Файл: Жібек атты кішкентай ыздарымын. Армысыздар халайы, Амандасып алайы. Мені атым Карина.docx

ВУЗ: Не указан

Категория: Не указан

Дисциплина: Не указана

Добавлен: 10.04.2024

Просмотров: 22

Скачиваний: 0

ВНИМАНИЕ! Если данный файл нарушает Ваши авторские права, то обязательно сообщите нам.

Армысыздар ұлағатты ұстаздар,
Бармысыздар жігерлі дос құрбылар.
Қарсыласым сәлем бердім бәріңе,
Бас иемін сәлем беріп иіле!

Тектіліктен жаралған қазағымның,
Ерекше дара туған қыздарыңмын.
Шуақ шашқан көктемнің шуағындай,
Жібек атты кішкентай қыздарыңмын.

Армысыздар халайық,
Амандасып алайық.
Менің атым Карина

Көңілім кең дария.

Жарқыраған тау тасындай баламын.
Шаңырағымның кенжесі мен боламын.
Мейрім төккен балаға
Білімін құйып санаға
Қуаныш апай сізге мен
Мың алғыс айтсам бола ма?
Өнерімді көріңдер
Дәл бағасын беріңдер
Айбол атты спортшы
Топ жарады сеніңдер
Жарқыраған сыныпты
Шапалақпен демеңдер.

Армысыздар, ардақты, асыл халқым,
Ежелден сəлемдесу ата салтым.
8 «А» ның атынан келіп тұрған,
Сəлемін Гульмираның қабыл алғын.

Мектебім алтын ұям, бесігім,
Білімдіге əркез ашық есігің.
Өнерімді паш етуге мен де келдім,
Тельманның бағаларсыз батылдығын.

Құшағыңда құлпырып,
Достар менен бірге өскенмін.
8 A сыныптың сегіз қырлы, бір сырлы,
Ағы мен көздің қарасы,
Сыныптың 
жігіт сұлтаны.
Қорғап келген намысын,
Өнерге қарсы аттанған
Диас батыр мен боламын.

Ұстазым –Қуаныш апай аяулы адам,
Біздерден бар білгенін аямаған!
Осындай ұстаздардың арқасында,
Көпшіліктің көңілі тояр маған!
Көп айтып өз жайымды не қылайын,
Өнеріммен одан да таң қалдырайын!

8 А сыныбының үздігі

Кішіге үлгі, үлкенге өнеге болып,

Мен Адия сахнаға сән құрайын.

«Сөз анасы - сәлем» дер дана халқым,
Өмір бойы сыйлап өскен ата салтын.
Сәлем бердім баршаңа, оқырмандар,
Деніңіз сау, жүзіңіз болсын жарқын!
Қыз - өсіру ата - ана ізгі арманы
Алдарыңа үмітпен келіп тұрған,
Қазағымның тарихын зерделеген
Айдана атты қазақтың қызғалдағы
Бас жүлдеге біз бүгін таласайық,
Өзіміздің күшімізді мен аямайық
Бәріңізге сәттілік қарсыластар,
Осыменен сөзімізді аяқтайық!


Армысыздар, жиылған жұрт халқымыз
Жігермін жанған оттай жарқыраған
Жүрегі ақ көңіл аңқылдаған

Армандап талай жандар бір көруге
Аңсау менен бұл күнді таңды атырған
Ортаға қол ұстасып біз шығайық
Өмірдің шапағатын біз құрайық
Көрсетіп өнерлерді барша жұртқа
Иемденіп бас жүлдені біз алайық


Сайыс  өтсе жүйріктерді жарыстырып

Сөйлетіп шешен тілде қағыстырып

Өлеңдетіп бұл сайыста  алдыменен

Өтейін өзімді мен таныстырып

Күн нұрындай көңілі

Даладай кең пейілі.

8 А сыныптың дарасын

Сулейман атты баласын

Қошеметтеп қолдайық.

Уа, Халайық, халайық,

Бәріне жар салайық,

Бүгінгі кеш төрінде

Бақ сынасып, тартысып

Шабыт тасып шалқысып

Көнілді кеш жасайық!

Мейірім, нұрым- ұстазым
Нәр алған сенен ұрпағың,
Әлемнің жарық сәулесі,
Шұғыласындай сәскенің.