Файл: Триметропим Сульфаметаксазол (котремаксозол) Тобы Ке спектрлі микроба арсы синтетикалы агент. Сульфаниламидты препарат.docx
ВУЗ: Не указан
Категория: Не указан
Дисциплина: Не указана
Добавлен: 03.02.2024
Просмотров: 37
Скачиваний: 0
ВНИМАНИЕ! Если данный файл нарушает Ваши авторские права, то обязательно сообщите нам.
Ацикловир сілекейде, қынаптық сөлде, герпестік бөртпенің везикулярлы сұйықтығында, сондай-ақ кейбір ағзаларда жиналады. Препараттың ми жұлын сұйығындағы концентрациясы сарысудағы концентрацияның 50% тең болады.
Метаболизмі және элиминациясы
Бүйрек функциясы қалыпты пациенттерде 62-91% ацикловир өзгермеген күйінде бүйрек арқылы, ал 10-15% 9-карбоксиметоксиметилгуанин күйінде шығарылады. Ацикловирдің шығарылуы гломерулалық сүзілу, сондай-ақ өзекшелік секреция арқылы жүзеге асады.
- алғашқы және қайталанатын генитальді герпесті қоса, қарапайым герпес вирусы туындатқан терінің және шырышты қабықтардың герпестік инфекциясын емдеу;
- иммундық статусы қалыпты пациенттерде қарапайым герпес вирусы туындатқан инфекция қайталануының профилактикасы;
- иммунтапшылығы бар пациенттерде қарапайым герпес вирусы туындатқан инфекция қайталануының профилактикасы;
- желшешекті және белдемелі герпесті емдеу;
- ауыр иммунтапшылығы бар пациенттерді емдеу: АИТВ-инфекциясы бар (жасушалар саны CD4+ <200/мм3, АИТВ-инфекциясының ерте клиникалық белгілері және ЖИТС сатысы) және сүйек кемігі трансплантациясын өткергендер.
Өте жиі (>1/10), жиі (>1/100, <1/10), жиі емес (>1/1000, <1/100), сирек (>1/10000, <1/1000), өте сирек (<1/10000). Аталған жағымсыз әсерлер, негізінен, бүйрек жеткіліксіздігі бар пациенттерде көрініс берген.
Жиі
- бас ауыруы, бас айналуы
- жүрек айну, құсу, диарея, іштің ауыруы
- қышыну, бөртпе, соның ішінде фотосенсибилизация
- жылдам қажу, температураның көтерілуі
Жиі емес
- есекжем, шаштың диффузиялы тез түсуі (Ацикловир препаратын қабылдаумен байланысы дәлелденбеген, ауру ағымының көптеген құбылуларымен және қолданылатын препараттардың көп санымен жиірек астасады)
Сирек
- ентігу
- ангионевроздық ісіну
- билирубин деңгейінің және бауыр ферменттері белсенділігінің қайтымды жоғарылауы
- қандағы мочевина және креатинин концентрацияларының жоғарылауы
- анафилаксия
Өте сирек
- анемия, лейкопения және тромбоцитопения.
- гепатит, сарғаю
- жедел бүйрек жеткіліксіздігі, бүйрек ауырулары
- мазасыздық, абыржу, тремор, атаксия, дизартрия, елестеулер, психоз симптомдары, конвульсиялар, ұйқышылдық, энцефалопатия, кома (аталған симптомдар қайтымды болады және, әдетте, бүйрек жеткіліксіздігі немесе басқа бейімдеу факторлары бар пациенттерде байқалады).
6.
Оксолин
Жергілікті қолдануға арналған микробтарға қарсы препараттар. Вирусқа қарсы препараттар
ОЛИНДОЛ ТУЫНДЫСЫ.
Оксолин – мұрынға қолдануға арналған вирусқа қарсы дәрі. Тұмау вирусына қатысты вирусқа қарсы белсенділік танытады, жасушалық жарғақша беткейімен вирустың байланысу орнын бөгей отырып, жасушаларда вирус репродукциясына кедергі болады. Диоксотетрагидрокситетрагидронафталиннің әсеріне Herpes simplex, белдемелі герпес вирустары, аденовирустар, жұқпалы сүйелдер мен контагиозды моллюск вирустары сезімтал.
