Файл: былт у, якитроп (грекше tгороs иін, иірім) .docx

ВУЗ: Не указан

Категория: Не указан

Дисциплина: Не указана

Добавлен: 10.04.2024

Просмотров: 21

Скачиваний: 0

ВНИМАНИЕ! Если данный файл нарушает Ваши авторские права, то обязательно сообщите нам.

ҚҰБЫЛТУ

Әдеби тілді ажарлау аз, құбылту керек. Әдеби тілдің әсемдігі ғана емес, әсерлілігі үшін де орасан қажет тәсіл — қ ұ б ы л т у, яки т р о п (грекше tгороs — иін, иірім) — с ө з д е р д і т у р а м а ғ ы н а с ы н д а е м е с, бұ рма м а ғ ы н а с ы н д а қ о л д а н у, ш ы н д ы қ т ы б е й н е л е п, к е й д е т і п т і п е р д е л е п т а н ы т у о й д ы ө з г е р т і п, к е й д е т і п т і ө ң і н а й н а л д ы р ы п а й т у.

Құбылтудың (троптың) түрлері көп. Әдеби тілдегі ең басты құбылтуларың бірі — а у ы с т ы р у, яки м е т а ф о р а (грекше теtарһога — көшіру)— с ө з м ә н і н ө ң д е н д і р е ө з г е р т і п а й т у, с у р е т т е л і п о ты р ғ а н з а т т ы ң құ б ы л ы с т ы а й қ ы н д а й т ү с у ү ш і н, а ж а рл а н д ы р а т ү с у ү ш і н о л а р д ы ө з д е р і н е ұ қ с а с ө з г е з а т қ а н е қ ұ б ы л ы с қ а б а л а у; с ө й т і п, с у р е т т е л і п о т ы р ғ а н з а т т ы ң н е қ ұ б ы л ы с т ы ң, м а ғ ы н а с ы н ү с т е у, м а з м ұ н ы н т е р е ң д е т і п, ә с е р і н к ү ш е й т у.

Гималай — көктің кіндігі.

Гималай — жердің түндігі.

(I. Жансүгіров.)

Қыр төсінде мөлдір айдын — ақ, сынап,

Жиегінде жасыл кірпік — жас құрақ.

(Ә. Сэрсенбаев.)

Әйнегі — күн, шатыры — аспан,

Кең дала… Төсі — толқыған егін.

Көлдері көкке күмістер шашқан,

Қазақстан — Республикам менің!

(Д. Әбілев.)

Бірінші мысалдағы метафора Гималайды біресе көктің кіндігіне, біресе жердің түндігіне балап, әшейін бір жер атын қолма-қол заттандырып, тауға көл-көсір мағына берсе, екінші мысалдағы ауыстырулар (ақ сынап, жасыл кірпік) қырдағы айдын көл мен бала құраққа айрықша сұлу сымбат бітірген. Үшінші мысалдағы метафоралар ап-ашық әсірелеумен ұштастырылып, жер мен көктен, ‘күн мен көлден тұтасқан асыңқы бейне жасаған да, ақынның туған республикаға деген махаббаттына, мақтаныш сезіміне өзгеше ажар берген.

Жоғарыда біз бір сөздің ретінде ауыстырудың ұлғайған, күрделі түрі болатынын атап өкенбіз. Күрделі метафора жасаудағы мақсат та — сөзді құбылту арқылы үғымды тереңдету; ой образын үстемелей, өсіре келе оның әсерін күшейту.

Мен — тауда ойнаған қарт Мен бір шарға ұстаған —

марал; Қара балта едім;

Табаным тасқа тиер деп Шабуын таппай кетілдім,


Сақсынып шыққан қиядан.. Қайрасаң тағы жетілдім…

(Махамбет.)

Ақын өзін маралға баласа, маралдың, күллі қасиетін, балтаға баласа, балтаның барлық ерекшелігін еселей төкпектетіп айту арқылы өлеңге де айрықша өкпін, қайсар күш дарытып, оқырманды отты сөз, өр мінезбен би-леп, баурап әкетеді.

Орысым — тағдырласым, Өмірде жан сырласым,

Оқуда әліптесім; Өнерде әріптесім.

(М. Әлімбаев.)

