Файл: Физикалы эксперименттік есептер жне оларды шыаруа йрету дістемесі.docx

ВУЗ: Не указан

Категория: Не указан

Дисциплина: Не указана

Добавлен: 29.03.2024

Просмотров: 6

Скачиваний: 0

ВНИМАНИЕ! Если данный файл нарушает Ваши авторские права, то обязательно сообщите нам.


Емтихан билетіндегі 1-сұрақтар

  1. Физикалық эксперименттік есептер және оларды шығаруға үйрету әдістемесі.

Физика – эксперименттік ғылым, ал тәжірибе – физикалық зерттеулердің негізгі түрі. Физикалық экспериментті негізге ала отырып құбылыстарды оқып үйрену - оқушылардың ғылыми көзқарасының қалыптасуына, физикалық заңдарды неғұрлым тереңірек меңгеруге, мектеп оқушыларының пәнді оқып үйренудегі қызығушылығын арттыруға себебін тигізеді. Оқушылардың логикалық ойлау қабілетін қалыптастыруда, теориялық алған білімдерін практикаға қолдануда эксперименттік есептер шығарудың маңызы зор. Білімді игерудің нәтижелілігі таным процесіне адамның әр түрлі сезім мүшелерінің іске қосылуы және нақты заттар мен құбылыстарға бетпе-бет келгенде оны сезіну, көре білу және қабылдауы арқылы артады. Оқушылар өздері жасайтын тәжірибенің алға қойған мақсатын білу керек. Физиканы оқытудың алғашқы сатысында-ақ оқушыларды өз бетімен эксперимент жасауға үйрету керек. Физикалық эксперимент жасау кезінде физикалық заңдылықтардың дұрыс екендігіне көздері жетеді. Сонымен бірге оқу материалдарын неғұрлым тереңірек меңгеріп, физикалық құралдармен жұмыс істеу дағдыларын өмірде қолдана білуге дағдыланады.Эксперименттік есептерді шығару үшін, арнаулы құрал-жабдықтардың көмегімен тәжірибе жасап, нәтижесінде алынған шамалар арқылы есеп шығарылады. Эксперименттік есептерді шығару үрдісінде оқушылардың қызығушылығы артып, бақылағыштығы дамып, құрал-жабдықтармен жұмыс істеу дағдылары мен икемділіктері жетіледі. Оқушылар физикалық құбылыстар мен заңдылықтарды тереңірек танып біледі

  1. Физика бойынша сыныптан тыс жұмыстар. Сыныптан тыс жұмыстардың түрлері.

Физикадан сыныптан тыс жұмыстарға физика апталығын, кештерді және т.с.с. мәселелер жатады Физикалық үйірмелер – оқушылардың сыныптан тыс өзіндік жұмысын ұйымдастырудың негізгі формасы. Оқушылар үйірмеге өз тілегі бойынша жазылады. Үйірме жұмысының мазмұны оқушының ғылымға қабілетін ашуды, болашақ мамандығын сенімді таңдауына көмектесуді қамтамасыз етуі тиіс. Көптеген мектептерде тұрақты, табысты жұмыс істейтін үйірме аттары «Радиоэлектроника», «Робототехника», «Техникалық моделдер және моделдеу» тәріздес болады. Физика пәні бойынша сыныптан тыс жұмыстардың тағы басқа сан-алуан интенсивті, қызғылықты түрлері бар: физикалық олимпиада, физикалық кеш. викторина, шығармашылық кеш, т.с.с. Сыныптан тыс жұмыстың негізгі түрлерінің бірі – пәндік үйірмелер: радиоэлектроникалық, электротехникалық, физикалық, физика-техникалық үйірмелер.Үйірме олимпиада мен кештерге қарағанда құрамында тұрақты оқушылармен үнемі жұмыс жасайды және мұғалімге оқу-тәрбиелік міндеттердің кең шеңберін бүкіл оқу жылы бойында нақтылы жүйеде шешуге мүмкіндік береді. Физика пәні бойынша сабақтан тыс оқу-тәрбиелік тапсырмаларды талдау барысында мектеп оқушыларының сабақтағы және сабақтан тыс жұмыстарының негізгі мақсатын прнцип ретінде басшылыққа алу қажет. Экскурсия – оқушыларды нақтылы заттармен және құбылстармен табиғи күйінде таныстыруды қамтамасыз ететін оқу формасы. Олар белгілі оқу материалын өтуге байланысты, немесе сыныптан тыс жұмыс жоспары бойынша өткізіледі. Физикалық экскурсиялар оқу жұмысын жандандырады, оқушылардың ғылымға деген құштарлығын арттырады, олардың білім құмарлығы мен талаптылығын күшейтеді.

