Файл: Мектептегі ауіпсіздік ережесі.doc

ВУЗ: Не указан

Категория: Не указан

Дисциплина: Не указана

Добавлен: 29.03.2024

Просмотров: 32

Скачиваний: 0

ВНИМАНИЕ! Если данный файл нарушает Ваши авторские права, то обязательно сообщите нам.

Мектеп жаңалықтары

Ата- аналар назарына! Демалыс кезіндегі оқушылардың техника қауіпсіздік ережелері


Ата- аналар назарына! Демалыс кезіндегі оқушылардың техника қауіпсіздік ережелері

Аптаның алты күнін партада өткізетін оқушылар бүгін де оқуларын тәмамдап 1-ші тоқсандық  арнайы демалысқа шықты. Күзгі демалыс  кезіндегі оқушылардың техника қауіпсіздік ережелері туралы ақпараттандыру балаларға алдын ала жүргізілді. Арнайы сап түзеу жиынында Жасұлан ұйымы бірлестігі әр оқушы қолына қауіпсіздік ережелері атты парақшаларын ұсынды. Сынып жетекшілері күзгі демалысқа шығар оқушы мен ата-анадан арнайы қауіпсіздік ережелерін ескере отырып қолхат алды. Және оқушы назарына арнайы қауіпсіздік ережелеріне арналған бұрыш дайындалды. Қауіпсіздік ережелерін есте сақта!

    Бос қалған, бұзылған үйлерге баруға, жақындауға болмайды;
    Далада, үйде, қоғамдық жерлерде тәртіп бұзбай, өздерін дұрыс ұстаулары керек;
    Өрт, су, жағажайға жалғыз бармау, тоғайға жалғыз бармау, техника, еңбек, дене тәрбиесі сабақтарындағы қауіпсіздікті және жолда жүру ережелерін сақтау керек;
    Кешкі сағат 22.00-ден кейін көшеде жүруге болмайды;
    Танымайтын адаммен еріп кетуге немесе бөгде техникаға отыруға болмайды;
    Басқа жаққа қыдырып кеткен жағдайда мектеп әкімшілігіне  не сынып жетекшіге хабарлау керек;
    Жасөспірімдерді дүкендерге спирттік ішімдіктерді алуға, спирттік ішімдіктерді ішуге,  есірткелік заттарды қолдануға болмайды.

Каникул кезіндегі жалпы тәртіп ережелері

Автор: № 5 ЖОМ

31-10-2014 09:19

Әрбір оқушы каникул кезінде өзін-өзі ұстау туралы тәртіп ережесін міндетті түрде білу керек. Ережелер туралы ата-аналар мен мектеп мұғалімдері құлағдар ету қажет. Сынып жетекшілері арнайы сабақта өзін – өзі көшеде, қоғамдық көлікте ұстай білулері туралы, көшеде жүру ережесі туралы, үлкендермен сөйлесу әдебі туралы түсіндіреді.

Қауіпсіздік ережелерін білу арқылы оқушылар каникул кезінде жарақат алмайды. Кейбір жағдайда бұндай ақпарат оқушының өмірін сақтап қалады. Бөгде адамдардың көлігіне отыруға, бөгде адамдармен сөйлесуге тыйым салынған! Бейтаныс адамдарға есікті ашуға, электрқұралдарымен, қауіпті заттармен ойнауға болмайды. Жануарларға жәбір көрсетуге болмайды.

Міндетті түрде ЖЖЕ сақтау қажет! Жолдан дұрыс өту.

Балалар білуге тиіс:

·                     бұралқы жануарлармен ойнамау;

·                     дәрілерді, таныс емес заттарды қабылдамау, ішімдік, наша;


·                     рұқсатсыз су жағасына барма;

·                     бейтаныс ауданда серуендемеу, биіктіктен секірмеу;

·                     бағдаршамның қызыл түсіне және көрсетілмеген орында жүгірмеу;

·                     өткір, жарылғыш, жанғыш заттармен ойнамау;

·                     компьютералдында көп отырмау;

·                     қоқыс, құрылыс алаңдарында, тас жол және темір жол маңатында жүгірмеу;

·                     бейтаныс адамдарды пәтерге шақырмау, бөгде адамдарға ата-аналарының ақшаны, бағалы заттарды сақтаған жерлері туралы айтуға болмайды;

·                     асқа бейтаныс өсімдіктер мен азық – түліктерді қабылдамау;

·                     пәтер кілтін басқа біреулерге көрсетуге болмайды;

·                     қоғамдық орындарда өзін – өзі ұстау әдебін сақтау.