Шырышты қабыққа жаққанда препарат 20 %-ға дейін сіңеді. Организмде жинақталмайды және негізінен бүйрек арқылы тәулік ішінде шығарылады.
тұмаудың алдын алуда
вирусты ринитте
мұрын шырышты қабығын жылдам өтетін күйдіру сезімі, ринорея
Сирек:
шырышты қабықтың көкке боялуы
7.
Ремантадин
Жүйелік қолдануға арналған вирусқа қарсы препараттар. Тікелей әсер ететін вирусқа қарсы препараттар. Циклдік аминдер.
Ремантадин – адамантан туындысы, вирустарға қарсы белсенділігі бар. Препарат А типті тұмау вирусына қарсы тиімді, сондай-ақ В типті вирус туындатқан тұмаудағы уыттылыққа қарсы әсер етеді. Ремантадин циклдің ерте сатысында вирус репликациясын вирустық қабықшаның қалыптасуын бұза отырып тежеуі мүмкін. Ремантадиннің А тұмау вирусына қатысты вирустарға қарсы әсерінде М2 вирион гені спецификалық ақуызының алатын орны маңызды. In vitro Ремантадин адамдағы А тұмау вирусының үш антигенді түрлерінің – H1N1, H2N2 және H3N2 репликациясын тежейді. Ремантадин белсенділігі жойылған А тұмау вакцинасының иммуногенетикалық қасиеттеріне әсер етпейді. Ремантадинге төзімді вирустар жабық ортада Ремантадин қолданғанда бөлініп алынған.
Ремантадин, сондай-ақ кене энцефалитінің қоздырғыштары болып табылатын арбовирустарға қатысты тиімді.
Ішу арқылы қабылдағаннан кейін Ремантадин асқазан-ішек жолында жақсы сіңеді, биожетімділігі жоғары, организмнің барлық тіндеріне және сұйықтарына, ликворға жақсы енеді. Әсер ететін заттың шамамен 40 %-ы қан плазмасының ақуыздарымен байланысады. Қан плазмасындағы ең жоғарғы концентрациясына 5-7 сағаттан соң жетеді. Әсер ететін зат бауырда қарқынды метаболизденеді, гидроксилденеді, конъюгацияға және глюкуронизацияға ұшырайды. Жартылай шығарылу кезеңі орташа алғанда 25 сағатты, егде жастағыларда 32 сағатты, балаларда 13-38 сағатты құрайды. Негізінен несеппен, 15 % - өзгермеген күйде бүйрек арқылы шығарылады.
- ересектер мен балаларда аурудың ерте сатысында тұмауды емдеу үшін
- ересектерде эпидемия кезінде тұмаудың профилактикасы үшін
- ересектерде шығу тегі вирустық кене энцефалитінің профилактикасы үшін
- бас айналуы, бас ауыруы
- мазасыздық
- құлақтың шуылдауы
- тері бөртпесі
- жүрек айнуы, құсу, іш өту, тәбеттің болмауы, іштің ауыруы.
Арбидол-вирусқа қарсы зат, индолкарбин қышқылының туындысы
Вирусқа қарсы агент, иммуномодуляциялық және тұмауға қарсы әсері бар, әсіресе А және В тұмауы вирустарын, ауыр жедел респираторлық синдромды (ЖРВИ) басады. Вирустың липидті қабықшасының жасушалық мембраналармен қосылуын тежей отырып, вирустардың жасушаға қосылуына және енуіне кедергі жасайды. Интерферонды индукциялаушы әсерге ие, гуморальдық және жасушалық иммундық жауаптарды, макрофагтардың фагоцитарлық қызметін ынталандырады, организмнің вирустық инфекцияларға төзімділігін арттырады. Вирустық инфекциямен байланысты асқынулардың жиілігін, сондай-ақ созылмалы бактериялық аурулардың өршуін азайтады.
Вирустық инфекциялардағы терапевтік тиімділік жалпы интоксикация мен клиникалық құбылыстардың ауырлығының төмендеуінен және аурудың ұзақтығының қысқаруынан көрінеді.
Уыттылығы төмен препараттарға жатады (LD50>4 г/кг). Ұсынылған дозаларда ішке қабылдағанда адам ағзасына теріс әсер етпейді.
