ВУЗ: Не указан
Категория: Не указан
Дисциплина: Не указана
Добавлен: 03.02.2024
Просмотров: 44
Скачиваний: 0
ВНИМАНИЕ! Если данный файл нарушает Ваши авторские права, то обязательно сообщите нам.
Қазақтың ерке қызымын.
Ән айтып, мың бұрала билеген,
Мұратқызы Зинегүл мен болам.
Дәстүрін елдің сақтаған,
Иіліп халқыма бас иіп сәлем берем.
Ел жатқанда жатпаған,
Біз деп тыным тапаған - деп
Аналарды мерекелерімен құттықтаймын.
Құрбыларыма сәттілік
Өзіме жеңіс тілеймін.
2 - сайыс:Біреулер сынға түсер өнерімен,
Біреулер жырға түсер өлеңімен.
Ал біздің қыздар шығып ортамызға
Дарынын танытады кезегімен.
- Өнер сайысы
3 - сайыс: - Қыз сұлу көрінеді білімімен, демекші аруларымызға
Әдет - ғұрып, салт – дәстүрі қазақтың,
Жарасымды үйлесімді ғажап шын.
Ұмыт болған дәстүрлерді сақтайық,
Насихаттап, жаңартудан қашпайық..
(Сұрақтарға жауап: Слайдтағы ұлттық нақыштағы суретті таңдап, артындағы сұраққа жауап береді.)
ЖАУАПТАР:
Қазақтың музыкалық он аспабы: домбыра, қобыз, сазсырнай, жетіген, дауылпаз, шаңқобыз, асатаяқ, сыбызғы, тастауық, тұяқ
Қазақтың ет тағамдары: қазы қарта, қуырдақ, қазақша ет, жал жая, шұжық, әсіп,
Ерулік. Ауылға жаңа көшіп келген отбасын құрметтеп қонаққа шақыру. Олар жаңа ортаға тез үйреніп кетулері үшін, жаңа келген қоныстанушыларға қажеттеріне қарай көмек көрсетеді: отын, су, т. б. Бұл адамдардың достығын күшейтеді, қоғамға белсенділігін, бірліктерін, қарым - қатынастарын жақсартады. Бұлда қазақ халқының көп дәстүрлерінің бірі.
Шілдехана – сәби дүниеге келген соң бір жеті бойы ана мен баланы күтіп, оның көңілін көтеріп, оның қасына дастархан жаю әдеті. Қазақ елінің әр түкпірінде бұл рәсім әр қалай өтеді. Сол күні баланы шілде суына шомылдырып, сыңғырлаған тиындар салады, балаға денсаулықпен бірге байлық та тілейді. Шілдехана өткізілетін күні ана әбден сорпаланып өзінің шілде терін шығаруы тиіс.
Шарғы ұзатылған қыз өзіне таяу сіңлісіне басына тартатын орамалын береді. Бұл ендігі кезек сенікі деген сөз.
Қазақша жыл қайыру: тышқан, сиыр, барыс, қоян, ұлу, жылан, жылқы, қой, мешін, тауық, ит, доңыз
4 - сайыс:
Ата - бабаларымыздан келе жатқан салт - дәстүрлерінің бірі - қонақжайлық. Қандай жағдайда да, «құдайы қонақпын» деп келген адамды кеудесінен итермей, жылы шыраймен қарсы алып, қолдағы барымен дегендей, шамасы келгенше сый - құрмет көрсетіп аттандыру әркімнің парызы сияқты болатын. Ендеше, төртінші сайысымыз - ас мәзірін дайындау.
Бұл сайыста қыздарымыз қамырды жазып, картоп аршудан сайысқа түседі.
Қамыр жаюға 5 минут, ал картоп аршуға 2 минуттан беріледі.
(Үнтаспада «Қыздар ай», «Гүл қыздар» екі ән орындалып жатады. ән біткен соң әділ қазылар бағалайды)
ІІ. Аналарға құрметАруларымыз келесі сайысқа дайындалып жатқанда ұлдар аналарына арнап өнерлерін көрсетеді.
