Файл: География 9 сынып pisa тапсырмасы 1тапсырма. Динозаврларды жойылуы.docx

ВУЗ: Не указан

Категория: Не указан

Дисциплина: Не указана

Добавлен: 29.03.2024

Просмотров: 23

Скачиваний: 1

ВНИМАНИЕ! Если данный файл нарушает Ваши авторские права, то обязательно сообщите нам.

География 9 сынып PISA тапсырмасы

1-тапсырма. «Динозаврлардың жойылуы»
Шамамен 65 миллион жыл бұрын болған динозаврлардың жойылуын түсіндіру үшін екі гипотеза ұсынылды.












A (астероидпен соқтығысу)
Үлкен астероид Жерге түскендіктен динозаврлар жоғалып кетті. Соқтығысу нәтижесінде өрттер мен шаң мен күйе бұлттарының шығуы басталды. Осыдан кейін ұзақ уақыт қараңғылық пайда болды, бұл өсімдіктердің тіршілік ету мүмкіндігі болмауына әкелді.

 B (вулкан атқылау)
вулкандық жарылыстар көп болғандықтан, динозаврлар жоғалып кетті. Вулкан атқылау нәтижесінде өрт басталды және шаң мен күйе бұлттары шықты. Осыдан кейін ұзақ уақыт қараңғылық пайда болды, бұл өсімдіктердің тіршілік ету мүмкіндігі болмауына әкелді.




Осы екі гипотезаға зерттеу жүргізген ғалымдар келесі үш фактіні анықтады.


















Факт 1
астероидтың соққысынан шамамен 65 миллион жыл бұрын Мехико қаласының маңында үлкен кратер пайда болды.

Факт 2
65 миллион жыл бұрын пайда болған тау жыныстарында иридийдің деңгейі өте жоғары. Иридий элементі жер бетінде сирек кездеседі, бірақ ол жердің төменгі қабатында, яғни мантияда болады. Ол астероидтарда да кездеседі.

Факт 3
Күйе қабаттары шамамен 65 миллион жыл бұрын пайда болған. Бұл қабаттар жер бетінде әр түрлі жерлерде кездеседі. Орман өртенген кезде күйе түзіледі.






1 сұрақ: Осы үш фактінің қайсысы қандай гипотезаны қолдайды? Әр жолда «А» (астероидтармен соқтығысу), «В» (вулкан атқылау) немесе «Екеуі» (екі гипотеза) шеңберін белгілеңіз.

2-тапсырма. Көлік инфрақұрылымы

Автомобиль көлігі салмағы бойынша жүк тасымалдаудан дүниежүзінде бірінші орын алады. Ол жүкті жылдам және соңғы пунктке дейін жеткізуімен ерекшеленеді. Автомобиль көлігінің қолайсыз жағына 3 мысал келтіріңіз.


______________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________

3-тапсырма. Көлік инфрақұрылымы

Құбыр жолдары сұйық және газтәрізді жүктерді тасымалдау тәсілінің экономикалық тұрғыдан ең тиімдісі болып табылады. Неліктен?

A . Жүкті тоқтаусыз жеткізеді, әрі көп қызмет күшін талап етпейді.

B . Жүкті жылдам әрі соңғы пунктке дейін жеткізеді.

C. Ауа райын талғамайтын көлік түрі.

D . Пайдалану құны арзан, жүкті ұзақ қашықтыққа тасымалдайды.


4-тапсырма. Топырақ

Топырақ табиғи дамудың нәтижесінде және адам қызметінің әсерінен әрқашан өзгеріп отырады. Ғалымдар топырақ жамылғысының болашағы тікелей адамға байланысты деп санайды. Топырақты жүйесіз пайдаланудың нәтижесінде эрозияға ұшырайды. Эрозияның пайда болу себептері: жерді жырту, суару, тыңайтқыштарды аса көп мөлшерде қолдану, мал жайылымдары, ормандағы ағаштарды кесу, т.б.

