ВУЗ: Не указан

Категория: Не указан

Дисциплина: Не указана

Добавлен: 29.03.2024

Просмотров: 80

Скачиваний: 0

ВНИМАНИЕ! Если данный файл нарушает Ваши авторские права, то обязательно сообщите нам.

Кайкенова А.М., Даутова Ж.О.



МЕМЛЕКЕТТІК ТІЛДЕ ІСҚАҒАЗДАРЫН

ЖҮРГІЗУ ПӘНІНЕН

ДӘРІСТЕР ЖИНАҒЫ


Ө скемен қаласы 2021 жыл
ӘОЖ 811. 512. 122

Д 23

К 23


А.М. Кайкенова, Даутова Ж.О.

Мемлекеттік тілде ісқағаздарын жүргізу пәнінен дәрістер жинағы – Өскемен қаласы, Шығыс Қазақстан гуманитарлық колледжі, 2021 ж.

Ұсынылып отырған дәрістер жинағы 0103000 «Дене тәрбиесі және спорт», 0105000 «Бастауыш білім беру», 0111000 «Негізгі орта білім беру» мамандықтары бойынша білім алып жатқан білім алушыларға арналған.

Дәрістер жинағы білім алушылардың іс-тәжірибеден өту барысында қолдануға қажетті деген материалдары топтастырылған. Дәріс жинағы жеке ісқағаздарының тілін, құрылымын талдай отырып, қазақ ресми ісқағаздары стилінде жаза білуге, стандартты тілдік бірліктерді санада қалыптастыруға ықпал етеді. Теориялық мәселелер іс жүзіндегі нақты мысалдармен, құжаттардың көрнекі үлгілерімен дәйектеліп отырады.

© А.М.Кайкенова, Ж.О.Даутова

Кіріспе

Жалпы ісқағаздарының қоғам өмірінде қолданылмайтын саласы жоқ. Ісқағаздарын жүргізу негіздерін білу тек әр алуан мекемедегі қызметкерлерге ғана емес, әрбір азамат адам үшін де өте маңызды.

Кез-келген ғылым саласы сияқты ісқағаздарын жүргізудің де өзіндік жүйесі, қалыптасқан ережесі, дайындалу тәртібі бар. Ал, мұның басқа нақты ғылым салаларынан ерекшелігі оның әмбебаптық сипатында.

Басты мақсат – білім алушыларды ісқағаздарын жүргізу негіздерімен, құжат ресімдеу үлгілерімен таныстыру, қазақша іс қағаздарын жүргізу дағдыларын меңгерту, ұйымдардағы іс қағаздарын жүргізуді ұйымдастыру жүйесі жөнінде жалпы түсінік беру.

Ісқағаздарын оқыту барысында білім алушылар құжаттардың негізгі түрлерін мақсаты мен мазмұнына, жасалған орнына, жасалу сатысына, қызметіне, формасына т.б. ерекшеліктеріне қарап, «Жеке адам өміріне қатысты іс құжаттар», «Азаматтық қарым-қатынасты реттейтін құжаттар», «Басқару ұйымдастыру қызметіне қатысты құжаттар» деп бөліп қарастырылды.

Білім алушылар құжат түрлерін тез меңгеруіне, олардың жалпы ісқағаздары ішіндегі орнын ажырата білуіне, әрқайсысының ерекшеліктерін сапалы түсінуіне және сауатты толтыруына оң ықпал етеді.


Осылай үш топқа бөлу арқылы әрбір топтағы құжаттарға жеке-жеке тоқталып, анықтамасы, құрылымы, ерекшеліктері, тілдік бірліктері, үлгілері т.б. бере отырып, әр құжаттың мазмұнын ашып, толық түсінік берілді. Жазбаша орындалатын материалдарда құжат мәтінін өз бетінше құрастыруға жағдаяттар беріліп отырды. Сондай-ақ білім алушылар өздерінің білімін тексере алатын лексика- грамматикалық тесттер жинағына қоса глоссарийлер берілді.

