Файл: былт у, якитроп (грекше tгороs иін, иірім) .docx

ВУЗ: Не указан

Категория: Не указан

Дисциплина: Не указана

Добавлен: 10.04.2024

Просмотров: 23

Скачиваний: 0

ВНИМАНИЕ! Если данный файл нарушает Ваши авторские права, то обязательно сообщите нам.


Қабағын түйіп құз тас тұр, Шық моншақтап — шыпшып тер,

Төңірегіне парық сап; Сорғалар жасы жүзінде…

Шыңында шулап құстар жүр, Сол құзды көр де — мені көр,

Айнала ұшып шарықтап. Ойға бір шомған кезімде.

Кеудесі жалын қара бұлт

Келеді төніп аспаннан.

Алып құз тас сұп-сұрғылт

Жамылып шапан — боз тұман.

(Қ. Аманжолов )

Адамның көз алдын табиғаттағы бір алуан таңғажайып, тамаша суреттерге толтырып, жанын тебіренте толғандырып әкеледі де, осыдан әркім өзінше түйін түйді-ау деген тұста ақын өзінің түңғиық терең ой үстіндегі қалпын дәл әлгі көк терге түскен қүз таспен салыстыра жарыстырып жібергенде, бұл астардан аңғарылған сыр мен шындық көкейге уыздай ұйып, қонады да қалады.

Құбылтудын, бір түрі — а л м а с т ы р у, яки м е т о н и м и я (грекше теfопутіа — қайтадан атау) — ө з а р а ш е к т е с з а т т а р м е н с е б е п т е с қ ұ б ы л ы с т а р д ы ң, ө з а р а б а й л а н ы с т ы ұ ғ ы м д а р мен ш а р т т ы с ө з д е рд і ң б і р і н і ң о р н ы н а б і р і н қ о л д а н у. Мұның да әдеби тілде атқарар қызметі әжептәуір: кейде ой ықшамдығы үшін, кейде образ нұсқалылығы үшін қажет. Чехов былай депті: “Сұраншы әйелдің жоқ-жітіктігін ақғарту үшін көп сөз жұмсап, оның бейшара мүскін қалпын қазбалаудың қажеті жоқ, иығындағы өрім-өрім жирен жамылғысын әшейін атап өтсен, жетіп жатыр”. Осынау жирен жамылғы секілді әр нәрсенің бар болмысын бір-ақ танытар шағын деталь — метонимия.

Сөгетін Гомер, Феокритті, Өзі сұлу, өзі ақын.

Оқыды бірақ Адам Смитті… Пікірлері Қантқа жақын

(Пушкин.)

Бұл арада әдеби, не философиялық шығармаларлы көп пікір, ұзақ әңгіме орнына авторлар ғана аталып отыр. Онегин Гомер мен Феокритті сөксе,— олардың дері емес, шығармаларын ұнатпағаны; Адам Смитті оқыса,— оның өзін емес, щығармасын оқығаны. Сондай-ақ Ленскийдің пікірлері Қантқа жақын болса,—’ атақты философтың өзіне емес, дүние танымына жақын болғаны. Бірақ мұның бәрін Пушкин ащы шектей шұбатып жатпайды, алмастыру тәсілімен атап-атап .қана өте шығады.

Үйі мәз боп қой сойды

Сүйіншіге шапқанға.

(Абай)

Болыстың семьясын, туған-туысқанын түгел тізіп жатқан Абай жоқ, бәрін үйі деген бір ғана сөзбен алмастырады. Әрине, мәз болған үй емес, үй ішіндегі адамдар екені өзінен-өзі түсінікті.

Қасиетті қабірге қасіретті Герат жас төкті.

(Айбек.)

Автордың айтып отырғаны — Навоидың қазасына Герат тұрғындарының түгел қайғыруы.


Мамасы, босат, еркімен өссін тал шыбық!

Ауа мен күнге, ай менен нұрға малшынып.

Бұлқынып жатыр, ұмтылып жатыр, қарашы,

Кішкентай жүрек көрсетіп жатыр қарсылық!

(М. Мақатаев )

Ақынның тал шыбығы да, кішкентай жүрегі де — өзінің сәби бөбегі; ұғым метонимия тәсілімен шартты түрде әдейі өзгертілген. Кішкене жүрек, бір жағынан, м е г з е у, яки с и н е к д о х а (грекше зупеһсіосһе — арақатысын ашу) тәсіліне де көшіп тұр.

