Файл: мейірбике ісі негіздері Пні бойынша мейірбикелік технологиялар стандарттарыны жиынтыы алматы аласы, 2011 мазмНЫ.docx

ВУЗ: Не указан

Категория: Не указан

Дисциплина: Не указана

Добавлен: 11.04.2024

Просмотров: 91

Скачиваний: 0

ВНИМАНИЕ! Если данный файл нарушает Ваши авторские права, то обязательно сообщите нам.

  1. Қолыңызды жуып, кептіріңіз.


Ескерту: дене салмағын өлшеу қуықты және ішекті босатқаннан кейін жүргізіледі.

Науқастың бойын өлшеу
Мақсаты: науқастың физикалық дамуын бақылау.

Қолдану көрсетілімдері: науқасты алғашқы рет қарау, динамикалық бақылау, науқасты ауруханаға қабылдау.

Дайындаңыз: бой өлшегішті, таза зарарсыздандырылған 30х30см клеенканы, клеенканы сүртетін шүберекті, ішінде зарарсыздандыратын ертіндісі бар ыдысты, қауіпсіз жоюға арналған контейнерді.
Іс-әрекет алгоритмі:


  1. Қолыңызды гигиеналық деңгейде тазартыңыз, қолғапты киіңіз.

  2. Бой өлшегіштің алаңына клеенканы төсеңіз.

  3. Бой өлшегіштің жанында тұрыңыз және қозғамалы планканы науқастың болжамалы бойынан жоғары деңгейге көтеріңіз.

  4. Науқастан бой өлшегіш алаңына тік планкаға арқасымен тұруын, өкшесін, бөксесін, жауырының, желкесін тигізуін өтініңіз.

  5. Бой өлшегіштің жылжымалы планкасын науқастың төбесіне дейін түсіріңіз.

  6. Науқастан бой өлшегіштің алаңынан түсуін өтініңіз.

  7. Бой өлшегіштің шкаласы бойынша жылжымалы планканың төмен жағынан науқастың бойын анықтаңыз.

  8. Науқасқа өлшеудің нәтижесі туралы айтыңыз.

  9. Өлшеуден алынған мәліметтерді белгілеңіз.

  10. Бой өлшегішті және клеенканы зарарсындандыру ертіндісінде 2 рет ылғалдатылған шүберекпен арасында 15 минут өткізіп сүртіңіз.

  11. Қолғапты шешіп, қауіпсіз жоюға арналған контейнерге салыңыз.

  12. Қолыңызды жуып, кептіріңіз.


Ескерту: бой өлшеу аяқ және бас киімдерін шешкеннен соң жасалатынын науқасқа түсіндіріңіз.

Бит анықталған кездегі санитарлық тазарту
Мақсаты: аурухана ішілік жұқпаның таралуын алдын ала ескерту, жұмыртқаларды, сіркені және биттерді дененің шашты бөліктерінен жою.

Қолдану көрсетілімдері: бит және сіркенің болуы.

Қарсы көрсетілімдері: тері ауруларында, 5 жасқа дейінгі балаларға, жүкті әйелдерге, бала емізетін аналарға жүргізуге тыйым салынады.

Дайындаңыз: биттеуге қарсы қолданылатын жиынтықты: медициналық халатты, орамалдарды, (полиэтилен, шүберек, сірке су қышқылының 6% ертіндісін, тістері жиі тарақты, педикулицидтердің біреуін («Ниттифор», «Антибит» лосьондарын, «Педилин» сусабынын), дәке тампондарды, лупаны, қырыну кешенін, киім-кешекті, зарарсыздандыру камерасына жіберуге арналған қапты, клеенканы, резеңке қолғаптарды, цинкпен қапталған шелекті және астына қойғышты, стационарлық науқастың медициналық картасын, жұқпалы ауру туралы жедел хабар беретін форманы (Ф-058/у), жұқпалы ауруды есепке алаты журналды (Ф-060/у).

