Файл: Факультет Химия жне химиялы технология Орындаан хо, 3топ магистранты, Сардан Б. М. Жетекші.docx

ВУЗ: Не указан

Категория: Не указан

Дисциплина: Не указана

Добавлен: 12.04.2024

Просмотров: 7

Скачиваний: 0

ВНИМАНИЕ! Если данный файл нарушает Ваши авторские права, то обязательно сообщите нам.

Факультет: «Химия және химиялық технология»

Орындаған: ХО, 3-топ магистранты, Сардан Б.М.

Жетекші: Кудреева Л.

9 – сыныптағы химиялық тәжірибелер бойынша виртуалды зертхананы әзірлеу

Химия пәнінен зертханалық жұмыстар білім алушылардың сабақта өтілетін теориялық білімге деген қызығушылығын арттырады және олардың жеңіл түсіндірілуіне көмектеседі. Білім алушылардың оқуында зертханалық жұмыстарды қолдану ғылымды оқытуда өте маңызды орынға ие болғанымен, қолдануда оның кейбір шектеулері мен мәселелері бар. Сол мәселелерге шешімнің бірі жаңа, заманауи білім беру технологияларын қолдану, дәлірек айтсақ, виртуалды зертханаларды қолдану.

Бұл жұмыстың мақсаты: виртуалды зертханада химиялық тәжірибелер нақты уақытта синтезделген үш өлшемді анимацияларды қолдана отырып іске асырылған, соның арқасында 9 сынып оқушыларына виртуалды жабдықтармен өзара әрекеттесе отырып, нақты зертханадағыдай сияқты тәжірибелерді жүргізуге мүмкіндік жасау. Осы аталған мақсатқа сәйкес бұл диссертациялық жұмыстың гипотезасы: зертханалық кабинеттер мен құрал-жабдықтың жоқтығы немесе мұғалімнің қарапайым зертханалық жұмысты орындауын шектейтін зертханалық жағдайдың жеткіліксіздігі мәселесіне шешім болатын, кез келген зертханалық тәжірибелерді қауіпсіз түрде жасауға мүмкіндік беретін виртуалды зертхана жасап шығару. Егер жұмыс барысында мен ұсынғалы отырған виртуалды зертхананы пайдаланудың тиімділігін пайдалану мүмкін болса, болашақта 9-шы сыныптан басқа да сыныптарға арналған тәжірибелерді қосып, арнайы платформа түрінде дайындап шығаруға болады. Яғни оқушылар зертханалық тәжірибиені өздігінен жасай алатындай, өзгерістерді бақылап, нәтижелерді көре алатындай виртуалды зертхана дайындап шығару. Дегенменде, «Энергияның өзгеруімен жүретін химиялық реакциялар» секілді зертханалық тәжерибелерді платформа арқылы орындағанда нәтиже дұрыс шығармауы мүмкін, тіпті кейбір тәжірибелерді платформа арқылы жүргізу мүмкін болмауы секілді қауіп бар. Ондай жағдайда платформаға тәжірибенің жасалу жолы, жұмыс барысы, видеолар мен жұмыстың әдістемесіне бағыт-бағдар енгізіледі. Ол жұмыс мұғалім көмегімен арнайы зертханалық кабинеттерде орындалатын болады.

Магистрлік диссертациялық жұмысымның екінші бөлімі жасап шығарылған виртуалды зертхананы 9 сынып оқушыларына сабақ барысында қолдануға мүмкіндік беру арқылы виртуалды зертхананың тиімділігін көрсететін нәтижеге жету. Алынған нәтиже барысында виртуалды зертхананы өзгеде мектептерге қолданысқа ұсыну. Егерде компьютер жетіспеуі; мектеп басшылығының келісім бермеуі немесе қаржылық жағынан қиындық туындауы секілді мәселелер туындаса, қателіктерді анықтап, қателіктер бойынша жұмыстар жүргізу жоспарлданған.