ВУЗ: Не указан

Категория: Не указан

Дисциплина: Не указана

Добавлен: 29.03.2024

Просмотров: 84

Скачиваний: 0

ВНИМАНИЕ! Если данный файл нарушает Ваши авторские права, то обязательно сообщите нам.

4. Публицистикалық стиль

Орны:

газет, журналдар, теледидар, радио (БАҚ құралдары)

Мақсаты:

ақпарат, хабар тарату, қоғамдық пікір туғызу

Сипаты:

пафосты, ұранды, экспрессивті

5. Ғылыми стиль

Орны:

ғылыми еңбектер, конференциялар, диссертациялар, монографиялар

Мақсаты:

білім беру, білім тарату

Сипаты:

дәлелді, дәйекті

Тілдік құралы:

терминдер, тура мағынадағы сөздер, кәсіби сөздер



3 Дәріс. Ісқағаздарын жүргізудің маңызы

Жоспар

  1. Ісқағаздарының өмірде алатын орны

  2. Ісқағаздарының қызметтері

  3. Ісқағаздарының сипаттары

  4. Құжаттау үдерісінің элементтері


Кез-келген мекеме мен кәсіпорында құжаттардың, құжат айналымы жүйесін дұрыс ұйымдастырудың маңызы аса зор. Құжаттардың негізінде басқару шешімдері қабылданады, даулы мәселелер шешіледі. Қандай ұйымда болмасын, сауатты жасалып, заңды күшке ие болған құжат қана табысты жұмыстың кепілі болады.

Ұйымда құжат айналымының талапқа сай ұйымдастырылмауы құнды құжаттардың жоғалуына, кәсіпорын жұмысының жүйесіздігіне алып келеді. Мұның өз кезегінде түрлі қиыншылықтар мен даулы оқиғаларға соқтыратыны айтпаса да түсінікті. Бұлардың барлығы да Қазақстанның іс қағаздарын жүргізу саласында қолданылып жүрген заңдары мен нормативтік-құқықтық актілерінде тиісінше көрініс тапқан.

Іс қағаздарын жүргізудің негіздеріне арналып отырған бұл оқу-қолданбалы құралы еліміздегі түрлі нысандағы кәсіпорындардың, іс қағаздарын жүргізумен айналысушы мамандардың қызмет барысында пайдалануына арналған.

Іс қағаздарын жүргізу мекемелер мен кәсіпорынды құру сатысында-ақ басталып кетеді десе де болады. Ол болашақ ұйымның құрылтай құжаттарын дайындаудан бастап, оны мемлекеттік тіркеуден өткізу аралығын қамтиды. Белгілі-бір ұйым нақты тіркеуден өткеннен кейін заңды тұлға мәртебесіне ие болады. Міне, осы сәттен бастап ұйымда құжат айналымы жүйесін қалыптастыру қажеттігі туындайды. Көбінесе, шағын кәсіпорындарда іс қағаздарын жүргізумен айналысатын жеке құрылымдық бөлімше болмайды. Бұл функцияны, әдетте, хатшы-референт немесе кәсіпорын басшысының көмекшісі атқарады. Кейде ол кадр ісін де қоса алып жүреді.



Ісқағаздарының қызметтері:

- жеке тұлғалар арасындағы қатынасты реттеуші;

- жеке адам мен қоғам арасындағы қатынасты реттеуші;

- әртүрлі мекеме, ұйымдардың өзара байланысын реттеуші;

- мекеме, ұйым жұмысын ұйымдастыру тәртібін негіздеуші;

- жеке адам мен қоғам өміріне қатысты оқиғаларды айғақтаушы;

- мемлекеттік басқару ісін жүйелеуші;

- тарихи құбылыстарды зерттеудің қайнар көзі;

- мекеме мен ұйымның атқарған істерінің көрсеткіші;

- мемлекеттік тілдің жүзеге асуының нақты көрсеткіші.

