ВУЗ: Не указан
Категория: Не указан
Дисциплина: Не указана
Добавлен: 12.04.2024
Просмотров: 88
Скачиваний: 0
ВНИМАНИЕ! Если данный файл нарушает Ваши авторские права, то обязательно сообщите нам.
Ақша ағымын дисконттау әдісі
Кәсіпорын меншік құқықтарын бағалаған кезде, кәсіпорынның уақыт өте табыс әкелу мүмкіншілігі негізгі көрсеткіш болып табылады. Оны капитализация формуласы арқылы анықтаймыз:
V = I / K
Мұнда
V – ағымдағы құн
I – кезеңдік табыс
K – капитализация коэффициенті
Табыстық тәсілдің негізгі қағидасы болып, күті қағида жатады. Болашақ табыстарды дисконттау әдісі – бұл әдіс, объектті иемденгеннен, болашақта алынатын табыстардың ағымдағы құны ретінде, табысты жылжымайтын мүлікті бағалау үшін қолданылады.
Жылжымайтын мүлікпен жүргізілген операциялардың болашақтағы артықшылықтары болып, иемдену мерзімі кезіндегі болашақ табыстар түріндегі уақытылы түсімдер мен реверсияны, яғни иемдену мерзімі біткен кездегі объектті сатудан түскен пайданы көрсетеді.
Дисконттау әдістерін қолдану кезектілігі келесідей:
-
Табыс алу мерзімінің ұзақтығын белгілеу; -
Әр иемдену жылының мерзімі бойынша ақша қаражаттарын ағымының болжамын жүргізу.
Ақша қаражаттарының ағымы дегеніміз негізгі функционалды қызметімен байланысты, кәсіпорынның жыл сайынғы қызмет қорытындысы. Ақша қаражаттарының ағымын дисконттау үрдісінің алғашқы мәліметтер болып:
-
табыс өлшемі және оның өзгеру сипаты; -
табысты алудың кезектілігі (ай сайын, квартал сайын, жарты жылдық, жылдық); -
табысты алудың болжанған кездегі мерзімнің ұзақтығы.
-
Ақша қаражаттарының ағымын дисконттау, уақыт ішіндегі ақша құны теориясын пайдалануға негізделген, әрбір болашақ мерзіміне ақша қаражаттарының ағымының, ағымдағы құнын анықтау мен барлық ағымдағы құндарының жиынтығы негізінде анықталады. -
Бағалаушы алдында тұрған мәселеге байланысты, ақша қаражаттар ағымын дисконтау:
-
таза операциялық табыс; -
салық салынғанға дейінгі инвестицияның табысы; -
салық салынғаннан кейінгі инвестицияның табысы; -
берілген несие бойынша банк табысы; -
жал келісім шарты бойынша жалға берушінің табысы.
-
Дисконттау ставкасы орташа пайда нормасы ретінде анықталады. Пайда нормасы тура пропорционалды тәуекелділікке байланысты. Неғұрлым тәуекел деңгейі жоғары болса, соғұрлым дисконттау ставкасы да жоғары болады, соған сәйкес болашақ табыстың ағымдағы құны төмен болады. -
Дисконттау әдісі иемдену мерзімінің соңында жылжымайтын мүлік объектісін сатудан түскен пайдасын есептеуді және оны дисконттау ставкасы арқылы ағымдағы құнға келтіруін болжайды. -
Табыс ағымдарының ағымдағы құны мен сатудан (реверсия) түскен табыстарды қосу. -
Кәсіпорын құнын – бірнеше жыл ішіндегі табыстар сомасы мен тартылған қарыз қаражаттарының сомаларының арасындағы айырымы ретінде есептеу.
Болашақ табыстар мен шығындар ақша қаражаттарының ағымын қалыптастырады.
Болашақ шығындар мен кәсіпорын қызметінің қорытындысын бағалау есептік мерзім шегінде анықталады және оны есептеу горизонты деп атайды.
Есептеу горизонты есептеу қадамының санымен өлшенеді.
Дисконтталған қолма-қол ақша ағымы әдісінде кәсіпорын активтерінің құны олардың табыс әкелу мүмкіндігімен өлшенеді.
Бұл әдістегі негізгі көрсеткіші таза ақша ағымы болып табылады. Cash flow бағытын сипаттайтын түсініктер бар – ақша кірісі және ақша шығысы.
Таза ақша ағымы белгіленген уақыттағы ақша қаражаттарының кірісі мен шығысы арасындағы айырым ретінде анықталады.
Кәсіпорын жұмыс жасау кезінде үш қызмет түрін іске асырады: операциялық, инвестициялық және қаржылық.
Болашақ табыстарды дисконттау әдісімен кәсіпорын құнын бағалау үшін, ақша қаражаттарының кірісі мен шығысын бағалау қажет.
Операциялық және инвестициялық қызметтегі олардың арасындағы айырым, нақты ақша ағымы деп аталады.
Нақты ақша сальдосы – бұл кәсіпорын қызметінің үш түрінен түскен барлық ақша қаражаттарының кірісі мен шығысының арасындағы айырым.
