Файл: Шкрім оулары Республикалы байауына іріктелген ледер Аны пен таны 33 бетте.docx

ВУЗ: Не указан

Категория: Не указан

Дисциплина: Не указана

Добавлен: 28.03.2024

Просмотров: 21

Скачиваний: 0

ВНИМАНИЕ! Если данный файл нарушает Ваши авторские права, то обязательно сообщите нам.

Арам ой мұтылып, зорлықшыл болар мат.
Адал етсең, енбектің жемісін жеп,
Шалқыған ел-жұртым, боларсың көңілің шат.

Мен өлсем, ұрпағым, артымда қаларсың,
Тілеген мақсұтты өмірден аларсың.
Есіңе алып келгенде қабіріме,

Шаттықпен шалқытып, әніме саларсың!

9. Күннен неге түсіп тұр сонша жарық /113-бетте/
Күннен неге түсiп тұр сонша жарық,
Сегiз минут, шерiкте жерге барып.
Әншейiн құр жарқырап тұрып алмай,
Жылылық нұрмен бiрге жүр қозғалып.
Бұл дүние жылуы жоқ нұрсыз болса,
Әлемнен кiм жүре алар пайдаланып?
Дүние атаулы теп-тегiс мөлдiр болса,
Көлеңке орнығады қайда барып?
Барша әлем тапжылмай тұрып қалса,
Бола ма уақыт деген өлшеу салып?
Мақсат, тәртiп керексiз тозаңы жоқ,
Тексермей неге отырмыз мұны ойланып?

10. Шымды жерде көресіз қара топырақ /114-бетте/
Шымды жерде көресiз қара топырақ,
Шiрiген шөп, тозаңнан болған құрақ.
Егер оған дым тиiп, күн жылытса,
Жан кiрiп, шөп шығады гүл, жапырақ.
Өлген шөптiң күлi едi тозған тозаң,
Онан тағы не шықты байқа, бiрақ.

Әлемде жоғалатын ешбiр зат жоқ,
Өзгерiп, түрленедi, ойла, шырақ.
Бұл соңғы шөп – өлген шөп емес дерсiң,
Шөп жанынан бiлдiң бе оны сұрап?
Дене – киiм сияқты күнде ауысар,
Жан ауысты деуiңiз қиынырақ!
11. Ей, жастар, қалай дейсің бұл дүние /114-бетте/
Ей, жастар, қалай дейсiң бұл дүние?
Мұны бүйтiп жаратқан қандай нәрсе?
Бiлiмсiз, мақсұтсыздан шыққан болса,
Мақсұт, бiлiм, ой шықты мұнан неге?
Керексiз жаралған бiр тозаңы жоқ,
Тәртiпті, таңғаларлық зор машине.
Алыстан iздемей-ақ ойласаңыз,
Көру үшiн жаралған көзiңiз де.
Cебебi толымдының iсi толық,
Ең түпкi жаратушы – мiнсiз ие.
Күш, бiлiм, шеберлiктi iс бiлгiзер,
Естi, мiнсiз – шебердiң iсi емес пе?
Ұлықтарша қорқытпай законменен,
Молдаларша теңемей кәпiрменен.
Егер сөзiм қонбаса көкейiңе,
Жығатын дәлелiңдi айт ақылменен.
Ар, Ынсапқа не жауап берер едiң,
Түзу iстi қисайтсаң тақылменен.
«Құдай жоқ, қиямет жоқ» десең-дағы,
Арың жолдас емес пе мақұлменен?

