Файл: Сабаты таырыбы л бала мен ыз бала.docx

ВУЗ: Не указан

Категория: Не указан

Дисциплина: Не указана

Добавлен: 03.02.2024

Просмотров: 43

Скачиваний: 0

ВНИМАНИЕ! Если данный файл нарушает Ваши авторские права, то обязательно сообщите нам.

«Шаш өру – қазақ қызына тән» сайыс


Мақсаты: Ең шашы ұзын қызды анықтау. Қазақ қызына тән мінез-құлықты дәріптеу. Салт-дәстүрімізді білу,  құрметпен қарау. Эстетикалық тәрбие беру. Шығармашылық-іскерлігін арттыру. Жарнама, фото жанрында талғампаздық, қиялын дамыту, іске асыра білу, жұмысын көрсете білу. Сахнада өзін ұстау, мәдениетті сөйлеу, өз ойын жеткізіп айта алу.

Көрнекіліктер: Банер «Бұрымды қыз», қанатты сөздер

 Сайыстың өту барысы:

 1-жүргізуші: Армысыздар құрметті асыл жанды ұстаздар!

2-жүргізуші: Сайыскерлерді демей келген ата-аналар, оқушылар!

1-жүргізуші:Иә, көптен күткен көктем де келді, ендеше, көктем мерекесін ала келген «Бұрымды қыз» сайысын бастауға рұқсат етіңіздер!

2-жүргізуші: Сайысымызды танысудан бастасақ:_____________________________________

1-жүргізуші: _______________________________________________

Ендігі кезек әділ қазылар алқасымен таныс болайық:

«Бұрымды қыз» сайысының шарттарымен таныстыралық:

  1. Таныстыру.

 (өз қалауымен)

  1. Жарнама.

 (шарты: шаш күтуге байланысты бұйымдарды жарнамалау, видеоролик )

  1. Үй тапсырмасы: 5 фото шаш үлгісі

 ( шарты: фото суретте қатысушы болу керек)

  1. Жағдаят.

 (қатысушының ақылы, ой-өрісінің тереңдігі сарапталады.)

  1. Шаш күтімі жайлы кеңес.

  2. Ең шашы ұзын қызды анықтау.

  3. «Шолпысы әсем жарасып белге»

(ұлттық киім кию шарт, қатысушының сахнада өзін ұстауы, жүріс-тұрысы сарапталады.)

 2-Жүргізуші: « Білектей арқасында өрген бұрым,

                   Шолпысы сылдыр қағып, жүрсе ақырын.

                   Камшат бөрік, ақ тамақ, қара қасты,

                   Сұлу қыздың көріп пе ең мұндай түрін?»    деп Абай атамыз жырлағандай ортаға  бүгінгі сайыскерлерімізді шақырамыз!

Сайыс алдында «баталы құл арымас» дегендей сайыскерлерімізді демеу мақсатында қазақ тілі мен әдебиеті пәннінің ұстазы Балкен Қыстаубайқызынан бата сұрасақ!

1-Жүргізуші:-Әр нәрсеге мән бере қараған ойлы халқымыз сұлудың көркі –шаш, шаштың көркі шаштеңге деп есептеген.Ұлт мәдениетінде әр бойжеткенді шашы мен бойына қарап бағалаған.

2-Жүргізуші:- Иә, дұрыс айтасың. Шаш тек сұлулық пен мәдениеттілік белгісі ғана емес, ол-әйелдер қауымының, яғни Хауа ана мен Бибі Фатима анамыздан бастап берілген алланың айрықша сыйы, құрметі, сәні, еншісі. Шолпы, шашбау, шаштеңге, шашқап-сол сый құрметке сай, әрі әйелдің әсем табиғаты мен нәзік жаратылысына лайықталған қазақтың талғампаздық үлесі, әрі ұлттық сыр-сыйпаты. 


1Жүргізуші: - Ендеше, көп күттірмей сайысымыздың 1-ші шартына көшелік. Таныстыру. Ортаға 1-ші сайыскерімізді шақырайық! 

2-Жүргізуші:Әділ қазылар бағасы:

1-Жүргізуші:  9 «б» сынып оқушысы  Шәріпов Сержанның орындауында  Алтынбек Қоразбаевтың   «Үкілі қыз» әнін қабыл алыңыздар!