- Балалар, ана деген кім?
(Оқушылар төмендегі сөздерді айтып, қолдарындағы жүрекшелер мен сыйлықтарын бір бірлеп апарып ұсынады)
Диас: Ана - үйдің жылуы,
Алмат: Ана - болашағың,
Нұрислам: Ана - бақытың,
Панабек: Ана - қорғаның
Саламат: Ана - әр үйдің күні,
Ақылбек: Ана - байлығың,
Саят. Ана - тірегің,
Марғұлан: Ана – қамқоршың
Мирас: Ана – ақылшың,
Исатай: Ана – жанашырың
Жантілек: Ана – сүйенішің
Талғат: Ана - тыныштығың!
5 - сайыс:
Сымбатына сән киімі жарасатын,
Аспандағы айменен таласатын.
Өнеріне сәні сай келіп тұрған,
Аруларға қызығып қарасасың, - дей келе, сайысымыздың сән үлгісі кезеңін тамашалайық.
(Арулар әуенмен билей қазіргі заманауи киім сән үлгісін көрсетеді.
Соңында бірлесіп жастар заманауи биін билейді.)
6 - сайыс: -«Өнерліге өріс кең» немесе «Шеше көрген тон пішер» демекші аруларымыздың шеберлігін анықтайтын кезең жетті. Бұл сайысты қыздар түйме қадап, қағаздан ою ояды. Ендеше іске сәт. әр сайысқа 2 минуттан беріледі.
Қане, қыздардың өнерін тамашалайық!.
Әділқазылар «Көктем аруы 2013», «Өнерлі ару», «Көрермен көзайымы», «Білімді ару» атағымен марапаттап, сыйлықтар ұсынылады.
Жүргізуші:
Өнер - білім серігің, адам - атың,
Болашаққа сеніммен бара алатын.
Осыменен сайыс та тамам болды,
Бәрін аман болыңдар, жамағатым!
Қыз бала гигиенасымен таныстыру
Гигиена грек сөзі – Gugieinos емдеу, денсаулық әкеледі деген мағына береді, профилактика деген ұғым. Адам ағзасына айналаны қоршаған сыртқы орта факторлары мен әлеуметтік жағдайларының тигізетін әсерін зерттейтін медициналық ғылым. Медицина ғылымдарының өте көрнекті салаларының бірі. Медициналық оқу орындарында санитарлық-гигиеналық факультеттері мен кафедралар бар. Арнаулы түрде маман дәрігерлер – гигиенистер дайындалады.
Гигиена – аурулардың алдын алуға және денсаулық сақтауды қорғайды. Денсаулыққа зиян келтіретін азық түрлерін жойып жіберуге гигиенистер ат салысады. Денсаулыққа зиян келтіретін факторлардың болмауын гигиена ғылымы қатаң бақылау жасап отырады. Адамдардың айналасын қоршаған сыртқы ортаның факторларын негізге ала отырып, гигиенистер адамзат баласының тіршілігімен еңбегіне ыңғайлы жағдайлар жасауға адамзат баласын аурулардан айықтыруға, дерттер мен өлік көрсеткіштерін төмендетуге тіршілік өмірді ұзартуға, еңбекке деген қабілеттілікті көтеруге, биологиялық жағдайларды жақсартуға бағытталған ғылым. Практикада қолданатын нақтылы тәсілдері болады. Осының бәрі адамның денсаулығын арттыруға қолданылады.
