Файл: мейірбике ісі негіздері Пні бойынша мейірбикелік технологиялар стандарттарыны жиынтыы алматы аласы, 2011 мазмНЫ.docx

ВУЗ: Не указан

Категория: Не указан

Дисциплина: Не указана

Добавлен: 11.04.2024

Просмотров: 95

Скачиваний: 0

ВНИМАНИЕ! Если данный файл нарушает Ваши авторские права, то обязательно сообщите нам.



Науқасты ылғалды сүрту
Мақсаты: науқастың жеке бас тазалығын сақтау, тері тазалығын ұстау.

Қолдану көрсетілімдері: науқастың ауыр халі, қатаң төсек тәртіб кезінде.


Дайындаңыз: клеенканы, жаялықты, лотокты, шылапшынды, t-35-370С жылы суды, сүлгіні немесе салфетканы, ауыстыратын іш киімдерді және төсек-орын тыстарын, қолғаптарды, шүберектен тігілген биялайды, лас төсек-орын тыстарына арналған қапты.
Іс-әрекет алгоритмі:


  1. Науқасқа емшара мақсатын түсіндіріп, оның келісімін алыңыз.

  2. Қолыңызды гигиеналық деңгейде тазартыңыз, қолғапты киіңіз.

  3. Науқастың астына клеенканы төсеңіз.

  4. Шылапшынға жылы су құйыңыз.

  5. Науқастың денесінің жоғарғы бөлігін жалаңаштаңыз.

  6. Салфетканы , сүлгінің жарты бөлігін немесе шүберек биялайды жылы сумен ылғалдаңыз, артық суды жеңіл ғана сығыңыз.

  7. Науқастың терісін келесі ізбе-ізділікпен сүртіңіз: бетін, иегін, құлақтарының артын, мойнын, қолдарын, кеудесін, сүт бездерінің асты іркістерін және қолтық асты ойықтарын.

  8. Науқастың денесін сүлгінің құрғақ жағымен осындай ізбе-ізділікпен құрғатып сүртіп, ақжаймамен жабыңыз.

  9. Тура осындай ізбе-ізділікпен арқасын, ішін, сандарын, аяқтарын сүртіңіз.

  10. Қолдың тырнақтарын алыңыз.

  11. Іш киім-кешектерін және төсек ақжаймаларын ауыстырыңыз (қажет болған жағдайда).

  12. Қолғаптарды шешіңіз.

  13. Қолыңызды жуып, кептіріңіз.


Халі ауыр науқастың аяғын төсегінде жуу
Мақсаты: науқастың жеке бас тазалығын сақтау.

Қолдану көрсетілімдері: науқастың халі ауыр жағдайы.

Дайындаңыз: клеенканы, ішінде жылы суы бар шылапшынды, сабынды, жөкені, сүлгіні, қайшыны, қолғаптарды.
Іс-әрекет алгоритмі:


  1. Науқаспен өзара жылы жүзді, сенімділік қарым- қатынасын орнатыңыз.

  2. Қолыңызды гигиеналық деңгейде жуып, кептіріңіз. Қолғаптарды киіңіз.

  3. Матрацтың аяқ жағын науқастың беліне дейін домалатып, дөңгелетіп ораңыз.

  4. Клеенканы кереуеттің торына төсеңіз, оның үстіне ішінде жылы суы бар шылапшынды қойыңыз, науқастың бөкселері валиктің үстінде болуы керек.

  5. Науқастан аяқтарын тізесінен бүгуін өтініңіз.

  6. Көрпесін қайырып тастап, науқастың аяқтарын шылапшынға түсіріңіз.

  7. Науқастың аяқтарын шылапшынның ішіндегі жеке бас жөке және сабын көмегімен жуыңыз, оларды таза сумен шайыңыз.

  8. Сүлгімен аяқтарын құрғатыңыз.

  9. Тырнақтарын алып тастаңыз.

  10. Егер терісі былжыраған немесе жарылған болса, кез-келген аяққа арналған жұмсартқыш сықпа маймен (креммен) өкшелерін майлаңыз.

  11. Жөке мен қайшыны зарарсыздандыратын ерітіндісі бар ыдысқа салыңыз.

  12. Науқасты көрпесімен жауып қойыңыз.

  13. Қолғапты шешіңіз. Қолыңызды жуып, кептіріңіз.



Қолдағы тырнақты қиып алу
Мақсаты: қолдағы тырнақты алу.

Қолдану көрсетілімдері: науқастың жеке бас тазалығын сақтау.

Дайындаңыз: ішінде жылы суы бар ыдысты, сабынды (сұйық), резеңке қолғаптарды, қолға арналған кремді, қайшыны, тістеуікті, егеуішті, лотокты, сүлгіні, ішінде зарарсыздандыру ерітіндісі бар ыдысты.
Іс-әрекет алгоритмі:


  1. Науқасқа алда тұрған емшараның қажеттілігі мен барысын түсіндіріңіз.

  2. Азғана сұйық сабын қосқан жылы суы бар ыдысты науқастың алдына қойыңыз.

  3. Науқастың қолынын саусақтарын 5 минутқа жылы сабынды суы бар ыдысқа салыңыз.