Емтихан билетіндегі 2-сұрақтар

9.Физиканы оқытуда электрондық оқулықты пайдаланудың әдістемелік ерекшелігі.

Физиканы оқытуда электрондық оқулықтың маңызы зор. Өйткені электронды оқулықты оқушы өз бетімен іске қосып, кез-келген оқу материалдарын тауып, меңгеруіне мүмкіндік бар. Электрондық оқулықтың ерекшелігі- модулдікке сәйкестігі, жоғары мобильділігі мен оқуға, үйренуге икемділігі. Бұл оқулық ғылымипедагогикалық құрал. Электрондық оқулық оқытушыға үлкен ақпараттық білім алқабына жол көрсетеді. Қазіргі өткізіліп жүрген сабақ жүйесінің негізгі алға қояр мақсаты: оқушылардың қабілетін дамыту, білімдерін шығармашылықпен толықтырып, практикада қолдана білуге үйрету, икемділігін қалыптастыру, ойын реттеуге, білімді ептілікпен игеруге қабілеті жеткендігіне оқушылардың сенімін арттырып, оқуға ынталандырады . Оқушы тұлғасының дамуына ықпал жасайтын электрондық оқулықпен сабақтар жүргізудің негізгі міндеттері оқушылардың базалық білім, ептілік, дағдыларын игеру жүйесін жетілдіру, оқыту үрдісінде теориялық және өнімділік ой құрастыру әрекеттері арқылы танымдық қабілеттерін белсендіру, танымдық қызығулары арқылы оқуға деген мотивациясын дамыту, оқу материалын игеруде және оқу іс-әрекеттерінде жете ұғынуға талпындыру, өзіндік жұмыстарының ізденісті-зерттеу түрлерін ұйымдастыру, оқу үрдісінде компьютерлік технологияларды қолдану, әр түрлі шапшаңдықпен және әр түрлі көлемді оқу материалын игерудің мүмкіншілігін ашу Электрондық оқулық пән оқытушылары үшін бұл күнделікті дамытылып отыратын ашық түрдегі әдістемелік жүйе, оны сабақта қолдану оқытушының шығармашылықпен жұмыс жасауына, белсенділігін арттыруына мол мүмкіндік береді.

10.Мұғалімнің ақпараттық –коммуникациялық құзырлығын қалыптастыру деңгейлері. Физиканы оқытуда АКТ-ны пайдаланып мұғалім қандай сабақ түрлерін өткізе алады?

Қазіргі заманғы мұғалімге мынадай ақпараттық құзыретілікті жатқызуға болады.

Заманауи ақпараттық алқаптарында ақпаратты ұтымды іздеу және пайдалану әдістерін білуі керек;

Компьютерлік ақпарат түрлерімен жұмыс жүргізу дағдысын игеру;

Ақпаратты Интернетке жеткізе білуі;

Компьютер және Интернет –технологияларының көмегімен ашық және сыныптан тыс сабақтарды ұйымдастыру дағдысын меңгеру;

Интернет технологиялары арқылы оқушыларға өзіндік жұмысты ұйымдастыруды білуі.

Маманның ақпараттық оқыту ортасында ақпараттық-коммуникативтік құзыреттілігін қалыптастырудың 3 деңгейі анықталған:

базалық – компьютерлік сауаттылығын ашу үшін базалық білім, білік пен дағды жинақталады; ақпараттық технологияны төменгі деңгейде пайдаланады (электрондық түрдегі ақпаратты құру, өңдеу, көшіру, сақтау, тасымалдаудың қарапайым тәсілдерін, ақпаратты презентациялық технология құралдары арқылы береді, Интернеттен ақпарат іздеу, желілік қарым-қатынас жасау, кездескен мәселелерді шешудің тиімді тәсілдерін таңдайды).

