Файл: Оыту элементі Атауы Аккумулятор батареяларыны, трансформаторларды, электр аппараттарыны рылысы Мамандыы 1108000Темір жол жылжымалы рамын пайдалану,жндеу жне техникалы ызмет крсету.docx

ВУЗ: Не указан

Категория: Не указан

Дисциплина: Не указана

Добавлен: 29.03.2024

Просмотров: 13

Скачиваний: 0

ВНИМАНИЕ! Если данный файл нарушает Ваши авторские права, то обязательно сообщите нам.




Оқыту элементі

Атауы: Аккумулятор батареяларының, трансформаторлардың, электр аппараттарының құрылысы

Мамандығы: 1108000«Темір жол жылжымалы құрамын пайдалану,жөндеу және техникалық қызмет көрсету»


Беті

2



Мақсаты:
Бұл оқыту элементін оқып,үйрену арқылы сіздер істей аласыздар:
- Аккумулятор батареяларының қызметі,түрлері

- Трансформаторлардың қызметі,түрлері,құрылысы

- Электр аппараттары туралы жалпы мәліметтер.түрлері

Жабдықтар,материалдар және қосымша құралдар


Атауы

Саны

- столдар

- орындықтар

- интерактивті тақта

- Макет : іштен жану қозғалтқышының жұмыс принципі


13 дана

25 дана

1дана

1дана




Қажетті оқыту элементтері мен оқу құралдары:
- Оқыту материалдары:

- дәрістер;

- зертханалық жұмыстар;

- тесттер;

- Әдебиеттер:

1. «Электрическое оборудование тепловозов»

И.В .Бородин .М.Транспорт, 1996

2. «Конструкция тягового подвижного состава»

Ю.Н.Ветров . М. 2000







Оқыту элементі

Атауы: Аккумулятор батареяларының, трансформаторлардың, электр аппараттарының құрылысы

Мамандығы: 1108000«Темір жол жылжымалы құрамын пайдалану,жөндеу және техникалық қызмет көрсету»


Беті

3








Аккумулятор батареяларының қызметі,түрлері және параметрлері

Аккумуляторлар деп химиялық процестердің нәтиже-сінде электр энергиясын біраз уақытқа дейін жинақтауға және бойына сақтауға қабілеті бар приборды айтады.

Аккумулятордағы ток, гальвани элементіндегі сияқты химиялық процестердіц салдарынан болады_.( Алайда гальвани элементтерінде пайда болатын химиялық қо-сылыстарды, аккумулятордағы сияқты, бөтен ток көзі арқылы екінші рет алғашқы қалпына келтіруге болмай-ды. Сондықтан гальвани элементтерін қайтымсыз (бір реттік) элементтер деп, ал аккумуляторларды қайтымды {екі реттік) элементтер деп атайды. Қайыра зарядталу және разрядталу кезінде аккумулятор істен шықпайды,

Аккумуляторда жинақталған химиялық энергия белгілі бір уақытқа дейін сақталады және қажет болғанда электр энергиясына оңай айиалады.

Ерітіндінің тығыздығы немесе онын, меншікті салмағы деп, сол ерітіндінің салмағы көлемі сондай судық салмағыиан неше есе үлкен екенін көрсететін санды айтады. Электролпттің, тығыздығын ареометрмен айырады. Ареометр дегеніміз екі үшы дәпекерлей бітелген, іші бөліктерден түратын шкалалы шыны трубкана айтамыз.Кондиционері жоқ электр желісінен кернеуі 50В жолаушылар вагонында 38-40 сілтілі аккумулятор батареясы қойылады. Кондиционері бар электр желісінен кернеуі 110В жолаушылар вагонында 28-86 сілтілі аккумулятор батареясы қойылады.Сілтілі аккумулятор батареясы ең кең таралған, өйткені оларды күрделі емес материалдан дайындайды, сондықтан олар арзан сонымен қатар пайдалануға оңай. (эбониттен немесе қауырсыннан жасалған) бак немесе банкі деп аталатын сауытқа батырылады. Электролит шашырамау үшін аккумулятор банкісінің қақпағы жабық түрады. Қақпақтағы саңылау арқылы сыртқа аккумулятордың түйістіргіш істікті өткізгіштері шыгып түрады. Қорғасынды аккумуляторларда электролит ретінде тазартылған судағы таза күкірт қышқылының ерітіндісі (Н2 804) қызмет етеді. Күкірт қышықылының тығыздығы 1,83г/м3, судың тығыздығы 1г/м3 Сондықтан электролиттің тығыздығы 1г/м3 жоғары көтеріледі, өдетте ол 1,2-1,4г/м3.Электролитпен толтырылған аккумулятор, оған қоса берілген нүсқаулыққа сәйкес, күш алу үшін электр қуаты көздеріне қосылады. Нәтижесінде оң зарядты тақтайшалардың жылдам әсер етуші қоспалары қорғасын асқын тотығына РЬ02 айналатын, жаңа аккумулятордың алғашқы арнайы зарядын қалыптастырғыш деп атайды. Теріс зарядты тақтайшалардың жылдам әсер етуші қоспалары кеуекті қоспа деп атапатын саңылаулары бар таза қорғасынға ауысады. Бұл процесте электролиттің тығыздығын арттыратын күкірт қышқылы (Н2 804) бөлінеді.

Егер аюсумулятор химиялық процестен алынған энергияны қайта беретін болса, онда оң және теріс зарядты тақтайшалардың жылдам әсер етуші қоспалары қорғасын сульфаты (РЬ804) деп аталатын күкірт қышқылды қорғасынға айналады. Осы кезде су бөлінеді, сондықтан электролиттің тығыздығы төмендейді.

Аккумулятор қысқышындағы кернеудің бәсеңдеуі бастапқыда 2,1-2В тең болады. Аккумулятордың кернеуі волтьметрі бар арнайы күш түсіруші ашаның күш түсіруі кезінде өлшенеді.

Бөсеңдеу кезінде кернеу 1,7В азаяды, сол кезде процесті тоқтату керек, өйткені аккумулятор күшінің түпкілікті бәсеңдеуі тақтайшалардың сульфатациялану салдарынан оларға өздерін жоя отырып тар- тылады, қорғасын сульфатының түзілуі үстіңгі бетінде болса да аккумулятордың оң және теріс зарядты тақтайшаларының жылдам әсер етуші қоспаларындағы саңылаулар, оның бәсеңдеуі кезінде, нәтижесінде электр қуатының берілуі пайда болатын табиғи химия- лық процесс болып табылады.

Аккумулятор күші бәсеңдеген бірінші кезеңде қорғасын султфатының ұсақ кристалдары түзіліп, тақтайшалардың жылдам әсер етуші қоспаларының саңылауларын бекітіп тастамайды, бірақ аккумулятордың келесі күш алуы кезінде оң зарядты тақтайшаларда олар қорғасын қос тотығына (двуоксь), теріс зарядты тақтайшаларда кеуекті қорғасынға толық айналады.