12. Тура жолда қайғы жоқ /тұрмас/ 117 бетте
Тура жолда қайғы тұрмас,
Шат болайын, бер шарап.
Қайғы, рахат бәрi бiр бәс,
Ешбiрiнде жоқ тұрақ.
Келсе бейнет, келдi, кеттi,
Болса уайым – болды не?
Ақ жолына бұрма беттi,
Бас нығыздап мықтырақ.
Мен мешiтке келмедi-ау деп,
Сөкпе сопы, молдалар.
Еркiн аяқ кеттi билеп,
Шын хақиқат жолды ұнап.
Сiз бояулы дiн тұтасыз
Мақтаның мен пайда үшiн.
Сусыным деп у жұтасыз,
Кетпегейсiз бiр құлап.
Таза ақылмен таппаған дiн
Шын дiн емес – жындылық.
Қармалаған бiр соқырсың,
Өлген ой мен көз, құлақ.
Ескiлерше қу қазыққа
Байланып мен тұрмадым.
Және емеспiн жаңалыққа,
Көрсеқызар қиқырақ.
Мен хақиқат құрбанымын,
Бердi бiзге сәулесiн.
Кеттi сұм түн, шықты нұр күн,
Мiндi көңiл шын пырақ.
Кезсе ойым барша, барлық –
Ақылымның тұтқыны.
Неге болды? не боларлық...
Бәрiн өлшеп тұр сынап.
Тән көретiн бастағы көз
Байқамайды жан сырын.
Көр де ақылға сал деген сөз,
Көз керек қой ойлырақ.
Хақиқатты дәл көруге,
Жан көретiн көз керек.
Бас көзiмен сенделуге
Бiзге рұқсат жоқ, шырақ!
Сөнген ойды жандыруға
Жан берерлiк сөз керек.
Жаны жоқты нандыруға
Жан керек қой милырақ.
Молдалардан дiн сұрасаң,
Сандырақтап, сандалар.
Пәншiлермен бас құрасаң,
«Жан, құдай жоқ» дер тұрақ.
Бiз хақиқат елегiне
Осы екеуiн елесек,
Түкке тұрмас, керегiңе,
Екеуi де қалжырақ.
Пәншi дейдi: «қайда тәңiрi?»
Дiншi дейдi: «менде тұр!»
Екеуi де сөзге нанды,
Таза ақылдан жоқ сұрақ.
Пәншi нанды бес сезiмге,
Дiншi адасты жолынан.
Сал ақылға, дұрысы не?
Дәлелiн тап жақсырақ.
Кiм жасаса зор мәшине,
Онда одан не қалар?
Құдiретiнен қалды, әрине,
Сайраған iз шам-шырақ.
Түп негiздi жаратушы
Меңiреу ме, естi ме?
Таза ақылға сынатушы,
Тайқымай айт сен, бiрақ.
Шынды бiлмек ойласаң сен,
Алдыменен жанды бiл.
Ең керектi үш сұрақпен,
Жан құлағын қой бұрап.
«Келдi қайдан, қайтсе пайдам,
Өлгеннен соң не болам?
«Мен» деген жан – ақыл айнам,

Жоғала ма сол шын-ақ?
Бар болған зат жоғала ма,
Жоқтан әсер қала ма?
Аш көзiңдi, тұмшалама,
Кетпе ақылдан тым жырақ.
Осы әлемде барша, барлық

Жанды ақылдың табысы.
Нәрсесi жоқ бос қаларлық –

Мейлi, шөп пен топырақ.
Шын сүю бар, жирену бар,
Мақсұты бар, еркi бар.
Жаратылған неге бұлар?
Осыны тап ой құрап.
Барша әлемнiң нәрселерi,
Болса жанның әсерi.
Естi сол жан – тәңiрi әсерi
Тазалықты тұр сұрап.
Шын таза жан тазалықпен
Тәңiрiсiне бармақ ол.
Мейiрiм, ынсап, әдiлеттен
Ағызам деп нұр бұлақ.
Мына жақта нәпсi жатыр
Қиянатты жастанып.
«Бармайық,– деп,– қойшы, батыр»,
Етегiнен жұлқылап.
Ындыныңа сен иесiң,
Кiмге көндiң ерiк берiп?
Мiне, байқа жан жүйесiн,
Аса берме бұрқырап.
Әдiлет пен мейiрiм, ынсап,
Құлшылығым тәңiрiме.
Қиянатқа жанды жұмсап,
Жанбан отқа шырқырап.
Жанға көнсем, жан иесi
Тәңiрiге де көнгенiм.
Таймай өлсем, жолым осы,
Нәпсi қалсын зар жылап.
Таза дiннiң шын негiзiн
Ұстаған бiр пенде жоқ.
Дүние толған көп шатақ дiн,
Бәрi бiрдей шатпырақ.
Дiн тазасын дiннен iзде,
Дiн шатағын сынға сал.
Анық айна өзiңiзде,
Айда ақылды қаттырақ.
Шала дiн де, пәнде таппас,
Дiн тазасын ой табар.
Еркiн ақыл тiптi адаспас,
Кезсе кiрсiз жарқырап.
Шынды таптым, қайғы басты,
Шын сырымды айтайын.
Дiн де, пән де қатты адасты,
Дау сабасты барқырап.

13. Адамның еркі қайда? /125-бетте/
Шын жаным‚
Қорғаным –
Жалғыз сен‚ ақыл,
Жүрегiм‚
Тiлегiм –
Шын менен мақұл.
Ақыл үшiн құрбан барлығым‚
Анық ұқсам жарлығын.
Налындым‚
Жалындым
Шиенi шеш‚
Еркiм‚ емiн тап‚

Ойымды аш‚
Дертiм бас.
Жазамды кеш.
Рахым етiп‚
Менi аяп.
Бар ма еркiм‚
Сол дертiм.
Жетекшiм себеп‚
Тым күштi ол‚
Бермес жол билеттiм деп.