Ісқағаздарының сипаттары:

- саяси (мемлекетішілік, мемлекетаралық, халықаралық қатынастарда);

- әлеуметтік (қоғамдық-әлеуметтік қатынастарда);

- ұйымдастырушылық (басқару қызметі жүйесінде);

- құқықтық (заңды және жеке тұлғалар арасындағы қатынастарда);

- тарихи (әр дәуірдің, қоғамдық сатының өзіндік ерекшеліктеріне сай қатынастарда);

- ресмилік (міндетті түрде заңды тұрғыда тіркелуінде).

Құжаттау үдерісінің элементтері:

  1. құжаттарды дайындау;

  2. құжаттарды жолдау, тіркеу;

  3. сырттан келген құжаттарды қабылдау, тіркеу;

  4. құжаттарды қолдануға дайындау;

  5. құжаттардың жүзеге асырылуын бақылау;

  6. құжаттарды мұрағат қорына дайындау.



4 Дәріс. Құжат мәтіні, қарым-қатынас жасаудың тәсілі

Жоспар

  1. Құжат мәтіні

  2. Құжат құрлымы

Құжат мәтіні

Мәтін – құжаттың негізгі деректемесі. Ол негізгі екі бөлікке бөлінеді. Біріншісінде – құжатты толтыруға негіз болған жай көрсетіледі. Екіншісінде- қорытындылар, ұсыныстар, нұсқаулар немесе өтініш- тілектер жазылады. Тіпті, мәтін бір ғана тіркестен тұрғанда, оның бөлігінде құжатты жасаудың себебі немесе негіздемесі айтылып, екіншісінде- шешім нұсқау, өтініш хабарланады.

Мәтін азат жолдарға бөлінеді, тақырыпшалар қойылады. Бұл, әсіресе, ақпараттық құжаттарда; баяндама, есеп беру, шолуларда қажет. Құжат түрімен грамматикалық жағынан сәйкестендіріліп құрылған мәтіннің тақырыбы құжаттың қысқаша мазмұнын көрсетеді.

Іс құжаттары – қарым- қатынас жасаудың тәсілі.

Бізге белгілі, әдеби тілдің бес негізгі стилі бар: ғылыми, ресми- іс қағаздары, публицистикалық, көркем әдебиет және ауызекі сөйлеу тілінің стилі. Бұлай бөлудің бірнеше негізі бар.


Біріншіден, бұлар тілдің қоғамдық қызмет аясына жатады. Іс құжаттары тілі үшін мұндай қызмет аясына құқықтық қатынастар саласы, яғни, басқару саласы жатады. Бірақ мұнда құқықтық қатынастар мемлекетаралық қатынастарда, мемлекеттің өз азаматтарымен және олардың бірлестіктерімен, содай- ақ мекемелер мен кәсіпорын ішіндегі азаматтар арасындағы ресми қатынастарда және шаруашылық субъектілерінің қатынастарда орын алады. Осыған байланысты іс құжаттары стилінің үш түрі ажыратылады. Олар: дипломатиялық, заң шығарушылық және күнделікті іс жүргізу стилдері. Мұны кесте түрінде былай көрсетуге болады:

Ресми іс жүргізу стилі

Дипломатиялық стиль

Заң шығарушылық

стиль

Күнделікті іс жүргізу стилі


Екіншіден, ресми іс жүргізу әлеуметтік сананың ерекше формасы- құқықтық санамен сәйкеседі. Біздің әрқайсымыз белгілі бір дәрежеде өз құқығымыз туралы,мысалға отбасы қарым- қатынасындағы, қызметтегі, қоғамдық орындардағы және мемлекет алдындағы міндеттемелеріміз бен жауапкершіліктеріміз туралы білеміз. Мұндай құқықтық нормаларды тәжірибе жүзінде меңгеруіміз бізге басқа адамдармен қатынас жасауға мүмкіндік береді.