Оқыту элементі

Атауы: Аккумулятор батареяларының, трансформаторлардың, электр аппараттарының құрылысы

Мамандығы: 1108000«Темір жол жылжымалы құрамын пайдалану,жөндеу және техникалық қызмет көрсету»


Беті

4




Аккумулятор күшінің түпкілікті бөсеңдеуі, жүйелі түрде күш ала алмауы, электролиттің ластануы, аккумулятордың зарядталмаған күйінде сақталуы салдарынан және басқа да себептерден қорғасын сульфаты қайтадан кристалданады жөне ірі кристалды қүрамға ие болады.

Сульфат түзіледі, яғни тақтайшалар тоқ өткізгіштігі нашар ірі кристалды қорғасын сульфатының ақ қабаттарымен жабылады.

Қорғасын сульфатының кристалдары тақтайшаның жылдам әсер етуші қоспаларының саңылауларын бекітіп тастайды. Тақтайшаның жылдам әсер етуші қоспаларының ішкі қабаттарына электролит жіберілу тоқтатылады, аккумулятрдың ішкі кедергісі азаяды, оның сыйымдылығы төмендейді. Ірі кристалды сульфат ісініп, қаншалық- ты үлқен көлемді орын алатын болса, жылдам өсер етуші қоспа шамадан тыс ісінеді жөне түсіп қалады. Аккумулятор күш алған кезде ірі кристалды сульфат, тақтайшаның бастапқы жылдам әсер етуші қоспасына жәймен және толық айналады. Міне, неліктен аккумуля- торға уақытымен күш беріп тұру қажет. Зарядқа қосқаннан кейін акумулятордың сыртца шыгарылган өткізгіштеріндегі кернеу 1,7- 1,8-ден 2,1-2,2-ге дейін жылдам көтеріледі, ал одан кейін 2,ЗВ дейін өте ақырын көтеріледі. Зарядталу соңында кернеудің 2,6-2,8В дейін көтерілуі байқалады жөне аккумулятордың «қайнауы» басталады, яғни судың электр тоғымен іруі салдарынан қарқынды газ (сутегі жөне оттегі) бөлінеді. Кернеудің кенеттен көтерілуі және аккумуля- тордың «қайнауы» зарядтың аяқталуын білдіреді. Аккумуляторды электр қуаты көздерінен ажыратқаннан кейін оның кернеуі шамамен бірден 2,1В түседі.

Аккумуляторлардың басқа жүмыс тәртіптемелері кезінде аз қарқынды болса да сутегі және оттегі бөлінеді. Сутегі мен оттегінің жарылгыш куркіреуік газ деп аталатын қоспа түзетіндігі белгілі. Сондықтан аккумулятор тұрған ғимаратқа отпен кіруге тыйым салынады.

Қуаттың бір бөлігі электролитті қыздыруға жөне әр түрлі хи- миялық процестерге жүмсалатын болғандықтан, аккумулятор күш алу кезінен қарағанда күшінің бәсеңдеуі кезінде электр қуатын аз береді. Аккумулятордың бәсеңдеуі кезінде (сыйымдылығы) қайта берілген ампер және сағатпен өлшенетін электр қуаты саныньщ, күш алу кезінде алынған электр қуатына сандық қатынасы акқумуля- тордың сыйымдыльіқ бойынша қайтарым коэффициенті деп аталады. Қышқылды аккумуляторларда ол 90-95% тең. Аккумулятордың энергия бойынша қайтарым коэффициенті, яғни пайдалы өсер ету коэффициенті деп бөсеңдеу кезінде қайтарып берілген киловатт- сағатпен өлшенетін энергияның аккумулятордыд күш алуы кезінде жүмсалған энергия санына қатынасы аталады, қышқылды аккумуля- тордың пайдалы өсер ету коэффициенті 70-80 % тең.















Оқыту элементі

Атауы: Аккумулятор батареяларының, трансформаторлардың, электр аппараттарының құрылысы

Мамандығы: 1108000«Темір жол жылжымалы құрамын пайдалану,жөндеу және техникалық қызмет көрсету»


Беті

5


Қышқылды аккумуляторлы батареялардың құрылысы мен жұмысы

Тепловоздардың аккумулятордан түратын типі 32ТН-450, қорға- сынды аккумулятор батареялары қолданылады. Әріптер, оның теп- ловоздарға (Т) арналғанын, ал тақтайшаның жылдам өсер ету қос- пасы майланғандығын (Н) білдіреді. Батареяның сыйымдылығы 450 А/сағ.

Аккумулятордың 6,8 (4.6-сурет) тақтайшалары қорғасынды- сурма қорытпасынан қүйылған. Сурьманың қосылуы тақтайшаның беріктілігін жоғарлатады. Тақтайшалардағы үяшықтар қоймалжың сүйықтық түріндегі жедел әсер етуші қорытпамен толтырады.Теріс зарядты блокта 20 тақтайша, оң зарядты болкта-19тақтайша бар. Әрбір блокта аккумуляторды ішкі тоқ тізбегімен қосу үшін екі сыртКа шығарылған өткізгіш (түйістіргіш істіктің) 15 бар.

Аккумулятордың 32ТН-450 типті батареясы үшін тақтайшалар арасындағы төсем ретінде мипласты ажаратқыштар 7, әйнск желімденген киіз ажыратқыштар 9 жөне полихлорвинилді тесікті тақтайшалар қолданылған. Қатпарланған ажыратқыштар 6,8 тек ғана тақтайшаларды бөліп түрмайды, сонымен қатар олардың діріяін де жояды.

Ажыратқыштардың жоғарғы жағына электролиттің шашырауын және тақтайшаға басқа да заттардың түсуін екертетін сақтандарғыш қалқан төселеді.

Тепловоз аккумуляторлары үшін эбониттен жасалған бактар қолданылады, бүл материалдың (эбонит) механикалық беріктілігі мен электроқшауландығыштығы жақсы, ал бактар мүжілмейді, жеңіл, арзан. Аккумулятордың оң жөне теріс зарядты тақтайшалары 11 бак- тың түбінде болып табылатын екі қырлы сауытқа қойылады, бак эбонитті қақпақнен жабылады, ал қақпақ пен ыдыстың қосылған жері асбестті сыммен оралып және қышқылға төзімді қою желіммен (мас- тикпен) мүқият тығыздалады. Әрбір блок тақтайшаларының қақпақ арқалы өтуге арналған тесіктердегі істіктері резеңке сақиналармен тығыздалады. Қақпақтағы қүю тесіктері аккумуляторда түзілген газ- дарды шығару үшін, ішкі арналары бар арнайы тығынмен жабылады. Қышқылға төзімді жылтыр сырмен боялған ағаш жәшіктерге төрт аккумулятор қойылады. Жәшіктер тасымалдауға ыңғайлы болу үшін аспалы түтқалармен жабдықталған.

