технологиялық – кәсіби қызметінде ақпараттық технологияны құрал ретінде пайдаланады (Интернет-қорларды, пән облысына қатысты интерактивтілік пен ақпарат беру деңгейін сараптайды; программалық жабдықтар мен ауқымды компьютерлік желі қорларын технологиялық, экономикалық, эргономикалық және техникалық талаптарды есепке ала отырып талдайды; Интернет желісінде программалық-технологиялық және ақпараттық жабдықтардың берілу түрін, құралдарын, сапасын бағалайды);

практикалық (кәсіби) – ақпаратпен жұмыс жасау үшін жаңа құралдар жасауды меңгереді.

Физиканы оқытуда АКТ-ны пайдаланып мұғалім мүмкін болған барлық сабақ түрін өте алады. Олар жаңа сабақ, есеп сабағы, тарауға қорытынды есеп сабағы. Ақпараттық қоғамда толыққанды өмір сүріп, жемісті кәсіби қызмет атқару үшін ең маңызды шарт - азаматтардың компьютерлік сауаттылығы екенін дәлелдеп отыр. АКТ – ды білім беру саласында үйлесімді пайдалану оқушылардың шығармашылықпен жұмыс істеуіне негізделініп, өзіне қажетті мазмұн мен мәліметті ақпарат көзінен таңдап, талғап білуіне үйретеді. Ақпараттық технологияның негізгі мақсаты – оқушыны қазіргі қоғам сұранысына сай өзінің өмірлік іс – әрекетінде дербес компьютердің құралдарын қажетті деңгейде пайдалана алатындай жан – жақты дара тұлға тәрбиелеу.

8-сынып § 19 Электр зарядының сақталу заңы. Қозғалмайтын зарядтардың өзара әрекеттесуі. Кулон заңы.

Оқу бағдарламасына сәйкес оқу мақсаты

8.4.1.4 электр зарядының сақталу заңын түсіндіру;

8.4.1.5 - Кулон заңын есептер шығаруда қолдану;

Жаңа сабақ

Сабақ тақырыбын және оқу мақсатын таныстыру

Француз ғалымы Ш.Кулон 1785 жылы тәжірибе жүзінде вакуумдегі нүктелік зарядтардың өзара әрекеттесу заңын ашқаннан кейін, ХVІІІ ғасырдың соңына қарай , электр құбылыстарын сандық жағынан зерттеу басталды. «Нүктелік заряд» ұғымы «материялық ұғымы» тәрізді ыңғайлы абстракциялау болып табылады. Арнайы бейнероликті оқушыларға ұсынып, тақырыпты түсіндіру.

Өлшемдері өзара әрекеттесетін денелердің арақашықтығынан бірнеше есе кіші болатын денеде орналасқан зарядты нүктелік заряд деп атайды.

F

q∙q

F (q∙q ) / r 2

F 1 / r
2

Қозғалмайтын екі нүктелік заряд вакуумде зарядтардың көбейтіндісіне тура пропорционал және оның арақашықтығының квадратына кері пропорционал күшпен әрекеттеседі.

F = k∙(q∙q ) / r 2

к = 9∙109 Н∙м2/ Кл2- пропорционалдық коэффициент

ε0=8.85∙10-12Кл2/Н∙м2 - электр тұрақтысы

F = 1 / 4πε0∙(q∙q) / r 2 н/е F = 1 / 4πε0∙(q∙q) / ε∙r 2

ε- диэлектрлік өтімділік.

1 кулон – вакуумде 1м арақашықтықта орналасқан шамасы жағынан өзіне тең нүктелік зарядқа 9∙109 Н күшпен әрекет ететін нүктелік заряд.

8-сынып § 23 Ток күші. Өткізгіштің электр және меншікті кедергісі. Электр кернеуі.

