ВУЗ: Не указан

Категория: Не указан

Дисциплина: Не указана

Добавлен: 29.03.2024

Просмотров: 85

Скачиваний: 0

ВНИМАНИЕ! Если данный файл нарушает Ваши авторские права, то обязательно сообщите нам.


НОМЕНКЛАТУРА – іс атауларының тізімі.

НОРМАЛАР – бір нәрсенің (мыс., бір нәрсені өңдеу, шығару) белгіленген көлемі туралы мағлұмат бар құжат.

НОРМАТИВТІ ҚҰЖАТТАР – қандай да бір ереже, нормалар келісілген құжат.

НҰСҚАУ ҚҰЖАТТАРЫ – мекемеде әкімшілік және ұжымдық мәселелердің шешімі көрсетілетін құжат.

Ө

ӨКІМ – 1. Мемлекеттік алқалық басқару органының, бірінші басшының шұғыл мәселелерді шешу мақсатында шығаратын құқықтық актісі. Әдетте, қолданылу мерзімі шектеулі болады және лауазымды тұлғалар пен азаматтардың шағын тобына қатысты болады. 2.Бұйыру.

ӨНДІРІСТІК КЕСТЕ - өнімді шығарудың күнтізбелік жоспары.

ӨТІНІШ – мекемеге немесе лауазымды тұлғаға өтінішпен немесе сұраныспен хабарласқан құжат (мысалы, кезекті еңбек демалысын беру туралы, жұмысқа қабылдау туралы, жәрдемақы беру туралы т.б. өтініштер).

П

ПӘНДІК КӨРСЕТКІШ - әліпби тәртібі бойынша негізгі пәндік белгінің көрсеткіші.

Р

РЕКВИЗИТТЕР (деректемелер) – қызмет құжатының міндетті элементтері.

РЕСМИ ҚҰЖАТТАР – мекеме немесе лауазымды тұлға дайындаған және белгіленген тәртіп бойынша ресімделген құжаттар.

РЕФЕРАТ – қысқаша алғашқы жазба деректерді мәлімдеу.

С

СТЕНОГРАММА – Жиналыстардағы, жиындар мен мәжілістердегі баяндамаларды, сөйленген сөздерді және басқа да пікірлерді стенография әдісі арқылы сөзбе-сөз жазу.

СҰРАТУ – бір мәселені түсіндіру, сол туралы егжей-тегжейлі ақпарат беру туралы өтінішпен хабарласуды білдіретін құжат.

Т

ТАБЕЛЬ – белгілі бір тәртіппен құрылған бір нәрсенің көрсеткішінің тізімі (мысалы, есепшот табелі, үлгерім табелі).

ТАҢБАЛАУ - техникалық құжаттар немесе тауардың көрсеткіші.

ТАПСЫРУ ТІЗІМІ– мекеменің жұмысты мұрағатқа тапсыру барысында жасалған құжаттық материалдар тізімі.

ТЕЗИСТЕР – құжаттың немесе сөз сөйлеу мәтінінің қысқаша мазмұны.

ТЕЛЕГРАММА – телеграф арқылы берілетін мазмұны жағынан әртүрлі құжаттардың жалпы атауы.

ТЕХНИКАЛЫҚ ҚҰЖАТТЫ ЖҮРГІЗУ – мекеме құрылысы және өндірістік бұйымды дайындау жұмыстары бойынша құрылыс және техникалық жобалау, құрастыру және басқа инженерлік іздеу нәтижелерін көрсететін құжаттардың жалпы атауы.

ТЕХНОЛОГИЯЛЫҚ ҚҰЖАТТАУ – технологиялық процестерді сипаттау және бейнелеу арналған құжаттың жалпы атауы (сызу, ерекшелік, карта, құрал-жабдық және т.б.).

ТӨЛҚҰЖАТ ҚҰРАМЫ – қол және мөр.


ТРАФАРЕТТІ ҚҰЖАТ – алдын ала стандартты басылып жазылған мәтін (мәтіннің бөлігі) және нақты мазмұнын толтыратын құжат.

ТҮГЕНДЕУ ТІЗІМДЕМЕСІ - (ведомость) – мекеменің, кәсіпорынның, ұйымның немесе жеке тұлғаның мүлкінің тізбесі, онда олардың анықталған саны, заттың жай-күйі, құны көрсетіледі.

ТІЗБЕ - бухгалтерлік есепте және іс-қағаздарын жүргізуде қолданылатын бір нәрсенің тізімі.

ТІЛДІК ФОРМУЛА (құжаттың) – негізгі мәтінді құрайтын (құжаттың) және нақты құжат түріне бекітілген сөз, сөз тіркесі, сөйлем, жоғары фразалы бірлік.