Сұрақ: Топырақ құнарлылығына желдің тигізетін зияны қандай?

Сұрақ 1

Ауаның негізгі салмағы жер бетінің  төменгі таяу қабатына түседі. Атмосфераның бүкіл салмағының жартысы  5 км биіктікке дейінгі қалыңдығына тура келеді, сондықтан ауаның  қысымы биіктік бойынша өзгереді.

 

Асқар ата-анасымен  Астана қаласына  ұшақпен баруды жөн көрді.Ұшақ  әуежайдан көтерілерде  стюардесса жер бетіндегі атмосфералық қысым 750 мм  екендігін  хабарлады.  Ұшақ  5000 м  биіктікке көтерілгенде  Асқар  ұшақ сыртындағы атмосфералық қысым енді қанша болды екен деп ойлады.

Асқарға көмектесіңіз, ұшақ сыртындағы қысымды анықтаңыз  және  қорытынды шығарыңыз.

Әрбір пайымдауда  «Иә» немесе «Жоқ» жауаптарының бірін айналдыра сызыңыз.

 

Жер бетіндегі  ауа қысымы 750мм,  5000 м  биіктіктегі ұшақ  сыртындағы ауа қысымын анықтау арқылы келесі қорытындылардың қайсысын дұрыс деуге  болады? Иә  немесе Жоқ

250мм,биіктік артқан сайын қысым төмендейді. Иә/Жоқ

250мм, биіктік артқан сайын қысым артады Иә/Жок

250мм, биіктік артқан сайын қысым өзгермейді. Иә/Жок

Жауабы:  250мм, биіктік артқан сайын қысым төмендейді.

 

Сұрақ 2

Ауа қабаты жер бетінің әр шаршы сантиметріне 1кг 33г салмақ түсіреді.Орта бойлы адам шамамен 15 000 см² , оған  түсетін қысым 15 500 кг немесе 15 т-дан астам. Неліктен біз мұндай қысымды сезбейміз?

А.  Біздің денеміздің ішкі қысымы сыртқы атмосфера қысымымен тепе-тең келеді.

В. Біздің денеміздің ішкі қысымы сыртқы атмосфера қысымынан артық келеді.



С. Біздің денеміздің ішкі қысымы сыртқы атмосфера қысымынан кем  келеді.

Д. Біздің денеміздің ішкі қысымы  мен сыртқы атмосфера қысымының арасында ешқандай байланыс жоқ.

Жауабы: А

 

ІІ-нұсқа

Мазмұндық білім: Атмосфера

Сынып 5

Тақырып: &27 Бізді қоршаған ауа

Сұрақ 1

Экологиялық ахуалдың нашарлауы ірі қалаларда ауадағы таза оттегі мөлшерінің 10-12%-дан артпауына алып келді.

Ауадағы таза оттегі мөлшері қанша пайызды құрағанда қалалықтар экологиялық ахуалдың жақсарғанын  көріп,сезінеді?

А. 100%

В. 51%

С. 21%

Жауабы: С

 

Сұрақ 2

Ауаның қасиеттерін мөлдір, иіссіз, түссіз екенін Айжан дүниетану сабағынан біледі. Бірақ Айжан ауаны  естіп, сезініп және көргісі келді.

 

Қай тәжірибені  жүргізгенде:

1-тәжірибе: Үлкен суы бар ыдысқа стақанды түбін жоғары көтеріп қисайта түсіргенде;

2-тәхірибе: Үрленген шарды қысып ұстап тұрып ауасын шығарғанда;

3-тәжірибе: Үрлеген шарды бетіне тақап тұрып ауасын шығарғанда;

Айжан  ауаны көреді,  естиді,  сезінеді?  Тәжірибе қорытындысын тұжырымда.

2.                            3

                                    

Жауабы:

 1-тәжірибеде –көреді. Стақаннан біртіндеп шыққан көпіршікті байқауға болады, ал көпіршіктің ішінде ауа бар.

