Файл: География пнінен есептер шыару План жне карта тарауы бойынша.doc

ВУЗ: Не указан

Категория: Не указан

Дисциплина: Не указана

Добавлен: 29.03.2024

Просмотров: 23

Скачиваний: 0

ВНИМАНИЕ! Если данный файл нарушает Ваши авторские права, то обязательно сообщите нам.

География пәнінен есептер шығару

«План және карта» тарауы бойынша

  1. Егер сандық масштаб 1: 3000 болса, онда атаулы масштабты анықтаңыз.

Шығарылуы: 1: 3000 болса, 1 см-де 30 м болғаны. Жауабы: 1 см – де 30 м
2.500 м қашықтықты қағазға 5 см ұзындықпен түсіргендегі масштабты анықта.

Шығарылуы: 500 м = 50000 см :5 = 10000 яғни 1 см-де 100 м Жауабы: 1 см-де 100 м
3.1 см-де 700 м, сандық масштабқа айналдыр.

Шығарылуы: 700 м-де 70000 см, яғни 1: 70000 Жауабы: 1: 70000
4.Мысалы 100 м-де 200 қадам болды делік. Демек, әрбір қадамның ұзындығы қанша болғаны ?

Шығарылуы: 100 : 200 = 0,5см. Осылайша әр оқушы өз қадамының орташа ұзындығын біле алады. Жауабы: 0,5 см
5. Оқушының 500 м жүрген жолының 1:2000 масштабты планда бейнелеу.

Шығарылуы:

1:2000 масштабын атаулы масштабқа айналдырамыз. Атаулы масштаб 1 см-де 20 м болады.

500 м : 20 м = 25 см. Жауабы: 25 см.
6. 1: 5000 масштабтағы 2 нүктенің қашықтығы 4,5 см болса, жер бетіндегі қашықтық қанша ?

Шығарылуы:

1:5000 масштабты атаулық масштабқа айналдырғанда 1 см-де 50 м болады.

50 м Χ 4,5 см = 225 м Жауабы: 225 м.
7. Оқушы «Нұр» елді мекенінен «Амангелді» ауылына дейін жүріп өту керек. Картада бұл

қашықтық 28 мм. Картаның масшабы 1: 25000 болса, оқушы қанша жүру керек ?

Шығарылуы: 1: 25000 1 см-де 250 м; 28 мм = 2 см 8 мм = 2,8 см 250 * 2,8 см = 700 м

Жауабы: 700 м

8.Карта бетінде Алматы мен Астана қаласына дейінгі (1020 км), арақашықтық 8,5 см құрайды.

Картаның масштабын анықтаңыз.

Шығарылуы: 1020 км : 8,5 см = 120 км ( км- 00000), демек картаның масштабы 1 : 12000000

Жауабы: 1 : 12000000
9. Егер масштабы 1: 50000 планда екі ауылдың арақашықтығы 20 см, ал жаяу жүргіншінің

жүру жылдамдығы 5 км/сағ. тең болса, жаяу жүргіншінің бір ауылдан екінші ауылға жететін

уақытын табыңдар?

Шығарылуы:

1: 50000 болғанда 1 см-де 0,5 км.

20 см Χ 0,5 км = 10 км;

10 км : 5 км/сағ =2 сағ. Жауабы: 2 сағ.
10. Есептеңіз: 1:12 500 000 масштабтағы картада 1 см неше километрге тең?

Шығарылуы:

1: 12500000 болса, 1 см –де 125 км. Жауабы: 125 км
11. Жер бетіндегі А және Б нүктелерінің арақашықтығы 7700 км. Бұл нүктелердің картадаға

арақашықтығы 11 см. Картаның масштабын табыңдар.

Шығарылуы: 11 см --------------- 7700 км

1 см ---------------- Х км

Х = (1 х 7700) : 11 = 700 км, яғни 700 км = 70 000 000 см. Олай болса, масштаб 1: 70 000 000

Жауабы: 1: 70 000 000
12. Жер бетіндегі А және Б нүктелерінің арақашықтығы 5000 км. Осы арақашықтық масштабы

1: 100 000 000 км болатын картада неше см болады?