Сонымен гигиена ғылымының негізгі көздеген мақсаты – адамдардың айналасын қоршаған сыртқы орта факторларын сауықтыру арқылы бірінші денсаулық сақтаудың профилактикасын өткізу. Бір сөзбен айтқанда, адамзат баласына залал келтіретін факторлардан адамзат баласын қорғау. Жалпы гигиена, еңбек гигиенасы, оқушы жастар гигиенасы, тағам гигиенасы, әйелдер гигиенасы болып бірнешеге бөлінеді. Әркімнің өздерінің алдына қойған мақсаттары бар. Дәрігер – гигиенистер, санитарлар айналаны қоршаған сыртқы ортаның адамдар өмірі мен жұмыс жағдайларының келеңсіз тұстарының алдын алатын ескертпе көріністеріндей күн сайын болатын санитарлық-гигиеналық бақылау жүргізіп, әрбір кездескен қолайсыз жағдайлардың жолына тосқауыл қойып отырады. Жұқпалы ауруларды таратпай, алдын алу мақсаттарымен жұқпалы дерттерге қарсы медициналық әдістер мен шараларды кең көлемде қолданады. Алдыңғы қатардағы шараларды іс жүзіне асырып эпидемияға қарсы күресті үдете түседі. Ауа райының өзгешелігін, микроклиматтың біркелкі еместігін, судағы ауру тарататын микробтардың санын анықтап, биологиялық ерекшеліктерін ескеріп, ауадағы шаң-тозаңдардағы микробтарды біліп, қала ішіндегі түтіннің құрамын анықтап, олармен биологиялық және химиялық күрес жүргізудің жолдарын белгілеп береді. Қай саладағы дәрігерлер қызметінде болмасын профилактикалық іс-әрекет жасап, көзге көріне түседі. Оларды жасау үшін терең ой, жүйрік ақыл керек. Адамзат баласының табиғи және әлеуметтік-экономикалық, саяси факторлардың әсерімен қалыптасады. Биосфералық факторларға жататындар: атмосфералық ауа, су, жер, космостық факторлар, әлеуметтік факторларға еңбек және оқу жағдайлары, тамақ, киім-кешек, төсек орын жағдайы және т.б. жатады. Бұл факторлар қолайсыз болғанда зиянды дағдылар дамып кетеді. Арақ-шарап ішу, темекі шегу, есірткілік заттармен әурелену, токсикоманиямен айналысу ерекше етек алады.
Дене тазалығы – алдымен тері күтімі. Терінің дұрыс күтімі ағзаның қалыпты қызмет атқаруына әсер етеді. Тері алуан түрлі физиологиялық-биологиялық функцияны орындайды. Терінің құрылысы өте күрделі. Жұмыс жасап, күнделікті тұрмысты шаруамен айналысқан шақта адам терісін кір шалады. Адам терлесе, кір теріге жабысып қалып, терінің тыныс алуын қиындатады. Өйткені тері бездері бітеліп қалады. Осыдан барып теріде өтетін физиологиялық-биохимиялық үрдістердің қызметі мүлдем бұзылады. Бітелген май бездеріне жұқпалы ауру тарататын микробтардың енуі фолликулитті туындатады. Микробтар әсерінен терінің бетіндегі органикалық заттар ыдырап, жағымсыз иісті май қышқылы бөлінеді және тері қабынуы – дерматит дерті дамиды. Басқадай іріңді тері аурулары пайда болады. Тәуліктік тері гигиенасы үшін неше түрлі тәсілдер қолданады. Олардың ішінде теріні тазалықта ұстау үшін денені иісі жақсы сабынмен сабындап жуу керек. Оны дағдыға айналдырған жөн. Аптасына бір рет моншаға барып жуыну, душқа шайыну керек. Ал, жиірек кір шалатын бет, қол, мойын қосымша күтім жасауды қажет етеді. Қол кірлегенде оның терісінде неше түрлі жұқпалы ауру тарататын микробтар көбейеді. Ішек-қарын инфекциясы күрт инвазиясы, гепатит вирустары жиналады. Жұқпалы дерттердің таралуына қол кірінің қаншалықты рөл атқаратыны белгілі.