ТІЗІМ – құжаттардың заңды түрде ресімделген тізбесі.

ТІРКЕУ ШТАМПЫ – құжатқа енгізілетін мынадай мәліметтері бар мөртабан: мекеменің атауы, тіркеу күні, тіркеу индексі, жұмыс нөмірі.

ТІРКЕУ КАРТОЧКАСЫ – мекеме іс-қағаздарын жүргізуде құжаттарды тіркеуге арналған карточка.

ТҮСІНІК ХАТ – 1. Негізгі құжаттың жеке қосымшаларын (жоспар, есеп, жоба) түсіндіретін құжат. 2. Жоғары лауазымды тұлғаға ұсынылатын қандай да бір әрекет, факт, оқиғаны түсіндіретін қызмет адамының хабарламасы.

І

ІС – жеке папкаға салынған жазбаша құжаттардың бір данасы, мұрағатта сақтауға арналған.

ІСКЕРЛІК ХАТ – екі корреспондент арасында ақпарат алмасу үшін пайдаланылатын құжат. Олар заңды және жеке тұлға болуы мүмкін.

ІС ИНДЕКСІ – істің номенклатура бойынша реттік нөмірі және іс мұқабасына қойылатын мекеменің құрылымдық бөлімін көрсететін шартты белгі.

ІС ҚАҒАЗДАРЫН ЖҮРГІЗУ – кеңсе істерін жүргізу, мекеменің қызметін құжаттандыру және онда құжаттарды ұйымдастыру жөніндегі жұмыстардың жиынтығы.

ІС НОМЕНКЛАТУРАСЫ – мекеменің іс-қағаздарын жүргізуде жасалған іс атауларының жүйелендірілген тізбесі немесе тізімі.

ІШКІ ҚҰЖАТ – кәсіпорынның ішінде жасалып, өз іштерінде пайдалануға арналған құжат.

Ү

ҮЗІНДІ КӨШІРМЕ – құжат мәтінінің бір бөлігінің көшірмесі.

ҮЛГІ ҚҰЖАТ - 1. Бір текті сұрақтарды көрсететін және бірдей үлгімен құралатын құжат. 2. Мекеменің жұмыс тәртібін (типтік жарғы, типтік құрылыс) немесе оның жеке жақтарын (типтік келісім-шарт) және қызмет ерекшелігін көрсететін мекеменің бір атаулы құжаттарын құрудың үлгісі болып табылатын нормативті және басқару құжаты.

Ұ

ҰСЫНУ – жеке құрамды тағайындау, ауыстыру немесе қолдау көрсету туралы ережесі, сондай-ақ қандай да бір бірлікке жататын (бұйым, операция) өндірілген өнім, мекеме қызметіне қатысты белгілі бір әрекет немесе іс-шараны куәландыратын құжат.


ҰСЫНЫС - кәсіпорын атынан басқа кәсіпорынға бағытталған белгілі бір шарт бойынша келісім-шарт жасасуға дайындығы туралы жазбаша өтініш.

Ш

ШАҚЫРУ ҚАҒАЗ – жеке тұлғаға немесе мекемеге өзінің өкілін бір жерге жөнелту туралы ресми хабарлама.

ШАРТ – құқықтық қатынасты белгілеу, өзгерту немесе тоқтатудың келісім-шарты.

ШАРТТЫ ХАТ – ілеспе хаттың бір түрі, мұнда шарттың жөнелтілу фактісі көрсетіледі.

ШЕШІМ – 1. Аса маңызды мәселелерді шешу мақсатында алқалық тәртіппен қабылданатын құқықтық акті. Сондай-ақ бірнеше әр түрлі органдар – алқалық және жеке басшы басқаратын ұйымдар шығаратын бірлескен актілер де шешім деп аталады. 2. Азаматтық мәселелерді сотта немесе даулы мәселені төрелік сотта шешу нәтижелері бойынша соттың немесе төрелік соттың қорытындысы бар құжат. 3. Жиналыстың, мәжілістің қарары.

Ц

ЦИРКУЛЯРЛЫҚ ХАТ – бір жіберушіден бірнеше адреске бағытталған хат.

Х

ХАБАРЛАМА – алда болатын іс-шара туралы хабарлайтын (мәжіліс, жиналыс, конференция) және соған қатысуды ұсынатын құжат.

ХАБАРЛАМА ХАТ – бір нәрсе жайлы хабарланатын немесе белгіленетін хат.

ХАТ – мекемелер, жеке тұлғалар арасында байланыс құралы қызметін атқаратын мазмұны жағынан әртүрлі құжаттардың жалпылама атауы.