 

Балалар жиі қол, аяғын, құлағын, мұрындарын үсіріп алады. Алғашқы көмекті көрсете білуді білу қажет. Мысалы: оқушы үсіп қалған саусақтарын салқын суда жылытып, бірте-бірте су температурасын ұлғайтып отырады.


КӨК ТАЙҒАҚ КЕЗІНДЕГІ ҚАУІПСІЗДІК ЕРЕЖЕСІ.

Көктайғақ  – сырғанақ  беткейді түзетін қардың немесе мұздың қабаты.  Көктайғақ – жаңбырдан кейін күннің сууынан  пайда болған мұз қабаты. Ол көбінесе адамдар көп жүретін жерлерде және тратуарларда кездеседі. Жаяу жүргінші көктайғақ кезінде – құлап бір жерін жарақаттап алуы мүмкін және көлік астына түсіп қалу қауіпсіздігі бар. Суық түскеннен бастап жарақаттар (буынды ауырту, сынықтар, денені соғып алу т.б) саны артады.


Көктайғақ кезінде зардап шеккіңіз келмесе, келесі ережелерді орындаңыз:

- Өзіңіздің аяқ киіміңізге көңіл аударыңыз:

 - Сырғанамайтын, табанында ұсақ өрнектері бар аяқкиімдерді таңдаңыз. Сән қуушылардың биік өкшелі аяқ киімдерді кимегені жөн.
- Аяқастына қараңыз, қауіпті жерлермен жүрмеңіз.

- Егер мұзды жерді айналып өту мұмкін болмаса, мұз үстімен шаңғышы сияқты қысқа адымдармен жүріңіз:

- Жолдың келесі бетке өтетін жерлерде абай болыңыз, асықпаңыз, жүгірмеңіз;
- Ылдилы жерлерден айналып өтуге тырысыңыз;
- Аяғыңызды тізеден бос ұстап, табаңыңызды нық төсеп жүріңіз;
- Мүмкіндігінше қолдарыңыз бос болсын, ауыр сөмкелер ұстамауға тырысыңыз. Қолды қалтаға салып жүру құлау қаупін ұлғайтады.

- Егер тайып кетсеңіз ауыр жарақат алмас үшін, жүрелеп отыра қалуға тырысыңыз.
- Құлаған кезде қатты соққы алмас үшін бүктетіліп, аунап түсуге тырысыңыз.
- Құлаған кезде қолыңыздағы заттың емес, өзіңіздің аман қалуыңызды ойлаңыз.
- Құлаған соң орныңыздан бірден көтерілмей, жарақат алмағаныңызға көз жеткізіп, жаныңыздағылардан көмек сұраңыз.

 

 ЕСТЕ САҚТАҢЫЗ!  Әсіресе арқамен құлау, шалқасынан  құлау ең қауіпті болып табылады, себебі, осы кезде мидың шайқалуы мүмкін. Жарақат алған кезде міндетті түрде жедел жәрдем қызметіне хабарласу қажет. 


Жазғы демалыс кезінде балалар қауіпсіздігі туралы ата-аналар үшін жадынама

Балалардың демалып және сау болуы үшін, ата-аналармен, туысқандарымен, достарымен демалысты ұйымдастыру кезінде бірқатар ережелер мен талаптарды есте сақтау керек.

Балалар бойына жеке қауіпсіздігін сақтау дағдыларын қалыптастырыңыздар; балалармен жеке әңгіме жүргізіңіздер; маңызды ережелерді түсіндіріңіздер; оларды ұстану өмірлерін сақтауы мүмкін; баланың бос уақыты мәселесін шешіңіз.

Есте сақтаңыз!

  1. Қараңғы түскен уақыт пен түнде (20.00-ден 06.00-ге дейін) балалар мен жасөспірімдерге үлкендерсіз көшеде жүруге заңды түрде тыйым салынады;

  2. Өз балаңыздың қайда, кіммен жүргені туралы үнемі біліп отырыңыз, барған орнын бақылаңыз; бөгде адамдармен сөйлесуге тыйым салыңыз. Балаңызға егер біреу оған қиянат жасағысы келсе, әрқашан кімге болса да «жоқ» деп айтуға толық құқығы бар екенін түсіндіріңіз; қандай жағдай болмасын танымайтын адамдардың көлігіне отыруға болмайтынын түсіндіріңіз; не болса да, балаңызға қандай жағдай болмасын оның болған уақиға туралы сіздің білуіңіз қажет екенін айтып, оған ашуланбайтыныңызды, оның жағында болатыныңыз туралы сендіріңіз. Құпияда ұстауға уәде берсеңіз де, кейбір фактілерді құпияда ешқашан сақтауға болмайтынын түсіндіріңіз;