Оқыту элементі

Атауы: Аккумулятор батареяларының, трансформаторлардың, электр аппараттарының құрылысы

Мамандығы: 1108000«Темір жол жылжымалы құрамын пайдалану,жөндеу және техникалық қызмет көрсету»


Беті

6





Тепловоз аккумулятор батареялары аккумуляторлары тізбек- телген үстатқыдггармен қосылған, соның арқасында олардың кернеу- лері жинақталады. 32ТН-450 батареясының нақты кернеуі 64В-қа тең. Аккумулятордың үшінші секциясынан 24В кернеу алу үшін арнайы сыртқа шығарылатын өткізгіш жасалған. Бүл кернеу локомотивтің өлшеуіш қүралдарын қоректендіру үшін қажет. Аккумулятор батареялары дизель жіберілген кезде 1700-2000А қысқа мерзімді тоқ береді, оның сыйымдылық бойынша қайта берілуі 80%, пайдалы әсер коэффициенті - 65%. Күш алған батарея электролитінің тығыздығы 1,24-1,25 г/см3, тығыздықтың көтерілуімен электролиттің қатып қалу температурасы кенеттен төмендейтін болғандықтан ал қыс айла- рында оны 1,26 г/см3 дейін көтерген жөн.

Отандық 2ТЭ116, ТЭП70, ТЭ121 жөне тепловоздарда басқару тізбеғіндегі кернеу және жпрық НОВ-қа дейін көтеріңкі, сондықтан олар үшін 48ТН-450 қышқылды аккумулятор батареясын дайын- дайды. Батареядағы аккумулятор саны 48-ге дейін көбейген, оның нақты кернеуі 96В, сыйымдылығы 450А/сағ.

Отандық электротехникалық өнеркәсіпте қорғасынды үнемдеу үшін тепловоздық темірникельді сілтілі аккумулятор батареясы 46ТПЖН-550 (4.7. сурет) қүрылған, олар ТЭІО түріндегі және басқа да сыйымдылығы 550А/сағ тепловоздарға арналған. Аккумулятор- дағы батареялар саны, осы тепловоздарға арналған қышқылды бата- реялармен салыстырғанда 46 дейін көбейтілген, қышқылды акку- мулятордағы батареялар саны — 32, яғни сілтілі аккумулятордың қозғалыс күші энергиясы төмен.










Тепловоздың 32ТН-450 түріндегі қышқылды қорғасынды аккумуляторы:


  1. резеңке амортизаторлар (бөсеңдеткгш); 2- екі цырлы сауыт;

- бак; 4- оцшауландыргыш; 5- полихлровивнивді ажыатцыш; 6- оң зарядты тацтайша; 9- әйнек желімденген киіз; 10- сацтандыргыш цалцан; 11- асбестті сым; 12-мастик (цою желім); 13-цацпац; 14-тыгын, 15- сыртца шьігарылган өткізгіш.











Оқыту элементі

Атауы: Аккумулятор батареяларының, трансформаторлардың, электр аппараттарының құрылысы

Мамандығы: 1108000«Темір жол жылжымалы құрамын пайдалану,жөндеу және техникалық қызмет көрсету»


Беті

7








Сілтілі аккумуляторлы батареялардың құрылысы мен жұмысы

Сілтілі аккумулятор никель мен болаттан жасалған сауыттан, оң және теріс зарядты тақтайшалардан және электролиттен түрады. Сілтілі аккумуляторда электролит ретінде тазартылған судағы сілті ерітіндісі, яғни күйдіргіш калий КОН қызмет етеді. Аккумулятордың тақтайшалары никельденген болатган жасалған жұқа пакет түрінде дайындалған және жылдам әсер етуші қоспалармен толтырылған. Жылдам өсер еіуші қоспалар электролиттермен жақсы жанасу үшін пакеттің қабырғаларында көптеген саңылаулар жасалған. Теріс заряд- ты тақтайшалар оң зарядты тақтайшалардың арасында орналасты- рылған және бір-бірінен ажыратқыштармен (төсемдермен) бөлінген. Теріс зарядты тақтайшаларының жылдам әсер егуші қоспаларының қүрамына қарай сілітілі аккумулятор екі түрге бөлінеді: темірни- кельді жөне кадмиеникельді.

Аккумулятор күш алмай түрғанда, жылдам өсер етуші қоспа үсақ графит қоспасынан алынған никель шала тотығы гидратынан Кі(ОН)2 түрады, ал теріс зарядты тақтайшаның жылдам әсер етуші қоспасы - темірникельді аккумуляторда темір шала тотыгы гидра- тынан Ғе(ОН)2 немесе кадмиеникельді аккумуляторда темір шала тотьігы гидратьінан алынган кадмия шала тотыгы гидратынан Сб(ОН)2 түрады. Аккумулятор күш апған кезде оң зарядты тақ- тайшалардың жылдам әсер етуші қоспасы тотығады, никель шала тотығы гидраты никель окисі гидратына ауысады №(ОН)3. Теріс зарядты тақтайшалардың жылдам әсер етуші қоспасы темір Ғе (кеуек) үнтагы түрінде қайта қалпына келеді немесе темір.. жөне кадмия .. қоспасы кеуек күйінде қайта қалпына келеді. Аккумулятор күшінің бәсеңдеуі процесінде тақтайшалардың жылдам әсер етуші қоспаларының қүрамы бастапқы қалпына қайтадан келеді: оң заряд- ты тақтайшалардың жылдам әсер етуші қоспасы никель шала тотығы гидратына айналады, ал теріс зарядты тақтайшалардың жылдам әсер етуші қоспасы сөйкесінше темір шала тотығы гидратына немесе кадмия шала тотығы гидратына айналады.







46ТПЖН-550 темірникельді сілтілі аккумулятор:

1 -тақтайшалар блогы; 2- сыртқа шыгарылган өткізгіштер;3-тыгын; 4-сауыттың қақпагы; 5-оқшауландыргыш сақина; б-сауыт;

7-оқшауландыргыш төсем; 8-сақина; 9-аша; 10-түйістіргіш планка;11-тақтайшалар;

12-ажыратқыш; 13-оқшаулындыргыш қынап.












