Файл: Теория сабаыны мазмны Пн Мейіргер ісі негіздері Таырып.docx

ВУЗ: Не указан

Категория: Не указан

Дисциплина: Не указана

Добавлен: 29.03.2024

Просмотров: 21

Скачиваний: 0

ВНИМАНИЕ! Если данный файл нарушает Ваши авторские права, то обязательно сообщите нам.


1.Пациентке процедураның мақсаты мен барысын түсіндіріңіз, келісімін алыңыз.

2.Пациентке келесі жағдайларды ескертіңіз:

а)зерттеу аш қарында жүргізіледі

б) ішек пен қуықты зәр мен нәжістен босатқан жөн

3.Панель үстінде орналасқан бекітпені ашыңыз, панельдің оң жағында орналасқан бинтпен салмақ өлшегішті ретке келтіріңіз, өлшегіштің деңгейі өлшегіш панелінің сол жақ қабырғасында орналасқан бақылаушы тараумен сәйкес келу керек.

4.Бекітпені жабыңыз, сосын пациентке өлшегіштің ортасына, клеенка үстіне тұруын ( аяқ киімсіз) ұсыныңыз немесе көмектесіңіз.

5.Бекітпені ашыңыз, планканың жылжытпасын солға қарай бақылаушы тарау деңгейімен бірдей болғанша жылжытыңыз.

6.Бекітпені жабыңыз.

7.Пациентке нәтижесін хабарлаңыз. Өлшегіш алаңынан түсуіне көмектесіңіз.

8.Клеенканы зарарсыздандырып, қолыңызды жуыңыз.

9.Өлшеу нәтижесін ауру тарихына тіркеңіз.

Бой өлшеу кезіндегі іс-әрекет алгоритмі

Жабдықтау:

· бой өлшегіш

· дәке

· клеенка

· қолғап

· қабылданған құжат (дене қызуын тіркеу парағы).

Іс-әрекет алгоритмі:

1.Пациентке процедураның мақсаты мен орындалу барысын түсіндіріңіз, келісімін алыңыз.

2.Өлшегіш алаңына дәкені салыңыз.

3.Өлшегіштің бір жақ қырынан тұрып, қозғалатын планканы пациент бойының болжамды өлшемінен жоғары ұстаңыз.

4.Пациентті алаңға дұрыс орналастырыңыз, аяқ киімін шешеді, жамбасы, жауырыны бой өлшегіштің планкасына жанасу тиіс, басын аздап шалқайтып, құлақ ұшы мен көздің сыртқы бұрышы бір көлденен сызық бойында болады.

5.Бой өлшегіштің планкасын бас төбесіне дейін түсіріп, шкала бойынша сантиметр санын анықтаңыз.

6.Пациентке нәтижесін хабарлаңыз. Пациентке өлшегіш алаңынан түсуге көмектесіңіз.

7.Клеенканы зарарсыздандырып, қолыңызды жуыңыз.

8.Өлшеу нәтижесін құжатқа (дене қызуын тіркеу парағына) тіркеңіз.

Кеуде қуысының аймағын өлшеу іс-әрекетінің алгоритмі

Жабдықтау:

· сантиметрлік өлшегіш

· тіркейтін құжат (ауру тарихы)

Іс-әрекет алгоритмі:

1.Пациентке іс-әрекетін түсіндіріп, келісімін алыңыз.

2.Сантиметрлік өлшегішпен жауырын астына , алдыңғы жағынан алтыншы қабырға бойымен, салыңыз. Пациенттің қолы төмен қараған, тыныс алуы қалыпты.

3.Кеуде қуысының аймағын тыныс шығарған кезде және терең дем алу кезінде өлшеңіз.

4.Алынған нәтижелерді жазып алыңыз.

Динамометрия

Динамометрия- бұлшық ет күшін өлшеу. Бұлшық ет күшін анықтауды қол динамометрмен анықтайды. Қол динамометрі элипсоидалдық құрыш пластина, оны қысқанда бұлшық ет күшін килограммен көрсетеді.


Іс-әрекет алгоритмі:

-Емделушіге динамометрді қолына циферблатын ішіне қаратып алуын сұраңыз.

-Қолын көлденең жағдайда жан-жағына созу керек.

-Динамометрді барынша қысу керек.

-Динамометрдің көрсеткіштерін әр қолдың саусақтарына бөлек жазыңыз.

-Зерттеу әр қолға үш рет өткізіліп және жақсы көрсеткіші жазылады. Динамометрия көрсеткіштері ер адамдар үшін 40-45кг, әйелдер үшін 30-35кг, сол қол күшінің көрсеткіштері жайшылықта 5-10см-ге кем болады (егер науқас солақай болмаса).





Спирометрия

Өкпе көлемінің сыйымдылығын спирометр арқылы анықтайды. Өлшеулер бір-біріне салынған екі қуыс металл цилиндрден тұратын су спирометрмен жүргізіледі. Спирометрия-спирометр арқылы өкпедегі ауаның мөлшерін өлшейді. Спирометр көрсеткіштері бойынша белгілі дәрежеге дейін жүрек және қан тарататын тамырлар қызметі туралы айтуға болады.