Туғызған‚
Сол айдап
Жүргiзген.
Әр өмiрге
Кiргiзген.
Жылатқан‚
Уатқан‚
Қуантқан‚
Құлатқан да сол.
Ерiк қайда‚
Не пайда,
Жұлқынсам да табылар ма еркiн жол?
Жүрмек те,
Өлмек те,
Тумақ та сонан.
Кiм көнбес,
Кез келмес,
Салмақта‚ ойлан.
Себебi жоқ бiр iс қайда бар?
Бәрi соған байланар.
Ерiк жоқ,
Атқан оқ,
Бiр мен емес,

Барша әлемге жол.
Ойға да,
Бойға да
Еркiн бермес,
Неге осынша күштi сол?
Ойласам,
Барша адам –
Суға аққан дөңбек.
Себепке,
Кезекке
Тамам жан көнбек.
Әлсiз бен күш тағы себептен,
Кiм құтылар кезектен?
Жақсылық,
Жамандық,
Бәрiн себеп билеп алған зат.
«Мен бiлдiм,
Iс қылдым
Өзiм билеп» дегенiмiз, тiптi, ұят!

14. Ақылдың жауабы /127-бетте/
Шын ақыл,
Бiр мақұл
Түсiрдi ой маған.
Мақсұтың,
Ындының
Еркiн ғой саған.
Жаралыстың берген еркi сол,
Талап ет сен таза жол.
Бұзыққа
Қызықпа,
Ындыныңды

Тура жолға сал.
Жетсең де,
Кетсең де,
Мақсатыңды бұзба,

Осыны ұғып ал!

Бұл өмiр,
Екi айыр,
Өзендей ағар.
Сең қаққан,
Әр жақтан,
Кез келе қағар.
Таза жолдан

Таймай барғаның –
Жетпесең де, алғаның.

Құбылсаң,
Бұзылсаң.
Не қызығып,

Не именумен.
Қайта алмай,
Байқалмай,
Себепке ерiп,

Жетектелiп өлдiң сен.

Мiне еркiң,
Шын көркiң.
Ындынды таңба.
Болмасқа,
Толмасқа
Мақсатты салма!

Талабыңды себеп билесе,
Жанса, мейлi, күймесе,

Ие бол,
Тура жол,
Бердi хабар анық.

Ақыл, нан,
Терең ой,
Ыңдын қой,
Мұны табар,

Сезiмi ояу, естi жан.

15. Кетті – келді... /138/
Кетті келді,
Толды семді,
Өзгеленді бұл ғалам.
Туды өлді,
Жанды сөнді,
Өршіп, өнді қайтадан.


Дөңгелеткен,
Өңгелеткен
Түк білімсіз күш пе екен?
Тіпті мінсіз,
Кемшіліксіз
Есті қылған іс пе екен?
Жан деген не,
Мүлде өле ме,
Шын жоғалып, сөне ме?
Дене жөндеп,
Жоғары өрлеп,
Тағы «мен» деп келе ме?
16. Мал да аяулы, жан да аяулы болса егер /139 бетте/
Mал да аяулы,
жан да аяулы болса егер,
Малды аяма,
жаның үшiн малды сат!
Жан да аяулы,
жaр да аяулы болса егер ,
Жанды аяма,
жaрың үшiн жанды сат!

17. Шыннан өзге құдай жоқ /145-бет/
Шыннан өзге құдай жоқ,
Анық құдай – Шын Құдай.
Ұқпай қалма алаң боп,
Шын болмаса, кiм құдай?

Бұрын шын бар, бүгiн шын,
Ертең шын бар – үш бөлек.
Керегi жоқ бұлардың,
Бұзылмайтын Шын керек!

Шын махаббат қылуға
Шын сабырың жетер ме?
Керілген әрбiр сұлуға
Көңiлiң толқып кете ме?

Олай болса, таза ақыл,
Әулиелiк сенде жоқ.
Баянсызға бәрi құл,
Жынданбаған пенде жоқ.

Әулиедей асықтың
Қасиетiн былғайсың.
Қылығын қылып жасықтың,
Бiр қалыпта тұрмайсың.

Әлде сайтан, әлде жын,
Бiрiн тастап, бiрiн мiн.
Адам емес, айуансың,
Неге тұрсын сен де Шын!

18. Ғылымсыз адам – айуан /153/
Ғылымсыз адам – айуан,
Не қылсаң да ғылым бiл.
Ғылымға да керек жан,
Ақылсыз болса, ғылым тұл.

Ақылға еркiн ой керек,
Матаудан ойды азат қыл.
Әдеттенiп ертерек,
Өрiсiн кеңiт жылма-жыл.

Қырық жасымды ойладым,
Жетпiстемiн мен биыл.
Белдi бекем байладым,
Әдеттендi ой мен тiл.

Атағы шыққан жақсыға,
Ақылды байлап қылма құл.
Шатақ дiн мен дағдыға
Шоқынба, досым, зиян бұл.

Дұрыс емес құр ойлап,
Ақылға сынат, сабыр қыл.
Жығылмайтын дәлел тап,
Бiр езу болма өзiмшiл.

Мiнiңдi тапса кiм сынап,
Аяғына бар жығыл.
Қап, бәлем деп кектi ұнап,
Сақтай көрме ойға зiл.