ХАТТАМА – жиналыс, кеңес, конференция және алқалық органдардың жиынында мәселені талқылау және шешім қабылдау барысында ретімен жазылып отыратын құжат.

Мазмұны

Дәріс

Тақырып




1 бөлім. Мекемелер мен кәсіпорындарда іс қағаздарын жүргізуді ұйымдастыру туралы ұғымы және жүйесі

1

Мемлекеттік тілде іс жүргізу пәнінің негізгі міндеттері.

2

Құжат оның қызметі.

3

Іс қағаздарын жүргізудің маңызы.

4

Құжат мәтіні, қарым-қатынас жасаудың тәсілі.

5

Басқару құжаттарын рәсімдеу тәртібі.




2 бөлім. Мекемелер мен кәсіпорындардағы негізгі құжаттар

6

Ұйымдық-құқықтық құжаттар.

7

Басқару құрылымы және құжат толтыру.

8

Құрылымдық бөлімшелер туралы ережелер.

9

Лауазымдық нұсқаулықтар

10

Жеке құрам бойынша ереже. Штат кестесі.

10

Бұйрық-жарлық құжаттары. Бұйрықтың түрлері.

11

3 бөлім. Ақпараттық-анықтамалық құжаттар.

12

Қызметтік хаттар.

13

Қызметтік хаттардың түрлері. Баяндау, түсінік хаттар.

14

Анықтама, акт толтыру.




4 бөлім. Еңбек қатынастарын құжаттау.

15

Жеке құрам бойынша құжаттарды рәсімдеуге қойылатын жалпы талаптар.

16

Түйіндеме.

17

Өтініш. Өмірбаян.

18

Мінездеме

19

Еңбек шарты.

20

Еңбек кітапшасы, еңбек кітапшасын толтырудың тәртібі.

21

Жеке іс парағы.




5 бөлім. Құжаттармен жұмыс жүргізуді ұйымдастыру.

22

Құжат айналымын ұйымдастыру: жалпы ережелер.

23

Құжаттарды тіркеу және есепке алу, тіркеу нысандары.

24

Тіркелмейтін құжаттар тізбесі.

25

Компьютер арқылы іс қағаздарын жүргізу.




6 бөлім. Жеке құжаттар.

26

Жеке арыз түрлері.

27

Cенімхат, қолхат.




7 бөлім. Істерді өңдеу, сақтау, мұрағатқа тапсыру.

28

Істерді өңдеу, сақтау

29

Мұрағатқа немесе жоюға іс қағаздарын тапсыру.




8 бөлім. Қызмет этикасы.

30

Қызметтік этикет.

31

Қызметтік этикеттің түрлері оны сақтау.

32

Аударма техникасы. Мәтіндерді сөздікпен аудару.

33

Жұмыс берушімен әңгімелесу алдындағы психологиялық дайындық.



Пайдаланылған әдебиеттер


  1. Н.Ә.Асқаров, Ж.Б.Нілібаев, Б.Б.Белғара Іс қағаздарын жүргізудің негіздері. – Алматы СаГа, 2007.

  2. Г.О. Байжанова Г.А. Маймақова «Іс жүргізу». Астана-2007

  3. Атеева Ө., Ермеков Н.Т. Іс жүргізуді компьютерде өздік үйрену «Хатшыреференттерге арн.». Оқу құралы 2008.

  4. В.И.Скала, Б.В.Скала «Қазақстан Республикасында іс қағаздарын жүргізу» Алматы. 2008 ж.

  5. Әділбек Жақып «Іс жүргізу» Астана «Наурыз» 2000 ж.

  6. Білім туралы. ҚР Заңы, - Алматы: Литера, 2000.

  7. В.Салагаев, Б.Шалабай. Іс қағаздарын жүргізу. Алматы..Раритет, 2006

  8. Л.Дүйсенбекова «Іс қағаздарын қазақша жүргізу» Алматы. «Ана тілі» 2001 ж.

  9. Ә.Ж. Хазимова «Іс қағаздарын қазақ тілінде жүргізу» Алматы «Ол-жас» баспасы 2001 ж.

  10. А.Алдашева, З.Ахметжанов «Ресми іс қағаздары» Алматы 2002 ж.

  11. Қазақша – орысша, орысша – қазақша сөздік «Іс жүргізу және мұрағат ісі» Алматы «Рауан» 2000 ж.

  12. М.Қасымбеков, Қ.Әлімқұлов «Екі тілде іс-жүргізу» Алматы, 1994 ж.

  13. Қалдыбай Бекетов «Сөздік» Үлкен қазақша – орысша, орысша – қазақша Алматы «Алтын қазына» 2001 ж.