М е г з е у — алмастырудың бір түрі — б ү т і н н і ң о р н ы н а б ө л ш е к т і немесе к е р і с і н ш е, ж а л п ы н ы ң о р н ы н а ж а л қ ы н ы немесе к е р і с і н ш е қ о л д а н у.

Дұғай сәлем жазамын Күйісбайға,

Бермек болған айғырдың көзі қайда?

Қөзді көрсең — бересің, тайсаң — танып,


Алдамшы атанғанның несі пайда?

(Абай )

Екі көз де — әр нәрсенің, өзі, әшейін бүтіннін, орнына бөлшек алынып отыр. Бұл тәсіл арқылы кейде кәдімгідей жанды сурёт жасап, түрліше қимылды көрсетуге болады:

Аудитория есігінен буаз портфель бұлт етті де, ізінше ақ жібек шалбардың бір балағы мен ақ кенеп ботинка кірді. Бұлардан сәл кейій көрінген сарғыш салом шляпаныңастындағы төртбак адам үнсіз жымиып, күліп келе жатты. (“Өмір ұшқыны ”)

Бұл арадағы мегзеу сөздерге қарап әдеби каһарманның, сырт пішінін, кескін-кейпін ғана емес, жүріс-тұрысындағы ерекшеліктерді қоса аңғарып, оның мінез-құлқын топшылауға да болады.

— Әй, сақал! Бұл арадан Плюшкинге калай баруға болады? (Гоголь.)

Синекдоха арқылы адамның орнына оның. сақалы ғана алынған.

Яки жетпіс, яки жүз, Мейлі көктем, мейлі күз,

Яки өтті сексен жыл — Оны қайтсін Бетпақ шөл?

Бәрібір сол Бетпақ түз, Бәрібір сол сұрғылт тұз,

Бәрібір сол сексеуіл Бәрібір сол тентек жел.

(X. Ерғалпев )

Қараңыз,қаптап жүрген синекдоха және әрқайсысы-ақ өз орнында ойнап кеткен. Жетпіс, сексен, жүз… Бетпақдала басынан қанша жыл өткенін ақын, әрине, санаған жоқ және санай алмайды. Сөйтсе де мына мегзеулер біз үшін — нақты ұғым, затты дерек. Көктем бе, күз бе,— бәрібір… Демек, бұл екі мегзеуге қарағанда, Бетпақ шөл — жылдың төрт мезгілінде де және бір жыл емес, мың жылдың төрт мың мезгілінде де міз бақпайтын қу медиен, құла түз. Ақын бір ғана 
сексеуіл арқылы біздің көз алдымызға Бетпақдаланың, барлық жұтаң табиғатын елестетсе, бір ғана тентек жел арқылы күллі қытымыр, қатал мінезін танытады. Мегзеу тәсілімен аз сөйлеп, көп аңғарту деген осы болады.

Төрт өрме қамшы сарт етті, Топылдап тиген тұяқты

Арғымақ, атқып жұлқынды. Тозаңы жердің, өрілді.

Жанары қыздың, жалт етті, Дүйім ел тұрып бұ жақтан

Жарыса желмен ұмтылды. Күледі гулеп көңілді.

(Қ. Шаңгытбаев )

Ылғи ғана әр нәрсенің шеті, бүтіннің бөлегі, көп үғымның аз түйіні: қамшы сарт етті, қыз жанары жалт етті, арғымақ жұлқынып. ұмтылып қалды, тұяқ (әрине, тұяқтар) топылдай жөнелді, тозаң (әрине, көпше мағынада) өріле берді, көңілді ел (әрине, көп-көп адам) жамырай күліп, гулеп жатты… Иә, ақын әр нәрсенің шетін ғана, бүтіннің бөлегін ғана сараң көрсеткен секілді еді, бірақ біздің көз алдымыз қым-қиғаш қызық қимылға, тұ- тасқан құбылысқа, сан алуан суретке толды да кетті. Бұ не ғажап?.. Ойлану керек. /

Құбылтудың бір түрі — к е к е с і н, яки и р о н и я (грекше еігопеіа — келемеждеу); тағы бір түрі —м ы с қ ы л, яки с а р к а з м (грекше загһавтоз — масқаралау). Бұлардағы күлкінің сыры, сын мен сықақтың сипаты туралы біз юморлық, сатиралық образдар жайын байыптау тұсында біраз айтқанбыз. Бұл арада кекесін мен мысқылдың сөз ажары мен мағынасын өзгерту, түлендіру қызметіне ғана назар аударып өткен жөн.

