Файл: Саба For циклі Пні информатика.docx

ВУЗ: Не указан

Категория: Не указан

Дисциплина: Не указана

Добавлен: 29.03.2024

Просмотров: 5

Скачиваний: 0

ВНИМАНИЕ! Если данный файл нарушает Ваши авторские права, то обязательно сообщите нам.




Сабақ:For циклі




Пәні: информатика










Қатысқандар саны:

Қатыспағандар саны:

Сабақ тақырыбы:

Цикл for циклі

Сабақ негізделген оқу

мақсаты

8.3.3.2 for цикл операторын пайдалану


Сабақ мақсаттары




қайталау оператор түсінігін біледі,

Олардың қолдану ережелерін біледі.

қайталану операторының түрлерін біледі.




қайталану командасына берілген математикалық есептеулердің блок сызбасын құра алады.

Қайталану операторының түрлерін ажырата алады.




қайталану командасына берілген есептерге программа құрады және нәтижесін шығара алады



Тілдік мақсат

Оқушылар:

Қайталау операторларының түрлерін ажырата алады

Негізгі сөздер мен тіркестер:

whil do,repeat until, for to do,begin, end, program, read,write, сан, идентификатор, тұрақты, айнымалы, функция, өрнек, операторлар, енгізу, шығару, меншіктеу,шартты көшу операторы, таңдау операторы, циклдік оператор

Сыныптағы диалог үшін пайдалы тілдік бірліктер:

While операторының қызметі

Қайталану операторы дегеніміз не?

While операторының шарты қандай болады?

Repeat операторының шарты қандай болады?

Repeat операторын қолдану кезінде, циклдің денесі бір рет те орындалмауы мүмкін бе?

Параметрі бар циклдік оператор қандай жағдайларда қолданылады?

Параметр мәндері азаю кезінде, параметрі бар циклдік оператор қалай жасалады?

Параметрі бар циклдік оператор неше рет орындалады?

Талқылауға арналған тармақтар:

Қай кезде цикл шексіз болады?

Жазылым бойынша ұсыныстар:

1.шарты алдын ала берілген циклдік оператор- While do

2.шарты соңында берілген циклдік оператор- Repeat ..until.

3.Параметрлі цикл- For to do


Алдыңғы тақырып



Қайталау операторы.Repeat…until.. операторы

Жоспар


Жоспарлаған

уақыт


Жоспарлаған жаттығулар (төмендегі

жоспарланған жаттығулармен қатар

ескертпелерді жазыңыз)


Ресурстар



Басталуы

5 мин


5 минут

Өтркенді қайталау

Шаттық шеңберін құру

«өрмекші торы»әдісі

АКТ-да деңгейлік тәжірибелік жұмыстарды дұрыс орындау.

Жаңа тақырыпты қорытындылау.

Ұйымдастыру.

«Ыстық алақан» тренингін (бір-бірінің қолдарын ұстап оң алақандарын бір-бірінің үстіне қойып лебіздерін білдіру) ұйымдастыру

Сурет қиындылары арқылы 2 топқа бөлемін

Оқушылардың өткен тақырыбы бойынша алған білімдерін «Өрмекші торы» әдісі арқылы пысықтау



Үлестірмелер, оқулық, жұмыс дәптері




Ортасы

15 минут


Практикалық жұмыс
10 минут


Оқушы білгендерін тыңдай отырып, жаңа сабақ тақырыбымен және мақсатымен таныстыру.

Ендеше, бүгінгі жаңа сабағымыз

« Қайталау операторы. For операторы».

Жаңа тақырыпты «Ойлан, жұптас, бөліс» әдісі арқылы тақырыпты оқуға тапсырмалар беріледі.

1-топ. For операторы

2-топ. For операторына мысалдар қарастыру

2 топқа берілген тақырыпты постер қорғауды ұсынамын.

Керекті мағлұматтарды дәптерлеріне жазады.

Оқушылар берілген тақырыпты оқиды.Постер қорғайды

Өзгелерді тыңдай отырып, өз білімін толықтырады.
Оқушыларға деңгейлік практикалық тапсырманы орындауға беремін.

Оқулықтағы 107-108 бет

Оқушылар дәптерге және компьютерге практикалық тапсырманы орындайды.

А деңгейі

1-ден бастап, 10-ға дейінгі дейінгі сандардың қосындысын есептейтін программа құрыңдар.

В деңгейі

10-нан бастап 20-ға дейінгі сандардың көбейтіндісін есептейтін программа құр

С деңгейі

Метр және сантиметр ұзындық аралығындағы сәйкестікті анықтайтын кестені басып шығарыңдар.

А деңгейі

Program esep;

Var s,n:real;

Begin

s:=0;

for n:=1 to 10 do

s:=s+n;

writeln(s);

readkey;

end.


Оқулық,

маркерлер,

плакаттар,

стикерлер,

үлестірме қағаздар,

интерактивті тақта


Оқулық, дәптер, компьютер

Сабақты қорытындылау

5мин

Оқушылардың өтілген тақырып бойынша алған білімдерін «Ортақ тұжырым» әдісі арқылы пысықтау

Топ ішіндегі оқушылар өтілген тақырып бойынша бір мәселені таңдап алып, оны талқылап, ортақ тұжырымды А4 парағына жазады

Тест, оқулық


Аяқталуы
5 минут


Критерийлер арқылы өзін-өзі бағалау. Топтық жиынтық бағалау.
Үйге тапсырма: §18-19

«Нені білемін? Нені білдім? нені білгім келеді?»

кері байланыс алу.

Жиынтық бағалау парағы

Оқулық,

күнделік

Үлестірме қағаздар