Өкпе көлемінің сыйымдылғы ер адамдар үшін орташа көрсеткіштері-3500-4000куб см, әйелдер үшін -2500-3000куб см. Жасы ұлғайған сайын өкпе көлемінің сыйымдылығы көрсеткіштері өзгеріп тұрады.

Тыныс және қан айналым мүшелері зақымдалған емделушілердің юұл көрсеткіштері көп өзгеріске шалдығады.

Іс-әрекет алгоритмі:

  1. Резеңке түтікті жек залалсыздалған шыны мүштікке кигізіңіз.

  2. Емделушіні спирометрге бетін қаратып орналастырыңыз.

  3. Резеңке түтігі бар мүштікті қолыңызға алыңыз.

  4. Емделушіге 1-2рет тыныс алып, шығаруын сұраңызү

  5. Емделуші өте терең тыныс алуын сұраңыз. Аузына алған шыны арқылы мұрнын жауып, асықпай кең тыныс шығаруын сұраңыз.

  6. Шығарған ауа көлемін цилиндр бетіндегі немесе аппарат бүйіріндегі шкала бойынша анықтаңыз.

  7. Мәліметтерді қатар үш рет өткізеді, ең жақсы көрсеткішті жазады.




Термометрия

Адамның дене қызуы кез келген жағдайда салыстырмалы тұрақты болып келеді. Дені сау адамның қолтық астындағы қызуы 36,4 - 36,8°С аралығында тербеледі. Ең жоғарғы летальды қызу (яғни адам өміріне сай келмейтін температура, бұл кезде адам өледі) 43°С-қа тең, мұндай қызуда организмде зат алмасуының қайтарылмайтын өзгерістері басталады, клеткаларда ауыр кұрылымдық заымданулар болады. Летальды ең төменгі кызу - 15 - 23°С.

Әртүрлі жағдайларға байланысты дене қызуынын физиологиялық тербелуі мүмкін. Мысалы, тік ішекте, кынапта, шап қыртысында, ауыз қуысында өлшенген қалыпты қызу қолтық астындағы қызуға қарағанда
0,4°С жоғары.

Балаларда зат алмасу неғұрлым қарқынды етеді, ал жылу реттеу механизмдері жетілмеген, сондықтан оларда үлкендерге қарағанда дене қызуы неғұрлым жоғары. Әйелдерде дене қызуы етеккірдің фазаларымен анықталады: овуляция (жетілген фолликулдын жарылып, жұмыртқа клеткасының шығуы) кезінде ол 0,6 - 0,8°С - ка көтеріледі.

Адамның дене қызуын өлшеу термометрия деп аталады, ол медициналық сынап термометрімен жүргізіледі. Термометр капиллярі бар шыны түтікшеден тұрады, онда сынап толтырылған резервуар бар. Бұл түтік шкалаға бекітілген, оған 34-тен 42°С дейін бөлімдер жасалынған. Қызған кезде капиллярмен жоғары көтерілген сынап суыса да төмен түспейді. Сынап түсуі үшін термометрді бірнеше рет сілку керек.

Дене қызуын көбінесе қолтық астында (алдау күдіктелінсе-екі жақпыш да), ал шап қыртысында (балаларда), ауыз куысында (термометр резервуарын тілдің астына қояды), тік ішекте (вазелинмен майланған термометрдің резервуарын сол қырында жатқан науқастың тік ішегіне 2-3 см тереңдікке кіргізеді) сиректеу өлшейді. Дене қызуын өлшегенде мейірбикенің болуы міндетті.

Дене қызуы қолтық астында калыпты жағдайда 36 - 37°С, және ол шырышты қабаттардағы қызуға қарағанда 0,5 - 0,8°С төмен екендігін есте сақтаған жөн. Қызуды өлшеу былай жүргізіледі: құрғақ 35°С-ден төмен көрсеткішпен термометрді адын ала кұрғатып сүртілген қолтық астына терімен толық жанасатындай етіп орнатады (науқастың иығын кеуде клеткасына қысу), 7 - 10 минуттан кейін термометрдің көрсеткішін анықтап, оны температуралық бетке жазады. Содан кейін термометрді сілкіп, 4/5 белігіне дейін немесе толығымен хлораминнің 1% зарарсыздандыру ерітіндісіне (немесе басқа дез. Ерітіндіге) 15 минутқа салып қояды, содан соң ағынды сумен шайып, құрғақ күйінде түбінде мақтасы бар ыдысқа сақтайды.

Қазіргі кезде қызуды өлшеудің басқа да жолдары бар екендігін айтқан жөн. Мысалы, электронды термометрлер, электротермометрлер, тез анықтау үшін - экспресс әдіс, маңдай терісіне қызу көтерілгенде бояуын өзгертетін термолабильді затпен қапталған қағаз киындысы.