Білім алушы «Мемлекеттік тілде ісқағаздарын жүргізу» пәнін оқып үйрену барысында: ісқағаздарын жүргізу ретін, оларға қойылатын талаптарды, ресми ісқағаздарын толтыруда сақталатын негізгі заңдылықтарды, құжаттарға қойылатын талаптарды, олардың топтастырылуын, жеке іс құжаттарын толтырудың жолын меңгереді. Ісқағаздарын мемлекеттік тілде жазбаша және ауызша түрде жүргізе білуге дағдыланады және сөйлеу мәдениетін үйреніп, сөздік қорын дамытады.

1 Дәріс. Мемлекеттік тілде ісқағаздарын жүргізудің міндеттері

Жоспар

  1. Кіріспе

  2. Пәннің мақсаты мен міндеті

  3. Құжаттау


Тілдерді дамыту – әрбір мемлекеттің аса маңызды мәселелерінің бірі. Мемлекеттік тіл – Қазақстан Республикасы аумағында тұратын халқтардың рухани, мәдени бірлігінің ұйтқысы болып табылады.

Мемлекеттік тілде іс жүргізу Қазақстан Республикасындағы «Тіл туралы» Заңның 8-бабындағы «Тілдердің қолданылуы», 10-бабындағы «Құжаттарды жүргізу тілі»және Қазақстан Республикасы Үкіметінің 1998 жылғы 14 тамыздағы №769 «Мемлекеттік органдарда мемлекеттік тілді қолдану аясын кенейту туралы» қаулысы мен осы қаулыға байланысты шыққан «Мемлекеттік тілде іс қағаздарын жүргізу» бағдарламасы,сондай-ақ Қазақстан Республикасы Президентінің 2001 жылғы 7 ақпандағы №550 Жарлығымен бекітілген «Тілдерді қолдану мен дамытудың 2001-2010 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасы»негізінде жүзеге асырылады.

Пәннің мақсаты – – ресми құжат үлгілерімен таныстырып, дайын трафаретті құжаттарды сауатты толтыруға үйрету ресми құжаттарды қазақ тілінде жазуға дағдыландыру, бұқаралық ақпарат құралдарының құжаттарымен, дипломатиялық құжат үлгілерімен таныстыру, дипломатиялық терминдердің лексикалық мағынасын түсіндіру, меңгерту, байыту көзделеді.

Ең алдымен, көңіл бөлетін нәрсе – ісқағаздарының, ресми құжаттардың тілі бір жүйеге түспей, стильдік жағынан қалыптаспай, кез келген мекеменің қызметін, әрекетін көрсететін құжаттарды жасау, толтыру, тіркеу, қабылдау, ол бойынша жұмыс істеу, мұрағатқа дайындау т.б. өте қиын. Сондықтан болашақ маманды даярлау барысында бұл пәннің атқаратын рөлі зор.


Пәннің негізгі міндеті:

1) Іс қағаздарын қазақша жүргізудін мемлекеттіе құндылығын,әлеуметтік маңыздылығын,оның қазақ тілінің мемлекеттік тіл ретінде қызмет етуінің алғы шарттарының бірі екендігін ұғындыру.

2) Іс қағаздарын жүргізудің дербес ғылым екендігін таныту.

3) Іс қағаздарын жүргізудің тарих,саясаттану,мұрағат ісі,тіл білімі,педогогика сияқты ғылым салаларымен байланысын көрсету.

Мекеме жұмысынын сапалы болуы құжаттармен жұмыс жүргізуді дұрыс ұйымдастыруға байланысты. Құжатпен жұмыс жүргізу қызметі фирма қызметкерлеріне – орындаушыдан мекеме басшысына дейін жауапты. Біреулер құжатты құрастырады, екіншілер оны ресімдейді және оны орындаушыға тапсырады,ал үшіншілер осы құжаттырды басшылыққа ала отырып, соның негізінде белгілі бір қаулы қабылдайды. Мекеменің күнделікті жұмысында әр түрлі сұрақтар бойынша құжаттар құрастырылады: бұйрықтар, қаулылар, хаттар, актілер, хаттамалар, шарттар, анықтамалар және тағы басқалар.