Іс-әрекет алгоритмі:


  1. Науқаспен жылы жүзді сенімді қарым қатынас жасаңыз.

  2. Емшараның мақсаты мен барысын түсіндіріңіз.

  3. Үстіңізге қосымша халат, қолғапты киіңіз, орамал тартыңыз.

  4. Клеенка төселген кушеткаға немесе орындыққа науқасты (егер оның жағдайы көтерсе) отырғызыңыз. Иығын сүлгімен жабыңыз.

  5. Педикулоцидтердің бірімен ылғалдандырылған тампонмен бастың шашты бөлігінің шетінен бастап біртіндеп шашты өңдеңіз (молынан ылғалдаңыз).

  6. Басын полиэтилен орамалмен, оның үстінен шүберек орамалмен байлап қойыңыз, оны ұстайтын уақыт қолданылатын педикулициттердің түрімен байланысты.

  7. Шашты ағынды жылы сумен, содан кейін су сабынмен немесе сабынмен жуып, сүлгімен құрғатыңыз.

  8. Шашты жылы 6% сірке су қышқылы ертіндісімен өңдеңіз, қайтадан басын полиэтилен орамалмен, үстінен шүберек орамалмен 20 минутқа байлап қойыңыз.

  9. Шашты ағынды жылы сумен шайыңыз, сүлгімен құрғатыңыз.

  10. Науқастың басын ақ қағаздың үстіне қисайтып, тістері араларынан сірке суымен мол ылғалдандырылған жіп өткізілген тістері жиі тарақпен 10-15 минут бойына шашты тараңыз.

  11. Дәке тампондарын, қағазды өртеп жіберу үшін шелекке тастаңыз.

  12. Науқастың және мейірбикенің киім-кешегін қапқа салып, зарарсыздандыратын камераға жіберіңіз, ал тарақты, қайшыны зарарсыздандыратын ерітіндісі бар ыдысқа салыңыз.

  13. Стационарлық науқастың медициналық картасының алғашқы бетіне «Р» биттеу айқындалды деген белгі қойыңыз (күні, тазарту уақыты және мейірбикенің қолы).

  14. Биттеген науқасты аурухананың қабылдау бөліміндегі жұқпалы ауруларды есепке алу журналына (Ф-060/у) тіркеңіз.

  15. СЭС-қа телефон арқылы биттеу туралы жедел хабар беріңіз, соңынан Ф-058/у жолдамасын толтырыңыз.

  16. Емдеу бөлімінде науқасты күнде тексеріңіз, егер бит табылса, қайталап санитарлық өңдеу жүргізіңіз.


Ескерту: шашты қиюды және қыруды қажет болған жағдайларда өткізеді.


Гигиеналық себезгіНі (душты) жүргізу
Мақсаты: жеке бас тазалығын сақтау, аурухана ішілік жұқпаны алдын ала ескерту.

Қолдану көрсетілімдері: дәрігердің тағайындауы бойынша.

Қарсы көрсетілімдері: науқастың ауыр жағдайы, қан кету, қызба, жарақат, миокард инфарктісі, ми қан айналымының жедел бұзылуы.

Дайындаңыз: клеенка алжапқышты, резеңке қолғапты, щетканы, шомылғыны тазалайтын заттарды, зарарсыздандыратын ерітіндіні, су термометрін, сабынды және жөкені, сүлгіні, таза іш киімдерді, резеңке кілемшені.


Іс-әрекет алгоритмі:


  1. Клеенка алжапқышты тағыңыз, қолғаптарды киіңіз.

  2. Желдеткішті жабыңыз, себезгі бөлмесінің еденіне резеңке кілемшені төсеңіз, себезгі бөлмесінің еденін щеткамен және тазартатын заттармен мұқият жуыңыз, зарарсыздандыратын ерітіндімен тазартыңыз.

