ВУЗ: Не указан

Категория: Не указан

Дисциплина: Не указана

Добавлен: 29.03.2024

Просмотров: 15

Скачиваний: 0

ВНИМАНИЕ! Если данный файл нарушает Ваши авторские права, то обязательно сообщите нам.

1) "Ақпарат" термині латынның түсіндіру, баяндау, мәлімет деген ұғымдарды білдіретін "informatio" сөзінен шыққан. Ақпарат (лат. informatio — түсіндіру, мазмұндау) ұғымы күнделікті өмірден бастап техникалық салада пайдаланылатын көп мағыналы ұғым.

Ақпаратты біз әртүрлі нысандардан аламыз, мысалы:

Затпен жанасқанда

Теледидар көргенде

Кітап оқығанда

Музейлерге барып суреттерді көргенде

Асты ішіп жегенде

Әуен тындағанда

Ақпарат түрлері

дыбыстық

видео-ақпарат

графикалық ақпарат

мәтіндік

сандық

Адекваттілігі — ақпараттың көрсетілген обьектіге немесе құбылысқа бірегей сəйкес болу қасиеті. Шынайылығы — жасырын қатесі болмайтын ақпарат қасиеті

Толықтығы —көрсетілген обьектіні немесе үрдісті толық сипаттайтын ақпарат қасиеті. Қолжетімділігі—қолданушыға, ақпаратты алу мүмкіндігін беруді сипаттайтын ақпарат қасиеті. Сәйкестігі —ақпараттың қолданушының сұраныстарына сəйкес болуы қабілеті.

Ақпараттың сапасы — ақпараттың пайдалы деңгейін көрсететін, ақпараттың жалпыланған оң сипаттамасы. Ақпараттың өзектілігі —ақпараттың ағымдық уақытқа сəйкес болу деңгейі. Ақпараттың толықтығы сияқты, өзектілігімен де ақпараттың коммерциялық бағалылығын жиі байланыстырады. Басқа да маңызды ақпарат қасиеттері бар. Ақпараттың қысқалығы мен нақтылығы— ақпаратта керексіз мəліметтердің болмауы. Бағалылығы — шешім қабылдау үшін ақпараттың маңыздылық деңгейі. Түсініктілігі — ақпараттың өрнектелу тілі бағытталушыға түсінікті. Уақытылығы — дəл осы кезде түсінуге жəне шешім қабылдауға қажет ақпараттың өзектілігі жəне онда мəліметтердің болуы

2

3 Санау жүйесі. Адамдар сандарды жазу үшін əр түрлі санау жүйелерін қолданады. Сандар қай ережемен жазылатынын жəне олардың үстінен арифметикалық амалдар қалай орындалатынын санау жүйесі көрсетеді. Әдетте біз сандарды жазуда 10 цифр (0,1...,9) көмегімен жазылатын ондық санау жүйесін қолданамыз. Сағаттардағы уақытты санау үшін он екілік санау жүйесі, ал минут пен секундтарда – алпыстық санау жүйесі қолданылады. Ондық санау жүйелері де, екілік санау жүйелері де позициялық санау жүйесіне жатады, яғни цифрдың мəні сан жазбасында орналасуына тəуелді.


. Санау жүйелерінің позициялық  мен позициялық  емес болып бөлінетің екі түрі  бар. Мұның біріңшісі-ерте  кезден  қалыптасқан оңдық санау  жүиесі, екіншісі-белгілі римдік  санау жүйесі 

4 Компьютердің ең негізгі кұрылғысы — жүйелік блок. Оның ішінде дербес компьютердің негізгі түйіндері орналасқан. Жүйелік блоктың құрамына процессор, жедел жад (RАМ), тұрақты есте сақтау құрылғысы, қоректендіру блогы, енгізу-шығару порттары және ақпарат тасушылар енеді.

