ВУЗ: Не указан
Категория: Не указан
Дисциплина: Не указана
Добавлен: 12.04.2024
Просмотров: 18
Скачиваний: 0
ВНИМАНИЕ! Если данный файл нарушает Ваши авторские права, то обязательно сообщите нам.
Семенович Анна Владимировна. Нейропсихологическая диагностика и коррекция в детском возрасте. – М., 2002
3 Тарау. НЕЙРОПСИХОЛОГИЯЛЫҚ ЗЕРТТЕУ ӘДІСТЕРІ
§ 1. Қозғалыс функциялары
Кинестетикалық праксис
1. А) Көру үлгісі бойынша праксис кейпі. И.: «Мен секілді істе».
Балаға дәйекті түрде төменде көрсетілген саусақ кейіптері беріледі (сур. 2), оны ол көрсету керек. Екі қол кезектесіп зерттеледі. Бала әр кейіпті орындаған соң қолын үстелге еркін қояды.
Сур. 2
Б) Кинестетикалық үлгі бойынша кейіптер праксисі. И.: «Көзіңді жап. Саусақтарыңды саған қалай қиыстырғанымды сезесің бе?» Содан соң бала қолы «жазылады» және оған тапсырылған кейіпті көрсетуге өтінеді. Кейіп үлгілері мен шарттары А пунктінде секілді.
2. Кинестетикалық үлгі бойынша кейіпті ауыстыру. И.: «Закрой глаза. Саусақтарыңды саған қалай қиыстырғанымды сезесің бе? Дәл осылай екінші қолына жасашы». Кейіп үлгілері мен шарттары сол қалпы.
Кейіптерді ауыстыру алдымен жетекші қолдан іске асырылады (оңақайларда
— оңнан солға), одан кейін керісінше (сол қолдан оң қолға).
3. Ауыз праксисі. И.: «Мен секілді жаса». Тәжірибе жасаушы түрде келесі әрекеттерді орындайды: күлу, ерінді түтікше секілді тарту; тілді тура шығару керек, мұрынға көтеру керек, тәжірибе жасаушы онымен ерін бойымен айналдырады; ұртын толтырады; қабағын түйеді, қасын көтереді және т.б.
Әр қозғалыс баламен көрсетіледі.
Нұсқа ретінде бұл тестті нұсқаулықпен орындауға болады, мысалы: «Қабағынды түй» немесе «тілді мұрынға дейін жеткіз». Бірақ, бұл жағдайда балада түсінбеу әсерінен пайда болатын екіншілік қателіктерді саралау керек және т.б.
Кинетикалық (динамикалық) праксис
1. «Жұдырық — қабырға — алақан». И.: «Мен секілді жаса». Ары қарай тізбектелген қозғалыс қатары орындалады (сур. 3); кейіп қана өзгереді, қолдың өзі орналасқан жерін өзгертпейді.
Сур.3
Тапсырманы баламен бірге баяу және үнсіз екі рет істейсіз, содан соң оған тезірек қарқында өзі істеуді ұсынасыз. Содан кейін дәл осылай бекітілген тілмен және жабық көздермен. Кезектесіп екі қол зерттеледі. Қажетінше балаға сол қозғалыстарды қайта ұсынуға болады, бірақ өзгертілген ретте, мысалы, «қабырға - алақан - жұдырық».
2. Графикалық сынақ
«Қаша».
Сіз балаға үлгі саласыз:
И.: «Қарындашты қағаздан алмай, өрнекті жалғастыр». 1 пункте секілді шарттар.
3. И.: «Жаз: Мишаның машинасы; Мишада бүршік; тыныштықты тыңдаңдар».
4. Қолдардың реципрокті координациясы.
Сур.4
И.: «Қолдарыңды үстелге қой (сур. 4). Мен секілді жаса». Тапсырманы бірнеше рет баламен бірге жасайсыз, содан соң өзіне істеуді ұсынасыз. 1 пункте секілді шарттар қалады.
5. Ауыз кинетикалық праксис. И.: «Мен секілді жаса».
Тәжірибе жасаушы, мысалы: 1) тілмен бірнеше рет шертеді, 2) екі рет ысқырады және тілмен шертеді; қабағын түйеді және күледі; 3) тілмен ауыздың сол, одан кейін оң бұрышына тигізеді, содан соң бетін/ұртын толтырады.
Бұл тесттің нұсқасы болып сөйлеу нұсқаулығы бойынша ұқсас әрекеттерді орындау саналады.