Корреспонденция дегеніміз – кәсіпорындарда құрастырылған құжаттар.

Құжаттау дегеніміз – кез келген мекеменің қызметін, әрекетін көрсететін құжаттарды жасау, толтыру. Бұған дайын құжаттармен жұмыс, мекеме ішінде дайындалған құжаттармен жұмыс, сырттан келген құжаттармен жұмыс, сондай-ақ оларды қабылдау, тіркеу, ол бойынша жұмыс істеу, орындалуын бақылау, құжаттарды қолдануға дайындау, мұрағатқа дайындап өткізу сияқты толып жатқан жұмыстар кіреді.

Ісжүргізу дегеніміз – құжаттарды құрастыру,оны тіркеу,толтыру,есепке алу және сақтау жұмыстарының жиынтығы.

Іс жүргізу жай және шапшан болу керек. Мекемедегі құжаттарды негізгі үш топқа бөлуге болады.Олар келіп түскен құжаттар (кіріс), шығыс құжаттар және ішкі құжаттар.

Ісқағаздарының қызметтері:

  • жеке тұлғалар арасындағы қатынасты реттеуші; 

  • жеке адам мен қоғам арасындағы қатынасты реттеуші;

  • әр түрлі мекеме, ұйымдардың өзара байланысын реттеуші;

  • мекеме, ұйым жұмысын ұйымдастыру тәртібін негіздеуші;

  • жеке адам мен қоғам өміріне қатысты оқиғаларды айғақтаушы;

  • мемлекеттік басқару ісін жүйелеуші;

  • тарихи құбылыстарды зерттеудің қайнар көзі;

  • мекеме мен ұйымның атқарған істерінің көрсеткіші;

  • мемлекеттік тілдің жүзеге асуының нақты көрсеткіші. 


Ісқағаздарының сипаттары: 

  • саяси ( мемлекетішілік, мемлекетаралық, халықаралық қатынастарда);

  • әлеуметтік ( қоғамдық-әлеуметтік қатынастарда);

  • ұйымдастырушылық ( басқару қызметі жүйесінде);

  • құқықтық ( заңдық және  жеке тұлғалар арасындағы қатынастарда);

  • тарихи ( әр дәуірдің, қоғамдық сатының өзіндік ерекшеліктеріне сай қатынастарда).

  • ресмилік ( міндетті түрде заңдық тұрғыда тіркелуінде). 



Ісқағаздарын төмендегідей ғылымдар арнайы зерттейді:

  • тілтану (Лингвистика)

  • стилистика

  • педагогика

  • тарих

  • мұрағат ісі

  • саясаттану


2 Дәріс. Құжат. Құжаттарды топтастыру

Жоспар

  1. Құжат сөзінің мағынасы

  2. Құжаттарды жіктеу

  3. Құжаттарды топтастыру

  4. Ресми ісқағаздар стилі

Ісқағаздарының түрлері өте көп, олардың негізгі түрлерін мақсаты мен мазмұнына, жасалған орнына, жасалу сатысына, қызметіне, форма­сына т.б. ерекшеліктеріне қарап топтастыруға болады.

Ісқағаздары мазмұны мен қызметіне қарай үш топқа бөлінеді.

1. Жеке адам өміріне қатысты құжаттар.

2. Азаматтық қарым-қатынасты реттейтін құжаттар.

3. Басқару, ұйымдастыру қызметіне қатысты құжаттар.