Оқу бағдарламасына сәйкес оқу мақсаты

8.4.2.2– электр схемасынграфикалық бейнелеуде электр тізбегі элементтерінің шартты белгілерін қолдану;

8.4.2.3 - кернеудің физикалық мағынасын, оның өлшем бірлігін түсіндіру

Жаңа сабақ

 Амперметр - Электр тогын өлшеу және салыстыру үшін ток күші деген арнайы шама енгізіледі. Көлденең қимасының ауданы S өткізгіште электр өрісінің әсерінен кейін заряд тасымалдаушылар қандай да бір жылдамдықпен қозғалады деп алайық. Барлық заряд тасымалдаушылардың қозғалысы реттелген болғандықтан, өткізгіш бойымен электр тогы жүреді. Бұл кезде әр секунд сайын өткізгіштің кез келген қимасы арқылы электр мөлшері деп аталатын қандай да бір заряд өтеді. Өткізгіштің көлденең қимасы арқылы қандай да бір уақыт аралығында тасымалданатын электр мөлшерінің сол уақыт аралығына қатынасын ток күші деп атайды: I=q/t. Халықаралық бірліктер жүйесінде (SI) ток күші ампермен (А) өрнектеледі: 1А=1КЛ/1с 1ампер = (1Кулон/(1 секунд)). Ампер - негізгі бірліктердің бірі. Электр кедергісі – өткізгіштің (немесе электр тізбегінің) электр тогының өтуіне қарсы әсерін сипаттайтын физикалық шама. Э. к. өткізгіштің материалына, оның пішініне, сыртқы жағдайларға т. б. тәуелді болады.  Электрлік кернеу - екі нүктенің потенциалдар айырмасы, яғни электр зарядының бір нүктеден басқа нүктеге ауысуы жұмысының сол заряд шамасына қатынасымен анықталады




8-сынып §38 Жарықтың сынуы. Жарықтың сыну заңы. Толық ішкі шағылу

Оқу бағдарламасына сәйкес оқу мақсаты

8.5.1.7 – жарықтың сыну заңын пайдаланып есептер шығару;

Жаңа сабақ

Оқушыларды сабақ мақсаттарымен және бағалау критерийлерімен таныстыру.

Екі ортаны бөлетін шегара арқылы өткенде, жарықтың таралу бағытының өзгеруін жарықтың сыну заңы деп аталады.

Сынған сәуле мен екі ортаны бөлетін шекараға сәуле түскен нүктеде тұрғызылған перпендикуляр арасындағы бұрышты сыну бұрышы деп (ɣ) атайды.

Сабақты түсіндіру, сабаққа байланысты мысалдар келтіру.





II.Жарық ауадан шыныға немесе суға өткенде, сынған сәуле перпендикулярға жақындайды.

Бұл жарықтың сыну бұрышы түсу бұрышынан аз екенін білдіреді және керісінше, жарық шыныдан ауаға өткенде, сыну бұрышы түсу бұрышынан үлкен болады.

1.Түскен сәуле сынған сәуле және екі ортаны бөлетін бетке түскен сәуле нүктеде тұрғызылған перпендикуляр бір жазықтықта жатады.

2. Түсу бұрышы синусының сыну бұрышының синусына қатынасы берілген екі орта үшін тұрақты шама болып табылады.

n-сыну көрсеткіші

Сыну көрсеткішінің түсу бұрышына тәуелді емес және тек шекаралық ортаның оптикалық қасиеттерімен анықталады.

Шынының сыну көрсеткіші ауамен салыстырғандағы мәні

Әр түрлі ортада жарықтың таралу жылдамдығының түрліше болатындықтан жарық бір ортадан екінші ортаға өткенде сәулелер сынады. Берілген екі дене үшін сыну көрсеткіші формуласымен анықталады.

с-жарықтың ауадағы жылдамдығы

v-жарықтың ортадағы жылдамдығы



Толық шағылу. Түсу бұрышы артқан сайын екі ортаны бөлетін шегарада сынудың болмауына алып келеді. Бұл құбылысты толық ішкі шағылу деп, ал толық ішкі шағылу болатын бұрышты сандық немесеαш шектік бұрыш деп атайды.