Жүйелік блок ішінде компьютердің ең маңызды бөліктері орналасқан негізгі торапты (узел) білдіреді. Бұл тораптың ішінде орналасқан маңызды құрауыштар:

· Компьютердің жұмысын басқаратын электрондық схема (микорпроцессор, жедел жад, құрылғылардың бақылаушысы және т.б.);

· Компьютердің электрондық схемасына берілетін кернеуі аз тұрақты токтағы электрмен қоректендіретін желілерді қалыптастыратын қоректендіру блогы;

· Икемді магнитті дискіге (дискетте) жазылуда және оқуда пайдаланылатын икемді магниттік дискісінің жинақтаушысы (немесе дискжетек – дисковод);

Алынбайтын (қозғалмайтын) қатқыл магниттік дискіге (винчестер) жазылуға және оқуға арналған қатқыл магниттік дискідегі жинақтауыш.

Жүйелік блоктың ішінде жатқан құрылғылар ішкі құрылғылар, ал сыртына қосылатын құрылғылар сыртқы құрылғылар деп аталады.

Жүйелік блок сыртқы түрі бойынша қорабының формасымен айрықшаланады. Дербес компьютердің қорабын деңгейлес (горизонталь) және сатылас (вертикаль) етіп шығарады. Сатылас етіп жасалған қорап габарит бойынша ажыратылып көрсетіледі: көп мөлшерлі, орта мөлшерлі және аз мөлшерлі. Деңгейлес етіп жасалған қораптардың ішінен тегістері және ерекше тегістері бөліп көрсетіледі.

Қорап үшін пішіндерден басқа факторлар пішіні (форм-фактор) деп аталатын параметрлердің де маңызы зор. Орналастырушы құрылғыларға қойылатын талаптар параметрлерге байланысты болады. Бүгінгі күні негізінен екі факторлар пішініндегі (форм-фактор) қораптар пайдаланылады: АТ, АТХ. Қораптың факторлық пішіні аналық тақша (материнская плата) деп аталатын компьютердің негізгі (жүйелік) тақташасындағы факторлар пішінімен міндетті түрде келісімде (үйлесімде) болуы керек.

Монитор – мәтіндік және графикалық мәліметтерді экран бетіне шығаруға арналған құрылғы. Монитордың тарихы ерте кезден басталады, үлкен қара жәшіктен бастап сұйық кристалды, плазмалы дисплейлі монитордан аяқталады. Монитордың жұмыс жасау режиміне байланысты, денсаулыққа әсеріне байланысты оның жақсы сапалы түрін тандаған жөн. Монитордың маркасына байланысты олардың қызметтік ретке келтіру түрлері де ерекше болады, сол себепті монитордың өзгермелі параметрлері бар түрін таңдау керек. Бұл компьютердегі келеңсіздіктерді сервис орталыққа жүгінбей-ақ түзетуге болады.


Оның негізгі тұтыну параметрлері – экран қалқасының (маска) мөлшері мен қадамы, кескінді қайта өндірудің (регенерация изображения) ең көп шамадағы жиілігі, қорғаныс класы.

Монитордың мөлшері диагонал бойынша кинескоп құбырларының қарама-қарсы бұрыштардың арасымен өлшенеді. Өлшем бірлігі – дюйм. Қазіргі таңда 9-дан 42 дюймге дейінгі (23-тен 107 см.-ге дейін) экранды мониторлар шығарылады.

Пернетақта — дербес компьютерді басқаратын пернелік құрылғы. Ол алфавиттік-цифрлық мәліметтерді енгізуге арналған. Монитор мен пернетақтаның бірігіп кызмет аткаруын қолданушы интерфейсі деп атайды.

Пернетақта дербес компьютердің стандартты құрылғыларының қатарына жатады.

Тінтуір (тышқан, маус) - графиктік меңзермен басқарылатын құрылғы. Екі немесе үш батырмасы бар жазыңқы қорапша тәріздес. Тінтуірдің жазық беттегі қозғалысы экрандағы тінтуір нұсқағышы деп аталатын графиктік объектінің қозғалысымен байланыстырылған. Компьютерді басқару үшін тінтуірді жазық бетте жылжытады және оның оң немесе сол жақ батырмаларын қысқа уақытқа басып отырады. Осылайша басуды шерту деп атайды.

