ВУЗ: Не указан
Категория: Не указан
Дисциплина: Не указана
Добавлен: 12.04.2024
Просмотров: 17
Скачиваний: 0
ВНИМАНИЕ! Если данный файл нарушает Ваши авторские права, то обязательно сообщите нам.
2. Ритмдерді қабылдау. И.: «Мен неше рет тарсылдаттым?» (2, 3, 4 қысқа не/немесе ұзақ соққылар). И.: «Мен неше реттен тарсылдаттым?» (2, 3 соққыдан). И.: «Қанша қатты және қанша әлсіз соққыларды жасаймын?»
3. Ритмдерді ойнату. И.: «Мен секілді тарсылдатшы».
Алдымен бір қолмен, содан соң келесі қолмен алдыңғы екі пунктте берілген үлгі бойынша орындалады. Берілген жағдайда берілген бағдарламамен қандай да бір қолмен кинетикалық іске асыруда бала қиындықтарынан есту гнозисінің жетіспеушілігін талдау керек.
§ 6. Есте сақтау
Естіп сөйлеу есі
Естіп сөйлеу есін зерттеу үшін эталондар 44 б. («3 сөзден және «6 сөзден»2 топтар) және 47 — 49 б. берілген («ұзақ пен көгершіндер» және т.б). Тәжірибе жасаушы жинақтың бірін қолдануы тиіс, ал келесілерді мысалы, баланы динамикада бақылау үшін қолдану керек.
1. «3 сөз бойынша 2 топтар». (Тест екі бәсекелесетін топтарды есте сақтауға, яғни, гомогенді интерференциялардың әсерін зерттеуге арналған). И.: «Менің артымнан қайтала: үй, орман, мысық».Бала қайталадйы. «Тағы да қайталашы: түн, ине,бәліш».Бала қайталайды.
Одан кейін Тәжірибе жасаушы сұрайды: «Бірінші топта қандай сөздер болды?». Бала жауап береді. «Екінші топта қандай сөздер болды
?» Бала жауап береді. Егер бала сөздерді топтар бойынша бөле алмаса, оңайырақ сұрақ қойылады: «Жалпы қандай сөздер болды?»
Тапсырманы толық орындамау кезінде ол 4 ретке дейін естіледі.
Одан кейін гетерогенді интерференция (3 — 5 мин) өткізіледі. Мысалы, 1-ден 10-ға дейін санау және керісінше, алу, қосу; 10 жастан үлкен балаға — «100 — 7» -ге дейін санау және т.б. Болған соң, баладан бірінші топ пен екінші топта айтылған сөздерді қайталауды сұрайды.
Нормативті болып үшінші ретті толық қайталау саналады. Естіп сөйлеу есінің беріктілігі сөздерді кешіктірілген қайталауда нормативті саналады, егер 2 қателік жасалса (мысалы, 2 сөз ұмытылды, не дыбысталуы немесе мәні бойынша жақын 1—2 сөздер айтылды, сөздер орны топтар бойынша шатастырылды).
2. «6 сөз».
И.: «Мен саған бірнеше сөздер айтамын, ал сен оларды сол ретте есте сақтауға тырыс. Тыңда: балық, таңба, отын, қол, түтін, кесек».Бала қайталайды.
Сәтсіз қайталауда тест 4 ретке дейін қайталанады.
Содан соң гетерогенді интерференция (3 — 5 мин). Ол ретінде көбейту кестесін, Шульт кестесінде (29 б) сандар мен цифрлер қатарын табуды немесе 30-дан 1-ге, 2-ге және т.б. алма-кезек азайтуды алуға болады.
Ары қарай Тәжірибе жасаушы көрсетпей сұрайды: «Қандай сөздерді еске сақтадық?» Бала жауап береді.
Берілген тестті орындаудың нормативті эффективтілігі 1 пункте секілді, бірақ, міндетті түрде эталонды сөздер ретін сақтау шарты қосылады.
3. «Әңгіме» (47 — 49 б). И.: «Мен саған қысқа әңгіме айтамын, ал сен оны нақтырақ мазмұндап беруге тырыс». Тәжірибе жасаушы «Альбомдағы» әңгімелерді айтады. Бала қайталайды. Толық емес мазмұндау кезінде бала есінің пассивті және активті есте сақтау қабілетін бағалау үшін тағы да сұрақтар қойылады.
4. Пиктограмма (44 б).
Көріп есте сақтау
Көріп есте сақтауды зерттеу үшін эталондар 35 б. («6 фигуралар») және 16 б («Жаз») келтірілген. Бет әлпет және көңіл-күй гнозисін зерттеу үшін «Альбомдағы» материалдарды да қолдануға болатыны белгілі.
1. «6 фигуралар» (35 б). Бір қатар қолданылатыны белгілі, қалғандары – динамикалық бақылау үшін (ретест).