Шығарылуы: 1 см ------------- 100 км

Х см ------------ 5000 км

Х = (1 ˟ 5000) : 100 = 5000 : 100 = 50 см
Жауабы: 50 см
13. Жергілікті жердегі 23,5 км планда 9,4 см берілген. Планның масштабын табыңдар.

Шығарылуы: 9,4 см ----------- 23,5 км

1 см ------------- Х км

Х = (1 х 23,5) : 9,4 = 23500 : 9,4 = 2500 см; 1: 2500 Жауабы: 1: 2500
14. 100 м жүргенде бірінші рет 157, екінші рет 156, үшінші рет 158 қадам шықты. Бір қадамның

орташа мөлшері:

Шығарылуы: 157 + 156 + 158 = 471 қадам; 471 : 3 = 157; 100 м : 157 = 0, 6369 м = 0,64 м

Жауабы: 0,64 м
15. Ұзындығы 30 км және ені 15 км болатын жер телімінің ауданы, картаның масштабы

1 : 1 500 000 болған жағдайда қанша см² болады?

Шығарылуы:

1 : 1 500 000, 1 см-де 15 км.

Ұзындығы 30 км дегеніміз 2 см болса, ені 15 км 1 см болады.

S= а ₓ в = 2 см ₓ 1 см = 2 см²

Жауабы: 2 см²
16. Ұзындығы 50 км және ені 25 км болатын жер телімінің ауданы, картаның масштабы

1 : 2 500 000 болған жағдайда қанша см² болады ?

Шешімі: Масштабтың мөлшерін тауып аламыз (1 см = 25 км). Берілген өлшемдерді жеке –

жеке масштабтың мөлшеріне бөліп аламыз: 25 : 25 = 1см және 50 : 25 = 2 см. Картадағы ені

1 см және ұзындығы 2 см болатын жер телімінің ауданы 1* 2 = 2 см².

Жауабы: 2 см².
17. Ені 3 см және ұзындығы 4 см болатын жер телімінің нақты ауданын картадағы масштабы

1 : 50 000 болған жағдайда есептеңдер.

Шешімі: 1 см = 500 м. 3 см * 500 м = 1500 м және 4 см * 500 м = 2000 м; 3 см * 4 см = 12 см²;

1500 м * 2000 м = 3 000 000 м². 3 000 000 м² : 500 = 6000 м немесе 3 см² * 4 см² = 12 см².

12 * 500 = 6000 м².

Жауабы: 6000 м²
18. Бөлменің ұзындығы 7 м, ені 5 м, биіктігі 3,5 м. Бөлменің көлемі мен ондағы ауаның

салмағы қанша?

Шығарылуы: P = а ₓ в ₓ с = 7 м ₓ 5 м ₓ 3,5 м = 122,5 м³; жер бетінің әр 1см² = 1кг 33 г салмақ

түсіреді. 122,5 м³ ₓ 1 ,3к г =159,25

Жауабы: 122,5 м³; ауа салмағы 159 кг25 г
19. Квадраттың қабырғалары 1 см/кв. 1:500 000 масштабты картада ауданы қанша болады ?

Шығарылуы: 1:500000, 1 см-де 5 км. 1см ₓ 5 км = 5 км² болғанда, S= 5 км² ₓ 5 км² =25 км²

Жауабы: 25 км²
20. Астана мен Мәскеу қалаларының арасы 2757 км. Масштабы 1: 45000000 картадағы екі қала

арасының қашықтығы

Шығарылуы:

1 : 45 000 000 болғанда, 1 см-де 450 км. 2757 км : 450 км = 6,1266 = 6,1 см

Жауабы: = 6,1 см
21. Екі қала арасы картада 2 см. Картаның масштабы 1 см – 80 км болса, екі қаланың

арасындағы қашықтық қанша км ?