Қазақ ақыны орыстың өзімен тағдырлас екенін атау-мен тынбай әрі нағыз сырлас, әрі әліптес, әрі әріптес екенін үстемелеп айтып, үлкен достықтың сыр-сипатын кеңірек, ұзағырақ толғайды. Бұл арада бір шумақ өлең тү-гелдей ауыстыруға — күрделі метафораға айналып кеткен.

1964 жылдың жазында Алматынын, күншығысындағы тау үстінде көз жасындай мөлдіреп жататын атақты сұлу. Есік көлі қас пен көздің арасында жоқ болды. Осы оқиғаға Қуандық мынадай әдемі өлең жазды:

Күйдірген хан мен қазыңды, Жоғалды алтын балдағым,

Күндеген талай патшалар Салып ем көзін лағылдан,

Ұрлаттым гауһар тәжімді! Қапа боп жанды қармадым!


Қай жақтан табам, бәтшағар? Қақты екен қандай қағынған?

Күл-талқан болды шар айнам “Есік” деп жазған бар

Інжуден еді жиегі, таңбам,—


Сұқтанған еді-ау талай жан! Көрдіңдер қайсы ой-қырдан?

Өзегім от боп күйеді. Пері боп ұшты ғашығым,

Дертіне дәт қып төзбедім

Арылдым алтын алқамнан Есігім — есіл асылым,

Жақұтпен үзіп, ойдырған. Түскендей ағып көздерім’..

(Қ. Шацрытбаев.)

Осы өлеңдегі оқыған адамның жан-жүрерін жұлқып-жұлқып қалатын күш пен әсер ақын сәтті іздеп тапқан сұлу метафораларда жатыр. Әр шумақ Есіктің өзі емес, әр түрлі балауын баптайды да жоқтайды: патшалар кие алмаған гауһар тәж бен лағыл көз алтын балдақтан, жиегі інжу шар айна мен жақұттан үзіп ойдырған алтын алқаданайырылу, шынында да, адамның іші күйгендей оқиға. Осының бәрін ақын сіздің ойыңызға ұлғайған метафоралар арқылы ұялата келіп, ең соңында “Есігім— есіл асылым,түскендей ағып көздерім”,— деп зар илегенде сіз де амалсыз аһ ұра жаздайсыз…

Енді мына шумақты оқыңыз:

Түлкі қыз қызыл алтай, кер марал қыз,

Ақ қоян, бозша байтал, ақша нар қыз


Қымыздай балға ашытқан тәтті қызға,

Жігіттер, бәріңіз де сұқтанарсыз

(/. Жансүгіров.)

Саңлақ ақынның шабыты тау өзеніндей тасыған тұста ауыстырулардағы алшақтық түгіл карама-қарсылықтар да сымға тартқан күмістей сылдырап, керемет келісім табатын секілді: сұлу қыз алтайы түлкіге не кер маралға балана ма, ақ қоянға не ақша нарға балана ма, әрілесе, •• тіпті, бозша байталға балана ма, бәрібір, біздің көз алдымызда жан тебірентер сұлу суреттер ғана тұтаса жайылып, Қыз Жібектің, аңызға айналған көшіндей тізбектеліп өте береді. Біз қараймыз да сүйсінеміз, сүйсінеміз де қараймыз, — көз ала алмаймыз. Бұл да — өлеңдегі ұлғайған метафораның әсері, құбылтудың күші.

Ауыстыру жеке сөздерде немесе сөйлем ішінде ғана ұлғаюмен тынбай, кейде бүкіл шығарманың өн бойындағы бейнелеу тәсіліне көшуі де мүмкін. Мәселен, Горькийдің атақты “Дауылпаз туралы жырында” кәдімгі жай ға-на жаратылыс құбылыстарына тура тірі кісінің мінезі, кылығы, әрекеті беріле — жансыз табиғат жандандырыла суреттеледі: қанатымен толқынды жанап, енді бірде оқтай зымырап бұлтқа еніп, саңқ-саңқ еткен Дауылпаздың қимылы ештеңе емес-ау, тіпті “құс даусынан бұлттар шаттық үнін еститінін… бұлттар төмен сусып, теңізге қонақтайтынын, ән салатынын” қайтерсің? Жә, мынау ше: “Әуе дауылы толқындар тобын балуан құшағына қысып алып, айбарлы ашумен жартасқа лақтырады, тау тұлғалы асқар толқындарды шаңдай шашып, тозаңдай тоздырады”. Қысқасы, бұл шығармада жансыз табиғат құбылысы кәдімгі тірі кісінің қылығымен ауыстырыла суреттелген. Құбылтудың (троптың) мұндай түрі—к е й і п т е у (грекше ргоsорорёiа, орысша олицетворение).