Кәсіпорындағы ақша қаражаттарының кірісі мен шығысының сызбасы көрсетілген.
Ақша кірісі Ақша шығысы
Операциялық қызметі бойынша
Қолма-қол ақшаға сату | Шикізат, материалдарға үшін төлемдер |
Дебиторлық қарыздар бойынша түсім | Еңбек ақы Ренттік сақтау төлемі Салықтар |
Инвестициялық қызметі бойынша
Бағалы қағаздар инвестициясынан табыстар | Негізгі капиталды сатып алу |
Филиалдардан түскен түсім | Бюджет бойынша шығындар |
Активтерді сатудан түскен түсім | Инвестициялық қаржыландыру |
Қаржылық қызметі бойынша
Бағалы қағаздарды сату төлемі | Дивидендтер мен пайыздар |
Қарыздар | Облигация және несие бойынша міндеттерді өтеу |
Кәсіпорындағы ақша кірісі, негізінен мыналарға байланысты:
-
өзінің тауарларын қолма-қол ақшаға сатады, және де несиеге берілген тауарлар бойынша дебиторлардан төлемдер алады; -
ел ішінде немесе шет елдегі филиалдардағы операциялардан немесе бағалы қағаздарды инвестициялаудан табыстар алады; -
әр түрлі типтегі бағалы қағаздар шығарып, сатады; -
керек емес немесе артық активтерінен құтылады; -
несиелерді тартады және т.б.
Кәсіпорындағы ақша шығысы, негізінен мыналарға байланысты:
-
өзінің қызметін жүргізу үшін шикізат пен материалды тартады; -
өзінің қызметкерлеріне еңбек ақы төлейді, өзінің капиталын жұмыс істеу қабілетінде ұстайды және жаңа инвестицияларды іске асырады; -
алынған несиелер бойынша дивидендтер мен пайыздарды төлейді; -
облигациялар мен несиелер бойынша негізгі қарыз сомасын және т.б.
Кәсіпорынның қорытынды нәтижесі салықты төлегеннен кейінгі таза табысымен көрсетіледі. Бірақ бұл қаражаттарға амортизацияны да қосуға болады.
Аталған ақша қаражаттар, кәсіпорынның құндылығын жоғарылатады.
Нақты ақша ағымы белгілі табыстар мен шығындар түрлерін өзіне қосады.
-
Операциялық қызметі бойынша:
-
Сату көлемі; -
Баға; -
Пайда (1*2); -
Сатудан тыс табыстар; -
Айнымалы шығындар; -
Тұрақты шығындар; -
Ғимараттың амортизациясы; -
Құрал-жабдықтар амортизациясы; -
Несиелер бойынша пайыздар; -
Салық алынғанға дейінгі пайда (3+4-5-6-7-8); -
Салық пен жиналымдар төлемдері; -
Жобаланған таза табыс; -
Амортизация (7+8); -
Операциядан таза кіріс (12+13);
-
Инвестициялық қызметі бойынша:
-
Жер; -
Ғимараттар мен құрылыстар; -
Машина және құрал-жабдықтар; -
Материалдық емес активтер; -
Барлығы: негізгі капиталға салым (1+2+3+4=5); -
Айналым капиталының өсімі; -
Барлық инвестициялар (6+5).
-
Қаржылық қызметінің ағымы:
-
Меншік капиталы (акциялар, субсидиялар); -
Қысқа мерзімді несиелер; -
Ұзақ мерзімді несиелер; -
Несиелер бойынша қарыздарды өтеу; -
Дивидендтер төлемі; -
Қаржылық қызметтің сальдосы (1+2+3-4)-жоба;
(1+2+3-4-5)-реципиент.
Инвестициялық қызметіндегі нақты ақша ағымын анықтау үшін, объектінің таза жойылу құнын анықтау қажет:
-
Нарықтық құны; -
Шығындар; -
Есептелген амортизация; -
Уақыт қадамындағы баланстық құн (2-3); -
Жою бойынша шығындар; -
Капитал құнының өсімінен табыс; -
Операциялық табыс (1-4+5); -
Салықтар; -
Таза жойылу құны (1-8).
Егер кәсіпорын бос ақша қаражаттарының қайта инвестициялануын қарастырса, онда нақты ақша ағымын анықтау үшін жинақталған нақты ақшалардың сальдосы қолданады.
Барлық ақша төлемдері шығындар болып тіркелмейді. Мысалы, материалдық қорларды немесе мүлікті сатып алғандағы ақша, нақты ақшалардың шығысымен байланысты, бірақ бұл шығындар болып табылмайды.
Ақша ағымын есептеудің бірқатар тәсілдері бар:
-
Таза операциялық табыс (ТОТ) – бұл нақты жалпы табыстан барлық операциялық шығындарды алып тастағанда қалатын нақты табыс. Жылдық сома түрінде көрсетіледі. -
Салық салғанға дейінгі ақша ағымы – бұл қарыз қаражаттар бойынша төлемдерін және есептелген амортизация сомасынан қалатын, таза операциялық табыстың бір бөлігі.
