (қатты,сұйық,газ)

3.Толқын тербелістегі бөлшектерді тасымалдамайды, тек ... (энергияны тасымалдайды)

4.Толқын жылдамдығы анықталады ... (v=l/T)

5.Жиілігі 20000 Гц –тен жоғары толқындар ... (ультрадыбыс),16 Гц –тен төмен толқындар(инфрадыбыс)

6.Ток күшінің,зарядтың,кернеудің периодты өзергіп отыруын ... (электромагниттік тербелістер)

7.Электромагниттік тербелістерді алатын құрылғы (тербелмелі контур)

8.Тербелмелі контур неден тұрады (катушка мен конденсатордан)

Ыстық орындық әдісі арқылы оқушылар өткен тақырыптар бойынша сұрақтарға жауап береді.

Есептер шығару

PISA тапсырмалары:

1 – есеп

Көл суының бетінде толқын 6 м/с жылдамдықпен тарайды. Егер толқынның ұзындығы 3 м болса, онда су бетіндегі қалқыма тербелісінің периоды менжиілігі қандай?

2 – есеп

Балықшы қалтқы 10 с ішінде толқында 20 тербеліс жасағанын, ал көршілес толқын өркештерінің арақашықтығы 1,2 м екендігін байқаған. Толқындардың таралу жылдамдығы қандай?

1 – есеп

Ер адамның ең төмен дауысы үшін ауадағы дыбыс толқынының ұзындығы 4,3 м-ге, ал әйел адамның ең жоғарғы дауысы үшін 25 см-ге жетеді. Осы дауыстардың тербеліс жиілігін табыңдар.

2 – есеп

Рояльдың жиілік диапазоны 90 Гц пен 9000 Гц аралығында. Ауадағы дыбыс толқындары ұзындықтарының диапазондарын табыңдар.

Акустикалық резонанс дегеніміз не?

Акустикалық резонанс қандай құбылыстарда көрініс береді?

Музыкалық аспаптардың ойықтарының көлемін салыстыр?

Домбыраның дыбыс шығаруының мәні неде түсіндір?

Акустикалық резонансты, дыбыстың шағылуын білу біз үшін маңызы қаншама?

«Екі жақты күнделік», «Нені білдім» бағанды толтыру.

Кері байланыс:

«Константинополь»

Бүгінгі негізгі сөзден барынша көп қысқа сөздерді құрастыру қажет.

Рефлексия «Аралдар»

Үйге тапсырма

Тарауды қайталау






Оқушылар өткен тақырыпты қайталау үшін сұрақтарға жауап береді


Ыстық орындыққа сұраққа жауап берген оқушылар отырады

ПИЗА тапсырмаларын орындайды
Есептерді жеке жеке орындайды

Оқушылар кері байланыс береді




Бағалау критерилері Электромагниттік толқындарды сипаттау Әр түрлі диапазондағы электромагниттік толқындар қолданылуына мысалдар келтіру Электромагниттік сәулелердің адам өміріндегі ролін, сәулелердің әсерін білу
Дескриптор

Есептің шартын түзеді

Формуласын анықтап,қорытын қолдана алады

Есептің шешімін жазады

5 балл

Сұрақтарға жауап беру арқылы 1 балл алады


Оқулық

Слайд




Қысқа мерзімді жоспар

Сабақтың тақырыбы: Тоқсандық жиынтық бақылау


Білім беру ұйымының атауы




Пәні:




Бөлім:

9.3 В Тербелістер мен толқындар

Педагогтің аты-жөні:




Күні:




Сынып:

Қатысушылар саны:

Қатыспағандар саны:

Сабақтың тақырыбы:

Тоқсандық жиынтық бақылау

Оқу бағдарламасына сәйкес оқыту мақсаты:

9.2.5.12- толқын жылдамдығы жиілігі және толқын ұзындығы формулаларын есептер шығаруда қолдану.

Сабақтың мақсаты




Сабақтың барысы

Сабақтың кезеңі//уақыты

Педагогтің әрекеті

Оқушының әрекеті

Бағалау

Ресурстар

Ұйымдастыру

Өзін-өзі тексеру
Сабақтың басы

10 минут
Өткен білімді еске түсіру

Жаңа білім

10 минут

Бекіту

10 минут
Кері байланыс

Сабақтың соңы

10 минут