  4. Гигиеналық деңгейде қолыңызды тазартыңыз. Қолғапты киіңіз.

  5. Науқастың қолын сабынмен жуыңыз.

  6. Судан V саусақты шығарып алып, оны сүртіңіз және тырнақты тегіс сыртқы периметрі бойынша теріден 1-2 мм (0,5 см) қалдырып тиянақты алыңыз.

  7. Судан кезекпен саусақтарды шығарып, оларды сүлгімен сүртіп, тырнақты тиянақты алыңыз. Ал суда бір саусақ қалғанда, екінші қолдың саусақтарын салыңыз. Екінші қолдың саусақтарымен емшараны жүргізіңіз.

  8. Тырнақтарды егеуішпен және тістекуікпен өндеңіз.

  9. Науқастың қолына кремді жағыңыз.

  10. Пайдаланған құралдарды зарарсыздандыру ерітіндісі бар ыдысқа, ал сүлгіні киімге арналған қапқа салыңыз.

  11. Қолыңызды жуып, сүлгімен кептіріңіз.


Аяқтағы тырнақты қиып алу
Мақсаты: аяқтағы тырнақты алу.

Қолдану көрсетілімдері: науқастың жеке бас тазалығын сақтау.

Дайындаңыз: ішінде жылы суы бар ыдысты, сабынды (сұйық), резеңке қолғаптарды, қайшыны, тістеуікті, егеуішті, аяққа арналған кремді, лотокты, сүлгіні, ішінде зарарсыздандыру ерітіндісі бар ыдысты.
Іс-әрекет алгоритмі:


  1. Науқасқа алда болытын емшараның барысын түсіндіріңіз.

  2. Қолыңызды гигиеналық деңгейде тазартыңыз, қолғапты киіңіз.

  3. Науқасты отырғызыңыз немесе оны кушеткаға жатқызыңыз.

  4. Азғана сұйық сабын қосқан жылы суы бар шылапшынға науқастың аяқ басын салыңыз.

  5. Науқастың аяқ басын судан кезекпен шығарып алыңыз. Оны сүртіп, сүлгіге орналастырып, аяғындағы тырнағын арнайы тістекуікпен немесе қайшымен тиянақты қиып алыңыз.

  6. Тырнақтарды егеуішпен және тістеуікпен өндеңіз.

  7. Науқастың аяқ басына және табанына крем жағыңыз.

  8. Қайшыны, тістеуікті, егеуішті зарарсыздандыру ерітіндісі бар ыдысқа салыңыз, ал сүлгіні – киімге арналған қапқа салыңыз.

  9. Қолыңызды жуып, сүлгімен кептіріңіз.



Науқасты қырындыру
Мақсаты: науқастың жеке бас тазалығын сақтау.

Қолдану көрсетілімдері: қалі ауыр жағдайдағы науқас.

Қарсы көрсетілімдері: беттің жарақаты.

Дайындаңыз: суға арналған ыдысты, компресс жасауға арналған салфетканы, сүлгіні, қырынуға арналған станокты, жаққышты, қауіпсіз ұстараны, қырынуға арналған сықпаны, зарарсыздандыру ерітіндісі бар ыдысты, қолғаптарды, қауіпсіз жоюға арналған контейнерді.
Іс-әрекет алгоритмі:


  1. Қолыңызды гигиеналық деңгейде тазартыңыз. Қолғаптарды киіңіз.

  2. Науқасқа Фаулер қалпын беріңіз.

  3. Үлкен салфетканы ыстық суға салып (400-500С) ылғалдатып, сығып оны науқастың бетіне 1 минутқа қойыңыз, сосын оны алыңыз.

  4. Науқастың бет терісіне қырынуға арналған сықпаны арнайы жаққыш көмегімен жағыңыз.

  5. Терісін тартыңқырап ұстараның бағытынан кері бағытқа жылжытып, науқасты қырындырыңыз.

  6. Науқастың бетін ылғалды салфеткамен сүртіңіз, сосын құп-құрғақ қылып құрғатыңыз.

  7. Қырындырған заттарды зарарсыздандыру ерітіндісіне салыңыз, қолғапты және салфеткаларды ҚЖАК салыңыз.

  8. Қолыңызды жуып, кептіріңіз.


ҚОЛТЫҚ ОЙЫҒЫНДАҒЫ ШАШТЫ ҚЫРУ
Мақсаты: қолтық асты ойығындағы шашты қыру, жеке бас тазалығын сақтау.

Қолдану көрсетілімдері: операциялар жасар алдында.

Дайындаңыз: жаққышты, сұйық сабынды, қыруға арналған станокты, жеке ұстараны, қолғаптарды, сүрткілерді, суды.
Іс-әрекет алгоритмі:


  1. Науқасқа емшара барысын түсіндіріп, оның келісімін алыңыз.

  2. Қолыңызды гигиеналық деңгейде жуыңыз, қолғапты киіңіз.

  3. Науқастан қолдарын алма-кезекпен көтеруін өтініңіз.

  4. Жаққыштың көмегімен сұйық сабынды қолтық асты ойығына жағыңыз.