Шығарылуы:

  1. см * 80 км = 160 км Жауабы: 160 км.


22. Жергілікті жерде ұзындығы 40 км болатын сызық, жергілікті жер планында ұзындығы 7,5

см бөлігі түрінде көрсетілген жағдайда жергілікті жердің масштабы қандай болады ?

Шығарылуы: 40 000 000 см : 7,5 см =5333333,3 см; 1: 530000

Жауабы: 1: 530000
«Литосфера» тарауы бойынша


1.Егер таудың абсолюттік биіктігі 656 м, ал таудың етегі 400 м биіктікте орналасса, онда

таудың салыстырмалы биіктігі тең болатын көрсеткіш қандай?

Шығарылуы:

656 м – 400 м = 256 м. Жауабы: 256 м.
2. Қазақстанның ең биік және ең төмен нүктелерінің айырмасын тап.

Шығарылуы:

Қазақстанның ең биік нүктесі Хан Тәңірі 6995 м, ал ең төмен нүктесі Қарақия ойысы – 132 м.

Екі нүктенің айырмасын табу үшін 6995 м + (-132 м) = 7127 м.

Жауабы: 7127 м.
3.Дүниежүзінің және Қазақстанның ең биік шыңдарының салыстырмалы биіктігі

Шығарылуы: дүниежүзінің ең биік шыңының биіктігі 8848 м болса, ал Қазақстанның ең биік

шыңының биіктігі 6695 м. 8848 м - 6995 м = 1853 м

Жауабы: 1853 м.
4. Аустралияның абсолюттік биіктігі – 2228 м.Еуразияның ең биік нүктесімен салыстырмалы

биіктігі қанша?

Шығарылуы: Еуразияның абсолюттік биіктігі – 8848 м.

8848 м – 2228 м = 6620 м. Жауабы: 6620 м.
5. Жанартаудың абсолюттік биіктігі 1000 м. Егер ол жазық аймақта теңіз деңгейінен

200 м биіктікте орналасса, жанартаудың салыстырмалы биіктігі қаншаға тең?

Шығарылуы:

1000 м – 200 м = 800 м

Жауабы: 800
«Атмосфера» тарауы бойынша

1.Қазақстанда ең төменгі температура -57 ºС, ал ең жоғарғы температура +42ºС болса,

амплитуда қанша?

А) 57 ºС В) 14,5 ºС С) 99 ºС Д) 67 ºС Е) 10 ºС

Шығарылуы: -57 ºС + 42ºС = 99°С Жауабы: С) 99 ºС

2.Тәуліктегі ең жоғары температура -10ºС, ал ең төменгі температура -28ºС. Тәуліктік

амплитуда қанша?

А) 18ºС В) 14ºС С) 38ºС Д) 28ºС Е) 10ºС

Шығарылуы: -28 ºС - 10ºС = 18°С Жауабы: А) 18 ºС

3. Қазан айында Алматы қаласында ауаның температурасы тәулік ішінде сағат 7ºº -де +10ºС,

сағат 13ºº-де +14ºС, сағат 19ºº-де +12ºС, сағат 1ºº-де -1ºС болса, тәулік ішіндегі орташа

температура

А) +8,7ºС В) +3,7ºС С) +9,2ºС Д) +6,8ºС Е) +5,6ºС

Шығарылуы: 10°С + 14°С +12°С + (-1°С) = 35°С

35°С : 4 = + 8,75 = + 8,7°С Жауабы: А) +8,7°С
4. Кестедегі мәліметтерге сәйкес орташа жылдық температура


Айлар


Орташа жылдық tºC

І

ІІ

ІІІ

ІV

V



V ІІ

V ІІІ

ІХ

Х

Х І

ХІІ

-17ºC

-12ºC

-5ºC

0ºC

7ºC

17ºC

22ºC

19ºC

10ºC

4ºC

-9ºC

-14ºC




Шығарылуы:

-17ºС +(-12ºС) +(-5ºС) +(-9ºС) + (-14ºС) = 57ºС;

0ºС + 7ºС + 17ºС + 22ºС + 19ºС + 10ºС + 4ºС =79 ºС;

79ºС - 57ºС = 22ºС; 22ºС : 12 = 1,8333 = 1,8ºС Жауабы: 1,8ºС
5. Желтоқсан айындағы тәуліктік орташа температура жиынтығы - 630º С болса, айлық орташа

температура қанша?