Оқыту элементі

Атауы: Аккумулятор батареяларының, трансформаторлардың, электр аппараттарының құрылысы

Мамандығы: 1108000«Темір жол жылжымалы құрамын пайдалану,жөндеу және техникалық қызмет көрсету»


Беті

8








Теріс зарядты тақтайшаларды толық қолдану үшін, сілтілі акку- мулятордың оң зарядты тақтайшаларында жылдам әсер етуші қоспа екі есе көп түзілуі керек. Ол үшін оң зарядты тақтайшалардың жыл- дам әсер етуші қоспалы пакеттері, теріс зарядты тақтайшаға қараған- да қалындау болып жасалады жөне аккумулятордағы оң зарядты тақтайшалардың біреуі артық болады. Күш алу кезінде аккумуля- тордың кернеуі алғашқыда 1,6В дейін тез өседі, ал одан кейін күш алудың соңына қарай 1,8-1,85 В-қа дейін үлғаяды, тоқ көзінен ажыра- тылғаннан кейін толық күш алған аккумулятордың қозғалыс күшінің энергиясы 1,45В тең болады, яғни сілтілі аккумулятордан қарағанда елеулі төмен. Сілтілі аккумулятор күшінің бәсеңдеуі кезіндегі кернеу, аса жоғары кедергі әсерінен 1,3-1,1В тең болады. Аккумулятор кернеуі 1-1ДВ тең болғанда, күшті бәсеңдетуді тоқтату керек.

Сілтілі аккукумлятордың қышқылды аккумулятордан артықшы- лығы: жоғары механикалық төзімділік, тоқ күшін сезінуінің төмен- дігі, қызмет ету мерзімінің үзақтығы және қызмет көрсету түрінің қарапайымдылығы. Дегенмен сілтілі аккумулятордың сыйымдылық бойынша (70-71%) жөне энергия бойынша (55-60%) қайтарым коэф- фициенттері төмен, элементінің кернеуі аз (орташа алғанда 1,2 В-тың орнына қышқылды аккумуляторда 2В), көлемі және салмағы үлкен. Егер сілтілі аккумуляторларды сыртқы температура төмен болған кезде жылы үстамаса, онда олардың сыйымдылығы кенеттен төмен- дейді, сілітілі немесе қышқылды бір аккумулятордың қозғалыс күшінің энергиясы жөне ізінше оларға қайта берілген қуаты тым аз болады. Сондықтан тепловоздарда бірнеше аккумулятордан түратын белгілі бір сызбамен қосылған аккумулятор батареялары орналастырылады.

Отандық электротехникалық өнеркәсіпте қорғасынды үнемдеу үшін тепловоздық темірникельді сілтілі аккумулятор батареясы 46ТПЖН-550 (4.7. сурет) қүрылған, олар ТЭІО түріндегі және басқа да сыйымдылығы 550А/сағ тепловоздарға арналған. Аккумулятор- дағы батареялар саны, осы тепловоздарға арналған қышқылды бата- реялармен салыстырғанда 46 дейін көбейтілген, қышқылды акку- мулятордағы батареялар саны — 32, яғни сілтілі аккумулятордың қозғалыс күші энергиясы төмен. Аккумулятор 36 оң жөне 34 теріс зарядты тақтайшалардан 11 тұрады. Оң зарядты тақтайшалар болаттан жасалған, саңылаулары бар, никель таспасымен бүркемеленген жалпақ қорал тәрізді болады, ол тоқ өткізгіштігін арттыру үшін үсақталған графит қосылған никель гидрототығымен тотырылған. Теріс зарядты тақтайшалардың болат қораптары кеуекті (ұнтақпен) темірмен толтырылған. Теріс зарядты тақтайшалар оң зарядтылар аралығына қойылған жөне шағылысудан қатпарланған қалып түріндегі полихлорвинилденген саңылаулы ажыратқыштармен сақтандырылған.

Тақтайшалар оларға дәнекерленген түйістіргіш жүқа тақтай- шалар 10, тегірмен тартылған өзекше 9 арқылы екі блокқа бірікті- рілген. Әрбір блокта борна деп аталатын, қақпақтағы тесіктер арқы- лы сыртқа шығарылған екі өткізгіш бар 2 және одан, электроиттің төгілуін ескертетін винилденген тақтайшалармен жөне резеңке сақиналармен оқшауландырылған.

Тақтайша блоктары бәктің түбіндегі болаттан жасалған екі қырлы сауытқа қойылады. Көрші аккумуляторлардың үстатқышта- рымен жалғасу үшін сыртқа шығарылған екі өткізгіштің 2 жоғарғы жағында бүрама оймасы жөне бар. Қақпақтағы қүю мойындығы, желөкізгішті ішкі арналары бар қауырсын тығынмен 3 жабылады. Электролит ретінде, аккумулятордың қызмет ету мерзімін үзартатын литий моногидраты қосылған күйдіргіш калийдің судағы ерітіндісі қолданылады. Аккумулятор батареяларының күш алу және олардың күшінің бөсеңдеу поцестері кезінде электролиттің тығыздығы (1,19- 1,21г/см3) өзгермейді.















Оқыту элементі

Атауы: Аккумулятор батареяларының, трансформаторлардың, электр аппараттарының құрылысы

Мамандығы: 1108000«Темір жол жылжымалы құрамын пайдалану,жөндеу және техникалық қызмет көрсету»


Беті

9









Әрбір аккумуляторға оқшауландырғыш резеңке қынап 13 кигізіледі. Аккумулятор қаңылтыр болаттан жасалған төрт жәшікке орналастырылады, олардан ағаш білеулермен тағы да қо- сымша оқшауландырылады. Тепловоздарда аккумулятор жәшіктері шанақтың (кузовтың) орта бөлігінде еденнің астында дизельдің екі жағынан орналастырылады. 46ТПЖН-550 аккумулятор батареясының нақты кернеуі 57,5В тең, бөсеңдеу (кідірмелі) тоғын 2700А дейін жеткізуге болады.

Темірникельді аккумулятор батареясына үзақ мерзімді қызмет ету, жоғары механикалық беріктілік, үлкен күш алу тоғын үстап түру қабілеті төн. Оларда қорғасынды аккумулятордағыдай сульфатация- лану салдарынан жедел әсер ету қосындыларын істен шығаратын химиялық процестер болмайды. Тепловоздың қорғасынды аккуму- лятор батареясынан қарағанда темірникельді аккумулятор батарея- сының салмағы шамамен 1,5 есе көп.

Дизель жіберілгеннен кейін аккумулятор батареясы қосалқы генераторлардан тоқ күшін алады. Тоқ күшінің мөлшері амперметр бойынша бақыланады.

Жоғары сыйымды жинағыштың басты қызметі түйістіргіш бетіндегі аса жоғары саңылаулы көміртегі электродының екі еселенген электр тоғы қабатында тікелей күш жинауға негізделген. Олар- дағы күштің шұғыл бәсеңдеуінің жинақталған энергиясы мен қуаты- ның тығыздығы басқа конденсаторлар мен аккумулятор батарея- ларының сөйкес көрсеткіштерімен салыстырғанда асып түседі. Бүн- дай конденсаторлар қысқа уақыт аралығында (0,1 - ден 10 с-қа дейін) шүғыл энергия бөлу талап етілетін жерлерде пайдалы. Дәл осы қасиеті қүрамдастырылған тоқпен от алдыру (электростартер) жүйесін құру кезінде, дизельдік поездар мен тепловоздардың ернеулі аккумулятор батареяларының пайдалану төртіптемесін жақсарту үшін қолданылған.