  5. Қолтық асты ойығындағы шашты қыруға арналған станоктың көмегімен абайлап, шаштын өсу бағытына қарай қырыңыз.

  6. Қолтық асты ойығы аймағындағы теріні жылы сумен жуыңыз.

  7. Теріні сүлгімен құп-құрғақ қылып сүртіңіз.

  8. Қолғаптарды шешіңіз.

  9. Қолыңызды жуып, кептіріңіз.


ҚАСАҒАДАҒЫ ШАШТЫ ҚЫРУ
Мақсаты: науқастың жеке бас тазалығын сақтау, қасағадағы шашты қыру.

Қолдану көрсетілімдері: операция жасау алдында.

Дайындаңыз: жаққышты, сұйық сабынды, қыруға арналған станокты, жеке ұстараны, қолғаптарды, сүрткілерді, суды, Эсмарх крушкасын, судноны.


Іс-әрекет алгоритмі:


  1. Науқасқа емшара барысын түсіндіріп, оның келісімін алыңыз.

  2. Қолыңызды гигиеналық деңгейде жуыңыз, қолғапты киіңіз.

  3. Науқасқа судноны беріңіз.

  4. Жаққыштың көмегімен сұйық сабынды қасаға аймағына жағыңыз.

  5. Қасаға аймағындағы шашты қыруға арналған станоктың көмегімен абайлап, шаштын өсу бағытына қарай қырыңыз.

  6. Науқастың астын жуыңыз.

  7. Қасаға аймағының терісін сүрткілермен құрғатыңыз.

  8. Судноны жинап алыңыз.

  9. Қолғаптарды шешіңіз. Қолыңызды жуып, кептіріңіз.


әйелдердің жыныс мүшесін жуу
Мақсаты: жыныс мүше аймағын тазалықта ұстау, науқастың жеке бас тазалығын сақтау, зәр бөліп шығару жолдарының төменнен жоғары көтерілетін жұқпалы ауруларының алдын-алу.

Қолдану көрсетілімдері: науқастың ауыр халі.

Дайындаңыз: ішінде жылы (t-37-380С) әлсіз калий перманганат ерітіндісін 1: 5000 фурациллин ерітіндісін немесе суы бар құмыраны немесе Эсмарх крушкасын, корнцангті, залалсыздандырылған сүрткілерді, клеенканы, зәр қабылдағышты (судноны), қолғаптарды, зарарсыздандыратын ерітіндісі бар ыдысты , қауіпсіз жоюға арналған контейнерді.
Іс-әрекет алгоритмі:

  1. Науқасқа емшара мақсатын және барысын түсіндіріңіз, оның келісімін алыңыз.

  2. Науқас әйелді кермемен оңашалаңыз.

  3. Науқас әйелдің жамбасының астына клеенканы, жаялықты төсеңіз, оның сегізкөзінің астындағы клеенканың үстіне зәр қабылдағышты қойыңыз.

  4. Науқасқа шалқаснан жатуға көмектесіңіз, аяқтары тізесінен бүгіліп, азғана жан-жаққа ажыратылған болуы керек.

  5. Ішінде жылы суы (антисептикалық ерітіндісі) бар құмыраны немесе Эсмарх крушкасын дайындаңыз.

  6. Қолыңызды антисептикпен тазарту. Халаттың үстіне клеенкалы алжапқышты және қолыңызға қолғаптарды киіңіз.

  7. Науқас әйелдің оң жағында тұрып, құмыраның немесе Эсмарх крушкасінің ұштығын сол қолыңызға ұстап, ал оң қолыңызға дәке салфекткасы қыстырылған корнцангті ұстап, антисептикалық ерітіндіні немесе жылы суды сыртқы жыныс мүшелеріне құйыңыз, ал салфекткамен жоғарыдан төмен қарай ( қасағадан аналь тесігіне қарай) қимыл жасап, сүртіңіз. Сыртқы жыныс мүшелерін келесідегідей ізбе-ізділікпен жуыңыз: қасаға аймағы, үлкен жыныс еріндері, кішкене жыныс еріндері, бұтаралығы және аналь тесігі аймағы, әрбір жоғарыдан төмен түскен қимылдардан кейін сүрткілерді ауыстырып отырыңыз.

  8. Құрғақ сүрткімен жыныс мүшелерін және бұтаралықтың терісін тура жоғарыдағыдай ізбе-ізділікпен құрғатып сүртіңіз.

  9. Базданудың алдын-алу үшін сүрткіге салынған вазелин майын немесе басқа заттарды шат іркестеріне және аналь тесігі аймағына жағыңыз.

  10. Қолданылған сүрткілерді, корнцангты ішінде зарарсыздандыратын ерітіндісі бар ыдысқа салыңыз.

  11. Судноны және клеенканы жинап алыңыз, қолғаптарды шешіңіз, зарарсыздандырыңыз. Науқасты көрпемен жауып қойыңыз.

  12. қолданылған құралдарды зарарсыздандыру .№ 533 бұйрық бойынша утилизациялау .

  13. Қолғапты шешіңіз. Қолыңызды жуып, кептіріңіз.