Файл: Таырыбы Мен лмеймін, менікі де лмейді Масаты.docx

ВУЗ: Не указан

Категория: Не указан

Дисциплина: Не указана

Добавлен: 29.03.2024

Просмотров: 10

Скачиваний: 0

ВНИМАНИЕ! Если данный файл нарушает Ваши авторские права, то обязательно сообщите нам.


Асхат:

«Мағжаналаңы» өлеңі

Жарасады-ау бұл алаң ұлы адамға,

Ендi Мағжан бейнесi тұрады онда:

Жүрегiнде толқындап ақық өлең,

Дана Мағжан жүргендей бұл алаңда.

Қазақ асыл – Мағжандай данасымен,

Мағжан асыл-аяулы Алашымен.

Ғасырларда мәңгiлiк аты қалар

Армандағы Алаштың баласымен.

Мұғалім. Әрине, Мағжанды бір ғана сағатта оқып-білуге болмайды. Оны жылдар бойы оқып үйренуіміз қажет. Біз бүгін, Мағжанның қысқа да болса өнегелі өміріне шолу жасадық Мағжан өмірі бәрімізге өнеге. Оның өлеңдері батылдыққа, үлкен адамгершілікке, ұлтжандылыққа шақырады. Сендердің араларыңда да Мағжандар отырған шығар,сендер де Мағжандай елдің мақтанышы болыңдар!

Диас: Келесі кезекті Мағжан өлеңдерін мәнерлеп оқу сайысына береміз. Алдымен сайыстың әділқазылар алқасын сайлап алайық,Бексұлтан.Сенің қандай ұсынысың бар?

Бека: Меніңше, өлең сайысын әділ төрелігін айтуға құрметті Күләш апайды, Рымжан апайды, Гүлсара апайды сайлау әбден орынды деп ойлаймын.

Диас: Мен де келісемін. Құрметті апайларды төрге шақырамыз.Ал енді сайысты бастаймыз.

Бека: Ортаға 6-сынып оқушыларын шақырамыз.

Диас: Ортаға 5-сынып оқушылары шақырамыз.

Бека: Ортаға 4-сынып оқушылары шақырылады.

Диас: Ортаға 3-сынып оқушылары шақырылады.

Бека: Ортаға 2-сынып оқушылары шақырылады.

Диас: Ал, құрметті, оқушылар,

Сайысты енді көрдіңдер.

Әділқазы алқасы,

Әділ баға беріңдер,- дей отыра сіздерден қорытынды баға күтеміз.

Бека:Әділқазы қорытынды шығарғанша, М.Жұмабаевтың сөзіне жазылған «Бәрінен де сен сұлу» әнін Гүлнұрдың орындауында қабыл алыңыздар.

Мұғалім: Ұлы Абайдың «Өлді деуге бола ма, айтыңдаршы, өлмейтұғын артына сөз қалдырған» деген қанатты сөзіндегідей, Мағжан өлген жоқ, оның жырлары бар да, Ол халқымен мәңгі тірі! Ендеше, бүгінгі «Мен өлмеймін, менікі де өлмейді» атты поэзия кешіміз аяқталды. Көңіл қойып тыңдағандарыңызға рахмет.