  2- Жүргізуші:-Рахмет, өнерің өрге жүзсін! Қазақ халқы әйелдердің сұлу шашын ертеден-ақ жоғары бағалаған. Осыған байланысты әдет-ғұрыптар, тыйымдар туған. Шашыңды отқа тастама, шашыңды жайма, шашыңды қима деген тыйымдар бар. Жас әйелдің шашын маңдайдан айырып, екі бұрым етіп өрген соң  оның арасын бір сүйемдей  етіп ұшынан бір-біріне жалғайды, бұл «жұбымыз жазылмасын» деген ақ тілек белгісі.  Ал, қыздар бұрымын дара өреді, бір-біріне жалғамайды.

 

  1- Жүргізуші:-Қыздарға Алтыншаш, Қарашаш, Сұлушаш деген ат қоюдың өзі шаш қасиетін көрсетеді емес пе?Қазақтың қылмыс заңында да шаш туралы бірнеше бап бар. Тентектер әйел шашын кессе ол дене мүшесін кескенімен бірдей жазаланады үлкен айып төленеді. Егер әйелдер өзі қылмыс жасаса олардың шашын кесіп жазалаған. Ол әйелдер үшін өлім жазасымен тең қаралған. Шаштың ұшын қиған қыздарға шапалақ беріледі. Демек, әйелдерге тән шаш бағасы мен құнын халқымыз ерте білген. 

2-Жүргізуші: Сайысымыздың 2-ші шарты бойынша, Жарнама.

 (шарты: шаш күтуге байланысты бұйымдарды жарнамалау, видеоролик )

(Экраннан видеоролик тамашалау.)

2-Жүргізуші:Әділ қазылар бағасы:

1-Жүргізуші: 2008жылғы «Күмбірлеген домбыра» байқауында «Көрермендер көзайымы»  номинациясына ие болған;

 «Жас музыкаттар талабы-2008» қалалық сайысының ІІ орын иегері;

үстіміздегі жылдың Дельфилік ойынының күміс медаль иегері Сабиров Батырханның орындауында____________________________________________________________

2-Жүргізуші: - Пай-пай, домбыраның күмбірлеген дауысына не жетсін! Сайысымыздың 3-ші шарты бойынша: Үй тапсырмасы: 5 фото шаш үлгісі

 шарты: фото суретте қатысушы болу керек.

1-Жүргізуші: (Өз жұмыстарын ұсынып жатқанда экраннан суреттер шығады, жүргізушілер түсініктеме береді.) Шашқа тағатын және оның сәнін келтіріп, мәнін арттыратын, сәндік бұйымдардың ішіндегі асылы –шолпы. Шолпы сәндік үшін ғана емес, шашты өсіретін әрі ұзартатын, желді күнде көтеріп кетпес үшін де тағылады. Әсем, сәнді шолпыларды тек қыз-келіншектер ғана таққан, егде әйелдер тақпаған.

2-Жүргізуші:Шолпының түрлері өте көп: қоңыраулы шолпы, үзбелі шолпы, тізбелі шолпы, сағат баулы шолпы, моншақты шолпы, қозалы шолпы,сылдырмақ шолпы, көзді шолпы.Сұлу шашқа тағылған шолпылар қыз-келіншектер жүрген кезде күн сәулесіне шағылысып, көздің жауын алады. Иесі қозғалғанда, олар әсем дыбыстар шығарып, сұлу қыз, кермаралдай керілген келіншектердің әсем жүрісіне үн қосып, ару сын мен сыйпатын одан әрі ажарлай түседі.



 

1-Жүргізуші:Шаштеңге шолпы шашбауға немесе бұрымның ұшына байланады. Шолпы таққан қыздардың басы ауырмайды, шашы ұзын әрі сұлу, берік болып өседі, ерте түспейді деп жорамалдаған. Шолпы, шаштеңге таққан қыз-келіншек мезгілсіз жүрмейді. Өйтекні күміс сыңғыры «айтып»қояды.

 2-Жүргізуші:-Сайысымыздың келесі шарты: Жағдаят қатысушының ақылы, ой-өрісінің тереңдігі сарапталады. Әр сайыскерлер келіп бір билет алады. Жазылған жағдаятқа байланысты өз пікірін айтады.