—Қайтсін, қолы тимепті,

Өлеңші, әнші есіл ер!

Ала жаздай ән салсаң,

Селкілде де, билей бер!

(Крылов — Абай)

Сырттай қарағанда, құмырсқа шегірткенің ала жаздай ән салып, көгалды қуып гөлайттап кеткенін қитықсыз дабылдап, түсініп, өлеңші, әнші есіл ерді кәдімгідей мүсіркеп тұрған секілді. Ал енді осы “мүсіркеудің” астарына үңілсек, мырс-мырс күлкі, келеке тұрғанын кө-реміз. Иронияда, міне, осындай бүркеншік сын, сырты тәп-тәтті болғанмен, іші ап-ащы әжуа жатады; ирония әдеби тілдің түрі мен сырын осылай құбылтады.

“Әй!” деуші ең кеше бұйырып, Аз кунге бөсіп, ісінген

Әйдіктеу қызмет алғанда. Бір күнде даусын тусірген

“Әу!” дейсің бугін иіліп, Лауазым байғус кушіннен!..

Орныңнан тайып калғанда.

А. Тоқмагамбетов.)

Бұл — ешқандай бүркеншіксіз тура айтылған шымыр, ширақ, улы һәм уытты мысқыл, масқара мазақ.

Жұмысы туссе жалтаңдап, Күлгірсумен күні озған,

Жағынып келер жаныңа. Құлқыны арын билеген.

Жұмысы бітсе талтаңдап, Жасанды, жаны қағаздан,

Жоламай кетер маңыңа. Сақтасын құдай сабаздан.


(А. Тоқмағамбетов )

Қысқасы, сарқазм шығарма тіліне қылыш жүзіндей өткір сұс, тиген жерін тіліп түсер тегеурінді күщ бітіреді.

Құбылтулың бір түрі — ұ л ғ а й т у, яки г и п е р б о л а (грекше һурегһоіе — үлкейтілген, қомақты); тағы бір түрі — к і ш і р е й т у, яки л и т о т а (грекше Шоіез —карапайым, қораш). Бұлар да суреткердің тілі мен стиліне бірсыпыра бояу қосады, сөздегі суретті түрлендіреді, өзгеше өрнектер төгеді, сөйтіп, көркем шығарманың оқырманың әсерін арттыра түседі.

Жоғарғы ерні көк тіреп,

Төменгі ерні жер тіреп ..

(“К,обланды батыр” )

Жер мен көктің арасы түп-түгел ауызға айналып кеткендей… Немесе осы жырдағы:

Жауатын күндей күркіреп, Тозаңынан адасты.

Жаңбырдай тері сіркіреп, Аттың, жолы қазылды.

Құбылып ойнап жер басты. Ұмтылғанда қысыльш,

Жалғаса ұшқан қоңыр қаз’ Бес жүз құлаш жазылды •

деген үлғайтулар да аттың шабысын ақылға сыймайтын әлдебір қиял-ғажайып құбылысқа айналдырып, оқырманды оқыс елең еткізеді.

Ал литота, гиперболаға керісінше, шамадан тыс ұлғайтылған құбылысты енді құлдырата кішірейтіп көрсетеді:

От орнындай тұяқтан Бір тұтамы қалыпты.

Оймақтайы қалыпты. Жалбыраған жалынан

Етектейін еріннің Жалғыз қарыс қалыпты.

Екі елісі қалыпты. Бір құшақтай кұйрықтан

Қиған қамыс құлақтан Бір уыстай қалыпты.

(“Ер Тарғын”.)

Бұл мысалдарға қарағанда, ұлғайту мен кішірейту тәсілдері ауыз әдебиетінде, әсіресе батырлар жырында, көп қолданылған. Ондағы мақсат — тыңдаушы жұртқа тосын әсерлер туғызу, оларды кызықтыру, сөйтіп, суреттеліп отырған образды шындықты көңілге ұялату.

Ұлғайту мен кішірейтудің небір қызық үлгілерін казақтың ауыз әдебиетіндегі өтірік өлеңдерден көруге болады.