  3. Судағы жүзу мен ойындар рақаттанғаннан басқа баланың өмірі мен денсаулығына қауіп туғызады. Балаңыз суда болған уақытта одан көз алмаңыз, басқа нәрсеге алданбаңыз- сол сәттегі минут қайғылы жағдайға ұшыратуы мүмкін, балаларға жалғыз суда шомылуға, сонымен қоса білмейтін жерде сүңгуге болмайтынын міндетті түрде түсіндіріңіз, балаларға қарап отырған ересек адамның өзі де жүзуді, алғашық көмек көрсетуді білуі тиіс, қолдан дем алдыру мен тікелей емес жүрек уқалауын жасауды жүргізуді білуі тиіс.

  4. Жол-көлік уақиғасының құрбаны немесе себепші болмауы үшін, балаларға жол жүру ережелерін үйрету қажет, жолда және қоғамдық көлікте мұқият болуды үйретіңіз; балалармен ойын және спорт алаңында, жорыққа шыққанда абайлаңыз және қауіпсіздік талаптарын сақтаңыз; велосипедте, квадроциклда, мопедте, мотоциклда балармен жүру ережені жаттаңыз. Есте сақтаңыз! 14 жасқа толмаған балаларға велосипедті автомагистраль мен соған тең жолдарда жүргізуге, ал 16 жасқа толмаған балаларға скутерді (мопедті, квадроциклді) жүргізуге тыйым салынады.

  5. Отпен мұқият болыңыздар. Отпен мұқият болмағандықтан өрт жағдайларының кең тараған уақиғаларына балалардың назарын аударыңыз; баланың отпен сотқарлығы; сөндірілмеген көмірлер; сөндірілмеген темекі қалдықтары, сіріңкелер; саяжай мен орман жиегіндегі жер иелерінің қоқысты жағулары; шөптерді өртеу; қысқа мерзімге тұйықталу; электротехникалық құрылғыларды, тұрмыстық құралдарды, пештерді пайдалану.

  6. Балалар табиғаттан бейқам және сенгіш екенін есте сақтаңыз. Балаларда алаңғасарлық болатына назар аударыңыз. Сондықтан, өзін ұстаудың оңай ережелерін балардың есіне жиі салуыңыз, олардың есте сақтап және оны қолдануына мүмкіндік береді. Сіз оны үнемі естеріне салып отыруға міндеттісіз.


 



Есте сақтаңыз! Бала ата-аналары – сізден үлгі алады! Сіздің үлгіңіз баланы көше мен үйде тәртіпті болуына үйретсін. Қайғылы оқиғалардан балаларды сақтау үшін, барлық мүмкіншіліктерді жасауға тырысыңыз!


«Б.Бейсекбаев атындағы орта мектебі» МКМ

ТЕХНИКА ҚАУІПСІЗДІГІ ЖУРНАЛЫ

2 «б» сыныбы

Сынып жетекшісі: Г.Ж.Буркитбаева

2016-2017 оқу жылы

Мектептегі қауіпсіздік ережесімен таныстым

2 «б» сынып ата-аналарының қолы

2016-2017 оқу жылы

ІV тоқсан



Оқушының аты-жөні

Ата-ананың қолы


































































































































Сынып жетекшісі Г.Ж.Буркитбаева

Техника қауіпсіздігі ережесімен таныстым


6 «а» сынып ата-аналары мен оқушылардың қолы

2019-2020 оқу жылы

ІІІ тоқсан




Оқушының аты-жөні

Оқушының қолы

Ата-ананың қолы



Алмазқызы Дина









Асылбек Жұлдызай

Талғатқызы









Аскербай Сұлтан









Байтас Аркен Маратұлы









Дулатхан Досжан Айтуғанұлы









Еркелді Толғанай









Ерлан Азамат









Жайсанбек Еркін









Жумалиев Азамат Кадырович









Керимдилда Жандос









Құдайберген Аният

Аитмұханұлы









Қадыр Арсен









Қазыбек Нұралы









Қаржаубай Аният









Момын Азамат Хайруллаұлы









Мұқанғали Эльдар









Нұрқасым Мейіржан Қанатұлы









Нұрқалық Нияз Әділханұлы









Раимқұл Абылай Жандосұлы









Райбек Ақбота Ғабиденқызы









Садық МерейДарханқызы









Садық Мейір Дарханұлы









Серікқызы Айым









Сайлауқызы Ақерке









Совет Назерке Болатқызы









Шакиркаипұлы Амир