1-Жүргізуші: Әділ қазылар бағасы:

2-Жүргізуші:- Рахмет, өренің өссін! Сайысымыздың  келесі шарты шаш күтімі жайлы кеңес. Шаш күтімі, оны тарау, өсіру- үлкен тәрбие мектебі. «Ақ үйден бір қыз шықты көзі күлген, шаштарын он күн тарап, бес күн өрген.» деген халық өлеңіндегі ғажап сурет-осының бір дәлелі.

Шашқа қосатын, жалғайтын, кигізетін, тарайтын, жағатын, тағатын зергерлік әсемдік бұйымдар  бар. Шашты тарау  үшін тісі әр түрлі сиыр мүйізінен жасалған тарақ қолданылады. Сыртынан әдемі көріну үшін шаштарақпен бастырады. Шашты жалтырату үшін шашмай жағады. Оны кәдімгі сары майға жұмыртқаның ағын қосып істейді.

1-Жүргізуші: Әділқазылар бағасы:

2-Жүргізуші: 2008жылғы қалалық  «Шаттық» байқауының күміс жүлдегері;

2010 жылғы «Сағыныш сазы» Шәмші әндері байқауының гран при жүлдегері Байтақтегі Абзалдың орындауында____________________________________________әнін қабыл алыңыздар!

1жүргізуші:- Рахмет! Өнерің өрге жүзсін, достым! Сайысымыздың  келесі шарты ең шашы ұзын қызды анықтау. Әйел шашы табиғатына қарай қолаң шаш, сүмбіл шаш деп, өріміне қарай жалғыз бұрым, қос бұрым деп аталады.Оның әр талын жібектей деп, өрілген бұрымды білектей деп салыстырған. Ұзындығы тілерсек соғатын, алтын-күміс шолпы тағылған сұлу бұрым- бойжеткен көркін одан әрі арттыра түседі.

Ақындар оларға «қолаң қара шашы бар жібек талды», «сүмбіл шаш, пісте мұрын, лағыл иек, шынардай он саусағың құлжа сүйек» деп таңданған.

Ендігі кезекте ең ұзын шашты қызды таңдайық.

Ең ұзын шаштың иесі:_______________________________________болды. Ұзындығы:_____ Құттықтаймыз! Шашыңыздың әсемдігімен тамсандырып жүре беріңіз дейміз!

2-Жүргізуші:-Сайысымыздың  келесі шарты. «Шолпысы әсем жарасып белге» (Музыка ойнап тұрады сайыскерлер кезегімен ортаға шығады, аттарын атап шақыру) ұлттық киім кию шарт, қатысушының сахнада өзін ұстауы, жүріс-тұрысы сарапталады.

1-Жүргізуші:- «Бұрымды қыз» сайысымыз да мәреге келіп- жеткен сияқты. Ендігі сөздің кезегін әділ қазыларға берсек деймін.


Марапаттау:

2- Жүргізуші:- Осымен сайысымыз аяқталды. Көріп, тамашалағандарыңызға үлкен алғысымызды білдіреміз! Сау-саламатта болыңыздар!

«Сынып аруы» сайысының жоспары
Мақсаты: 1) Қыз балалардың жан дүниесіндегі көркемдік талғамын қалыптастыру, қазақ халқының қыз тәрбиелеу салт - дәстүріне байланысты әдептілікке, инабаттылыққа, ізеттілікке тәрбиелеу.
2) Балалардың барлық аналарға деген сүйіспеншілік сезімін ояту, ана еңбегін ардақтап, құрметтеуге, адамгершілікке тәрбиелеу.
3) Оқушының бойындағы өнері мен дарындылығын дамыту.
Көрнекілігі: «Қыз елдің көркі» (ұлттық киімді қыздардың суреттері), «Өнер таусылмас азық» (қолөнер түрлерінің фотосуреттері), қыздар мен аналар жайлы мақал - мәтелдер, қанатты сөздер, шармен, гүлмен безендірілген бөлме, қатысушы қыздардың фотосуреттерінен слайд