2- тәжірибеде-естиді. Үрленген шарды біртідеп қысып тұрып ауасын шығарса ауаның даусы естіледі.

3-тәжірибеде-сезінеді. Үрленген шардың ауасын бетке тақап тұрып шығарса ауаның лебін тері арқылы сезінуге болады.

Тәжірибенің қорытындысы :  Бізді әрдайым айналамызда ауа қоршап тұратындығын байқадық, және ауа газ тәріздес зат екен.

 

Сұрақ 3

Сынып 6

Тақырыбы:  &29 Атмосфералық жауын-шашын

Жаңбыр,қар,бұршақ  Бұлттан жер бетіне түсетін сұйық немесе қатты күйдегі ылғалды  атмосфералық  жауын-шашын дейді.  Жауын-шашынның түрлері:  жаңбыр,қар,бұршақ.

 

Сіз күз бен көктемде кей күндері  мектепке келе жатып жер бетін қырау шалғанын, кей күндері  электр желілерін  қылау басқанын, ал жазда ерте тұрғаныңда  ағаш жапырақтарын,  шалғынды  шық басқанын  байқаған шығарсың. Егер жаңбыр, қар, бұршақ бұлттан пайда болса жауын-шашынның  басқа  түрлері   қырау, қылау, шық  қалай пайда болады?

Қырау,қылау,шықтың пайда болуына келесі пайымдаулар дұрыс па? Иә/Жоқ

Ылғал жерге тек бұлттан ғана жаумайды,сонымен бірге тікелей ауадан да бөлініп тарайды. Иә/Жоқ

Ылғалдың барлық түрі тек бұлттан бөлініп тарайды. Иә/Жоқ

Жаз күндері күндіз булану күшті жүргендіктен пайда болады. Иә/Жоқ


 

Жауабы: Ылғал жерге тек бұлттан ғана жаумайды,сонымен бірге тікелей ауадан да бөлініп тарайды.

ІІІ-нұсқа

Қауіптер

Мазмұндық білім:  Жер жүйесінің құрылымы

Атмосфера

6 сынып

Тақырыбы: &30 Жел

Жер бетіндегі ауа үздіксіз қозғалыста болады. Жер бетіндегі  ауаның горизанталь бағытта бір жерден екінші жерге ауысуын жел деп атайды. Адам желдің күшін өте ерте заманнан пайдаланып келеді.

 

 

Сұрақ1

Адамзаттың желді пайдалануына үш мысал келтіріңіз.

________________________________________________________

________________________________________________________

________________________________________________________

Жауабы:  1.Қуат көзі ретінде (Энергетикалық мақсатта)

Жер астынан су тарту үшін

Спорттық мақсатта (желкенді қайықпен, парашютті спорт)

Ұн,астық (бидай) тарту үшін

Желкенді кемелермен саяхаттау үшін

Егінді суғару үшін, егістікке су жіберу үшін

Ескерту: Осы мағыналас жауаптардың кез-келген үшеуі қабылданады.

Сұрақ 2

Желдің пайда болуының себебі – ауа қысымының  жер бетінде әркелкі таралуы.

«Бриз» және «Муссон» сөздерін пайдаланып, олардың пайда болу үдерістерін түсіндіріңіз. Екеуінің ұқсастығын табыңыз. Бриз желі адамға пайдалы ма?

________________________________________________________

________________________________________________________

________________________________________________________

Жауабы: Бриз – құрлық пен судың үстіндегі ауаның  әр-түрлі жылынуына байланысты  бағытын тәулік ішінде 2 рет өзгертетін жел.

Муссон — құрлық пен теңіз арасында тұрақты соғатын маусымдық жел.

Ұқсастығы екеуіде — құрлық пен су айдыны арасында соғатын жел. Бриз желі айналасындағы құрылықтағы күндізгі аптап ыстықты бәсеңдетеді. Бриз французша жеңіл жел,яғни теңізден соғатын жанға жайлы самал жел. Рекреациялық — емдік қасиеті бар, теңіз жағасында демалуға, денсаулығын нығайтуға, таза ауамен тыныстауға пайдалы.