Қолданылуы: Профилактика и лечение у взрослых и детей:
- грипп А и В, ОРВИ, тяжелый острый респираторный синдром (ТОРС) (в том числе осложненные бронхитом, пневмонией);
- вторичные иммунодефицитные состояния;
- комплексная терапия хронического бронхита, пневмонии и рецидивирующей герпетической инфекции.
Профилактика послеоперационных инфекционных осложнений и нормализация иммунного статуса.
Комплексная терапия острых кишечных инфекций ротавирусной этиологии у детей старше 3 лет.
Побочные эффекты:Редко - аллергические реакции.
Противопоказания:
-
Повышенная чувствительность к препарату, I триместр беременности.возраст до 3 лет.
Циклоферон- Иммуностимулирующее средство
Противовирусный и иммуномодулирующий препарат. Индуктор синтеза интерферонов
Циклоферон -
Меглюмин акридон ацетаты оның биологиялық белсенділігінің кең ауқымын (вирусқа қарсы, иммуномодуляциялық, қабынуға қарсы) анықтайтын төмен молекулалық интерферон индукторы болып табылады.
Циклоферон герпес вирустарына, тұмауға және жіті респираторлық аурулардың басқа қоздырғыштарына қарсы тиімді. Ол инфекциялық процестің бастапқы кезеңдерінде (1-5 күн) вирустың көбеюін басатын, вирустық ұрпақтың инфекциялық қабілетін төмендететін, ақаулы вирустық бөлшектердің пайда болуына әкелетін вирусқа қарсы тікелей әсер етеді. Дененің вирустық және бактериялық инфекцияларға бейспецификалық төзімділігін арттырады.
Ересектерде кешенді терапияда:
- тұмау және жедел респираторлық аурулар;
- герпетикалық инфекция.
Төрт жастан асқан балаларда кешенді терапияда:
- тұмау және жедел респираторлық аурулар;
- герпетикалық инфекция.
Төрт жастан бастап балаларда тұмау мен жіті респираторлық аурулардың алдын алу үшін.
Нарушения со стороны иммунной системы: очень редко - ангионевротический отёк.
Нарушения со стороны кожи и подкожных тканей: очень редко - сыпь, крапивница.
Если любые из указанных в инструкции нежелательных эффектов усугубляются или Вы заметили любые другие нежелательные эффекты, не указанные в инструкции, сообщите об этом врачу.
Беременность, период грудного вскармливания, детский возраст до 4 лет (в связи с несовершенным актом глотания), индивидуальная непереносимость компонентов препарата, декомпенсированный цирроз печени.
α-2β интерферон- иммуномодулятор
Интерферон. Бұл молекулалық салмағы 19300 дальтон болатын жоғары тазартылған рекомбинантты ақуыз. Интерферон синтезін кодтайтын адам лейкоциттерінің генімен бактериялық плазмидаларды будандастыру арқылы ішек таяқшасының клонынан алынған. Интерфероннан айырмашылығы, альфа-2а 23-позицияда аргининге ие.
Оның вирусқа қарсы әсері бар, ол арнайы мембраналық рецепторлармен әрекеттесу және РНҚ синтезін индукциялау және, сайып келгенде, ақуыздармен байланысты. Соңғысы, өз кезегінде, вирустың қалыпты көбеюіне немесе оның шығуына жол бермейді.
альфа-2b интерферонының иммуномодуляциялық әсері макрофагтардың фагоцитарлық белсенділігінің жоғарылауында, лимфоциттердің мақсатты жасушаларға спецификалық цитотоксикалық әсерінің жоғарылауында, бөлінетін цитокиндердің сандық және сапалық құрамының өзгеруінен көрінеді; иммунокомпетентті жасушалардың функционалдық белсенділігінің өзгеруі; жасушаішілік белоктардың өндірілуі мен секрециясының өзгеруі.
Ісік жасушаларына антипролиферативті әсер етеді.
Жедел В гепатиті, созылмалы В гепатиті, созылмалы белсенді В және Д гепатиті, созылмалы С гепатиті.
Түкті жасушалы лейкоз, созылмалы миелоидты лейкоз, бүйрек жасушалы карцинома, ЖИТС фонындағы Капоши саркомасы, тері Т-жасушалы лимфомасы (микоз фунгоидтары және Цезари синдромы), қатерлі меланома.
Лангерганс жасушалық гистиоцитоз, сублейкемиялық миелоз, эссенциалды тромбоцитемия.