ВУЗ: Не указан

Категория: Не указан

Дисциплина: Не указана

Добавлен: 12.04.2024

Просмотров: 20

Скачиваний: 0

ВНИМАНИЕ! Если данный файл нарушает Ваши авторские права, то обязательно сообщите нам.
. Ары қарай 2-3 беттер (айналып) ашылады, және балаға Тәжірибе жасаушы көрсеткен альбомның әртүрлі орындарында орналасқан екі (сосын үш) кескінді сол ретте атау керек.

2. Сызып тасталған кескіндер (4 5 б.). И.: 1 пунктте секілді.

3. Поппельрейтер фигуралары (салынған кескіндер). 6 7 б. И.: сол қалпы.

4. Аяқталмаған кескіндер (8 б). И.: сол қалпы.

5. Қиялды кескіндер (911 б). И.: сол қалпы. Егер бала бірден! «алдауды» көрмесе, сұрақ қою керек: «Барлығы осы ма? Барлығы дұрыс салынған ба?». 3

6. Дара гнозис (12 б). И.: «Мұнда кім салынған?» Тізіп айтып болған соң Тәжірибе жасаушы одан да қиын сұрақ қояды: «Бұл адамдар немен ерекшеленеді (көрсету) ?»; балаға жас, киім, алынған шаштары және т.б айырмашылығын көрсетуді сұрайды.

Қосымша мәліметті «Альбомдағы» сюжеттік ұғымдар береді, онда жынысты, жасты, көңіл-күй жағдайды тану керек.

7. Эмоционалды гнозис (13 15 б). И.: «Мұнда кім салынған және әр кейіпкердің көңіл-күйі (не сезіп тұр) қалай?»; содан соң келесі нақтылайтын сұрақтар: «Осылардың ішінен кім көңілдірек? Кім ішінен қатты таң қалып тұр? Кім ең ашулы?» және т.б.

8. Түрлі-түсті гнозис. И.: «Бұл қандай түс? Қызыл қарындашпен жаз (сарымен, көкпен)».

9. Сюжетті картиналар
«Жаз», «Ойық», «Терезе» (16 18 б.), сериялы Н.Радлов пен Х. Бидструп бойынша (19 26 б.). И.: «Мұнда не болды?» Сериялық суреттерді таңдау бала жасына міндетті түрде сәйкес болу керек.


§ 4. Кеңістіктік түсінік1

Пространственный гнозис

1. «Айналы әріптер» сынағы (27 б.). И.: «Қай әріптер дұрыс жазылғанын көрсет». Қиынырақ нұсқа болып буындар мен сөздердегі «дұрыс емес» сандар мен әріптерді табу саналады (28 б.).

2. «Соқыр сағат» сынағы (7 б.). Тәжірибе жасаушы эталонды циферблатты жабады және балаға «соқыр сағатта» тілдері қанша уақытты көрсетіп тұрғанын сұрайды. Айқындалған қиындықтар кезінде эталон салыстыру үшін ашылады.

Мұнда бала тәжірибесінде сағатты анықтау дәл осы нұсқада бекітілді ме екеніне айқара қарау керек.

3. Бентон сынағы (33 б.). Балаға жоғарғы үлгілердің біреуін көрсетеді, содан соң оны жабады және бұл үлгіні төменгі эталонда көрсетуін сұрайды. Қиындау болып тұрса, үлгі жабылмайды және салыстыру үшін ашық күйінде қала береді.

Оң жақта қиынырақ нұсқа берілгендігі түсінікті; оны 7 8 жастан кейін қолдануға болады.

Өздігінен салынған сурет

Балаға шексіз көлемде түрлі-түсті қарындаштарды (фломастерлер) таңдау ұсынылады, жай қарындаш, қалам беріледі. Интерпретация аясында түрлі-түсті таңдаулар келесі төмендегі тесттерді Люшер тестіне ұқсастырады. Сондай-ақ, оң және сол қолмен салынған суреттің топологиялық, құрылымдық және стилистикалық ерекшеліктері талданады.

1. Балаға мыналарды салуға ұсынылады (оң, сол қолмен де): .гүл, ағаш, үй, велосипед.

2. «Коврики» сынағы. Бала алдына үлкен тікбұрыш кескінделген екіге бүктелген қағаз беті беріледі. И.: «Мұны кілемше деп елесте. Оны безендіруіңді өтінемін».