Дизель жіберілген мезетте жинағыш желіде күштің бәсеңдеуіне қажетті кернеуді және қуатты қамтамасыз ете отырып, от алдырғыш айналысының негізгі энергетикалық күшін өзіне алады. Жіберіл- геннен кейін шамамен 5с аралығында аккумулятор батареясынан немесе өндіргіштен қайтадан күш апады, осыдан кейін қайтадан жұмысқа қосылуга дайын болады. Күш алу мерзімінің сақталуы бірнеше жүздеген сагатқа дейін болған кезде, іске қосу жөне қайта күш алу циклінің жүмыс саны шектелмейді. Дегенмен жогары- сыйымды жинағыштар пайдалануга қолданған кезде барлық уақытта күтілген нәтижеге сай бола бермейді.
















Оқыту элементі

Атауы: Аккумулятор батареяларының, трансформаторлардың, электр аппараттарының құрылысы

Мамандығы: 1108000«Темір жол жылжымалы құрамын пайдалану,жөндеу және техникалық қызмет көрсету»


Беті

10










Трансформаторлардың қызметі,түрлері,құрылысы мен жұмысы
Трасформаторлар ток пен кернеудің мөлшерін өзгерту үшін, әр түрлі тізбектерді қоректендіру үшін қолданылады. Атқаратын қыз- -метіне қарай оларды өлшегіш, таратқыш жөне түрақтандырғыш деп бөлуге болады.

Түрақты токтың трансформаторлары (ТТТ) тартымдық электр- қозғалтқыштар тогын өзгерту үшін жөне тартымдық генератор тогы- на пропорциональ амплистаттың басқару орамдарына белгі беруге қызмет етеді.

Тұрақты ток трансформаторы кері байланыссыз магниттік күшейткіштен тұрады. Жүмыс орамдарының индуктивті кедергісі басқару орамдарының магниттелуі әсерінен өзгереді (тепловоздарда басқару орамдары күшті кабельдер болып табылады, тартымдық элетрқозгалтқыштар тогы өтетін). Тартымдық электрқозгалтқыш- тарда токтың көбеюі кезінде өзекшелердің қанықтыру дөрежесі жоғарылайды, жұмыс орамдарының индуктивті кедергісі төмендейді, ал ток трансформатордың жұмыс тізбектерінде көбейеді, яғни тұрақ- ты токтың трансформаторының жұмыс тізбектеріндегі ток тартымдық электрқозғалтқыштардың тогына пропорционал болады.

ТПТ-23 және ТПТ-24 трансформаторлары ТПТ-10 трансформаторынан айырмашылығы сонда, болат массалар мен сыртқары күшті дәл кабельдермен жасалған бөгеттердің әсерін төмендету үшін ,олардың жұмыс орамдары өзара қатар байланысқан төрт секциядан тұрады. ‘

Тұрақты кернеудің трансформаторлары (ТКТ) тартым генераторының кернеуін өлшеу үшін қызмет етеді.



















Оқыту элементі

Атауы: Аккумулятор батареяларының, трансформаторлардың, электр аппараттарының құрылысы

Мамандығы: 1108000«Темір жол жылжымалы құрамын пайдалану,жөндеу және техникалық қызмет көрсету»


Беті
11









Трансформатор деп, бір кернеудегі айнымалы токты жиілігі сондай, бірақ кернеуі басқа айнымалы токқа айналдыратын статикалық электромагниттік аппаратты айтады.

Трансформаторлар іс жүзінде электр энергиясын аса қашыққа жеткізуде және сол энергияны тұтынушылардың арасына бөлшектеп таратуда, сонмен қатар түзеткіш, күшейткіш т.б. құрылғыларда өте кең тәжірибелік қолдау тапқан.

Электр энергиясын электр станциясына оны тұтынушыларға беруге өткізгіш сымның маңызы зор. Энергия жеткізетін линиялардағы өткізгіштердің көлденең қимасы ток күшіне байланысты алынады. Өткізгіштердің құны да және олардағы энергияның шығыны да осыған байланысты болады.

Егер жеткізілетін қуатты сол қалпында қалдырып, кернеуді бірнеше есе ұлғайтса, сонша есе ток күші азаяды, сондықтан көлденең қимасы аз өткізгіз (провод) қолдануға мүмкіншілік туады. Бұл жағдай линиялар жүргізгенде түсті металл шығынын және сонымен бірге ондағы қуат шығынын азайтуға мүмкіншілік береді.

Электр энергиясын үлкен қашықтыққа тарату үшін жоғарғы кернеумен іске асырылады (500кВ дейін және оданда жоғары). Мұндай үлкен кернеуді генератордан алу мүмкін емес, сондықтан электр энергиясы генератордан соң жоғарлатқыш трансформаторға беріледі, онда кернеу керекті деңгейге дейін көтеріледі. 1000км. қашықтыққа қуаты 106кВт электроэнергиясын берген кезде керекті кернеу 500 кВт болу қажет.

Электр энергиясын бөлетін жердемен қоректенетін жердің араларында төмендеткіш трансформаторлар қойылады, олар кернеуді керекті белгіге дейін төмендетеді. Сонымен қатар электр энергиясын қоректенетін жерлерде кернеуді оданда төмендету үшін төмендеткіш трансформаторлар қойылады (220, 380 немесе 660В). Осы кернеуді электр станциясы қоректенетін орындарға береді ( тұрғын үйлерге, жұмыс орындарға т.б.).

Сондықтан айнымалы токтың электроэнергиясы электро станнциясынан тұтынушыға беру процессінде үш немесе төрт есе трансформацияланады. Осыған сәйкес трансформатордың негізгі қолдануы әр түрлі электрлі қондырғыларында пайдаланылады ( жылытқыш, сваркілеу т.б.), автоматика құрылысында, байланыста және т.б.

Трансформаторларда екі индуктивті байланысқан орамдары болады бірінші реттік ора және екінші реттік орам.

Жалпы жағдайда айнымалы токтың екінші реттік жүйесі бірінші реттік жүйеден басқада негізгі көрсеткіштермен ерекшеленеді: кернеумен токтың, фазаның сандарынан, толқынымен. Элетротехникалық қондырғыларда сонымен қатар энергетикалық жүйе берілістерінде және электрлі энергияны бөлуде, ең қолданылатын күшейткіш трансформаторлар.

Трансформаторлардың белгіленуіне қарай күшейткіш трансформаторлар жалпы белгіленуілі күшейткіш трансформаторлар және арнайы белгіленулі трансформаторлар болып бөлінеді. Жалпы белгіленудегі күшейткіш трансформаторлары ления берілісінде және электрлі энергияны бөлуде, сонымен қатар әр түрлі электрлі құрылғыларына керекті кернеуді алу үшін қолданылады.