Шығарылуы: - 630ºС : 30 = - 21ºС Жауабы: - 21ºС
6. Ауаның температурасы +30ºС, абсолюттік ылғалдылық 16 г/м³ болса, салыстырмалы

ылғалдылық қанша?

Шығарылуы:

+30ºС --------------- 30 г/м ³ су буы;

30 г/ м³ су буы --------------- 100 % ;

16 г/м³ су буы ---------------- Х %;

Х = 16г/м³ * 100: 30 г/м³ = 53% Жауабы: 53 %

7. Тәулік ішіндегі ең жоғарғы температура +15ºС, ең төменгі температура +5ºС болғандағы

амплитуданы табыңдар.

Шығарылуы:

+15ºС- 5ºС = 10ºС Жауабы: 10ºС.
8. Жер бетіндегі ауаның температурасы +14ºС. 6000 м биіктікке көтерілген ұшақтың

сыртындағы ауаның температурасы қанша?

Шығарылуы:

6000 м * 6ºС = 36ºС; 36ºС - 14ºС = 22ºС.

Жауабы: - 22ºС (биіктікке көтерілген сайын температура төмендейді)
9. Жылдық орташа температура ауытқуы жоғары қала

А) Алматы (қыста - 6ºС, жазда + 19ºС) В) Петропавл (қыста - 19ºС, жазда + 20ºС)

С) Атырау (қыста - 8ºС, жазда + 28ºС) Д) Ақтау (қыста - 4ºС, жазда + 28ºС)

Е) Орал (қыста - 12ºС, жазда + 22ºС)

Шығарылуы:

А) Алматы -6ºС + 19ºС = 25ºС; В) Петропавл -19ºС +20ºС = 39ºС;

С) Атырау -8ºС + 28ºС = 36ºС; Д)Ақтау -4ºС +28ºС = 32ºС

Е) Орал -12ºС + 22ºС = 34ºС

Жауабы: Жылдық орташа температура ауытқуы жоғары қала Петропавл 39ºС.
10. Ауаның температурасы сағат түнгі 1-де +10ºС, 7-де +6ºС, 13-те +15ºС, 19-да +8ºС. Тәулік

бойынша орташа температураны табыңдар.

Шығарылуы:

+10ºС + 6ºС + 15ºС + 8ºС = 39ºС +39ºС : 4 = +9,75 = +9,8ºС Жауабы: +9,8º С
11.Бір тәулік ішінде ауа температурасы төмендегідей болып өзгерді: +5°, - 2°, +10°, +7°.

Тәуліктің орташа температурасын тап.

Шығарылуы: +5° +(- 2°) +10° +7°= 20° : 4 = +5°С. Жауабы: +5°С.
12. Таудың етегінде ауаның темпратурасы +12ºС, туристер 4000 м биіктікке көтерілді.

Туристер көтерілген биіктіктегі ауа температурасы қандай?

Шығарылуы:

4000 м * 6ºС = 24ºС. 24ºС - 12ºС = -12ºС

Жауабы: -12ºС (биіктікке көтерілген сайын температура төмендейді)
13.Егер тау етегінде ауа температурасы 30°С, тау төбесінде -3°С болса, таудың биіктігін

анықтаңыз:

А) 5,5 км В) 3 км С) 6 км Д) 2,7 км Е) 1,5 км

Шығарылуы: 30°С + (-3°С) = 33°С 33°С : 6°С = 5,5 км Жауабы: 5,5 км
14.Таудың етегінде +15°С, шыңында - 27°С болса, таудың салыстырмалы биіктігі қанша?