Абайдың Лермонтовтан аударған “Теректің сыйы” деген өлеңіндегі бейнелеу тәсілі — түп-түгел кейіптеу: асау теректің долдануы, буырқануы, бұйра толқынның айдаһардай бүктелуі, Кавказдан азан-қазан, у-шу арқырап шыға бере қалың қайратын бойына жасырып, беті күле момынси қалуы — бәрі де өзен емес, адам мінезіне ұқсайды. Енді бірде Терек Каспиге келіп

—Аптығып асау інің келді, аксақал’

Тау, тасқа, адамзатқа салып жанжал.

Дем алайын деп келдім, аш қойныңды,

Сәлем-сауқат әкелдім, қош көріп ал,—

деп айны-қатесіз адамша саудырап сөйлеп тұрса, қартаң Қаспий, қалғыған қалпы, анау әкелген “бұғы мен маралға, адамнан тартып алған көп малға, ер-тоқымы, атымен, қаруымен тұтқындап әкелген ер шеркеске”…— біріне риза болмай ма, кім білсін, “өзін де ашпайды, тіл де қатпайды. Амалы құрыған Терек ақырында:


-Азырқандың, білемін, ақсақал шал,

Тентегіңнің сөзіне құлағын, сал.

Қазақ-орыс қатыны бір сұлуды

Әкеліп ем, қайтейін, оны-дағы ал! —

деп бағанадан бері қимай тұрған аяулы асылын ұсынғанда ғана:

Кәрі Каспий қара көк көзін ашты,

Жылы жүзбен Терекке амандасты…

Каспидің, Абайша айтқанда, “жыбыр қағып, қозғалып, сылқ-сылқ күлген” шайтан шалдың одан арғы қылығы мен қимылы да — аумаған адамның мінезі мен әрекеті— керемет кейіптеу.

Кейіптеу — қазіргі әдеби туындыларымызды да құбылта, құлпырта қолданылып келе жатқан әдемі тәсіл:

Балқытып гүлді деміне, Қызғаншак кыс келді де,

Сүйді жаз әбден беріле: Сілтеді суык қанжарын.

Әкетпек еді ұзатып, Жас жігіт қыршын өлді де,

Өзінің. жылы жеріне…, Қалдырып кетті жан жарын.

(Ә. Тәжібаев.)

Жолшы қазақ — сол казақ Жұлқылайды етектен

Кете берді тепеңдеп, Құлағына сарнайды;

Сол қазақты жел мазақ Қейде алдынан жетектеп,

Ете берсем екен деп; Кейде артынан қалмайды.

(X. Ергалиев.)

Алдыңғы екі шумақта Әбділда әдеттегі кыс пен жазға әдеттен тыс мінез бен әрекет беріп, жансызға жан сала суреттеу арқылы ойды биік философияға көтеріп әкеткен болса, кейінгі шумақтарда Хамит Бетпақтың беймаза желін құдды тірі кісідей құбылтып, оған кызық-қызық қылықтар жасату арқылы өзі ‘суреттеп отырған шындыққа тағы бір тың шырай береді, шынайы сыр дарытады.

Кейіптеу — ертегілер мен аңыз әңгімелерде жиі қолданылатын тәсіл. Ал мысал өлеңдердегі құбылу, көбіне, п е р н е л е у, яки а л л е г о р и я (грекше аlIеgогіа —пернелеп айту) түрінде келеді. Мұнда әшейін ұғым қалпында тұрған дерексіз нәрселер кәдімгідей көзге көрінер деректі нәрсеге ауыстырылады. Айталық, қулық, зорлық, қастық, секілді жалпылама ұғымдарды дәл осы қалпында түсінуге болғанмен, көзбен көру қиын. Осыларды Сәбит Дөнентаев өзінің “Ауырған арыстан” деген аллегориялы өлеңінде қолға ұстатқандай нақты, деректі нәрселерге көшіреді: аң патшасы Арыстан ауыра қалған екен, аң, атаулы түгел жиылып көңіл сұрап барғанда, ішінде Түлкі қу жоқ боп шығады да, оны қара көңіл Қасқыр зорлықшыл Арыстанға қастандықпен хабарлап қояды. Кейін Түлкі келгенде, әрине, Арыстан ашуланады. Бұл сырды түсіне қалған қу Түлкі аяқ астынан айла тауып, Арыстан секілді өзінің, де “ауырып” қалғанын, одан әйтеуір Қасқырдың артқы аяғының сіңірін қиып жеп, әрең “жазылғанын” айтады, Арыстан ашуды қойып, өктемдігіне көшеді де, дереу Қасқырды шақыртып алып, сіңірін қияды… Бұл өлеңде қулық — Түлкі, зорлық — Арыстан, қастық — Қасқыр бейнелеріне көшіріліп, пернеленіп көреетілген.