  3. Суды ағызыңыз (t 350-380С)

  4. Науқасқа шешінуге көмектесіңіз және оны шынтақ астынан ұстап себезгі бөлмесінде қойылған табуретке отырғызыңыз.

  5. Егер науқас өз бетінше жуына алмаса, онда сабынды және жөкені қолдана отырып, оны келесі ретпен жуыңыз: –басын–денесін–қолдарын–шат аймағын–бұт аралығын–аяқтарын.

  6. Науқасқа себезгі бөлмесінен шығуға көмектесіңіз, оны тура сол ретпен сүлгімен сүртіңіз.

  7. Науқасқа таза киімдерін кигізіңіз.

  8. Себезгі бөлмесінің еденін щеткамен және тазалайтын заттармен мұқият жуыңыз, зарарсыздандыратын ерітіндімен тазартыңыз.

  9. Қолданылған күтім заттарын зарарсыздандырыңыз.


Гигиеналық бҰлауды (ваннаны) жүргізу
Мақсаты: жеке бас гигиенасын сақтау, аурухана ішілік жұқпаны алдын-ала ескерту.

Қолдану көрсетілімдері: дәрігердің тағайындауы бойынша.

Қарсы көрсетілімдері: кез-келген қан кету, науқастың халі ауыр жағдайы, қызба, жарақаттар, тері аурулары, жедел жұқпалы аурулар, миокард инфаркті, ми қан айналымының жедел бұзылуы.

Дайындаңыз: су термометрін, қайшыны, сүлгіні, жеке сабынды және жөкені, су сабынды, таза іш киімді, резеңке қолғаптарды, клеенка алжапқышты, зарарсыздандыратын ерітіндісі бар ыдысты, аяққа арналған тіректі.
Іс-әрекет алгоритмі:


  1. Науқасқа алда болатын емшара барысын түсіндіріп, оның келісімін алыңыз.

  2. Клеенка алжапқышты тағып, қолғапты киіңіз.

  3. Шомылғыны алдымен салқын сумен, содан кейін оның көлемінің ортасына дейін ыстық сумен толтырыңыз, судың температурасы 350-370С болуы керек.

  4. Науқастың шешінуіне көмектесіңіз.

  5. Науқасты артқы жағынан шынтақ астынан ұстап, аяқтарын тірегішке тіретіп, шомылғыға отырғызыңыз, ал судың деңгейі науқастың төс сүйегінің семсерше өскініне дейін жетіп тұруы керек.

  6. Егер науқас өз бетінше бұлауды ала алмайтын болса, жөкені қолдана отырып, келесі ретпен науқасты жуындырыңыз: басын, денесін, қолдарын, ішін, белін, аяқтарын, шат аймақтарын, бұт аралығын.

  7. Науқастың иығын сүлгімен жабыңыз және оған шомылғыдан шығуға көмектесіңіз (қажет болған жағдайда, көмекті екінші адаммен бірге көрсетіңіз).

  8. Науқасты тура сол ретпен сүртіңіз. Табиғи қатпарлар және саусақ аралықтары терісінің құрғақтығына көзіңізді жеткізіңіз.

  9. Науқастың қолының және аяғының тырнақтарын алыңыз.

  10. Науқасқа шашын тарауға, киімін және аяқ киімдерін киюге көмектесіңіз.

  11. Шомылғыдағы суды ағызыңыз және оны зарарсыздандыратын ерітіндімен тазартыңыз, ағын сумен жуыңыз.

  12. Қолданылған күтім заттарын, шомылғынызарарсыздандырыңыз.

  13. Қолғаптарды шешіңіз, қолыңызды жуып, кептіріңіз.