Дене қызуының тәуліктік тербелулерін сызып керсету үшін температуралық беттер толтырады.Температуралық парақтарды әр науқасқа толтырып, күніне екі рет термометрия нәтижелерін жазып отырады. Абсцисс осі бойымен ауру күндері, ординат осінде температуралық тор орналасады, оның бөліктері 0,2°С-қа тең. Бетке күнделікті екі реттік термометрия нәтижелерін нүктемен белгілейді, оларды біріктіреді де температуралық қисық сызық сызылады.


Ес түрлері

Науқаста естің бұзылуының әртүрлі дәрежесі дамуы мүмкін, оның өшуі (ступор, сопор, кома) немесе ОНЖ қозуы болады (сандырақтау, галлюцинация).

Есі анық – есінің толық сақталуы, белсенді сергектік, өзін және қоршаған ортаны адекватты қабылдау. Науқас қоршаған ортаны толық бағдарлай алады, қойылған сұрақтарға нық жауап береді.

Ступор (аздаған қатаңдану) – естің жартылай өшуі. Науқас уақыт пен кеңістікті жақсы бағдарлай алмайды, бірақ өзін, айналадағы адамдарды бағдарлай алуы сақталған. Қатты шаршағаны, солғыңдығы, бет-қимылы азайғандығы, ұйқылы-ояулығымен сипатталады. Ауырту қозғалыс реакциясы белсенді және дұрыс бағыталған. Сөйлесуі сақталған, адамның сөйлегенін естігенде, көзін ашады, бірақ сұрақтарға баяу, бірыңғай, кейде мағынасыз жауап береді. Жамбас мүшелерінің қызметін бақылау сақталған.






Сопор – естің терең тұнжырауы. Науқас «ұйқылы» жағдайда болады: сыртқы ортаға қатыссыз, көздері жабылған, сөйлесу мүмкін емес, команданы орындамайды, қозғалыссыз. Қатты айқайлағанда, ауырсыну кезінде (укол, шымшу және т.б.)оны алып-тастауға бағытталған, аяқ-қолдарының үйлесімді қорғаныс қозғалыстары байқалады жәненауқас басқа бүйіріне бұрылуы, немесе ынырсуы мүмкін. Ақаулы ұйқы жағдайынан қысқа уақытқа шығуы мүмкін. Жамбас мүшелерінің қызметін бақылау бұзылған. Өміріне қажетті қызметі сақталған, немесе бір параметрі аздап өзгерген.






Кома – естің толық жойылуы. Науқас ауырсыну және дыбыс тітіркендіргіштеріне жауап бермейді, рефлекстері жоғалған. Тыныстың тереңдігі мен жиілігі бұзылу, қан қысымының төмендеуі, жүрек қызметі ырғағының бұзылуы, температура реттеуінің бұзылумен сипатталады. Қарашығы тарылған, жарыққа реакциясы жоқ.Кома аурудың біршама ауыр дәрежеде екенін көрсетеді, мида жедел ми-қанайналым бұзылысы, бас жарақаты, қабыну (энцефалит, менингит, малярия), сонымен бірге улану нәтижесінде (барбитурат, көмірсу тотығы және басқ.), қант диабеті, уремия, гепатит (уремиялық, бауырлық кома) салдарынан мидың қыртысында терең тежелу пайда болудан дамиды.






Сандырақтау – бұл жалған, ретсіз пікір, ойланудың бұзылуы және байланыссыз сөйлеумен бірге жүреді. Соматикалық науқастарда жоғары дене температурасы кезінде (мысалы, жұқпалы аурулар кезінде), жиі психикалық бұзылыстары кезінде болады. Сандырақтаудың тыныш және елірме түрін ажыратады. Елірме сандырақтауда науқастар қозулы күйде, төсектен ұшып тұрып, осы жағдайда не өзіне, не айналадағыларға залалын тигізуі мүмкін.


Галлюцинация – шын мәнінде жоқ нәрсені, жалған қабылдау. Есту, көру, иіс сезу, сипап сезугаллюцинациялары болады. Есту галлюцинациясында науқас өз-өзімен немесе жалған әңгімелесушімен сөйлеседі. Көру галлюцинациясында науқасшын мәнінде жоқ нәрсенікөреді. Бұндай галлюцинация көбінесе созылмалы алкоголизммен ауыратын науқастарда болады. Иіс сезу галлюцинациясы науқастарда жағымсыз иістер мен дәм сезудің өзгеруімен болады. Сипап сезу галлюцинациясы – денесінде жәндіктер, микробтар жүрген сияқты сезімде болады.

IV. Жаңа сабақ бойынша жұмыс түрлері: Жаңа тақырып бойынша студенттердің білім деңгейін анықтау мақсатында тапсырма беріледі. Глоссарийға арналған даптерлеріне жаңа тақырып бойынша термин атауларымен анықтамаларын теріп жазады.

V. Жаңа тақырыпты бекіту: Студенттердің сабаққа деген қызығушылықтарын арттыру мақсатында бірнеше тест сұрақтары беріледі.

VI. Үй тапсырмасы: Науқасты тексеру барысында зерттеу түрлерін жүргізудің маңыздылығын анықтау .