Файл: мейірбике ісі негіздері Пні бойынша мейірбикелік технологиялар стандарттарыны жиынтыы алматы аласы, 2011 мазмНЫ.docx

ВУЗ: Не указан

Категория: Не указан

Дисциплина: Не указана

Добавлен: 11.04.2024

Просмотров: 96

Скачиваний: 0

ВНИМАНИЕ! Если данный файл нарушает Ваши авторские права, то обязательно сообщите нам.

Мақсаты: қақырықтағы қатерлі ісік жасушаларын анықтау.

Қолдану көрсетілімдері: тынысалу мүшелерінің аурулары, қатерлі ісік ауруларына күдік болған жағдайда.

Дайындаңыз:

  • таза құрғақ, кең ауызды 50-200 мл ашық шыныдан жасалған банкіні;

  • банкінің сыртқы бетіне жолдаманы жазып, желімдеп жапсырыңыз (бөлімі, палата нөмірі, науқастың аты-жөні, жасы, зерттеу мақсаты, күні).


Іс-әрекет алгоритмі:


  1. Науқасқа қақырықты зерттеуге жинау ережесі туралы мәліметті айтып, оның рұқсатын алыңыз.

  2. Қақырық ерте таңертең (ашқарында) асқа дейін жиналады.

  3. Науқастан сұраңыз:

  • таңертең, қақырықты 2 сағаттай жинамас бұрын тісін тазалауды;

  • ауыз қуысы мен жұтқыншақты қайнатылған сумен тұп-тура қақырық жинар алдында шаюды;

  • тік тұруын немесе тік отыруын;

  • қақырықты жинау үшін төменгі ерін тұсында банкіні ұстауды;

  • бірінші рет терең дем алуды және дем шығаруды жасауды, сосын жөтелуді.

  1. Жаңа бөлініп шыққан 3-5 мл мөлшеріндегі қақырықты банкіге жинап, оны қақпақпен жабыңыз.

  2. Жиналған қақырықты қарап бір сағаттан кешіктірмей оны зертханаға жіберіңіз, себебі атиптік жасушалар жылдам бұзылады.



Аурухана жағдайында бактериоскопиялық зерттеу үшін туберкулезге қақырық жинау
Мақсаты: туберкулез микобактериясын айқындау, науқасты өз бетімен қақырық жинауға үйрету.

Қолдану көрсетілімдері: тыныс алу мүшелерінің аурулары.

Дайындаңыз: көп рет немесе бір рет қолданылатын 3 түкіргішті немесе тығыз бұрандалы қақпағы бар контейнерлерді, таза құрғақ мөлдір әйнектен жасалған кең ауызды 50-200 мл банкіні қақпағымен, жолдаманы жазып банкіге желімдеңіз (науқастың аты жөні, туған жылы, жиналған күні, науқастың теңестіру номерін, жолдама Ф-ТБ-05).

Іс-әрекет алгоритмі:


  1. Қақырықты зерттеуге жинау ережесі туралы нұсқауды науқаспен жүргізіңіз.

  2. Қақырық жинау ашық ауада, басқа адамдар болмағанда немесе арнайы осы мақсатпен бөлінген жақсы желденетін, терезесі ашылатын, сорып алатын, жел тартқыш және кварц шамы бар бөлек бөлмеде жүргізілуі тиіс.

  3. Масканы, клеенкалы алжапқышты, резеңке қолғапты киіңіз.

  4. Таңертең ертең таңғы асқа дейін 3 күн қатарымен қақырықты жинаңыз. Науқасқа ашық түкіргішті немесе контейнерді беріңіз.

  5. Науқасты тісін тазалауды және ауыз қуысы мен жұтқыншағын сода ерітіндісімен немесе сумен шайқауын сұраңыз.

  6. Наукастың артынан тұрып, аузына түкіргішті немесе контейнерді жақындатуын сұраңыз.

  7. Науқасты аузын орамалмен немесе салфеткамен жабуын сұрап, 3 рет терең дем алуын және дем шығаруын сұрап, соңынан қатты жөтеліп 3-5 мл мөлшерінде қақырықты түкіргіштің немесе контейнердің қырына жанастырмай қақырынып түкіруін сұраңыз.