Бояп болған соң, бір қолмен парақ аударылады және соған ұқсас әдіс келесі қолмен орындалады.

Бұл сынақ нұсқасы болып балаға жиектемесіз қағаз бетін беру саналады.

3. «Мандат» сынағы
. Бала алдына ортасында диаметрі 10см дөңгелек салынған стандартты қағаз беті (А4 форматы) беріледі. И.: «Мұны әдемілеуіңді (боя, безендір) өтінемін. Баланың қандай да бір сұрағына жауап айтылады: «Саған ұнайтындай етіп жасай бер».

Бояп болған соң, осыған ұқсас тест келесі қолмен жасалынады.

4. «Гомункулус» сынағы (6 б.).

СУР. 6

Басты қолмен стандартты (А4) қағаз бетінде орындалады.

«Альбомнан» көшірілген үлгі бала алдына қойылады (50 б). И.: 3 пунттке секілді.

Бояп болған соң оған келесі сұрақтар қойылады:

Сен кімді салдың? Аты қалай? Неше жаста? Қазір не істеп тұр?

Қазір немен айналысып тұр? Сүйікті және сүйікті емес ісі?

Ол бірденеден қорқа ма? Қайда тұрады? Кіммен тұрады?

Бәрінен кімді жақсы көреді? Кіммен дос (ойнайды, қыдырады)?

Онда қандай көңіл-күй? Оның ең үлкен арманы?

Егер онда таңдау болса, дұшпандардан немен қорғанушы еді?

Оның денсаулығы қалай? Онда жиі қай жері ауырады?

Онда қандай жақсы, жаман қасиеті бар? Ол саған кімді еске түсіреді?
5. «Адам суреті» сынағы. Басты қолмен орындалады. И.: «Адамды салып көрші».

Аяқтаған соң 4 пунктте секілді сұрақтар ұсынылады.

Көшіру

1. Денманн тесті. Бала алдына «Альбом» (30 б) және тақа қағаз беті беріледі. И.: «Мына фигураларды салшы».

Көшіру алдымен бір қолмен, содан соң келесі қолмен (таза қағаз бетіне) орындалады. Тест көшіру үрдісін зерттеу үшін 5-6жасқа дейін бірталай пайдалы.

2. Тейлор мен Рея-Остерриц сынақтары. Тест
терді 6 жастан орындау қолайлы.

Бала алдына Тейлор фигурасы және таза бет (төменде) қойылады (31 б). И.: «Дәл осындай фигураны сол».

Балаға көшіру стратегиясын бекіту үшін түрлі-түсті қарындаштар жинағы беріледі, оларды көшіру үрдісінде Тәжірибе жасаушы ауыстырады (кемпірқосақ түсі ретімен). «Альбомді» бұрауға жол берілмейді; қағаз бетімен қимылдар қатаң бекітіледі. Тәжірибенің барлық уақытында психолог барлық ескертулерден сақтанады. Көшіру уақытын белгілеу пайдалы.

Тейлор фигурасын көшіруді аяқтаған соң, балаға Рея-Остеррице (32 б) фигурасын басқа қолмен көшіру ұсынылады.

3. Проекциялы кескіндерді көшіру. Балаға оң және сол қолмен «куб» пен «үйді» көшіру ұсынылады. («Альбом», 34 б).

4. 180° бұрылумен кескіндерді көшіру.

Тәжірибе жасаушы мен бала бір-біріне қарама-қарсы отыр, араларында қағаз беті. Тәжірибе жасаушы өзіне қаратылған «адамды» салады (34 б). И. «Өзіңе дәл осындай адамды сал, бірақ сен өзіңнің суретіңді мен өзімнің суретімді көріп тұрғандай етіп сал».

Бала тапсырманың бірінші этапын орындаған соң, И.: «Енді мен өзімнің суретіме қол саламын; сенің суретіңнің қолы қайда болады?».

Егер бала тапсырманы дұрыс орындамаса, оған оның қателіктері түсіндіріледі. Толық түсініп болған соң, көшіру үшін қиын үшбұрыш беріледі (34 б). И.: «Бұл фигураны өзіңе аудар».

§ 5. Есту гнозисі

1. Есту гнозисін зерттеу кезінде әртүрлі тұрмыстық және табиғат шуылдарын, әртүрлі биіктік пен ұзақтылық дыбыстарының әсерлерін, дауыстар айырмашылығын (тембр, жоғарылық, интонация) және т.б.қолдануға болады.