2.ДЕРБЕС КОМПЬЮТЕРДІҢ ІШКІ ҚҰРЫЛҒЫЛАРЫ

Жүйелік блоктың ішіндегі құрылғылар компьютердің ішкі құрылғылары.

Микропроцессор – компьютердің негізгі микросхемасы. Онда барлық есептеулер жүргізіледі. Процессордың негізгі сипаттамасы – тактілік жиілік (МГц). Тактілік жиілік неғұрлым көп болса, соғұрлым процессордың жұмыс өнімділігі жоғары болады. Мысалы, процессордың тактілік жиілігі 500МГц болса, процессор өзінің қалпын 500млн. рет өзгертеді.

Оперативті жады – компьютер іске қосылып тұрған кездегі көп ұяшықтарда берілгендер мен командалар сақталып тұратын ұяшықтар массиві.

Процессор оперативті жадымен бірге жұмыс істейді. Берілгендер процессордың регистрларына (процессор ұяшықтарына) көшіріледі де, берілген команда бойынша өзгертіледі. Оперативті жадының өлшем бірлігі – байт, Мбайт.

Байт – адресі бар берілгендерді сақтаудың ең кіші бірлігі. Ол өзінен кіші 8 бірлік – биттерден тұрады. Бит 2 күйде болады: қосулы/өшулі.

Процессор кез-келген уақытта байтқа, яғни оперативті жадының ұяшығына адресі бойынша бара алады. Бұл кезде процессор кез-келген биттің күйін өзгерте алады. Ол үшін:

  1. Ұяшықтың ішіндегісін процессордың бір регистріне көшіреді;

  2. Кез-келген битті немесе биттер тобын өзгертеді;

  3. Регистрден кері оперативті жадыға көшіреді;


Аналық плата – ДК ең үлкен платасы. Онда процессор мен оперативті жадыны жалғастыратын шиналар орналасқан: берілгендер шинасы, адрестер шинасы, командалар шинасы. Аналық платаның шиналарына басқа да ішкі құрылғылар жалғанады. Чипсет – аналық платаның жұмысын басқаратын микросхемалар жиынтығы.

Видеадаптер – аналық платаға жалғанатын ішкі құрылғы. Компьютердің графикалық мүмкіндіктерін жасайды. Бұл құрылғының өзінің видео процессоры бар. Видеоадаптердің үш өлшемді кеңістікті бейнелеуде рөлі зор. Кей модельдерде видеоадаптердің функциясын чипсеттің микросхемасы орындайды. Бұл жағдайда видеоадаптер аналық платамен интегралданған деп аталады. Егер видеоадаптер жеке құрылғы болса, онда оны видеокарта деп атайды. Видеокартаның разъемдары жүйелік блоктың артқы жағынан шығарылған. Оған монитор жалғанады.

Дыбыстық адаптер – компьютерде дыбыс шығару үшін аналық платаға орнатылған ішкі құрылғы. Ол чипсетте аналық платамен интегралданған болуы мүмкін немесе жеке құрылғы дыбыстық карта болуы мүмкін. Дыбыстық картаның разъемдары жүйелік блоктың артқы жағынан шығарылған, оған микрофон, колонка, наушник жалғанады.

5

6 Компьютердің ең негізгі кұрылғысы — жүйелік блок. Оның ішінде дербес компьютердің негізгі түйіндері орналасқан. Жүйелік блоктың құрамына процессор, жедел жад (RАМ), тұрақты есте сақтау құрылғысы, қоректендіру блогы, енгізу-шығару порттары және ақпарат тасушылар енеді.

Жүйелік блок ішінде компьютердің ең маңызды бөліктері орналасқан негізгі торапты (узел) білдіреді. Бұл тораптың ішінде орналасқан маңызды құрауыштар:

· Компьютердің жұмысын басқаратын электрондық схема (микорпроцессор, жедел жад, құрылғылардың бақылаушысы және т.б.);

· Компьютердің электрондық схемасына берілетін кернеуі аз тұрақты токтағы электрмен қоректендіретін желілерді қалыптастыратын қоректендіру блогы;

· Икемді магнитті дискіге (дискетте) жазылуда және оқуда пайдаланылатын икемді магниттік дискісінің жинақтаушысы (немесе дискжетек – дисковод);

Алынбайтын (қозғалмайтын) қатқыл магниттік дискіге (винчестер) жазылуға және оқуға арналған қатқыл магниттік дискідегі жинақтауыш.