  8. Түкіргішті (контейнерді) қақпағымен жабыңыз.

  9. Қақырықты қараңыз және қақырықтың ішінде сілекей емес, тығыз іріңді түйіршікті қақырық болуына көзіңізді жеткізіңіз.

  10. Таңертеңгі жиналған қақырықты лабораторияға 1 тәулік ішінде жіберіңіз.

  11. Ф-ТБ-05 жолдама бланкісін ресмилеңіз.



Ескерту:

  • емхана, амбулатория, ФАП жағдайында қақырықты бактериоскопиялық зерттеуге жоғарыда жазылған ережеге сәйкес жинайды;

  • ауруханадан тыс жағдайда қақырықты жинау ерекшелігі, қақырық 2 рет алынады:

  • қақырықтың I байқауы – науқас емханаға таңертең қаралғанда медициналық қызметкерінің бақылауымен жинастырады;

  • қақырықтың II байқауы – келесі күні таңертең үйде жиналып, лабораторияға апарылады;

  • қақырықтың III байқауы – сол күні емханада медициналық қызметкерінің бақылауымен наукастың қақырығын жинайды (2-3 байқау үлестері бір күнде);

  • қақырықты жинау міндетті түрде медициналық қызметкерінің бақылауымен жүргізіледі;

  • көп рет пайдаланатын түкіргіштер немесе контейнерлер зарарсыздандырылуға және залалсыздандырылуға тиісті;

  • бір рет қолданылатын түкіргіш пайдаланып болғаннан кейін жойылуға тиіс.



Бактериологиялық зерттеуге қақырықты жинау
Мақсаты: диагностикалық: аурудын қоздырғыштарын анықтау.

Қолдану көрсетілімдері: туберкулез және басқа да жұқпалы аурулар.

Дайындаңыз: залалсыздандырылған құрғақ түкіргішті немесе тығыз жабылатын қақпағы бар таза, құрғақ, кең мойынды банканы, биксті, шыны аяқ, қайнатылған сумен (суытылған), салфеткаларды, жолдама бланкасын, қаламсапты, стеклографты, қолғапты, бет пердесін, зарасыздандыру ерітіндісі бар ыдысты, қауіпсіз жоюға арналған контейнерді.
Іс-әрекет алгоритмі:


  1. Қақырық зерттеу күні таңертең ашқарында жиналады.

  2. Түкіргішті немесе банканы нөмірлеңіз.

  3. Бактериологиялық зертханаға жолдаманы толтырыңыз.

  4. Қолыңызды гигиеналық деңгейде тазартыңыз. Қолғапты және бет пердені киіңіз.

  5. Науқаспен сенімді қатнас орналастырып, емшара барысы мен мақсатын түсіндіріңіз.

  6. Қақырықты зерттеуге жинау ережесі туралы нұсқауды науқаспен жүргізіңіз.

  7. Науқасқа қақырғандағы қақырық емес, терең жөтелгендегі қақырық жиналуы тиісті, қолымен немесе аузымен ыдыстың шетіне тимеуін ескертіңіз.

  8. Науқастан сұраңыз:

  • таңертең, қақырықты 2 сағаттай жыйнамас бұрын тісін тазалауды;

  • ауыз қуысы мен жұтқыншағын қайнатылып суытылған сумен шаюды;

  • тік тұруын немесе тік отыруын;

  • түкіргіштің қақпағын ашуды;

  • аузын матамен немесе орамалмен жауып тұрып, 3 рет терең дем алып және 3 рет терең дем шығарып тұрып, қатты жөтеліп қақырықты өкпенің терең бөліктерінен түкіргішке шығаруын;

  • науқас қақырық жинайтын түкіргішті төменгі еріннін тұсында ұстап, түкіргіштің немесе банканың шетіне тигізбей қақыруы тиістігін.


  1. Түкіргішті немесе банканы қақпақпен жабыңыз.

  2. Түкіргіштің сыртқы бетін зарарсыздандыру ерітіндісіне батырылған салфеткамен сүртіңіз.

  3. Жиналған қақырықты қарап, түкіргішті темірлі бикске орналастырыңыз.