Түгестім сапты аяқпен Сырдың, суын,

Он нарға артып жүрмін қыздың. буын

Еншіге атам берген мың, қоянның.

Соғымға сойып алдым барлық туын.

Сырдың суын түгесу, бір қыздың буын он нарға артып жүру, еншіге бір емес, мың қоян алу — адам нанғысыз гипербола болса, мына шумақтағы литота оқыған кісілерді қыран-топан күлкіге қарық қылған-дай:

Қайныма карға мініп ұрын бардым,

Күйеуден өнім қатар бұрын бардым.

Айғырын шегірткенің ұстап мініп;

Алдында қайын атамның қырыңдадым.

Ал мына шумақта гипербола мен литота бірге, аралас жур:

Аспанға алты жерден тіреу қойдым.

Той қылып, мың масаны сонда сойдым.

Жүрегін біреуінің төрт бөліп жеп,

Нансаңыз өмірімде бір-ақ тойдым.


Бұл мысалдарға қарағанда, ұлғайту мен кішірейту тәсілдері -қазақ фольклорының нұсқалы әрі ‘қызық саласы — өтірік өлеңнің тілін құбылтып қана қоймай, оның тура жанрлық табиғатына айналып кеткен.

Ұлғайту мен кішірейту тәсілдері жазба әдебиетте де,— поэзияда, көсем сөздерде (публицистикада), комедиялық һәм трагедиялық шығармаларда қолданылады. Бұл ретте, Т. Жароковтың “Күн тіл қаттысындағы”;

Қарыңды қағып су қылдым,

Суыңды сілкіп бу қылдым,

Түніңнен таң атқыздым,

Жеріме жұлдыз жаққыздым…

деген тұсты кезінде профессор Жұмалиевтің гипербола деп білуі өте орынды. Сонымен қатар ұлғайту мен кішірейту біздің қазіргі әдебиет-імізде көбіне ә с і р е л е у, яки г р о т е с к (французша ёгоіез^ие— оқыс, оқшау, оспадар) түрінде көрінетінін атап өткен жөн. Әсірелеу де әдебиет пен өнердегі көркемдік тәсіл; мұнда адам немесе адам өмір кешкен ортаның шындығы кейде кісі күлгендей, кейде жан шошыған-дай оқшау халде әдейі өсіріле, не өшіріле суреттеледі. Әдеби тілді құбылту ғана емес, әр түрлі әдеби образдар жасау үстінде әсірелеу тәсілін ұтықты пайдаланған жазушылар көп: Францияда Рабле, Англияда Свифт, Германияда Гофман, Италияда Пиранделло — әсірелеу тәсілін, тіпті, әдеби сгиль дәрежесіне дейін көтерген суреткерлер. Өткен ғасырдағы дүние жүзілік классикада Гоголь мен Гюго немесе Салтыков-Щедрин тілі мен стиліндегі әсірелеудің орны өз алдына бөлек. Осы кунгі орыс әдебиетіндегі әсірелеудің, кейбір үлгілерін

В. Маяковскийдіқ әлемге әйгілі “150000000”, сол сияқты Аңдрей Вознесенскийдің “Оза” поэмаларынан көруге болады. Ал қазіргі қазақ әдебиетіне көз салсақ, Ғабит Мүсірепов шығармаларындағы юмор мен сатираның оқта-текте шын мәніндегі гротеск сипатына көшіп отыратынын байқар едік. Бір ғана мысал:

Жұман — Алтай-Қарпыққа мәлім тапал адам. Бірақ денесі төртбақ, сом жаралған. Көлденені күректей мұқыл тырнақты саусақтары — келінің сабындай жұп-жуан. Қылтанақ шығып көрмеген қасқа иегінен тағалы ат тайып жығылғандай. Салбырай бастаған ұртына дейін табиғи тәртіпті бұзбай-ақ келген бурыл сақал қасқа иектен тайып кеткендей, алқымға барып ұйлығып калыпты да, сақалдан гөрі ұйысып қалған көк шулан жүнге көбірек ұқсап тұрады. Жүзінің басқа мөрі түгел өшуге жақындап, ескі теңгеліктей көмескі тартқан. Бар мінезі — көздерін жартысынан асыра жауып алып, енді етегін көтерместей біржола түйілген қабақта ғана қалған сияқты.