А. Бала алдына 10-15 б. 6 фигурадан тұратын жинақ беріледі. И.: «Мына фигураларға зер салып қара, және оларды нақтырақ есте сақтауға тырыс».
Содан соң эталон қатары алынып тасталады, бала есіне қалғанын суретке салады. Жеткіліксіз жағдайда эталон тағы бір рет көрсетіледі. Одан соң эталон да, бала бірініш рет салғаны да жабылады; барлық қатар қайтадан салынады. Қажетінше бұл әдіс 4 рет қайталанады. Нормативті болып барлық қатарды үшінші рет нақты суреттеу саналады.
Көру мәліметін сақтау төзімділігі эталон қосымша берілмей 20-25 минуттан кейін (басқа тапсырмалармен толтырылған) зерттеледі. И.: «Есіңде ме екеуіміз фигураларды есімізге сақтап едік? Оларды тағы да салшы».
Нормативті болып мұнда 2 қателік саналады (екі фигураны ұмыту, олардың қате суреттелуі, ретті жою).
Б. Балаға сақталу үшін сол нұсқадағы 6 фигурадан тұратын қатар беріледі; ол оларды басқа қолмен жүзеге асыру керек.
Одан кейін 20-25 мин А пунктінде секілді оларды есте сақтау беріктілігі зерттеледі.
Тесттің бұл нұсқасы көруді есте сақтау аясында жартышар аралық айырмашылықты салыстыруға мүмкіндік береді.
2. «6 әріптер».
Тесттің нұсқаулығы мен өткізу шарты 1 А, Б пунктінде секілді. Әріптерді есте сақтауды зерттеу үшін эталондар (төменде келтірілген нұсқалардың 1-еуі қолданылады):
1) ЕИРКГУ; 2) ДЯВСРЛ; 3) НЮБКИЬ; 4) ОУЗТЩЧ.
3. «Жаз» сюжеттік суреті
(16 б).
Бала алдына 20 б. «Жаз» суреті қойылады. И.: «Суретті зер салып қара және фотаға түсіріп алғандай есіне сақтауға тырыс».
Олан кейін эталон алынады және балаға сұрақта қойылады:
Суретте қай жыл мезгілі? Мұнда неше адам?
Мұнда не болып жатыр? (Төменгі сол жақтағы бұрыш көрсетіледі, онда тоған салынған)
Тоған және жанында не жатыр?
Суретте тағы қандай жануарлар мен өсімдіктер бар?
Қайсы немен айналысып жатыр?
Суретте қоян мен ұясы бар құс қайда орналасқан? (Таза қағаз бетіне крест белгісімен белгіленеді)
Мәнділігі бойынша ұйымдастырылған көру мәліметін сақтау беріктілігі 20-25 минуттан кейін зерттеледі. Бала алдына таза бет қойылады. И.: «Есіңде ме, біз үлкен суретті еске сақтағанбыз? Оны маған салшы; жүйелі түрде, жай ғана крест белгісін қоюға болады немесе қандай да бір фигура не фрагментті кескіндеуге болады».
§ 7. Сөйлеу функциялары
1. Автоматты сөйлеу.
Балаға апта күндерін, айларды, жыл мерзімдерін (үлкенірек жаста – кері ретте) тізіп беруді сұрайды; 1-ден 10-ға дейін және кері санауды; өз мекен-жайын, анасы, апасы есімін және т.б. атауды сұрайды.
2. Фонематикалық есту. И.: «Менің артымнан қайтала:
б-п, д-т, з-с и т.п.; ба-па, ра-ла, да-та-да; ба-бу-бо;
қыз – нүкте, бөшке- бүршік, ешкі- бұрым (дочка —точка, бочка —почка, коза —коса);
жаңылтпаштар...»
Бала Тәжірибе жасаушы артынан қайталайды.
Балаға «Альбомдағы» 2-3 б.көрсетуді өтініңіз: «доп-кылыш», «сүйек-бір шоқ-шеге», «егеуқұйрық-шатыр» («мяч —меч», «кость-гроздь—гвоздь», «крыса —крыша»); дене бөліктері: «қас», «құлақ —ауыз», «иық-шынтақ—көз» және т.б.
Берілген және келесі сөйлеу қызметінің буындары туралы қосымша мәліметті бала сөзінен, есіндегі іздерінен (литеральді парафизиясынан, қате екпінінен, жаңа түзуден және т.б.), жазу мен оқудан алуға болады.
3. Сөйлеу артикуляциясы мен кинетикасы. И.: «Артымнан қайтала:
б-м, д-л-н, г-к-х;
тпру; піл-үстел-ыңырсу (слон —стол —стон), би-ба-бо, бо-би-ба;
үй-том, қыртыс-тау, қылыш-пеш (дом—том, кора —гора, меч —печь);
ожау-полковник, полковник-табынушы, айран сарысуы, тігінші тігіс тігіп жатыр