  4. Бактериологиялық зертханаға қақырықты апарыңыз.

  5. Бет пердесін, қолғапты шешіп, контейнерге салыңыз.

  6. Қолды жуып, кептіріңіз.


Ескерту:

  • қақырық бөлу қиындаған жағдайда оны қақырық бөлетін дәрі-дәрмектерді тағайындалғаннан кейін жинайды;

  • антибиотиктерді тағайындамай тұрып, қақырықты жинау қажет.



Жұтқыншақтан жағынды алу
Мақсаты: диагностикалық: жұқпалы аурудың қоздырғыштарын анықтау.

Қолдану көрсетілімдері: жұтқыншақ микрофлорасын тексеру, жұқпалы ауруға күдік болғанда (дифтерия).

Дайындаңыз: дәке тампондарымен аузы (тығынмен) тығыз жабылған залалсыздандырылған пробиркаларды штаттивімен; материал алу үшін құрғақ мақта тампондары, темір өзегі бар таяқшаға бұралып жасалған крафт пакетінде залалсыздандырылған шпательді; пробиркаларды тасымалдауға арналған биксті; пробиркаларды белгілеу үшін стеклографты, жолдама бланкісін, қолғапты, бет пердені, зарарсыздандыру ерітіндісі бар ыдысты, қауіпсіз жоюға арналған контейнерді.
Іс-әрекет алгоритмі:


  1. Науқасқа жасалатын емшараның барысы мен мақсатын түсіндіріп, оны жүргізуге науқастың келісімін алыңыз.

  2. Бактериологиялық зертханаға жолдама жазыңыз.

  3. Жолдама нөміріне сәйкес нөмерді стеклографпен пробиркаға белгілеңіз: «жұтқыншақ-1», пробирканы штативке орнатыңыз.

  4. Қолыңызды гигиеналық деңгейде жуыңыз. Бет перде мен қолғапты киіңіз.

  5. Науқастың бетін жарыққа қаратып отырғызып, басын сәл артына шалқайтуын сұраңыз.

  6. Науқасқа қарама- қарсы отырыңыз.

  7. Сол қолдың IV және V саусақ арасына, тампоны бар залалсыздандырылған пробирканы, шпательді басқа үш саусағымен ұстаңыз.

  8. Науқастың аузын кең ашуын сұрап, шпательді аузына енгізіңіз.

  9. Тілдің түбірін төмен және алға қарай шпательмен басып, тілді қимылдатпай ұстап тұрыңыз.

  10. Пробиркадан залалсыздандырылған тампон оралған темір өзекті оң қолмен тығынынан ұстап шығарып алыңыз.

  11. Тампонды тілдің, тісктік, ұрттың, жұмсақ таңдайдың шырышты қабығына ауыз қуысына енгізіңіз.

  12. Жеңіл айналмалы қозғалыспен жұтқыншақтың артқы бетінен 2-3 рет тампомен жүргізіңіз.

  13. Тампонмен таңдай тіл доғасынан, көмекей бездерінен төмендегідей реттілікпен жағынды алыңыз: оң жақ таңдай доғасы, оң жақ көмекей безі, тілшік, сол жақ таңдай доғасы, сол жақ көмекей безі, жұтқыншақтың артқы бетінен шырышты алыңыз.

  14. Шпательді ауыз қуысынан шығарып, зарарсыздандыру ерітіндісі бар ыдысқа салыңыз.

  15. Тампонды ауыздың тілдің тістің шырышты қабығына тигізбей ауыз қуысынан шығарыңыз және оны пробирканың жиегіне немесе сыртқы беттеріне тигізіп алмай пробиркаға енгізіңіз де аузын тығыз жабыңыз.

  16. Штативті пробиркасымен бикске орналастырып, биксті «кілтке» жабыңыз.

  17. Қолғапты, масканы шешіп, қауіпсіз жоюға арналған контейнерге салыңыз.

  18. Қолыңызды жуып, кептіріңіз.

  19. Зерттеуге алынған материалды бикспен және жолдамасымен бактериологиялық зертханаға 2 сағаттан кешіктірмей жеткізіңіз немесе 370С термостатқа бактериологиялық зертханаға жөнелтпес бұрын орналастырыңыз.