—Ей, қораз, шақырасың ерте-кеш жоқ, —

Дегенде кораз айтты;:

.—Сенде де ес жоқ

“Кукара-ку” болмай-ақ мен шақырған,

Таң атырып, онсыз жұрт күн батырған.

(А. Тоқмағамбетов.)

Асқардың қораз арқылы пернелеп айтып отырған ұғымы — пәтуасыздық, парықсыздық.

Дүние жүзілік әдебиет тарихына қарап отырсақ, пернелеу арқылы дерексіздік деректілікке көшіріліп қана қоймаған, қызық-қызық аллегориялық образдар жасалғанын көреміз. Мысалы, Данте жазған әйгілі “Тәңрінің тәлкегінде” арыстан, тағы мысық, қаншық қасқыр тәрізді аңдар арқылы адамға тән әр түрлі құштарлықтар пернеленіп қана қоймайды, бірсыпыра бейнеленеді, кәдімгі көркем образдар жасалады. Қазақтың ауыз әдебиетіндегі өтірік өлеңдерде бейнеленетін тұлғалар түгелімен — аллегориялық образдар. Кейде тіпті Фонвизиннің Простаковы мен Правдині, Грибоедовтың Скалозубы мен Молчалині, Гогольдің Ляпкин-Тяпкині мён Собакевичі секілді Майлиннің Мырқымбайы мен Мүсіреповтің Қоңқайы-ның, Мұқановтың Итбайы мен Мүстафиннің Сойдақтісінің аттарының өзі олардың мінез-құлқындағы аллегориялық сипатты нұсқап көрсетіп тұрғандай.

Құбылтудың бір түрі — астарлау, яки с и мв о л (грекше sутbоIоп — шартты белгі) —бір нәрсені не құбылысты тура суреттемей, бұларға ұқсас басқа бір нәрсеге, не құбылысқа құпия теліп, жасыра жарыстырып, бүкпелей бейнелеу, ойды да ашық айтпай, тартымды тұспалмен түсіндіру. Мұның өзі ой мен образға әрқашан астыртын, бұлдыр мағына береді деу де қате (символды символизмнен айыра білу керек); ең бастысы — символ сөз өнерінде көркем кестеленіп отырған шындыққа әсем ажар,байсалды философиялық астар береді, шығармаға бір түрлі сыршыл сипат бітіреді. Астарлы шығарманың идеясы жалаң, жалаңаш көрінбейді, автордың ой толғаныстары арқылы көңіл ұйытып, көкірекке терең ұялайды. Пушкиннің “Анчары” мен Лермонтовтың “Желкені”, Тютчевтің “Фонтаны” мен Блоктың “Әдемі әйел жайлы жыры” — әлгі айтқанымыздай сұлу сыр мен сезімге толы астарлы өлеңдер,

Отырмын теңіз бойында, Соғады толқын шың, жарды

Ойнайды дауыл ойымда. Шертеді көңлім мұқлы әнді.

Достарым қандай көп еді. Көпірген теңіз төңірегім,

Көбісі сонын, жоқ енді. Күрсінбейді жел тегін

. (Ә. Тэжібаев.)

Әдемі өлең! Аз ғымырында әрқашан ақ ылды болу үшін әркім-ақ айрықша ескеруге тиіс бір шындықты ақын көз алдында төңбекшіп жатқан теңіздей ағыл-тегіл философиялық сырға шомылдырып, шүлен шабытпен жырлаған. Бұл өлең — символмен бірге психологиялық параллелизмнің де (бұған кейін тоқталамыз) үлгісі.