Электр энегиясы трансформатциялана отырып, бірінші реттік желіде, екінші реттік желіге беріледі, бірақ екінші реттік желіге жалғанған энергия қабылдағыштың есептелінген кернеуіне сәйкес кернеумен беріледі. арнайы белгіленулі трансформаторлар әртүрлі жұмыстық қасиетті сипаттайды және құрылыстық қолдануда қолданылады. Бұл трансформаторларға автоматика құрылысының трансформаторы ( импульсты, толқынды көбейткіштер т.б.) сынайтын және өлшегіш трансформаторлары т.б.


















Оқыту элементі

Атауы: Салқындату жүйесі,көмекші жабдықтардың құрылысы

Мамандығы: 1108000«Темір жол жылжымалы құрамын пайдалану,жөндеу және техникалық қызмет көрсету»


Беті
17






Машинист контроллері қызметі, құрылысы

Тепловоздардың қозғалыс бағытын ауыстыру үшін двигатель тартымының қоздырғыш орамасындағы токтың бағытын езгертуге реверсорлар қолданылады. Қозғалыстьщ бағытын өзгерту тепловоз тоқтаған кезде жүзеге асырылады, яғни токтан айырылған тізбекте, сондықтан негізгі түйіспелер реверсорда доғаөшіргішсіз болады.

Тепловоздарда реверсорлардың жүдырықшалы және барабанды екі түрі қолданылады.

Тепловоздың электр берілісін дистанционды басқару үшін (қозғалыс бағытының өзгеруі жөне дизельді-генераторлы қүрылым- ның позиция бойынша қуатын реттеу) машинист контроллері қолданылады. 2ТЭ116, 2ТЭ10М тепловоздарында контроллер штур- валмен бірге жөне көпір типті түйіспелермен бірге орнатылған. ТЭМ2 тепловоздарында машинистердің көмекшісіз қызмет көрсетуіне ар- налған контроллерлер электрпневматикалық жетегімен және түтқа- сымен орнатылады.

Бүл контроллердің қүрылысы мен жүмысын КВ-1552 контро- ллерінің мысалында қарастырамыз (4.12 сурет).

Контроллердің үстіңгі қақпағы мен корпусының түбі 3 екі бүрышпен өз арасында қатты байланысқан. Корпуста 3 негізгі білік 6 орнатылған, бір жағы түбіне жалғавған, екіншісі қақпақ арқылы өте- ді. Біліктің жоғарғы жағында 6 негізгі түтқа (штурвал) сапталған. Біліқтің төменгі бөлігінің квадрат қиылысында пластмасса тығы- рықтың шеңбер бойынша ойық наборынан тұратын негізгі барабан орналасқан. Біліктің жоғарғы бөлігіне төлкеден және мықты саптал- ған екі тығырықтан түратын кері айналым барабаны 4 кигізілген.

Кері айналым барабаны 4 негізгі білікте 6 еркін айналады, кері айналым білігінен тартыммен жөне иінтірекпен беріледі. Кері айналым білігінің жоғарғы жағы қақпақтың астынан жүргізілген .Оган ойығына кері айналым түтқасы 1 қойылған кері айналым білігінің бастиегі кигізілген. Кері айналым білігінің төменгі жағы контроллер корпусына 3 жылжымайтын болып бекітілген кронштейн саңылауын айналады. Негізгі түтқада 2 тоғыз түрлі жағдай бар: 8 жүмыс жүрісі мен зая жүріс. Ол негізгі барабанның тығырығын ғагіа айналдырады және дизель білігінің айналу жиілігін өзгерту үшін қызмет етеді. Негізгі түтқаның 2 бүрылыс бүрышында нөлдік жағдайдан біріншіге дейін 17°, ал әрбір келесісі - 10°.

Кері айналым түтқасында 1 үш жағдай бар: “Алға”, “Артқа” және “Бейтарап”. Ол тепловоз жүрісінің бағытын өзгертуге арналған. Кері айналым түтқаның бүрылыс бүрышы 1 “Бейтараптан” “Алға” немесе “Артқа” жағдайда 30° -қа тең. Барабанның оң және сол жағынан оқшаулағыш тіректер қойылған. Сол жақ тірекке болат тақтайшалар мен күміс тілімшелерден тұратын жылжымайтын түйіспелер 7 бекітілген. Оң жақ тіректің жылжымалы түйіспелері 16 бүрыштамадан және оған топсалы бекітілген иінтіректен 10 түрады, соңында күміс тілімшелермен түйіспелер бекітілген.














Оқыту элементі

Атауы: Салқындату жүйесі,көмекші жабдықтардың құрылысы

Мамандығы: 1108000«Темір жол жылжымалы құрамын пайдалану,жөндеу және техникалық қызмет көрсету»


Беті
18




Реверсордың қызметі, түрлері және құрылысы, жұмысы

Реверсордың негізгі қызметі тарту электр қозғалтқыштары орамға берілетін тоқтын бағытын өзгерту арқылы тепловоздың қозғалыс бағытын жұдырықтас және барабандық түрлері контакторлы жүйе қолданылады магистральді локомотивте пневматикалық жұдырықтас түрі ППК 8601 қолданылады. Реверсор қоздырғыш орамның байланысына қосылады. Реверсордың қозғалысы машинисттің камандасы арқылы орындалады. Реверсордың тұтқасы үш бағыттан тұрады:

  1. Алдыңгы

  2. Артқы

  3. Ортаңғы

ЭМК олар қозғалмалы ақырымен электр мгниттік түрге жалғанған катушкадан тоқ өткен кезде якорьдың электромагниттік алаңға қосылады. Сол себепті ол жүректеске тартылады. Сонын арқасында қозғалмалы контакты қозғалмайтын бөлікке қосылады.

Электр магниттік контактордың түрлері генераторында қоздырғыш тізбегіде қолданылады.

Тарту қозғалтқыштарын қосуға қолданылады. Сонымен қатар өтпелі және кезектесу және, орталықтандыру рестаттық тежеу кезінде күштің пайда болуына әсер етеді.

Резистордың бойынан тоқ өткен кезде жылу бөлінеді. Оның температурасы көтеріледі сондықтан резисторлардың материалдардың қызудың жоғары температурасы ұзақ уақыт көтере алатын материалдан жасайды резистордан ішіндегі бағыттаушысы төменгі темпер коэф тең болу керке, сонда берілген кедергі жұмыс істеу процесінде өзгенмей қалады. Материалдың ішінде көбінесе құймалар көп қолданылады.