Шығарылуы: 15°С + (-27°С) = 42°С; 42°С : 6°С = 7 км = 7000 м Жауабы: 7000 м


15.Егер теңіз деңгейінде +15°жылы болса, Памирдегі Коммунизм шыңының биіктігі 7495 м.


Шыңның басындағы ауа температурасы қанша болады?

Шығарылуы:

7000* 6°= 42°; 42°- 15°= 27° Тау басына шыққан сайын ауа

температурасы төмендейді, сондықтан ауа темпеатурасы – 27°. Жауабы: - 27°
16. Егер теңіз деңгейінде + 21° жылы болса, Памирдегі Коммунизм шыңының биіктігі 7495 м.

Шыңның басындағы ауа температурасы қанша болады ?

Шығарылуы: 7495 м = 7,5 км; 7,5 км Χ 6°С = 45; 45°С - 21°С = 24°С;

Таудың басына шыққан сайын температура кемиді, сондықтан ауаның температурасы –

24°С

Жауабы: -24°С.
17. Түркістан қаласындағы жауын – шашын мөлшері 238 мм, буланушылық 1250 мм болса,

ылғалдану коэффициентін тап.

Шығарылуы: 238 мм: 1250 мм = 0,19 мм. Жауабы: 0,19 мм.
18. Қостанай қаласындағы буланушылық мөлшері 500 мм, жылдық орташа жауын – шашын

мөлшері 373 мм болса, ылғалдану коэффициенті қанша?

Шығарылуы: 373мм : 500 мм = 0,74 Жауабы: 0,74
19. Буланушылық 1200 мм, жауын – шашын 151 мм болса, ылғалдану коэффициенті қанша ?

Шығарылуы: 151 мм : 1200 мм = 0,1258 мм = 0,13 мм Жауабы: 0,13 мм.
20. Теңіз деңгейіндегі атмосферадағы температура +21ºС болса, 5200 м биіктікте орналасқан

нүктедегі температураны табыңдар.

Шығарылуы:

5200 м * 6ºС = 31200 =- 31,2ºС; -31,2ºС - 21ºС = - 10,2ºС Жауабы: -10,2ºС
21.Жер бетіндегі температура + 10°С болса, 5 км биіктіктегі температура қанша ?

Шығарылуы:

5 км = 5000 м; 5000 м * 6°С = 30 000 = -30°С; -30°С - 10°С = -20°С Жауабы: -20°С
22. 6,8 км биіктікте температура - 35°С, теңіз деңгейінің температурасы қанша?

Шығарылуы: 6,8 км * 6°С = 40,8 °С; 40,8°С – (-35°С) = +5,8°С Жауабы: +5,8°С
23.Қазан айында Алматы қаласында ауаның температурасы сағат 7ºº-де +10ºС, сағат 13ºº-де

+14ºС, сағат 19ºº +12ºС, сағат 1ºº-де -1ºС болса, тәулік ішіндегі орташа температура

Шығарылуы:

10ºС + 14ºС + 12ºС + (-1ºС) = ºС 35ºС : 4 = +8,75 ºС = + 8,7ºС Жауабы: 8,7ºС.
24. Тәуліктегі ең жоғарғы температура -10º С, ал ең төменгі температура - 28º С. Тәуліктік

амплитуданы табыңдар.

Шығарылуы: -28ºС - 10ºС = - 18ºС Жауабы: -18º С

25.Тәуліктің ең жоғарғы температурасы +28°С, ең төмен +12°С болса, температураның

тәуліктік амплитудасы қанша?

Шығарылуы: 28°С - 12°С = 16°С Жауабы: 16°С

26. Кестеде берілген мәліметтерді ескерсек, жылдық амплитуда


Айлық орташа температуралар

Жылдық

амплитуда

І

ІІ

ІІІ

ІV

V

VI

VII

VIII

IX

X

XI

XII




-15°

-11°

-4°





17°

21°

20°

13°



-6°

-13°

?