Ескерту:

  • бұлауды қабылдау уақыты – 25 минуттан артық емес;

  • бұлауды қабылдаған кезде, науқасты бақылаусыз қалдыруға болмайды, міндетті түрде оның сыртқы түрін және пульсін қадағалау қажет;

  • науқастың көңіл күиі нашарлаған жағдайда бұлау қабылдауды тоқтату керек, дәрігерді шақырып науқасқа алғашқы көмек көрсету қажет;

  • желдеткішті жабыңыз, шомылғы алдындағы еденге резеңке төсенішті (ағаштан жасалған тіреуді) салыңыз. Шомылғыны щеткамен мұқият және тазалайтын заттармен жуыңыз, зарарсыздандыратын ерітіндімен тазартыңыз;

  • толаған шомылғыды – су кіндікке жетеді.



Науқасты Фаулер қалпына жатқызу

(жартылай жату және жартылай отыру қалпы аралығындағы жағдай)
Науқасты жатқызу бір мейірбикемен орындалады.

Мақсаты: төсектегі науқасқа жайлы қалыпты жасау.

Қолдану көрсетілімдері: ойылудың даму қауіп-қатері, жеке бас тазалығын қамтамасыз ету қажеттілігі, төсекте дәрет сындыру, төсектегі еңжарлы және еріксіз қалыптағы науқас, науқасты тамақтандыру, тыныс алу және жүрек-қан тамырлар жүйелері аурулары.

Дайындаңыз: жастықтарды, көрпеден жасалған валикті, табанға арналған тіректі, функциональды немесе жәй кереуетті.
Іс-әрекет алгоритмі:


  1. Науқасқа жатқызу мақсаты мен барысын түсіндіріп, оның келісімін алыңыз.

  2. Науқасқа психологиялық жайлы жағдайды қамтамасыз етіңіз (палатаға бөтен адамдарды кіргізбеңіз).

  3. Науқастың жағдайын және айналадағы жағдайды бағалаңыз. Кереуеттің тежеуін (тормозын) бекітіңіз (егерде ол болса).

  4. Қолыңызды гигиеналық деңгейде тазартыңыз. Қолғапты киіңіз.

  5. Мейірбике тұрған қыр жағындағы поручендерді түсіріңіз (егерде ол болса).

  6. Кереуетті көлденең жағдайға келтіріп, науқасты кереуеттің бас жағына қарай жылжытыңыз.

  7. Науқас кереуеттің ортасында арқасымен жатқанына көзіңізді жеткізіңіз, жастықты алыңыз.

  8. Науқастың бас жағын 45-600 бұрышпен көтеріңіз (900 – жоғарғы Фаулер қалпы, 300 – төменгі Фаулер қалпы), немесе 3 жастықты салыңыз: кереуеттегі тік отырған адам Фаулер қалпында болады (жоғарлату қалпы өкпедегі ауа алмасуды жақсартады және науқастың қарым қатынасына ыңғайлы жағдай жасайды).

  9. Білек пен қол ұшы астына жастықты салыңыз (егерде науқас ерікті қолын қозғалта алмаса). Білек пен қолдың білезік буын тұсы көтеріңкіжәне алақандары төмен қаратып орналасқан болуы қажет (төмен қаратып бағытталған қол ауыр қолдын әсерінен болатын иық буынының шығуын алдын алу ескерту, қол мен қол ұшының көк тамырындағы тоқталысты азайту үшін және бүгілетін бұлшық еттердің контрактурасын алдын-ала ескерту). Кереует үстіндегі үстелге жансызданған қолы үшін тірекпен қамтамасыз етіңіз, науқастың қолын тұлғасынан ысырып қойып, шынтақ астына жастықты қойыңыз. Қол ұшын аздап қана жазылдырып, қолдың астына жартылай кесілген резеңке допты салыңыз.

  10. Науқастың белінің астына жастықты салыңыз (бел омыртқаларының бүгілісін азайту үшін және бел омыртқасын ұстауға).

  11. Наукастың санының астына кішкентай көпшікті немесе валикті салыңыз (дене салмағы әсерінен болатын тізе буыны астындағы күре тамырдын қысылуын және тізе буының қатты жазылуын алдын ала ескерту).