Адамдарды басқару заңдар, ережелер, жарғылар негізінде, сондай- ақ моральдық – этикалық ұйғарымдар тыйымдар негізінде жүргізілетіндіктен, басқарушы үшін құқықтық және моральдық нормаларды білу ерекше мәнге ие болады.

Іскерлік қатынастың өзіндік мәні, әсіресе, нақты түрде жазба мәтінде, құжаттарда көрінеді. Құжат жасаушы бұл жағдайда компания президенті мен жүргізушісі, вице- президенті мен кеңес қызметтері, менеджер мен күзетшісі сияқты белгілі бір әлеуметтік рөлді орындаушы ретінде болады. Сондықтан қанда да бір қызметтің өзі белгілі бір құжаттарды толтыра білу міндеттерін және түрлі жанрдағы қызметтік қарым- қатынастардың кәсіби түрде қажеттігін талап етеді.
5 Дәріс. Басқару құжаттарын рәсімдеу тәртібі

Жоспар

  1. Құжаттың деректемелері

  2. Деректеме түрлері

  3. Балнктерді рәсімдеу


Іс қағаздарын жүргізуде мемлекеттік нормативтік актілерде-стандарттарда белгіленген іс құжаттарын ресімдеуге қойылатын бірыңғай талаптар мен ережелер бар. Стандарттарда іс құжаттарының мазмұнына, құрылымына және ресімделуіне қойылатын талаптарды белгілейтін ережелер жазылған. Құжаттарды ресімдеу ережелерін орындау:


- құжаттың заңды күшін;

- құжаттарды жылдам және сапалы әзірлеуді және орындауды;

- құжаттарды жылдам іздестіруді ұйымдастыруды;

- оны өңдеуге шығынды азайту үшін іс құжаттарын компьютермен өңдеуден өткізуді қамтамасыз етеді.

Кез келген құжат ресімдеу элементтерінен (қол қою, күнін көрсету және т.б.) тұрады. Осындай құрамдас бөліктер деректемелер деп аталады. Деректемелер – қызметтік құжаттарды міндетті ресімдеу элементтері.

Деректемелердің құрамы арнайы мемлекеттік стандартта белгіленген. Деректемелер құжатта қатаң белгіленген стандарттық тәртіпте орналасады. Қазіргі іскерлік тәжірибеде жиі кездесетін құжаттың маңызды деректемесіне мыналар жатады:
Деректемелердің нөмірлері мен атауы мыналарды қамтиды:

03. ұйымның эмблемасы немесе тауар белгісі

17. мәтіннің тақырыбы

06. ұйымның атауы

18. бақылау туралы белгі

07. ұйым туралы анықтамалық деректер (байланыс кәсіпорнының индексі, почталық мекен-жайы, телефоны, телеграфтық адресі, факс, е-мейл, банктің атауы және банктегі шот нөмірі)

19. құжат мәтіні

08. құжат түрінің атауы

20. қосымшасының бар екендігі туралы белгі

09. құжаттың күні

21. қолы

10. құжаттың тіркеу нөмірі

23.құжатты келісу қолдары

11. құжаттың тіркеу нөміріне және күнінен сілтеме

24. мөрі

13. құжатта оқуға шектеу белгісі

26. орындаушы туралы белгі

14. адресат

27. құжаттың орындалуы және оның іс құжатына жіберілуі туралы белгі

15.құжатты бекіту белгісі

28. құжаттың ұйымға түскені туралы белгі

16. бұрыштама

29. құжаттың электронды көшірмесінің бірегейлендірушісі


Осы тізімге қарай отырып, мыналарды айтуға болады: бірқатар деректемелер бір кәсіпорынның әртүрлі құжаттарын ресімдеу кезінде өзгеріссіз қалады – бұл кәсіпорынның эмблемасы, ұйымның атауы және ұйым туралы анықтамалық деректер. Әрине, кәсіпорын өз атауы мен эмблемасын немесе мекенжайын күнде немесе жылда өзгерте бермейді. Сондықтан кестедегі алғашқы 3 деректеме