Файл: Lesson studyзерттеу тобыны отырысы Хаттама 1.doc

ВУЗ: Не указан

Категория: Не указан

Дисциплина: Не указана

Добавлен: 29.03.2024

Просмотров: 6

Скачиваний: 0

ВНИМАНИЕ! Если данный файл нарушает Ваши авторские права, то обязательно сообщите нам.

«Lesson study»зерттеу тобының отырысы

Хаттама №1

Мерзімі: 16.01.2023 жыл

Қатысушылар:

  1. Бекбосынова Ардақ

  2. Сыдыкова Гүлжанат

  3. Тағаева Анар

  4. Қожахетова Анар

  5. Торгузова Динара


Күн тәртібінде:

  1. «Lesson study»зерттеу тобының жұмыс жоспарын құру;

  2. Зерттеу тақырыбын талдау, шешу мәселелерін қарастыру;

  3. «Lesson study» зерттеу жұмысының жүргізуіндегі әр топ мүшесінің қызметтерін бөліп беру;

  4. Әр түрлі.


Бірінші мәселе бойынша, А.Тағаева сөз сөйледі.

Ол өз сөзінде LessonStady зерттеу жұмысы қалай өтетінін, біздің таңдап алған сыныптың жағдайында қалай жүргізуге болатынын, өз пікірін айтып өтті. Сыныптағы оқушылардың оқу деңгейінің, сыныптағы білім алуға деген кедергілерді айтып өтті.

Сыдықова Г: Сынып оқушыларына мінездеме берілді. Сонымен қатар оқушылардың топтық жұмыста белсенді екендігін айтып өтті. Балалар жеке жұмыс жасағаннан гөрі жұпта жұмыс жасаса, өздеріне сенімді болады деп ойлайтынын айтты.

Екінші мәселе бойынша, Торгузова Динара айтып өтті. Өз жағдайында осы зерттеу жұмысының жүру барысын толығымен түсінбейтінін және практика барысында барынша жұмыс жасайтынын айтты. Басқа әріптестерден қолдау күтетінін айтып өтті.

Үшінші мәселе бойынша, Бекбосынова Ардақ зерттеу тобы бойынша қызметтер бойынша айтып өтті. Өзінің осы зерттеу тобының барлық құжаттарын, бақылау парағын, зерттеу барысын, фото суреттерді жинақтайтынын қызметті мойнына алды. Топ мүшелері барлық мәліметтер padlet тақтасына салынып отырсын деген ұсыныс айтылды.

Шешімі:

  1. «Lesson study» тобының дайындаған жоспары жүзеге асырылсын;

  2. Әр өткен зерттеу сабағы бойынша жинақталған материалдар padlet тақтасына жинақталсын;

  3. Зерттеу тақырыбы сәйкес цикл бойынша сабақтар өткізілсін.


Хатшы: Бекбосынова А.Р