  12. Науқастың сирағының төменгі бөлігіне бірнеше қабаттап салынған көрпені (валикті) немесе кішкене жастықты салыңыз (өкшені матраспен ұзақ қыспауын алдын ала ескерту).

  13. Өкше астына кішкентай жастықты немесе валикті салыңыз (өкшеге матрацтың ұзақ қысуын алдын ала ескерту).

  14. Аяқ басын ұстау үшін 900 бұрышпен тіректі қойыңыз (егерде қажет болса). Аяқ басының сыртқы бүгілісін ұстау үшін тірек қойылады, олардың «салбырауын» алдын ала ескерту. Егерде науқаста гемиплегия (дененің бір жақ жартысының салдануы) бар болса, онда оның табанын жұмсақ көпшікпен тіреу қажет. Қатты тірек бұндай науқастардың бұлшық ет күш қуатын көбейтеді.

  15. Науқастың ыңғайлы жатқанына көзіңізді жеткізіңіз. Қырындағы порученді көтеріңіз.

  16. Қолғапты шешіңіз. Қолыңызды жуып, кептіріңіз.




науқасты Симс қалпына жатқызу

(ішіне және қырына жату қалпы аралығындағы жағдай)
Науқасты жатқызу екі мейірбикемен орындалады.

Мақсаты: төсекте жайлы қалып жасау.

Қолдану көрсетілімдері: төсектегі еңжарлы және еріксіз науқас қалпы, ойылудын алдын алуы.

Дайындаңыз: 3 жастықты, валикті, аяққа арналған тіреуді (құмы бар қап), функциональды немесе жәй кереуетті.
Іс-әрекет алгоритмі:


  1. Науқасқа жатқызу мақсаты мен барысын түсіндіріңіз, оның келісімін алыңыз.

  2. Гигиеналық деңгейде қолыңызды тазартыңыз, қолғапты киіңіз.

  3. Науқастың жағдайын және оның жағынан басқа жаққа ауысуына көмектесу мүмкіндігі барлығын бағалаңыз.

  4. Кереуеттін тежеуін (тормызын) бекітіңіз.

  5. Мейірбике тұрған қыр жағындағы порученді түсіріңіз (егерде ол болса).

  6. Кереуеттің бас жағына көлденең қалыпты беріңіз.

  7. Науқасты арқасымен жатқызып кереуеттің шетіне жылжытыңыз.

  8. Қырына және жартылай ішіне жату қалпына науқасты ауыстырыңыз.

  9. Науқастың басының астына жастықты салыңыз (мойынның қырына иілуін алдын ала ескертеді).

  10. Шынтақ және иық буынынан 900 бұрышпен бүгілген «жоғарғы» қолы астына жастықты салыңыз, «төменгі» қолды бүктірмей төсекке салыңыз (науқастың дене биомеханикасын дұрыс сақтау. Науқастың денесін түзету және иықтың ішіне қарай бұрылуын болдырмау).

  11. «Жоғарғы» бүгілген аяқ астына жастықты салыңыз, «төменгі» сирақ санның төменгі үшінші бөлігі деңгейінде болуы керек (тізе буындары және тобық аймақтарындағы ойылудың алдын алу, санның ішке қарай бұрылуын және аяқтың созылуын алдын ала ескерту).

  12. Табанға арналған тіреуді (құмы бар қапты) аяқтың табанына 900 бұрышпен қойыңыз (яқтың сыртқы бүгілуін дұрыс қамтамасыз ету және олардың салбырауын алдын ала ескерту).

  13. Науқастың денесінің түзелуін тексеріңіз.

  14. Науқастың ыңғайлы жатуына көзіңізді жеткізіңіз. Ақ жайманы түзетіңіз.

  15. Поручендерді көтеріңіз.

  16. Қолғапты шешіңіз. Қолыңызды жуып, кептіріңіз.



науқасты ішімен жатқызу