Амортизация – бұл кәсіпорынның өзінің операциялық қызметіне пайдаланылатын негізігі капиталдың физикалық және моральдық тозуының компенсациясын қамтамасыз ететін мақсатта ақша қаражаттарының аударымы.
Амортизациялық аударымның үш факторға тәуелді болып келеді:
-
негізгі өндірістік қаражаттарға кіретін, құрал-жабдықтардың баланстық құны; -
құрал-жабдықты баланстан шығарғанға дейінгі қызметтердің болжанған мерзімі; -
кәсіпорынмен таңдалған амортизация нормаларын есептеу әдісі.
Амортизация ақша қорының мақсатты тағайындалуының көзі бола тұра, кәсіпорын меншігі болып табылады. Аударымдар тек мақсатына байланысты ғана пайдаланады және кәсіпорынның қаржылық жағдайын тұрақтайды.
Амортизацияны есептеу әдісі
-
Бір қалыпты тікелей әдіс
АО (1ж) = Н * ПС
АО (1ж) = ПС:қызмет мерзімі
АО (1ж) = (ПС - ЛС): қызмет мерзімі
Н = 100 : қызмет мерзімі - өндіріс қаражаттары
Мұндағы,
АО – амортизациялық аударым
Н – амортизациялық аударымның жылдық нормасы
ПС – бастапқы құн
ЛС – жойылу құны
-
Жылдамдатылған амортизация әдісі
А) Азаятын қалдық әдісі
АО (1 жылға) = (2 * Н) * ОС
Мұндағы,
ОС – жыл басына баланстық (қалдық) құн
Н – тікелей әдіспен есептелген, жылдық амортизациялық аударымның нормасы
Б) Сандық сома әдісі (кумулятивтік)
АО (1ж) = Қалған қызмет жылдың саны / S * (ПС - ЛС)
S = n * n+1 / 2
Мұндағы,
S – қызмет көрсету жылдың сомасы
n – қызмет көрсету жылдың саны
-
Өндірістік әдіс (өнімдерді шығару көлемі бойынша)
АО (1ж) = Н * W
Н = ПС – ЛС / V
Мұндағы,
H – жылдық амортизациялық аударымның нормасы
W – жыл ішіндегі өнімдерді шығару көлемі
V – құрал-жабдықтар қызметінің мерзімі ішіндегі өнімділігі шығару көлемі
-
Салық салынғаннан кейінгі ақша ағымы (инвестор табысы) – бұл салықтарды төлегеннен кейін қалатын, таза операциялық табыстың бөлігі. -
Берілген несие бойынша банк табысы. -
Жал келісім-шарты бойынша жалға берушінің табысы.
Ақша ағымы меншік айналым капиталдың кірісі мен жетіспеушілігіне міндетті түрде енгізу қажет.
Ақша ағымына мысал:
Салық төлегеннен кейінгі таза пайда;
+ амортизация;
± меншік айналым капиталының азаюы (өсімі);
± негізгі қаражаттарға капитал салымының азаюы;
± ұзақ мерзімдегі міндетінің өсімі.
Болжау мерзімінің соңындағы кәсіпорынды сатудан түскен пайда (реверсия)
Реверсия ақша ағымының тікелей капитализациясы арқылы есептеледі. Капитализация коэффициенті кәсіпорындар нарықтарының жағдайына қарап таңдалады.
Егер g темпінің өсуімен, табыстың болжамын болжап, ал алғашқы жылдың соңындағы ақша түсімінің мөлшері РМТі болса, онда ағымдағы құнның формуласы төменгідей анықталады:
PV= PMTi / i-g,
Бұл теңдік – Гордон моделі.
Бұл модельді: ақша ағымы тұрақты және бірдей қарқынмен өскен кезде ғана қолдануға болады. Гордон моделі әділетті болады, егер g-ң өсу қарқыны дисконттау коэффициентінен кіші болса.
Алынған кәсіпорынның қорытынды құнына 2 түзету енгізеді. Біріншісі – операциялық қызметтегі жарамсыз активтердің құны қосылады. Екіншісі – меншік айналым қаражаттарына артықшылыққа (+) жетіспеушілікке (-).
Меншік капиталының қайтарым нормасы бойынша капитализция
Кәсіпорын өзінің меншік қаржы қаражаттары есебімен қаржыландырылған жағдайын қарастырайық.
Қаржы ресурстарының экономикалық мәні мынада. Оларды қай көзден алса да, қаржы қаражаттарын пайдаланғаны үшін төлем төлеу қажет: меншік қаражаттары үшін дивидендттер түрінде немесе қарыз қаражаттары үшін пайыздық аударымдар түрінде.
Меншік қаржы қаражаттарын келесідей түрде көрсетуге болады:
-
М еншік қаржы қаражаттары
Кәсіпорын меншік иесінің ақшалай салымының бір бөлігі | | Шаруашылық қызмет жүргізу нәти-жесінде пайда болатын жинақтаулар (бөлінбеген пайда+амортизация) |