Файл: Шкрім оулары Республикалы байауына іріктелген ледер Аны пен таны 33 бетте.docx

ВУЗ: Не указан

Категория: Не указан

Дисциплина: Не указана

Добавлен: 28.03.2024

Просмотров: 24

Скачиваний: 0

ВНИМАНИЕ! Если данный файл нарушает Ваши авторские права, то обязательно сообщите нам.
Бақ-дәулетке сыйынып,
Болма боран, жел, дауыл.
Аса сәндi киiнiп,
Қуыршақ болма сәкекүл.

Тiкенiң болса бойыңда,
Ауырса да, өзiң жұл.
Сергек болсын ойың да,
Ерiншек болма, құр масыл.

Адамның ең асылы –
Қиянатсыз, ақпейiл.
Ең зиянкес жасығы –
Тайғақ мiнез, екi тiл.

Сөз, мiнезi құбылса,
Ар, иманы жоқ деп бiл.
Аулақта жемтiк сыдырса,
Оны ойыңмен айуан қыл.

Дұспанға да бол әдiл,
Түсiрме ойға тат пен нiл.
Ұмытпа, болсаң бiздiң ұл,
Осы өлеңдi құлаққа iл!

19. /Тәңірі мен жан/ Күн аязда терезеге /164 бетте/
Күн аязда терезеге,
Неше түрлi гүл түсер.
Сонша әдемi түстi неге,
Кiм түсiрдi? Ой жiбер.
Нысабыңмен ойласаң сен,
Iстей алмас оны адам.
Ең адамның шеберiнен
Соны салған жан шебер.

Сипатын көр тосып ал да,
Жапалақтап жауса қар.
Таза тексер көздi сал да,
Қандай оның түрi бар?

Таңқаларсың, ойға салсаң,
Қар жасаған шытырасын.
Жаралыстан ғибрат алсаң,
Болар едiң ойқұмар.

Неше түрлi гүл, жапырақ,
Әрбiреуiн қолыңа ал.
Құры көрiп, қойма бiрақ,
Онда не бар, ойға сал.

Түсi қандай, түрi қандай,
Тамыры бар неше тал.
Тесе қарап, тексере алмай,
Ұқпадым деп айтпа жал.

Өлсе өсiмдiк, тiрiледi,
Күн жылытып, тамса су.
Кейi тамақ, кейi шарап,
Кейi дәру, кейi у.

Тән – терезе, ой қожасы,
Ойлап анық байқасаң.
Бар ғылымның түп атасы –
Таза ақылмен ойлану.
Тағы бiр шөп ортасында,
Тiптi тәттi балы бар.
Тарауының ең басында,
Өткiр ине талы бар.

Балға қонса бiр шыбын кеп,
Шаншылады инелер.
Қылды қорек шыбын шөп жеп,
Таңғаларлық халі бар.


Зор мұхиттың дариясының
Ең түбiнде бар балық.
Денесiнде сол балықтың
Бiр нұры бар жап-жарық.

Сол жарықтың арқасымен
Тамақ аулап күн көрер.
Оқы ғылым, нанбасаң сен,
Жалған емес, бұл анық.

Сиқырына таң
ғалатын
Тас бар, аты – магнит.
Темiр оған құл болатын,
Бар осындай қасиет...

Магниттiң қуаты едi
Қыбылнама дегенiң.
Терең оймен тексередi,
Табады ақыл керемет.

Мына маржан – судан өскен,
Тал сияқты жануар.
Адам едi оны кескен,
Тағы өсетiн жаны бар.

Тiптi кетпес, еш жоғалып,
Байқасаңыз, барша жан.
Тағы дене тауып алып,
Тағы өседi, қайтадан.

Түрлi жандар дене түрлеп,
Өзгерiп тұр бұл ғалам.
Жоғалатын нәрсе жоқ деп,
Айтты ғылым байқаған.

Көзге сенiп, ойға сенбей,
Жанды жоқ деп қаңғырып.
Адасып жүр ақты көрмей,
Көңiлi соқыр көп надан.

«Ана сансыз кереметтi,
Кiм жаратса, тәңірі сол!» –
Десе неттi, қойса беттi,
Хақиқатқа жайнаған.

Шала дiн мен қате пәннiң
Сөзіне ерме, маған ер.
Мiне жаның, мiне тәңiрiң,
Мiне дiнiң, мiне иман.

20. Адамдық борышың /167 бет/
Адамдық борышың –
Халқыңа еңбек қыл.
Ақ жолдан айнымай,
Ар сақта, оны бiл.
Талаптан да бiлiм мен өнер үйрен,
Бiлiмсiз,
Өнерсiз,
Болады ақыл тұл.
Мақтанға салынба
Мансаптың тағы үшiн,
Нәпсiңе билетпе
Басыңның бағы үшiн.
Өмiрiңдi сарп қыл өлгенiңше,
Жоба тап,
Жол көрсет,
Келешек қамы үшiн.
Қайтадан қайрылып
Қауымға келмейсiң.
Барыңды,
Нәрiңдi
Тiрлiкте бергейсiң.
Ғибрат алар артыңа iз қалдырсаң,
Шын бақыт
Осыны ұқ,
Мәңгiлiк өлмейсiң!
Ескертпе: Бұл өлеңдердің барлығы 2003 жылы Атамұра баспасынан жарық көрген Шәкәрім «Қазақ айнасы» кітабынан алынды.