ВУЗ: Не указан
Категория: Не указан
Дисциплина: Не указана
Добавлен: 11.04.2024
Просмотров: 9
Скачиваний: 0
ВНИМАНИЕ! Если данный файл нарушает Ваши авторские права, то обязательно сообщите нам.
| Бөлім: | Тіршілік қауіпсіздігі | |||||
| Педагогтің Т.А.Ә | Алиметов С.А | |||||
| Күні: | 23.12.2022 | |||||
| Сынып:7 | Қатысушылар саны: Қатыспағандар саны: | |||||
| Сабақтың тақырыбы | Мен не жеймін? Азық-түлік қауіпсіздігі | |||||
| Сабақтың мақсаты | Азық – түлікті тоңазытқышта сақтау туралы түсініктерін кеңейту, тоңазытқышта дұрыс сақтау жолдарын үйрету, әлеуметтік ортада бейімдеу | |||||
Сабақтың кезеңі/ уақыт | Педагогтің әрекеті | Оқушының әрекеті | Бағалау | Ресурстар | | ||
Сабақтың басы | Қызығушылықты ояту Суреттер бойынша тақырыпқа шығу 1.Суреттерде не көріп отырсыздар? 2.Не ерекше болды? 3.Тақырыпты болжап көріңіз.... Болжамдарын негіздейді Оқушыларды сабақтың тақырыбы және мақсатымен таныстыру | Оқушы өз ойларын ортаға салады. Оқушы жауаптары арқылы жаңа тақырыпқа көшу Оқушы өз болжамдарын айтып, талқылау жүргізеді | | | | ||
Сабақтың ортасы | Мағынаны тану Біздің денсаулығымыз мықты болуы үшін күнде не істеу керек ? - Сол тағамдарымыз үй температурасында да бұзылып кетіп жатады, ал азық – түлігіміз бұзылмас үшін не істеу керек ? Жазда үйдегі азық-түліктердің бұзылу мүмкіндігі өседі. Сондықтан ыстық маусымда олардың дұрыс сақталуына мұқият болу керек. Мысал үшін осындай кезде тоңазытқышыңыз бұзылып не дұрыс істемей қалса, азық-түлік құртылмауы үшін не істеуге болады? - Тоңазытқыш болмаған кезде бұрынғы біздің ата-бабамыз азық – түлікті қалай сақтаған, қанекей кім жауап береді ? Етті тоңазытқышсыз-ақ сақтауға болады. Оны қағаз сулықтармен құрғатып сүртіп, бетіне сиыр не қойдың майын жағыңыз. Етті пергамент қағазына орап, салқын жерге іліп қойыңыз. Басқа тәсілді де қолдануға болады. Етті бірнеше секундқа қайнап тұрған суға салыңыз. Осылайша оның бетінде қабық пайда болады. Артынан етті кептіріп, қалың жіппен орап, жақсы желдетілетін жерде сақтаңыз. Тамаққа қолданғанның алдында еттің қабығын алып, әдеттегідей қуырыңыз не пісіріңіз. Етті сақтаудың басқа тәсілдері де бар: етті сірке суына малынған матаға орау, немесе қатты тұздалған суға салу. Қандай әдісті қолдансаңыз да, бірінші етті тазалап жууды ұмытпау керек. Әрине бұл тәсілдердің ешқайсысы да етті өте ұзаққа сақтауға мүмкіндік бермейді. Қауіпсіздік ережелері . Азық - түлікті және дайын тамақты сақтауға қойылатын талаптар 1. Азық - түлік пен дайын тамақты жабық ыдысқа салады, мерзімінен артық сақтауға болмайды. 2. Тез бұзылатын азық - түлікті тоңазытқышта сақтайды. 3. Сақтау мерзімі өтіп кеткен, ескірген азық - түлікті тамаққа пайдалануға болмайды. Бұдан адам уланып қалуы мүмкін. | Оқушы ақпараттық мәтінмен жұмыс жасайды Оқушы өз жұмыстары-ның қорытындыларын сынып алдында қорғайды. Оқушы бір-біріне қосымша сұрақтар, қойып, бір-бірін толықтырады | | | | ||
Сабақ тың соңы | Сабақты қорытындылау Кері байланыс 1 - баспалдағы Мен.............. БІЛЕМІН 2 - баспалдағы Мен.................. ТҮСІНЕМІН, Үйге тапсырма Азық-түлік қауіпсіздігі | Тақырып бойынша не білетінін, не білгісі келетінін, не білгенін жазады | Оқушылар бағалай критерийлерімен өз деңгейлерін бағалайды | А4, конспект | |