Бөлімі:
І. Қыздар сайысы ІІ. Аналарға құрмет

1. Ұлттық киім үлгісін бағалау
2. Өзін - өзі таныстыру.
3. Өнер көрсету
4. Сұрақ - жауап.
5. Үй тапсырмасы
6. Ас мәзірін даярлау.
7. Қолөнер.
8. Сән үлгісі.
Жүргізуші: – Сіздерді алда келе жатқан көктемнің алғашқы мерекесі 8 - наурыз халықаралық әйелдер мерекесімен құттықтаймыз. Дендеріңізге саулық, отбасыларыңызға амандық тілейміз. Осы мереке қарсаңында өткізіліп отырған «Көктем аруы» атты қыз сыны байқауына қош келдіңіздер!
Мың бұралған арулар билей басып,
Келеді міне ортаға толқып тасып,
Аруларын сыйлаған халқым менің,
Көңілді қошеметпен қарсы алайық!
(Арулар сахна төріне М. Ералиеваның «Қыз сыны» әніне билеп шығады)

Жүргізуші: – Сайысымыздың шарты бойынша қыздар гүлді таңдап, оның ішіндегі нөмерін алып, сол ретпен өнерін көрсетеді. Сайысымыздың кезеңдерімен таныс болыңыздар.
1. Өзін - өзі таныстыру.
2. Өнер көрсету
3. Сұрақ - жауап.
4. Ас мәзірін даярлау.
5. Сән үлгісі
6. Қолөнер.
Әділдік пен шындықты арқа тұтқан,
Әділқазы алқасымен танысайық.-----------------------------------------------------
Алдарыңызда 20 30 40 50 сандары жазылған ұпайлар жатыр. Сайыстың шарты бойынша әр сайыс аяқталған соң аруларымызға ұпай беріп қорытынды жасап отырасыз.

Көп сөйлеп жөн - жобадан аспайық біз,
Қандай сайыс болса да, қашпайық біз.

Ал, енді, халқым, рұқсат етсеңіздер.
“Көктем аруы” сайысын бастайық біз.
- Нұрын төккен көктемде алғашқы көрінген жауқазын бейнелі көрікті мейрам, әсемдік пен сұлулыққа, әдемілік пен нәзіктік қуатына табынтар сәт – әйелдер мерекесі тағы да құтты болсын деп сайысымызға қатысқалы тұрған аруларымызды таныстырамыз. Нөмір таңдап ретін анықтау. 1 - сайыс:
Өнер қуып арулар өтер деймін
Бір басына өнері жетер деймін.
Бәсекеге түскен төрт ару кезектесіп
Таныстырып өздерін өтер деймін.
Өзін - өзі таныстыру
Жайшылық Гүлден:
Ғажайып күн мен үшін,
Осы мейрам әрине.
Бәрі асыл ана үшін,
Қарыздармын мәңгіге.
Алақаны аяулы,
Ұмыттырар қайғыны.

Бұл сиқырлы алақан,
Жақсы іске баулиды.
Сайысқа мен келіп тұрмын,
Жайшылық Гүлден аты – жөнім.
Сәттілікті тілеп тұрып,
Бас иемін сіздер үшін.

Зейнуллаева Жанерке:Армысыздар халайық!
«Әдепті елдің баласы алыстан сәлем береді дегендей қымбатты ұстаздар, ата - аналар және қарсыластарым. 8 - наурыз мерекесі құтты болсын. Бәріңізге зор денсаулық, мол бақыт тілеймін.
Зейнуллатегі Жанерке Кемелқызы
Руым, тама - бәйет, кіші жүздің сұлу қызы мен болам.
Менің атымды Жанерке деп қойған себебі жаны таза болсын, ерке болсын деп Жанерке қойған.
Сағынтева Арайлым: 
Армысыздар ұлағатты ұстаздар,
Бармысыздар жігерлі дос құрбылар.
Қарсыласым сәлем бердім бәріңе,
Бас иемін сәлем беріп иіле!

Тектіліктен жаралған қазағымның,
Ерекше дара туған қыздарыңмын.
Шуақ шашқан көктемнің шуағындай,
Арайлым атты кішкентай қыздарыңмын.

Жүріп келем өзін салған ізбенен,
Жақын болар әкесіне қыз деген.
Орта жүздің таз атты руынан,
Асқар таудай әкем бар Сәтжан деген.

Әділқазы алқалары бүгінгі,
Әр аруды бағалай біл өнерлі.
Қарсыласым баршаңызға сәттілік.
Достық деген арттырайық ұғымды.

«Қыз аруы» атты мына сайыста,
Қарсыласым шаба білген майыспа.
Өнердің өрлетейік өр кемесін,
Мына жұрт таңырқамай кетпесін.

Арықова Зинегүл:Үкілі кәмшәт, бүрмелі көйлек киген