Қолдағы барлық бактериялардың 90%-ы тырнақ астында жиналады, оларды тек арнаулы щеткамен ғана тазартуға болады. Қол жуатын жерде кішкентай щетка тұру қажет. Бет пен мойынды таңертең, ұйықтар алдында тазартып жуып отырған үлкен нәтиже беретінін айтпай кетуге болмайды. Адамның терісі құрғақ немесе майлы, ылғалды болып келеді. Ал, егер тері құрғақ болса, онда балалар сабыны деп аталатын сабынды, ланолині бар сабындарды да пайдаланса тері онша құрғамай қалыпты жағдайда тұрады. Аяқты аптасына кемінде бір рет, әсіресе жаз айларында күнде жуып тұруды дәрігерлер ұсынады. Аяқ терлейтін болса, түнге қарай терден құтылу үшін суық сумен аяқты жуып, табанды, саусақ арасын аптасына екі рет 5% формалин ерітіндісі сіңген мақтамен сүрту керек. Қол, қолтық асты және дененің басқа бір бөліктері терлесе, дезодарант қолдану керек. Моншаға түскеннен кейін адам өте жақсы дем алып сергіп қалады, жақсы ұйықтайды. Жұмысқа деген ынта жігері арта түседі.
Шаш ерекше күтуді қажет етеді. Шаш қорғаныс рөлін атқарады. Адам шашы бірнеше жыл бойы өсуін тоқтатпайды. Әйел адамдардың күніне 50 тал шашы түсіп, 50 тал шашы өсіп шығып отырады. Адам басындағы шаштың саны әр адамда әр қилы болады. Шаштың жақсы өсуі үшін оны үнемі жақсы күтіп, май жағып отыру қажет. Крем жағып қойған да дұрыс. Шашты жылы суға жуып, белгілі бір сусабынды пайдалану керек. Шашты сабынмен жуудың қажеті жоқ. Шаштың түсі өзгеріп, жарқырап жайнамайды. Ұзын шашты өте ұқыптылықпен жуып, шашты тарап отыру керек. Майлы шашты сабынды спиртпен немесе калийі көп көк сабынды спиртпен жуған дұрыс. Ол көк
сабын шашты дезинфекциялап, шаштың майын бірден кетіріп жібереді. Сусабынмен жуғаннан кейін шашты бірнеше рет сумен мұқият шаяды. Шаштарыңыз жарқырап тұру үшін1 литр суға асханалық қасықпен 2 қасық 8%-ды сірке қышқылын қосып, шашты шаяды. Шашты тарағанда тарақтың жүзі өткір болмағаны дұрыс. Әдетте ең жақсы тарақ капроннан жасалынады. Тарақты ыстық сумен сабындап жуып, оны таза ұстаған жөн. Әрбір адамның өзінің тарағы болуы тиіс.
Тырнақ күтімі. Аяқ және қол саусақтардың тырнақтарын өсірмей үнемі алып тастаған жөн. Тырнақ қандай жағдайда болмасын күтімді қажет етеді. Тырнақты күту – гигиенаның ең бір басты міндеті. Бір аптада тырнақ0,5 мм өседі. Жаз айларында тырнақ қыс айларына қарағанда тез өседі. Сондықтан да апта сайын тырнақты алып отыру керек. Ұзын болып өскен тырнақтың астына ауру тарататын микробтар көп шоғырланады. Ондай тырнақ денсаулықты нығайтпайды. Тіпті микроскопиялық саңырауқұлақтар өсуі сөзсіз. Үлкен тырнақ өте сынғыш келеді.
Тіс және ауыз гигиенасы. Тіс және ауыз қуысы күтіміне мыналар жатады:
-
Белгілі бір дағды бойынша тіс ысқышты пайдаланып, тісті үнемі тазартып отырған жөн. Синтетикалық материалдардан жасалған щеткаларды 3-4 айда ауыстырып отыру керек; -
Қызыл иекті де қолмен ысқылап, ерінбей массажды үнемі жасап отырған дұрыс; -
Тісті төменнен жоғары немесе керісінше тіс тазалаған жөн. Тіс тазалау мерзімі 3-4 минуттан аспауы керек. -
Тіс тәулігіне екі рет тазартылуы тиіс (таңертең және ұйықтар алдында). Ауыздан жағымсыз иістер шығып тұруы мүмкін. Оны кетіру үшін марганцовканың әлсіз ерітіндісімен шайған жақсы нәтиже береді; -
Тіс щеткаларын сабындап таза сумен мұқият түрде жуып, спиртпен дезинфекциялаған дұрыс. - 1 2 3