Жүйелік блоктың ішінде жатқан құрылғылар ішкі құрылғылар, ал сыртына қосылатын құрылғылар сыртқы құрылғылар деп аталады.

Жүйелік блок сыртқы түрі бойынша қорабының формасымен айрықшаланады. Дербес компьютердің қорабын деңгейлес (горизонталь) және сатылас (вертикаль) етіп шығарады. Сатылас етіп жасалған қорап габарит бойынша ажыратылып көрсетіледі: көп мөлшерлі, орта мөлшерлі және аз мөлшерлі. Деңгейлес етіп жасалған қораптардың ішінен тегістері және ерекше тегістері бөліп көрсетіледі.


Қорап үшін пішіндерден басқа факторлар пішіні (форм-фактор) деп аталатын параметрлердің де маңызы зор. Орналастырушы құрылғыларға қойылатын талаптар параметрлерге байланысты болады. Бүгінгі күні негізінен екі факторлар пішініндегі (форм-фактор) қораптар пайдаланылады: АТ, АТХ. Қораптың факторлық пішіні аналық тақша (материнская плата) деп аталатын компьютердің негізгі (жүйелік) тақташасындағы факторлар пішінімен міндетті түрде келісімде (үйлесімде) болуы керек.


5 Компью́тер (ағылш. computer — «есептегіш»), ЭЕМ (электрондық есептеуіш машина) — есептеулерді жүргізуге, және ақпаратты алдын ала белгіленген алгоритм бойынша қабылдау, қайта өңдеу, сақтау және нәтиже шығару үшін арналған машина. Компьютер дәуірінің бастапқы кезеңдерінде компьютердің негізгі қызметі — есептеу деп саналатын. Қазіргі кезде олардың негізгі қызметі — басқару болып табылады.

Негізгі принциптері: Өзінің алдына қойылған тапсырманы орындау  үшін компьютер механикалық бөліктердің  орын ауыстырылуын, электрондардың, фотондардың, кванттық бөлшектердің ағынын немесе басқа да жақсы зерттелген физикалық құбылыс әсерлерін қолданады. Көбімізге компьютерлердің ең көп таралған түрі — дербес компьютер жақсы таныс.

Компьютер архитектурасы  алға қойылған мәселені, зерттеліп отырған физикалық құбылысты максималды айқын көрсетіп, модельдеуге мүмкіндік береді. Мысалы, электрондық ағындар бөгеттер салу кезіндегі су ағынының үлгісі ретінде қолданылуы мүмкін. Осылай құрастырылған аналогтық компьютерлер ХХ ғасырдың 60-жылдары көп болғанымен, қазір сирек кездеседі.

Қазіргі заманғы компьютерлердің  басым бөлігінде алға қойылған мәселе әуелі математикалық терминдерде  сипатталады, бұл кезде барлық қажетті  ақпарат екілік жүйеде (бір және ноль ретінде) көрсетіледі, содан кейін оны өңдеу үшін қарапайым логика алгебрасы қолданылады. Іс жүзінде барлық математикалық есептерді бульдік операциялар жиынына айналдыруға болатындықтан, жылдам жұмыс жасайтын электронды компьютерді математикалық есептердің, сонымен қатар, ақпаратты басқару есептерінің көпшілігін шешу үшін қолдануға болады.

Бірақ, компьютерлер кез-келген математикалық есепті шеше алмайды. Компьютер шеше алмайтын есептерді ағылшын математигі Алан Тьюринг сипаттаған болатын.

Орындалған есеп нәтижесі пайдаланушыға әр түрлі енгізу-шығару құрылғыларының көмегімен көрсетіледі, мысалы, лампалық индикаторлар, мониторлар, принтерлер және т.б.