  • 1 - электропневматический вентиль;

  • 2 - контактодержатель подвижных контактов;

  • 3 - стойка;

  • 4 - выключающая пружина;

  • 5 - неподвижные контакты;

  • 6 - подвижные контакты;

  • 7 - пружина;

  • 8 - шток;

  • 9 - диафрагма



  • 1 - привод;

  • 2 - вентиль электропневматический;

  • 3 - барабан;

  • 4 - пружина подвижного контакта










Оқыту элементі

Атауы: Салқындату жүйесі,көмекші жабдықтардың құрылысы

Мамандығы: 1108000«Темір жол жылжымалы құрамын пайдалану,жөндеу және техникалық қызмет көрсету»


Беті
19




Электрпневматикалық контакторлар (4.10сурет) электрдвига- тельдің тарту күшін генератордың тарту күшіне жалғауға арналған. Электрпневматикалық контактордың ПК-753 тақтасына 1 үстамтірек (крон-штейн) 2 құймамен бекітіледі. Оған доға өшіргіш орауыш 3 жөне қозғалмай-тын тұйіспе 4 орнатылған. Тақтаның төменгі бөлігіне Іэлектрпневматикалық жетектің цилиндрі 16 бекітілген. Цилиндрде 16 поршень 15 штокпен 13 бірге орнатылған. Поршень сол жақ шеткі жағдайға ажыратылған серіппе 14 арқылы қысылады. Жетектің штогы 13 топсамен иінтірекке 9 байланысқан, оқшаулағыш қалып 10 жылжымалы көмекші түйіспемен 5 бекітіледі.

Жылжымалы түйіспе 5 ысқылайтын серіппемен бірге 8 иінті- рекпен 9 топсалы байланысқан. Жылжымалы 5 және жылжымайтын 4 -күштік түйіспелер доғаөшіргіш камераның 7 үйегімен бірге 6 жа- былған.

Орнықтырғыш доғаөшіргіш камерада 7 серіппелі тақтайша доғаөшіргіш жөкемен аяқталады. Орауышқа кернеудің берілу кезінде электрпневматикалық вентиль 17 іске қосылады, сығымдалған ауа резервуардан цилиндрге 16 түседі. Сығымдалған ауаның әсерінен поршень 15, серіппенің 14 қатты қысуына қарамастан, оң жақтан штокпен 13 қосылады. Штоктың соңында 13 үзын иінтірек 9 оған бекітілген жылжымалы түйіспелермен бірге 5 айналады. Қалай күшті түйіспелер 4 және 5 түйіседі, жылжымалы түйіспенің үстатқышы ысқылайтын серіппені 8 өз білікшесін айналдыра түйіспелердің бетін ысқылайды. Иінтіректің 9 айналуы кезінде жылжымалы түйіспемен(тілімшемен) бекітілген қалып 10 жылжиды да, көмекші түйіспелер 11 түйықталады. Орауыштың вентилінің тізбегі 17 үзілген кезде енгізу желбезегі (клапаны) жабылады, шығару желбезегі және цилиндр 16 атмос- ферамен бірігеді. Шығару серіппелерінің 14 әсерінен поршень 15 штокпен бірге 13 басталқы қалпына келеді, ал негізгі 4 және көмекші 5 түйіспелер түйықталады.










  • а - положение реверсора "Вперёд"

  • б - положение реверсора "Назад"










Оқыту элементі

Атауы: Салқындату жүйесі,көмекші жабдықтардың құрылысы

Мамандығы: 1108000«Темір жол жылжымалы құрамын пайдалану,жөндеу және техникалық қызмет көрсету»


Беті
20






Контакторлардың қызметі, түрлері және құрылысы, жұмысы

Контакторлар (түйіспелер):

  1. Электромагнитті түйіспелер;

  2. Электропневматикалық түйіспелер болып бөлінеді,

Электромагнитті түйіспелер тепловоздарда дизелге от алдыру, тартым генераторын қоздыру, қоздыру қоздырғышының, көмекші генератор тізбектерінде, майайдау сорғысы қозғалтқышының тізбектерінде, компрессор қозғалтқышының тізбегінде қолданылады.

КПВ-604 электромагнитті түйіспе стартер-генераторды немесе от алдыру кезінде аккумулятор батареясын тартым генераторына қосу үшін қажет. 1 панелге 23 магнитөткізгіштің скобасы бекітіледі. Магнитөткізгіш скобвсының жоғарғы жағына оқшауландырғыш пластмасс қалып 8 орналастырылады да, оған тұншықтырғыш катушка 10, доғасөндіргіш камера 13 полюстерімен 12 және жылжымайтын түйіспе 15 бекітіледі. Доғасөндіргіш камера жалпақ пружиналармен ұсталады.

Скобаның екінші шетіне тартылған катушка мен 24 өзекше 22 бекітілген. Зәкір 20 негігі скобаның ойығына орналастырылып, пружинамен призмаға 4 сығылады. Зәкірде пружинамен 18 үйкелетін жылжымалы түйіспені 16 алып жүретін скоба 7 бекітіледі. Скобада 23 көмекші түйіспелер 2 орналасып, оларды қосу үшін түйіспе зәкіріне арнайы тартқыш пластина 3 бекітіледі.

Катушкаға 24 кернеу беруде оның өзекшесін зәкір 20тартылып, зәкірге бекітілген жылжымалы түйіспе жылжымайтынмен түйіседі. Бірмезетте тартқыш пластина 3 көмекші түйіспелердің ауыстырылуын қамтамасыз етеді.

ТКПМ-111 электрмагнитті контакторлар қоздыру қоздырғышын, жанармай отын айдау сорғысы қозғалтқышын қосу үшін қызмет атқарады.

ТКПМ-121 электрмагнитті контакторлар-тартым генераторының қоздырғышын, майайдау сорғысы қозғалтқышын, старер-генератор қоздырғышын қосу үшін қажет.








Электропневматический контактор ПК-753Б


Электромагнитный контактор ТКМП-111







Оқыту элементі

Атауы: Салқындату жүйесі,көмекші жабдықтардың құрылысы

Мамандығы: 1108000«Темір жол жылжымалы құрамын пайдалану,жөндеу және техникалық қызмет көрсету»


Беті
21




Контакторлардың негізгі ақаулары

Электр аппараттардың, соның ішінде контакторлардың негізгі ақаулары: күйіп кету, түйіспелердің балқып кетуі, катушкалардың бұзылуы, электропневматикалық вентилдерден ауаның шығуы. Түйіспелердің күйіп кетуі мен балқуы кетуі дұрыс түйіспеу, артық тозығу мен жеткіліксіз басылуы, жылжымалы жүйедегі ақаудың, доғасөндіргіш камерадағы ақаулар мен түйіспе беттіктерінде шаң-тозаңның жиналып қалуынан пайда болады.

Катушкаларда желі, каркас және шығу оқшаулағыштар дың бұзылуы мүмкін. Электропневматикалық вентиль клапандарының ауа жіберуі клапан мен оның түсуі әсерінен нығыздалуын әлсіретіп, детальдар тозығуынан болады. Пневматикалық цилиндрдің ауа жіберуі піспектің тері мантежаларының кеуіп қалуы мен шайба жапырақшаларының сынып кетуі әсерәнен болады.