Кеңістік праксисі
1. Хэд сынағы. Тәжірибе жасаушы мен бала бір-біріне қарсы отырады. И.: «Мен оң қолмен жасаған нәрсені сен өзіңнің оң қолыңмен (тигізеді) жасайсың, сол қолмен жасаған нәрсені, сен сол қолмен (тигізеді) жасайсың».
Алдымен 5-суретте кескінделген бір қолдық, содан соң екі қолдық сынауларды орындау ұсынылады.
Сур.5 Әр сынақты орындағаннан кейін еркін кейіп қабылданады.
§ 2. Жанасу және соматогностикалық функциялар
1. Жанасуды шектеу.
A. И.: «Көзіңді жап. Мен тигізген жерді көрсет». Бала денесінің қандай да бір жеріне жанасу арқылы, сіз қай жерге тигізгеніңізді көрсетіуді сұрайсыз. Берілген жағдайда жанасуды шектеу нақтылығын бағалау және тапсырманы дененің әртүрлі бөліктері мен әр жағынан орындау сәттілігін салыстыру аса маңызды.
Б. И.: «Көзіңді жап. Қолдарыңды үстелге қой (алақанмен төмен)». Ары қарай А пунктісі.
B, Тойбер сынағы.
Алдындағы сынақтарды өткізу аясында сіз бала денесінің біруақытта екі жеріне бірнеше рет жанасасыз (мысалы, екі қолынан) және одан қай жерге тигізгеңізді көрсетуін сұрайсыз. Берілген жағдайда екі жанасуды ескеру маңызды, себебі сынақ жанасу ортада елемеушілік феноменін шығаруға бағытталған.
2. Ферстер сынағы. И.: «Мен сенің қолына не салдым/жаздым?» Тәжірибе жасаушы баланың оң, содан соң сол қолына саусақпен (таяқпен) фигура (үшбұрыш, крестик, дөңгелек) немесе сандарды салады және салынған нәрсенің атын атауды сұрайды.
Міндетті шарт болып бала есіне салынатын белгілерді бекіту саналады.
3. Жанасуды шектеу проекциясы. И.: «Көзіңді жап. Мен саған қолымды тигіземін, ал сен сол орынды «адамда» көрсетесің». («Альбом», с. 34).
Алдыңғы тапсырмада секілді сіз баланың бірнеше дене бөліктеріне жанасасыз да, одан альбомда салынған адам моделіне тигізген нүктелерді көрсетуді сұрайсыз.
4. Дене бөліктерін атау. И.: «Мен қол тигізген дене бөліктерін ата». Сіз бала денесінің әртүрлі бөлігіне жаңасасыз және оны тигізген жерлерді көрсетуін сұрайсыз. Берілген зерттеу бөлігі соматогнозисті ғана емес, дене сұлбасының атаулы деңгейін бағалауға да бағытталған.
Сонымен қатар қажетінше соматосенсорлы және жанасу әсерлерінің әртүрлі түрлерін зерттеуге болады: фигуралар ғана емес, сызу бойынша қиын әріптерді де, сандарды да (мысалы, 7); заттар, форма, шама, объектілер фактураларының жанасу әсерлері және т.б.
5. Сеген сынағы. «Сеген тақтасы» атты ең әйгілі тесті модифицирленген нұсқада қолданылады, ол 4 этаптан трады: 1) тест бос режимде орындалады; 2) фигураларды сипалау, ұяны іздеу және ұяға фигураларды тек бір қолмен (оң немесе сол) салу; 3) сол қол фигураны «таниды», оң қол тақтада сәйкес ұяны табады, сол – фигураны уяға салады; 4) оң қол фигуралармен күрделі қимылдар жасайды, сол – тақтада ұялармен. Барлық сынақ жабық көздермен жасалынады, әр субтестті орындау уақыттары, сондай-ақ, тапсырманы орындау кезінде бала стратегиясы бекітіліп отырады. Сеген әдістемесін қолданудың мұндай нұсқасы мамандану сипаты мен стереогностикалық әрекет аясында ми жартышарының өзара әсерлесу сипатын саралап, толықтай және жеткілікті түрде бағалауға мүмкіндік береді.
§ 3. Көру гнозисі
1. Заттай, шынайы кескіндерді қабылдау.
Бала алдында ашылады «Альбомның» 1-ші беті. И.: «Мұнда не салынған?» Мұнда балада ұғыну векторының инверсиясына үрдісі бар ма екенін ескеру керек (көздермен оңға солға не/немесе төмен жоғары қадағалау керек)