 

Сұрақ 3

Желдің адамға тигізер пайдалы және пайдасыз жағын  талдаңыз.

Желдің зиянды әрекеттерінен адам өмірін қорғаудың қандай жолдарын ұсынасыз?

______________________________________________________

________________________________________________________

________________________________________________________

Жауабы: Пайдалы жағы:  ауаны  алмастырып тазартуы, таза әрі арзан   қуат                     көзі, жел диірмені, спорттық мақсатта пайдалануға болатындығы

Пайдасыз жағы: Апатты дауылдар-тайфун, боран, шаңды дауыл.

Қорғану жолдары:  Ауа-райын алдын-ала болжай білу керек.


Алыс жолға табиғат аясына шығарда алдағы ауа-райы жайлы                 ақпараттармен танысу керек. (Теледидар. ғаламтор, газеттерден)

Апатты дауыл жақындағанда қауіпсіз жерге кетуге тырысу қажет, үлгермесе тығылатын пана жер тезірек табу керек.

Шаңды, құмды дауылға тап болғанда адам басын, бетін бүркеу керек.

Ескерту:  Осы мағыналас жауаптар қабылданады.

 

ІY-нұсқа

Қоршаған ортаның ластануы

 6 сынып

& 24  Атмосфераны қорғау  (77-бет) 

Сұрақ 1

ХХ-ғасырда  адамның шаруашылық әрекетінің  әсерінен  атмосфера үлкен мөлшерде  ластана бастады.Атмосфераның ластануымен күресу адамзаттың алдындағы аса маңызды  мәселелерге айналып отыр.

 

Ауаны көлік түрлерінің ішінде ластаушы көздердің  ең негізгісі қайсысы?

А. Автомобильдер

В. Темір жол көлігі

С.Ұшақтар

Жауабы: А

 

Сұрақ 2

Ресейде  түрлі  транспорттан ауаға шығаратын ластаушы заттардың көлемі 17 млн т жылына, соның 80 %  автокөліктен шығады екен.

Автмобиль көлігінен шығатын қандай негізгі зат  ауаны  ластаушы зат болып табылады?

Әр жолдан  «Иә» немесе  «Жоқ»  жауаптарының бірін айналдыра сызыңыз.

Автмобиль көлігінен шығатын қандай негізгі зат  ауаны қалай ластаушы зат болып табылады?

 

Иә немесе Жоқ

Көмірқышқыл газы Иә/Жоқ

Қүқірт қышқылы Иә/Жоқ

Метан газы Иә/Жоқ

Жауабы: Көмірқышқыл газы

 Сұрақ 3

Автомобиль көлігінің ауаны ластауын тоқтату үшін қандай шаралар  тиімді

болар еді?  Өз ойыңды, ұсынысыңды жаз.

______________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________

Жауап:   Сумен, сутегімен, этил спиртімен ,күн батареясымен жүретін таза экологиялық автомобильдерді көптеп шығарып қолдану.

Жанар-жағармаймен жүретін көліктерден бас тарту.

Велокөлікпен жүруді өмір салтына  айналдыру.

Ескерту:  Осы мағыналас жауаптардың барлығы қабылданады.

 

 

 

Сұрақ 4

Үйде краннан ағып тұрған су құбырлармен жеткізілген. Не үшін су құбырларын жердің астымен өткізеді?

________________________________________________________

________________________________________________________

________________________________________________________

Жауабы:  -Қыста ауа температурасы өте төмендеп кететіндіктен

-Қыста жер бетіндегі тым суынған ауаның құбырдағы суды қатырып тастамауы үшін.

-Ауа температурасы өте төмендегенде су бір күйден екінші күйге,   яғни    сұйық күйден қатты күйге өтпес үшін.

-Су құбырына қалың төселген (жауып жатқан) топырақ қыста өте суық ауадан ,аяздан қорғайды.