Ескерту:

  • жұтқыншақтан жағынды таңертен, аш қарында немесе тамақ ішкеннен кейін, су ішкеннен кейін, тамақ шайқағаннан кейін 2 сағаттан соң (дәрілік препараттар қабылдаудың алдында) алынады;

  • бактериологиялық зертеудің нәтижесі 5-7 күннен кейін дайын болады, егер науқас дұрыс дайындалса және жағынды дұрыс алынса;

  • егерде жергілікті өзгерулер айқын белгілі болса зертеуге материалды қабынған жер ошағынан және басқа да жерлерден екі тампонмен алынады.

Мұрын қуысынан жағынды алу
Мақсаты: диагностикалық: жұқпалы аурудың қоздырғышын анықтау.

Қолдану көрсетілімдері: мұрын микрофлорасын тексеру, жұқпалы ауруға күдік болғанда.

Дайындаңыз: штативті мақта-дәке тампондарымен аузы (тығынмен) тығыз жабылған залалсыздандырылған пробиркаларымен, материал алу үшін құрғақ мақта тампондары бұралып жасалған темір өзегі бар таяқшаны, крафт пакетіндегі залалсыздандырылған шпательді, пробиркаларды тасымалдауға арналған биксті, штативті, стеклографты, жолдама бланкісін, резеңке қолғапты, масканы, вазелин майын, турундаларды, қауіпсіз жоюға арналған контейнерді.
Іс-әрекет алгоритмі:


  1. Науқасқа емшара барысы мен мақсатын түсіндіріп, емшараны жүргізу үшін науқастың келісімін алыңыз.

  2. Бактериологиялық зертханаға жолдама жазыңыз.

  3. Жолдама нөміріне сәйкес нөмірді стеклографпен пробиркаға белгілеңіз: «Мүрын-2» , пробирканы штативке орнатыңыз.

  4. Қолыңызды гигиеналық деңгейде жуыңыз. Маскамен, қолғапты киіңіз.

  5. Науқастың бетін жарыққа қаратып отырғызып, басын сәл артына шалқайтуын сұраңыз.

  6. Науқасқа қарама-қарсы отырыңыз.

  7. Науқастың мұрын қуысын қарап, оның таза екендігіне көзіңізді жеткізіңіз.

  8. Мұрын қуысының алдыңғы бөлігін тазартып алыңыз (науқастың мұрнын сіңбіруін сұраңыз), вазелин майымен оларды жібітіп алып мұрын ішіндегі қабыршақтарды тазалап алыңыз. Содан кейін құрғақ мақта турундасымен тазартыңыз.

  9. Беті жабық «Мүрын-2» деген пробирканы сол қолдың III-IV-V саусақтары астына алыңыз, ал оң қолмен тығынынан ғана ұстап, пробирканың (оң қолдың саусақтары тек пробирканың тығынына ғана тиуі тиіс) ішіндегі мақта оралған темір өзекті шығарып алыңыз.

  10. Науқастың мұрынының үшын сол қолдың үлкен саусағымен көтеріңіз, ал оң қолмен тампонды жеңіл айналмалы қозғалыспен бір мұрын қуысына, содан кейін екінші мұрын қуысы ішіне 1,5-2 см тереңдікке, мұрын қабырғаларына, мұрын пердесіне тығыз жанастыра тигізіп енгізіңіз.

  11. Мұрын қуысынан тампонды шырышпен шығарыңыз.

  12. Ептеп пробирканың жиегіне немесе сыртқы беттеріне тигізіп алмай өзекті оның ішіне тампонды енгізіңіз.

  13. Пробирканың ауызы тығыз жабылғанын қадағалаңыз.

  14. Пробирканы штативке орналастырып, сосын бикске оны «кілтке» жабыңыз.

  15. Қолғапты, масканы шешіп, кауіпсіз жоюға арналған контейнерге салыңыз.

  16. Қолыңызды жуып, кептіріңіз.

  17. Алынған материалды бикспен және жолдамасымен бактериологиялық зертханаға 2 сағаттан кешіктірмей жіберіңіз.