Жеке адам өміріне қатысты

ісқағаздары

Азаматтық қарым- қатынастарды реттейтін

ісқағаздары

Басқару, ұйымдастыру қызметіне қатысты

ісқағаздары

Түйіндеме

Өмірбаян

Жеке іс парағы

Өтініш

Арыз

Мінездеме

Кепілдеме

Визит карточкасы

Анықтама

Жеделхат

Қолхат

Кепілхат

Сенімхат

Өтінім

Тапсырыс

Келісімшарт

Шарт

Еңбек шарты

Еңбек келісімі

Хаттама

Қызметтік хаттар

Хабарландыру

Бұйрық

Жарлық

Үкім

Өкім

Жарғы

Ереже

Қаулы

Шешім

«Құжат» - латын тілінен аударғанда «куәлік», «дәлелдеу» тәсілі деген мағынаны береді. Бүгінгі қолданыста оның негізгі үш мағынасы бар:

  1. Қандай да бір фактіні не бір нәрсеге деген құқықты (мысалы, жол жүруге деген) растайтын іс қағазы;

  2. Жеке басты ресми түрде куәләндыратын құжат (төлқұжат);

  3. Бір нәрсе туралы жазбаша куәлік (мысалы, ескі грамоталар).

Құжаттарды топтастыру оларды ұқсастықтары мен айырмашылықтары бойынша бөлу болып табылады.

Белгіліеу тәсіліне қарай құжаттар жазба, графикалық, акустикалық (фота, кино, бейнеқұжаттар) болып бөлінеді.

Мазмұнына қарай ұйымдық-өкілеттік, қаржы-есеп, жабдықтау-өткізу құжаттары болып бөлінеді.

Атауына қарай көптеген түрге (жанрға) бөлінеді: ережелер, бұйрықтар, хаттамалар, жарғылар, арыздар, хаттар, т.б.

Түріне қарай құжаттар типтік, үлгілік, жекелік, қалыпты, жалпыға бірдей болып бөлінеді.


Толтыру орнына қарай құжаттар ішкі және сыртқы (кіріс, шығыс) болып бөлінеді.

Орындалу мерзімі бойынша құжаттар жедел және жедел емес (жай) болып бөлінеді.

Шығу тегіне қарай құжаттар қызметтік және ресмижекелік (атаулы) болып бөлінеді.

Жариялық дәрежесіне қарай құжаттар қарапайым, күнделікті қызметте қолдану үшін және құпия болып бөлінеді.

Заңдылық күшіне қарай шын және жалған құжаттар болып бөлінеді.

Жасалу сатысына қарай түпнұсқа (бірінші данасы) және көшірме құжаттар болып бөлінеді. Көшірменің өзі іштей шығыс құжатының толық көшірмесі, құжаттың бір бөлігінің көшірмесі және құжат жоғалғанда берілетін екінші нұсқасы болып бөлінеді.

Сақталу мерзіміне қарай құжаттардың мынадай түрлері болады: 10жылдан жоғары, тұрақты мерзімге сақталатын және 10 жылға дейін уақытша сақталатын.

РЕСМИ ІСҚАҒАЗДАР СТИЛІ

«Стиль» – латын сөзі, қазақ тіліне аударғанда «жазу мәнері» дегенді білдіреді. Стилистика – тілдің қолданылу заңдылықтарын зерттейтін ғылым, ол тілдік белгілердің дұрыс қолданылу норма­сын көздейді.

Қазақ әдеби тіл стильдері:

  1. Ауызекі сөйлеу стилі

  2. Көркем әдебиет стилі

  3. Публицистикалық стиль

  4. Ресми ісқағаздар стилі

  5. Ғылыми стиль


1. Ауызекі сөйлеу тілі стилі

Орны:

күнделікті қарым-қатынас

Мақсаты:

тіл табысу

Сипаты:

қарапайым

Тілдік құралы:

одағай, оқшау сөз

2. Көркем әдебиет стилі

Орны:

көркем шығарма, айтыс, спектакль

Мақсаты:

адамның сезіміне әсер ету, образды ойлауға үйрету

Сипаты:

образды, көркем

Тілдік құралы:

ауыспалы мағыналы сөздер, троптар, теңеулер, эмоционалды-экспрессивті сөздер

3. Ресми ісқағаздары стилі

Орны:

ресми ісқағаздары, ресми кездесулер

Мақсаты:

іскерлік қарым-қатынасты дамыту, нақты мағлұмат беру

Сипаты:

қысқа да нұсқа

Тілдік құралы:

ресми сөздер, тура мағыналы сөз, кәсіби сөздер, терминдер, қалыпты тіркестер