Электр аппараттарының бірқалыпты жұмыс істеуін қамтамасыз ету үшін олардың түйіспелік байланыстардың беріктігін, шаң-тозаңның, ылғал мен майдың бөлшектерде болмауын, жұмысшы түйіспелерді таза күйде ұстау қажет.

Электропневматикалық вентилдерің негізгі ақаулары катушкалардың бүлінуі, клапандардың дұрыс орнығу тығыздығының бұзылуы, қақпақтардың сынуы.

Пневматикалық жетектердің негізгі ақаулары қақпақтардың арасынан ауаның шығуы, цилиндр фланецтері мен піспек манжеталар арасынан ауаның шығуы. Контакторларды тексеру кезінде негізгі және көмекші түйіспелердің күйіп кетуі мен балқуы , жұмсақ шунттардың балқуы , күйемен ластану , доғасөндіргіш камераның қырларының мыс ұшқындары мен күйемен ластану , соғасөндіргіш катушка оқшауландырғышының бүлінуі мен жылжымайтын түйіспелермен байланыстарының әлсіреуін анықтайды .Түйіспе күйіп және балқып кетуі дұрыс орнықпауына байланысты түйіспелердің тозығуы мен қиылуы, түйіспелік пружиналардың сынуы, жылжымалы түйіспенің ұстағышының тұтығуы, түйіспелердің ластануы, олардан өтетін токтың артық болуы. Жұмсақ шунттардың күюі доғасөндіргіш катушкалардың ақаулығына байланысты болады. Оқшаулағыш пен катушка кедергісі мегаомметрмен және тұрақты ток көпірі мен омметрмен өлшенеді. Контакторлардың ақаулары сыртқы тексеру мен жылжымалы бөліктерді қолмен ауыстыру арқылы анықтайды.





Электромагнитный контактор КПВ-604

Электромагнитный контактор ТКМП-121










Оқыту элементі

Атауы: Салқындату жүйесі,көмекші жабдықтардың құрылысы

Мамандығы: 1108000«Темір жол жылжымалы құрамын пайдалану,жөндеу және техникалық қызмет көрсету»


Беті
22





Контакторларды бөлшектеу

ТР-2, ТР-3 жөндеулерінде барлық контакторлар тепловоздан алынады. Электроаппарат бөлімшесінде контакторларды шаң-тозаңнан , кірден тазартады.

Электропневматикалық контактор ПК-753 бөлшектеуді жұмсақ шунтты алудан бастайды. Винт пен болттарын бостып көмекші түйіспелері 9 қалыпымен ,оқшаулағыш планка мен түйіспелік пластиналары алынады. Шплинттер алынып 8 рычагтың осі жылжымалы түйіспе 5 суырылып , рычаг алынады. Екі гайканы ағытып электропневматикалық вентиль 12 алынады.

Жұмсақ шунттар қосылатын бұрыштамалар алынады.

Төменгі қақпақ бекітілген жетек цилиндрінің 11 болттары босатылады да, цилиндр пружинасы және піспегімен қоса алынады. Ең соңынан панельден 1 төменгі қақпақты, кронштейінді 2 , доғасөндіргіш камераны 3 алады. Негізгі жылжымалы түйіспені 5 алып, шплинтті жойып, рычагтан 3 жылжымалы түйіспенің ұстағышы мен түйіспелік пружинаны 7 алады. Кронштейіннен 2 жылжымайтын негізгі түйіспені 4 және доғасөндіргіш катушканы 3 өзекшесімен алады.

Цилиндрге ПР1077 құралын орналастырып, пружинаны 5 рычагпен қысып 2 гайканы босатып, штоктан 6 шайбаны, пружиналық төсенішті, резина манжетаны, поршенді, төсенішті алады да, цилиндрден пружина 5 пен шток 6 суырады.

Контакторларды жөндеу

ТО-3 және ағымдағы жөндеулер кезінде аппараттар камерасын (2,5-3)*10 Па құрғақ сығымдалған ауа қысымымен үрлейді. Барлық қол жететін бөліктері түксіз материалмен сүртеді. Электроаппараттар тексеру мен жөндеу жұмыстары тоқтап тұрған дизелде және аккумулятор батареясының рубильнигінің ажвртулы күйінде жүргізіледі. Түйіспелердің жылжымалы және жылжымайтын түйіспелері, жұмсақ байланыстырғыштары, доғасөндіргіш камера мен оқшауландырғыштарды тексеріп, қарайды. Оқшауландырғыш корпус пен күштік тізбектер арасындағы кедергі 0,5 МОм ,көмекші тізбекте-0,25 МОм,көмекші және күштік тізбектер арасындағы-0,5 МОм болуы тиіс. Қысқаштар мен болттық бекітпелер тарту алдында гайка мен болттың сәйкестігі тексеріледі.

ТР-2 ағымдағы жөндеулер кезінде блоктау мен күштік түйіспелерді күйіктен тазартып, 75% орнығуларын тексереді.Доғасөндіргіш камераларды алып,күйеден тазартады.

ТР-3 ағымдағы жөндеуі кезінде ТР-2 жөндеуіндегі барлық жұмыстар орындалып, контакторлар алынып, жай-күйі тексеріледі. Электропневматмкалық және электромагниттік жетектерді алып, бөлшектейді. Алынған металл бөліктері тазартылады. Бүлінген оқшауландырғышты қалпына келтіреді.

Деталь түстерінің өзгеруі арқылы күйіп кетуін, бекітпелердің әлсіреуі, припои тамшыларының пайда болуы түйіспенің дұрыс жұмыс істемеуін көрсетеді. Түйіспелердің жартылай қалыңдықта тозығуында ауыстырылады.

Контакторлардың түйіспе беттіктерінің тозығуы М1 маркалы мыс пластинамен Л62 припоиды 0,2 мм қалыңдықта қалыпқа келтірумен жүзеге асырылады. Күміс және металл керамикалық түйіспелердің күйелері бензинге немесе спиртке малынған түксіз шүберекпен сүртіледі. Цилиндрден, клапандардан ауа шығуын ГОИ пастасын жағып, ысқылау арқылы жөндейді.

Манжеталар қалыңдығы 1 мм былғарыдан екі- үш қабатты етіп желімдейді. Манжеталарды температурасы 60*С термостатқа 3-4 сағат майынан тазартылады. Майдан тазартылған манжеталар пресс- формада пішінге келтіріліп, кесіліп, 55- 60*С температуралық пеште кептіріледі. Қалыпқа келтіруге келмейтін манжеталар ауыстырылады.

Клапандардың орнығуы шаблон немесе микрометр арқылы тексеріледі.